Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен »




Скачать 49.97 Kb.
НазваниеҰлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен »
Дата конвертации27.11.2012
Размер49.97 Kb.
ТипДокументы
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш.

«Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен...»
Мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, үлкен кісілерге құрмет көрсету.
Безендіруі: плакаттар, «Бауыржан Момышұлы» фильмі, ноутбук, проектор, экран, музыкалық центр.
Сахнада Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Жексенбаев Қондыбай Сауранбекұлы мен Қалиев Нұрлан аталарымыз оқушылармен және ұстаздармен сұхбат жүргізді.
1. Сахнаға жүргізуші шығады. (Әсем 9а) (слайд жүріп жатады).

1-жүргізуші: Жеңіс күні – адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен – 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опазсыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
2. Экранда соғыс эпизоды.
3. Сахна сыртынан. Абай 8а сыныбы.

СОҒЫСТА.

Аспанның ең шетінде

қорғасын бұлт тұр қатып,

Кеңет шарт айрылып,

Жөңелді лек-лек ...

Бұрқатып, сел атып.

Найзағай күркіреп,

Қызыл қанжарын сермеді.

Дем алып, дүние теңселіп,

Қуды қапырықты жердегі.

Сыңсып жер зар қақты,

Өлмек бар, тірілмек жоқ!

Тебірентіп кетті жан-жақты.

Қап-қара тұман жерге көсілді,

Ашылды бар дозақтың есігі.

Майдан, ойран ....

Зілзала болды жер неге?!

Осынау қиямет жайында,

Жырлағым келеді

Тебірене!
Бауыржанның 1961 ж. 17 желтоқсанда Қалижан Бекхожин аударған «Соғыста» өлеңі. Кеше осылай жырлаған Бауыржан атамыз ерлікпен қайғы қасірет әкелген. Міне, адамзат соғысты жеңгеңімізге бүгінгі күні 65 жыл толғалы отыр.
Бауыржан Момышүлы отырады. Сахнаны ашу, шайқасқан соғыстан кейін.

4. 2-жүргізуші: (Айтолқын 6а сыныбы): Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың бір ұлымен, жанымды арым үшін құрбан еткен» - атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

«Жеңіс күні» өлеңі жүріп жатады.

5. Алдында отырғызу, турғызу компазияция жасау (лента «Жеңіс күні» ойнату). «Жеңіс күні жасасын!» «65 жыл құтты болсын»
6. 1-жүргізуші: Кешегі неміс-фашист басқыншылармен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейлі – қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесін. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айырбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді.
7. Бауыржанды отырғызу. Қуаныш (көрініс).

2-жүргізуші (Ермек): Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді» - дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр.
8. (Қуаныш).

Бауыржан Момышұлы: Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге бұл үлкен университет. Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым. Талай генералдың қол астында қызмет істедім, тәрбие көрдім. Өйткені командир деген әскери педагог қой. Осы әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды өзіме ерекше мектеп деп бағалаймын. Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түстім. Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам. Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын.

9. Марат 8а

Ақ боранда азынаған, қақаған

Жаудың қолы Москваға тақаған.

Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ

Мирас еткен батырлықты атадын.
Әрқашан аты ауызда,

Ықпаған батыр дауылдан.

Айналған даңқы аңызға

Момыштың ұлы Бауыржан.
Оқты қағып құрыш тұлға төсімен,

Туған елі шыққан емес есінен.

Қуды жауды Москваның түбінен,

Қашты дұшпан Бауыржандар елінен.
10. Әсем 9а жүргізуші.

Ол қаһарман сүйген ерен Отанын,

Халық берген оған батыр атағын.

Ауыр сынның арқалаған азабын

Ерлігіңді әнмен алаулатамын.
11. Ән «Біз Отанның ұлымыз».

12. 1 жүргізуші (Марат 8а):

Өнерлінің өнерін

Қане байқап көрейік

Жүйрік аттай желейік,

Күй мен жырға кезек берейік.
13. Күй. Өстеміров, Несіпбаев «Адай».
14. Айтолқын. Әдебиетке, өз сөзімен айтқанда, оны соғыс сүйреп әкелді. Әрі қайрат – күші мол шағында, дер шағында келді. Оның «Біздің семья» деп аталатын алғашқы повесі өзінің көркемдігімен, байқауларының сергектігімен, түйгендерінің сонылығымен жұрт көңілін бірден аударды. Одан соң әскери әңгіме, повестері жиілей бастады. Бұл кезде өмірге жаңа бір талантты жазушы, публицист, әскери тарихшы келгені кімге болса да аян еді.

Бұл дәрежеге Бауыржан оп – оңай жеткен жоқ болатын... Оның моральдік кодексінде «Ең ауыр айып – сенімді ақтамаушылық» деген сөз бар. Осыған орай менің есіме бір жағдай түсіп отыр. Майданда, оқ пен өрттің арасынан жаңа шыққан Бауыржан Александр Бекпен бірінші кездескенінде: «Біздің дәуірімізге жалғандық атаулы жат... Жүректің қанымен жазу керек. Ал сіздер, жазушылар, кейде сумен жазасыздар...» деген еді. Жазушы Бауыржан жауынгер Бауыржанның сол сөзіне дақ түсірген жоқ. Оның бір кітаптары отты жүректі ыстық қанымен жазылған. «Жауынгер тұлғасы», «Бір түннің уақиғасы», «Біздің семья», «Москва үшін шайқас» кітаптарын оқып шықсаңыз, бұған көзіңіз әбден жетеді.
15. Қазақ биі.
16. Айтолқын. Осыдан жиырма жыл бұрын Ұлы Отан соғысының даңқты генералы, әрі атақты жазушы боп үлгерген петр Вершигора былай деген еді: «Бізге Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерліктері белгілі. Жазушы болып, ол екінші ерлік жасады. Екі ерлігі де, менің түсінігімше, бір – бірінен кем соқпайды».

Ал белгілі совет жазушысы Всеволод Вишневский Бауыржанның алғаш бір көркем шығармасы туралы былай депті:

«Соғыстың басталуы әсем суреттелген. «Тұншыға шыққан атыстар» дегеңіміз дәл теңеу. Тактикалық тұстарды сіз анатомиялық дәлдікпен бергенсіз. Біздің көптеген әскери авторларымызда дәл осы жағы жетіспейтін еді».
Жүргізуші. Осылайша Бауыржан бабамыз жайлы тамаша ойлар жалғаса береді.
Анымыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Б.Момышұлы).
Жүргізуші (Айтолқын).

Жеңіс тойы тойлансын,

Бауыржан ата сөздері,

Ғибрат болсын, ой толсын

Соғыс сөзі жайылсын.

Баршаңызды құттықтап

Ән айтамыз біз мықтап.
«Ақ көгершін». (шар, лента).
Жеңіс күні құтты болсын!

«Салют» слайд көрсетіледі.
Дайындағандар: Байгельдинова Ш.С., Байменова С.В.

Похожие:

Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » iconЛев Гумилевтің туғанына 100 жыл мерейтойына арналған «Оқырман Еуразия» атты ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалардың халықаралық фестивалі. Челябин – Омбы – Павлодар, 2012 жыл
«Еуразияның зияткерлік көшбасшысы» – Лев Гумилевтің туғанына 100 жылу мерейтойына арналған халықаралық конкурс
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » iconМағжан Сәуле Мағжанқызы Ф.ғ. к., доцент
Ым мен ишаратты жеткізудің вербалды құралдары жайында. Академик Р. Сыздықованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың ұлттық әдеби...
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » icon2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » iconМақсаты: дәулескер күйші Дина анамыздың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; күйдің құдіретін түсіндіре отырып, халық музыкасын насихаттау; Қазақтың мәдени мұрасы күй өнеріне қызығушылықтарын арттыру, салт дәстүрге тәрбиелеу
Дина Нүрпейісованың 150 жылдық мерейтойына арналған «Күй анасы» атты әдеби- музыкалық тәрбие сағаты
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » iconМұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш
«Менің бүгін туған күнім» атты Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған әдеби-жыр кеші
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » iconКамалқызы Жанымгүл Ф.ғ. к., доцент
Түркі әлеміне ортақ тұлға. // Ә.Қоңыратбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция. Қызылорда 2006
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » icon1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды дайындау мен өткізу жоспары
Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өткізуді қаржыландыруды...
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » iconТүрі: Поэзия кеші. Көрнекілігі: ақын суреті, слайд, кітаптары. 1-жүргізуші
«Ғасырда бір туатын дарабоз» атты ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » icon67-й годовщине Победы в Великой Отечественной войне Қымбатты Ұлы Отан Соғысына қатысушылар, тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!
Сіздерді Ұлы мереке-Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Соғыстан кейінгі 67-ші бейбіт көктем қайырлы-құтты болсын!
Ұлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен » iconҒылыми-практикалық конференциясының материалдары
Сейтен Сауытбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Сейтен тағылымдары»
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница