«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты»




Скачать 66.02 Kb.
Название«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты»
Дата конвертации27.11.2012
Размер66.02 Kb.
ТипДокументы
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) Курчатов қаласы әкімдігімен Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекіиілген тәртіпте құрылған мемлекеттік орган болып табылады.

2. Әкім аппараты өз қызметтерін Қазақстан Рсепубликасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Президентінің актілеріне, облыс әкімдігінің, қала әкімінің және Әкімінің нормативтік-құқықтық актілеріне және атлмыш Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3. «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мен мөрі, мөртабаны, бекітілген үлгідегі бланктері, сонымен қатар, заңнамаға сәйкес банкте есеп-шоты бар.

Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

4. Аппарат жөніндегі ереже, онын құрылымы, штат санының лимиті әкімдікпен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыс әкімдігі белгілеген лимит шегінде бекітіледі.

5. Әкім аппаратының заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Ленин көшесі, 4.

6. Мемлектеттік тілдегі толық атауы «Қаақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима города Курчатова Восточно-Казахстанской области Республики Казахстан».

7. Әкім аппаратының құрушысы қала әкімі тұлғасымен мемлекет болып табылады.

8. Әкім аппаратын қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

9. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілермен әкім аппарататының қызметіне жататын міндеттерді орындауға келісімдік қатынастарға түсуіне рұқсат етілмейді.
2. Әкім аппаратының негізгі қызметтері, құқытары және мәселелері
10. Әкім аппараты заңнамада бекітіген тәртіпте келесі қызметтерді атқарады:

1) Қала әкімдігінің және әкімнің ақпаратты қорытындалу, құқытық-ұйымдастыру және материалды-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Президентінің актілерінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Әкімнің және қала әкімінің нормативтік-құқытық актілерінің орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Президентінің, Шығыс Қазақстан облысы және қала Әкімдерінің қойған мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі қаланың атқарушы органдары аппараттарының қызметтерін бағдарлау;

11. Әкім аппаратының мақсаттары болып табылады:

1) Қала әкімі және әкімдігінің қаланы дамытудың әлеуметтік және экономикалық бағдарламаны жасау, сәйкес бюджеттер, олардың орындалуы жөніндегі бағдарламаларды жасаудағы қызметтерін қамтамасыз ету;

2) Қала әкімі және әкімдігінің облыс Әкімі аппаратының сәйкес бөлімдерімен, облыстық атқару органдарымен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен ұйымдасқан байланысын жүзеге асыру;

3) Қаланың атқарушы органдар аппараттарында атқарушылық тәртіптің жалпы деңгейін көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

4) Қала Әкіміне әкімдіктің жұмыс жоспарын дайындау жөніндегі ұсыныстарды ұсыну;

5) Қала әкімінің, оның орынбасарларының тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс Әкімінің, қала әкімінің актілерінің орындалуы жөнінде қаланың атқарушы органдарының жұмыстарына тексеру ұйымдастыру, жұмыстардағы кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолдану және қажет болған жағдайда мәселені әкімдік отырысына енгізу;

6) қаланың атқарушы органдарына олардың жұмыс стилі мен әдістерін дамытуға ұдайы әдіскерлік және практикалық көмек көрсету;

7) қаланың сайлау органдарының референдумдар мен сайлауларға дайындалу және өткізу жөніндегі жұмыстарының материалды-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

8) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын жүзеге асыру қатысу;

9) Қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімімен өткізілетін кеңестер және әкімнің басқа да іс-шараларын құжаттық және ұйымдастырулық қамтамасыз ету;

10) Әкімнің және әкімдіктің атына келіп түскен қызметтік корреспонденциялар жөнінде іс-қағаздарын жүргізу және ұйымдастыру, әкімнің, қала әкімдігінің, әкім орынбасарының тапсырмалары мен міндеттемелерін орындаушыларға жеткізу;

11) азаматтардың қатынасуы және келіп-кетушілерді қабылдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

12) Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Президентінің актілерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың құқықтық нормативтік актілерін орындаушысы, азаматтармен және ұйымдармен бірігіп жұмыс жүргізу;

13) қала аумағында инвестициялық климат және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдай жасауға қатысу;

14) халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күрес, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына мекенжайлық көмек көрсетудегі бірігіп қызмет жасау бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу;

15) қаланы көркейту және қоғамдық орындардың сыртқы безендірілуі жөніндегі мәселелерді шешуге қатысу;

16) қылмыспен, нашақорлықпен күрес, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу.
12. Курчатов қаласының әкім аппаратының құқығы бар:

1) қала әкімінің, оның орынбасарларының міндеттеуімен қалалық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдар аппаратының жұмыстарына белгіленген тәртіпте тексеруді іске асыруға;

2) қаланың атқарушы органдарынан, ұйымдарынан қала әкімінің және әкімдіктің қызметін қамтамасыз етуге қажетті ақпараттар және басқа да анықтамалық материалдарға сұрау салуына;

3) қала әкімі аппаратының өкілеттігіне кіретін мәселелер жөнінде сәйкес лауазымдық тұлғалардан жазбаша және ауызша түрде түсіндірме алуға сонымен қатар оларға орындауға міндетті жүктемелер беруге;

4) қаланың атқарушы органдарының лауазымдық тұлғаларын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлеріне тәртіптік айып салу Ережелеріне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе көтермелеу жөнінде әкімге ұсыныс жасауға.
3. Қала әкімі аппаратының мүліктері
13. Қала әкімінің аппараты оперативті пайдалану құқығымен мемлекет берген, құны баланста кқрсетілген ерекшеленген мүліктерге ие.

14. Әкім аппаратының өзіне бекітіліп берілген мүліктерді өз еркімен иелігінен шығаруға құқы жоқ.
4. Әкім аппаратының қызметін ұйымдастыру
15. Қала әкімі аппаратын лауазымға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен бекітілген тәртіпте қала әкімімен тағайындалатын және босатылатын аппарат жетекшісі басқарады.

16. Аппарат жетекшісі аппарат жұмысын ұйымдастырады, басқарады және аппаратқа жүктелген мәселелердің орындалуына және өз қызметтерінің жүзеге асырылуына қызметтік жауапкершілік артады.

17. Осы мақсатта аппарат жетекшісі:

1) Курчатов қаласы әкімдігіне әкім аппараты жөніндегі Ережені бекітуге ұсынады;

2) аппарат бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылық жасауды және бағдарлауды жүзеге асырады;

3) аппараттағы ішкі тәртіп Ережесін бекітеді, әкім аппараты бойынша бұйрықтар шығарады;

4) ұдайылық негізінде әкім аппаратының Қазақстан Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің аппаратымен және басқа да республикалық ұйымдармен, министрліктермен және мемлекеттік мекемелермен, жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, саяси партиялар және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қала тұрғындарымен байланысын қамтамасыз етеді;

5) аппаратта қабылданған әкімнің және әкімдіктің актілерінің орындалуына бақылау жасау жұмыстарын қадағалайды;

6) әкім аппаратында мемлекеттік қызмет жөніндегі заңнамалардың орындалуын қадағалдайды;

7) әкім аппаратының кадр саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, қамтамасыз етеді. Қала әкімінің қарауына әкім аппаратының бөлімдерінің және әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлерін және жетекшілерін лауазымға тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар жасайды, кадрлар резервін құрады, қала әкіміне әкім тағайындаған жауапты лауазымдық тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

8) әкім аппаратының техникалық қызметтерді атқаратын және қаланың әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ететін қызметкерін жұмысқа қабылдайды және босатады;

9) өз өкілеттігі шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

10) жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды іске асырады;

11) қала әкімі жүктеген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
5. Қала әкімі аппаратын қайта құру және жою
18. Қала әкімі аппаратын қайта құру және жою әрекеттегі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

«Шығыс Қазақстан олысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемелекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгертулер


Ережедегі 1 бөлімнің 5 тармағына өзгертулер енгізілсін және келесі редакцияда мазмұндалсын:


  1. Жалпы ережелер


5. Әкім аппаратының заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 071100 ШҚО, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4.

Похожие:

«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» iconЗайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты»
«Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай Әкім аппараты) Қазақстан Республикасының заңдары белгіленген тәртіпте әкім...
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Курчатов аудандық қазынашылық басқармасының ваз-21074 автокөлігін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен...
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» icon«Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Малеевка селолық округінің әкім аппараты» мм 2011-2015 жылдарға Стратегиалық жоспары Малеевск с. 2011 жыл мазмұны «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Малеевка селолық округінің әкім аппараты»
Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір функцияларын және жергілікті өзін-өзі басқару органдардың функцияларын, жергілікті өзін-өзі...
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың атауы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік тудың сабын, ұштығын және...
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Курчатов қаласы
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс – шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» icon«Шығыс-Қазақстан облысы Зырян ауданы Зубовск кентінің әкім аппараты» мм стратегиялық жоспары 2011 – 2015 жылдарға
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республика Заңының 35 бабына...
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» iconШығыс Қазақстан облысы «Зайсан қала әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мм-сі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қалалық округ аумағында мемлекеттік саясатын жүргізеді және Қазақстан Республикасының...
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Автомәшинелерді жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Автокөлікті жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Мемлекеттік сатып алудың атауы: Автоматты ажыратқыш баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница