Қылмыстық іс №1-108/2010




Скачать 51.62 Kb.
НазваниеҚылмыстық іс №1-108/2010
Дата конвертации27.11.2012
Размер51.62 Kb.
ТипДокументы
2010 жылдың 11-15 қазан аралығында Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша ақпарат

Дүйсенбі, 2010 жылды 11 қазан сағат 14.00

Судья: Т.К. Сырлыбаев

Қылмыстық іс № 1-108/2010
Атыс қаруын, оқ-дәріні, заңсыз алу, сақтау немесе алып жүруді, адамдар тобы алдын ала сөз байласуы арқылы жасаған (ҚР ҚК 251 бабы, 2-бөлігі), бұзақылық, яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін
азаматтарға қарсы күш қолданумен не қолданамын деп қорқытумен, аладын ала сөз байласқан адамдар тобымен, атыс қаруын қолданып, қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзу, кісі өлтіру яғни, екі немесе одан да көп адамдарды, көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілімен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, бұзақылық ниетпен адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіруді адамға байланысты емес мән жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеуі (ҚР ҚК 257 б. 3 б., 24 б. 3 б., 96 б. 2 б. «а,е,ж,и» тарамақтары).

10.06.2010 жылы сағат 23:30 шамасында айыпталушы О. мен Ш. адамдар тобы алдын ала сөз байласуы арқылы, өздерінің атыс-қаруы мен оқ-дәріні заңсыз алып жүру және сақтау қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында шолақ мылтықпен оған керек оқ-дәріні Тараз қаласы, «Қ» мөлтек ауданындағы үйдің жер төлесінен алып, Тараз қаласы К. көшесіндегі «М» кафесіне заңсыз алып барған. Сол жерде өсіп тұрған қалың шөптер арасына заңсыз алып барған шолақ мылтықты тығып қойып заңсыз сақтаған, ал оқ дәріні Ш. қалтасына салып заңсыз алып жүрген.

Содан «М» кафесінің кіре беріс сыртқы темірден жасалған есігіне, жақындаған кезде, айыпталушы О., өзінің танысы «Н» есімді тұлғаның біреумен ерегісіп тұрғанын көріп, өзінің айыпталушы Ш-мен көздеген қылмыстық ойын, адамдар тобы болып, бұзақылық жасау мақсатындағы қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында, ерегіс болып жатқан жерге барған. Алайда «Н» есімді тұлғамен ерегісіп тұрған тұлға, бұлардың басымдылығын көріп, кетіп қалған.

Кафе ішінде «Ж» мен «Д» есімді тұлғалар, өздерінің Р. есімді сырттай таныстарымен сөзге келіп, барлығы кафе сыртына сөйлесуге шыққан, арада біраз уақыт өткен соң, айыпталушы О. мен айыпталушы Ш. екеуі өздерінің кафе алдында белгісіз үш баланың «Ж» есімді тұлғаны ұрып-соғып, арасындағы біреуі қолында болған «электрошок» құралымен «Ж» есімді тұлғаны ұрып құлатқанын көріп, О. мен Ш. белгісіз тұлғалар арасыңда төбелес бастаған. Төбелес барысында айыпталушылар О. мен Ш. өздерінің қылмыстық ойларын іске асырды, яғни, айыпталушы О. айыпталушы Ш-ның тығып қойған шолақ мылтығын қолына алып, төбелес барысында белгісіз тұлғаларды мылтықтың түбімен бірнеше рет ұрған. Содан айыпталушы О. «М» кафесінің алдында, көпшілік жүретін жерде бола тұра, өздерімен төбелесіп жатқан белгісіз бір топ тұлғаларға қарата бағыттап, шолақ мылтықтың шүріппесін бірнеше рет басқан. Осы кезде айыпталушы О-ның қолындағы шолақ мылтықтың оғының жоқ екенін білетін айыпталушы Ш., О-ның қолынан, шолақ мылтықты алып, оған қалтасында алып жүрген оқ-дәріні салып, оқ атып, оқиға болған жерден бой тасалаған. Атылған оқтан кафе ішінен шығып келе жатқан М. және «М» кафесінде даяшы болып жұмыс істеген К. дене жарақаттарымен Тараз қалалық ауруханасына түскен, яғни айыпталушылар О. мен Ш.-ның тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниеттері, олардын өздеріне байланысты емес мән жайлар бойынша қылмыстық ойлары ақырына дейін жеткізілмеген.

Сейсенбі, 2010 жылды 12 қазан сағат 10.30

Судья: Н.Т. Нұржігітов

Қылмыстық іс № 1-120/2010
ҚР ҚК-нің 96-бабы 2 бөлігі «в,ж,д» тармақтарында көрсетілген қылмысты жасаған, адам өлтіру, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, дәрменсіз жағдайда екені айыпкерге белгілі адамға, аса қатыгездікпен, құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру.
Айыпталушы Қ. 2009 жылдың қараша айында танысы К. екеуі кешкі сағат 22.30 шамасында Тараз қаласы «Аса» мөлтек ауданы «Қайкармет» базарында орналасқан «Ойын автомат» клубына келіп, жәбірленуші А-ны кездестірген. Олар «Ойын автомат» клубының ішінде отырып, спирттік ішімдіктерін ішкен. Ішімдік ішуді жалғастыру ниетімен, үшеуі жәбірленуші А-ның ұсынысымен, оның пәтеріне өздерімен бірге спирттік ішімдіктерін алып келген. Олар сол пәтерде отырып, үшеу ара бір шөлмек арақты бөліп ішкен. Соның салдарынан пәтер иесі А-мен араларында ұрыс туындап, арты төбелеске жалғасқан. Төбелес барысында К. пәтер ішінен пышақты тауып алып, жәбірленуші А-ның оң аяғының санынан екі рет пышақ
ұрған. Өзін ұрып соғып, пышақтап тастағанға ашуланған жәбірленуші А. Қ. мен К-ны балағаттай бастаған. Осыдан кейін, Қ. мен К. топ
болып, А-ның жанын қинап, аса қатыгездікпен, оның қатты алкогольдік мас
күйде екенін көріп тұрып, дәрменсіз жағдайын пайдаланып, қасақана қаза келтіру мақсатымен алдын ала сөз байласып, пышақпен,
вилкамен қаруланып, екеулеп ұрып соққан. Келтірілген дене
жарақаттарынан жүре алмай отырған А. денесінің бірнеше жерінен
шанышқының үшкір тістерімен тыққылап ұрып, пышақпен кесілген тесілген
жарақаттар салып қорлап, денесінің бірнеше жерінен тілгілеп кескілеген. Өзінің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында, қорғанып, қалай да болса, аман қалу мақсатымен шамасы келгенше қарсылық көрсетіп жатқан

А-ны көрген олар, оның арқасынан, яғни жанды жері көкірек тұсынан пышақ ұрған. Олар екеулеп іс әрекет жасап, әлі де болса, А-ның тірі екенін көріп, арақтың бос 0,7 литрлік шиша бөтелкесімен соңғының жанды жері, басынан сынғанша ұрған. Бірнеше рет жасалған ауыр соққылардан кейін А. ес түссіз ас үй бөлмесінің еденіне құлаған. Келтірілген ауыр дене жарақаттарына шыдамаған А. осы келтірілген жарақаттардың салдарынан оқиға орнында
қайтыс болған.

Похожие:

Қылмыстық іс №1-108/2010 iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
Қылмыстық іс №1-108/2010 iconҚылмыстық заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін...
Қылмыстық іс №1-108/2010 iconЖалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн...
Қылмыстық іс №1-108/2010 iconОтчёт исторического факультета о международной деятельности за 2009 год
Зарубежная практика студентов М. А. Пузановой (Лгб-108), М. А. Беляева (Лгб-108), Е. В. Сибиряковой (Лгб-108) в Академии английского...
Қылмыстық іс №1-108/2010 iconКалиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
Жұмыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру және қылмыстық іс жүргізу кафедрасында...
Қылмыстық іс №1-108/2010 icon673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486
Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179, 181 баптарымен көзделген меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудағы...
Қылмыстық іс №1-108/2010 iconЖeкe айыптау қылмыстық iстeрiн қараудағы сот тәжірибесін талдап қoрыту
Атырау облыстық сотының 2010 жылдың eкінші жартыжылдығындағы жұмыс жoспарына сәйкeс, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жeкe айыптау...
Қылмыстық іс №1-108/2010 icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
Қылмыстық іс №1-108/2010 iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
Қылмыстық іс №1-108/2010 iconҚарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы И. А. Есенбаевтың қылмыстық істерді қарау тізімі

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница