Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген




Скачать 86.32 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген
Дата конвертации27.11.2012
Размер86.32 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларына

(бұдан әрі – Қағидалар) түсіндірмелер

Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспортына немесе импортына арналған келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда келісімшарттар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымын жүргізуге қатысты
Уәкілетті банктер арқылы валюталық операциялар бойынша төлемдер мен аударымдар жүргізген кезде ақша жөнелтуші немесе алушы болып табылатын резидент (резидент емес) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларының 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда валюталық шартты ұсынады.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес валюталық шарт –солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін валюталық операциялар жүзеге асырылатын құжаттар. Сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер және (немесе) аударымдар жүргізген кезде валюталық шарт ретінде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспортына немесе импортына арналған келісімшарт ұсынылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) Жалпы бөлімі 386-бабының 3-тармағына сәйкес егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады. Бұл ретте осы баптың 4-тармағында шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды осы мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайтындығы көрсетілген.

АК 367-бабының 1-тармағына сәйкес мiндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемi төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiк болмаса, мемлекеттiк органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, міндеттемелер толық немесе iшiнара тоқтатылады. АК 354-бабының 1-тармағына сәйкес мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды. АК 272-бабында мiндеттеме – мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс екендігі көзделген.

«Ақша төлемi мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 18-бабында алушы банк нұсқауды акцептеуден бас тарту үшін заңнамада және (немесе) шарттың талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтамау сияқты негіздеме көзделген.

Осылайша, қолданылу мерзімі аяқталған сыртқы сауда келісімшарты ақша төлемдері және (немесе) аударымдары тараптарда келісімшарттың қолданылу кезеңінде туындайтын міндеттемелерді орындау үшін жүзеге асырылатын және тараптардың қатынастарын аяқтайтын жағдайларды қоспағанда, осындай ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізу кезінде валюталық шарт ретінде ұсынылмайды. Мысалы, келісімшарттың қолданылу кезеңінде жеткізілген (орындалған, көрсетілген) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін төлем жасаған не келісімшарт тараптарының міндеттемелерін орындамауына (толық орындамауына) байланысты ақша қайтарылатын өзге жағдайларда қолданылу мерзімі аяқталған сыртқы сауда келісімшартын валюталық шарт ретінде ұсынуға болады.

Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепте төлемдерді көрсету тәртібіне қатысты
Төлемдер туралы заңның 19-бабының 1-тармағына сәйкес алушы банктің нұсқауды орындауы мұндай нұсқауды оның акцептеуi негiзiнде жүзеге асырылады.

Алушы банктiң жөнелтушi алдындағы алынған нұсқауға сәйкес аударым не ақша төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындауы нұсқаудың орындалуы болып табылады.

Мынадай iс-қимылдар нұсқаудың орындалуы болып табылады:

1) алушы банктiң келесi алушы банкке бенефициардың пайдасына, егер алушы банк бенефициар банкi болып табылмаса ғана, ақша аудару туралы нұсқауын табыстауы;

2) егер алушы банк бенефициар банкi болып табылса, ақша аударымын аяқтауы;

3) егер алушы банк ақша жөнелтушiнiң банкi болып табылса, қолма-қол ақша төлеу туралы нұсқауды ұсынған жөнелтушiге қолма-қол ақшаны беруi.

Төлемдер туралы заңның 36-бабына сәйкес ақша аударымы:

бенефициардың пайдасына ақша түскен кезде оның банк шоты бойынша бухгалтерлiк жазба жасалған;

егер бенефициардың банк шоты болмаса, бенефициардың банкi бенефициарға қолма-қол ақшаны нақты берген;

осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген есепке алу жүргiзiлген;

банк клиентiнiң пайдасына ақша қабылданғанын көрсететiн өзге шот бойынша бухгалтерлiк жазба аяқталған кезден бастап аяқталды деп есептеледi.

Бұл ретте Төлемдер туралы заңның 38-бабы 1-1-тармағының сәйкес бенефициар Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді беру жөніндегі іс-әрекеттерді жасамаған жағдайда алушы банк жөнелтушінің алынған нұсқауларын қабылдауға және 180 күнтізбелік күн бойы сақтауға міндетті.

Бенефициар Төлемдер туралы заңның 38-бабы 1-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді орындамаған жағдайда, алушы банк күнтізбелік 180 күн ішінде мұндай нұсқауды оны жөнелтушіге орындамай қайтаруға міндетті.

Осылайша, Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепте аударымның аяқталған күнін ескере отырып, есепті айда аяқталған келіп түскен ақша төлемін және (немесе) аударымдарын көрсету қажет.

Егер төлем сомасы тиісті валютаның он бірлігінен кем болса (валюта бірлігін мыңдыққа дейін дөңгелектеген кезде 0,01 кем болса), уәкілетті банктердің осындай төлемдер туралы МТ-114 жіберуі талап етілмейді.
Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету (аралас келісімшарттар бойынша) шеңберінде тауарлардың экспортын немесе импортын көздейтін келісімшарттар бойынша есептік нөмір беруге және орындалған міндеттемелер туралы ақпарат жіберуге қатысты
Қағидалардың 23-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тауарлар ҚР кедендік шекарасы арқылы экспорт немесе импорт үшін, оның ішінде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету келісімшарты шеңберінде (бір жылдан артық мерзімге лизинг келісімшартын қоса алғанда) алып өткізілген, егер тауарлар экспортының немесе импортының құны келісімшарт жасау күні баламасы 50 мың АҚШ долларынан асса, келісімшартқа есептік нөмір берілуі тиіс. Репатриация талабының орындалуын бақылау бұл ретте келісімшарттың толық сомасына жүзеге асырылады.

ҚР шекарасы арқылы тауарлар өткізуді көздейтін жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарттар бойынша уәкілетті банк Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес Ұлттық Банкке қызмет көрсету туралы хабарлайды (қызмет сомасы тауар құнына кіргізілген және Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Экспортер немесе импортер борышты аударған кезде ресімдеу және келісімшартты есептік тіркеуден алу тәртібіне қатысты
Қағидалардың 43-тармағының 1) және 13) тармақшаларында келісімшартты есептік тіркеуден алу үшін мыналар негіздемелер болып табылады:

- келісімшарт бойынша тараптардың міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің не резиденттің елу мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомада берешегінің қалдығы болуы, оның ішінде жеңілдікті, есепке алуды ұсыну арқылы, борышкер мен кредитор бір тұлға болған, мемлекеттік орган актісінің шығуы салдарынан орындау мүмкін емес жағдайда міндеттемелердің тоқтатылуын растайтын құжаттар және экспортердің немесе импортердің тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы жазбаша растауы болған жағдайда;

- экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент емес алдындағы өз борышын басқа тұлғаға резидент еместің келісімін растайтын құжаттар негізінде және экспортердің немесе импортердің келісімшартты есептік тіркеу банкіне ұсынылған осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған жағдайда аударуы.

Экспортер не импортер өзінің резидент емес алдындағы борышын есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша басқа резидентке аударған жағдайда бақылау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

- егер борышты аудару нәтижесінде резидент берешегінің сомасы баламасы 50 мың АҚШ долларынан азайса және экспортердің немесе импортердің келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша өтініші болса, онда келісімшарт бойынша валюталық бақылау рәсімдерін аяқтау қажет;

- егер борышты аудару нәтижесінде экспортер немесе импортер берешегінің сомасы баламасы 50 мың АҚШ долларынан асып кетсе не егер борышты аудару нәтижесінде резидент берешегінің сомасы баламасы 50 мың АҚШ долларынан азайса, бірақ экспортердің немесе импортердің келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша өтініші болмаса, онда ерекшеліктерді «Келісімшартты есептік тіркеу банкінің белгілері» деген бағанда көрсете отырып, мәміле бойынша бақылауды одан әрі жүзеге асыру қажет.
Ақша төлемі және (немесе) аударымдары экспортердің немесе импортердің шетел банктеріндегі шоттарынан жүзеге асырылатын келісімшарттар бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін беру тәртібіне қатысты
Қағидалардың 31-тармағына сәйкес уәкілетті банкте, сол сияқты шетел банкінде ашылған банк шоттарын пайдалану арқылы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылатын келісімшарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылауды:

уәкілетті банк арқылы жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бөлігінде уәкілетті банк;

экспортер немесе импортер ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шетел банктеріндегі банк шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бөлігінде Ұлттық Банктің филиалы жүзеге асырады.

Шетел банктеріндегі банк шоттарын пайдалану арқылы жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының сомаларын уәкілетті банк экспортердің немесе импортердің Ұлттық Банктің филиалына ұсынған осындай төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратының негізінде есепке алады. Экспортер немесе импортер Ұлттық Банк филиалының оны қабылдау туралы белгісімен осындай ақпараттың көшірмесін уәкілетті банкке ұсынады.

Бұл ретте келісімшарт Ұлттық Банктің филиалында келісімшарт бойынша төлемдер толығымен шетелдік банктердегі шоттардан жүргізілген жағдайда ғана есептік тіркелуге жатады. Егер келісімшарт бойынша төлемдер ішінара шетелдік банктердегі шоттардан, ішінара шотқа қызмет көрсететін уәкілетті банктегі шоттардан жүргізілетін болса, онда келісімшарт осы уәкілетті банкте есептік тіркелуге жатады.

Егер келісімшарт бойынша төлемдер және/немесе аударымдарды толығымен шетелдік банктердегі шоттардан жүргізуді басынан болжаған экспортер немесе импортер келісімшарттың есептік нөмірін Ұлттық Банктің филиалында алып, келісімшарт бойынша төлемдерді болашақта уәкілетті банктегі шоттардан жүргізсе, онда ол келісімшартты Ұлттық Банктің филиалындағы есептік тіркеуден алып, келісімшартты есептік тіркеуді Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен ресімдейтін, шотқа қызмет көрсететін уәкілетті банкке үш жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс.

Егер келісімшарт бойынша төлемдер және/немесе аударымдарды ішінара шетелдік банктердегі шоттардан, ішінара уәкілетті банктегі шоттардан жүргізуді басынан болжаған экспортер немесе импортер келісімшарттың есептік нөмірін уәкілетті банкте алып, содан соң төлемдерді толығымен шетелдік банктердегі шоттардан жүргізсе, ондай жағдайда ол келісімшартты уәкілетті банктегі есептік тіркеуден алып, келісімшартты Ұлттық Банктің филиалына есептік тіркеуге ресімдеуге үш жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс.
Кредиторлық немесе дебиторлық берешек болған кезде уәкілетті банктердің келісімшартты есептік тіркеуден қате алуына қатысты
Баламасы 50 мың АҚШ долларынан асатын кредиторлық немесе дебиторлық берешегі бар келісімшартты есептік тіркеуден қате алудың себебі, әдетте, тиеп жөнелтілген тауарлар туралы мәліметтердің болмауы болып табылады.

Мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында банктерге келісімшартты есептік тіркеуден алмас бұрын клиенттің – экспортердің немесе импортердің есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша тиеп жөнелтілген тауарлар бойынша деректерімен салыстырып тексеруге кеңес береміз.

Бұл шаралар есепке алынбаған жүк кеден декларациялары (тауарларға арналған декларациялар) болғанның өзінде келісімшарттарды есептік тіркеуден алу және экспортерлердің немесе импортерлердің бұрын есептік тіркеуден алынған келісімшарттарды қалпына келтіру туралы өтініш білдіру жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты қажет.

Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2012 жылғы 30 қаңтар №8 Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі»
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2011 жылғы 26 желтоқсан №202 Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 наурыздағы №20 қаулысымен мақұлданған
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 наурыздағы №20 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconӨзгерістер мен толықтырулар: 1) ҚРҰб бқ №45 2010ж. 21. 05. (Тіркеу. №2670)
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29мамырдағы №165 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Р Ұлттық Банкi Басқармасының 2006. 24. 01. №2 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр ред.қара)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы
Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №42 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2008 жылғы 28 қараша №93 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница