Жинақтап қорытындылау




Скачать 298.22 Kb.
НазваниеЖинақтап қорытындылау
страница1/3
Дата конвертации27.11.2012
Размер298.22 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3





2008-ші жыл мен 2009-шы жылдың бірінші

жарты жылдығында Жамбыл облысындағы соттарда жеке айыптау істерінің қаралу тәжірибесін

ЖИНАҚТАП ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Жамбыл облыстық сотының 25.06.2009 жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, осы жылдың екінші жартыжылдығының қыркүйек айында, 2008-ші жыл мен 2009-шы жылдың бірінші жарты жылдығында Жамбыл облысы соттарындағы жеке айыптау істерінің қаралу тәжірибесін жинақтап қорытындылау жоспарланған.

Жеке айыптау жөніндегі қылмыстық істерді қарау кезінде заңдарды біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында, сонымен қатар осы санаттағы істерге байланысты сот тәжірибесінде туындаған мәселелер бойынша бірқалыпты тәжірибе қалыптастыру үшін бұл жинақтап қорытындылау облыстық соттың жұмыс жоспарына енгізілген.

Соттар жеке айыптау қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін және жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын, олардың басқада конституциялық құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын нақты және бұлжытпай орындауы керек.

Жамбыл облысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Басқармасының мәліметтеріне қарағанда жалпы қаралған қылмыстық істердің ішіндегі жеке айыптау бойынша істер санының үлес салмағы жылдарға бөліп көрсеткенде (сотталғаны, ақталғаны, қысқартылғаны, қосымша тергеуге жіберілгені, соттылығы бойынша жіберілгені) төмендегідей кестелерде:



Жыл


Қаралған қылмыстық істердің жалпы саны

(тұлғаларға қатысты)


Жеке айыптау бойынша қаралған істердің жалпы саны

(тұлғаларға қатысты)

Барлық санаттағы қаралған істердің үлес салмағы

(% тұлғаларға қатысты)


2007 ж.


2709


266


9,8


2008 ж.


2632


306


11,6

2009 ж.

6 айы


1681


238


14,1


БАРЛЫҒЫ:


7022


810


11,5


Жұмыс жоспарына сай 2008-ші жыл мен 2009-шы жылдың жарты жылдығында қаралған жеке айыптау істерін жинақтап қорытындылау көзделгенімен, салыстырмалы түрде анықтау үшін 2007-ші жылғы қаралған жеке айыптау істерінің статистикалық мәліметтері қоса алынды. Бұл кестеде көрсетілгендей жылдан жылға жеке айыптау істерінің үлес салмағы артып келе жатқандығы байқалады, атап айтқанда, облыс соттарында қаралған жалпы қылмыстық істердің 2007 жылы – 9,8 пайызын, 2008 жылы – 11,6 пайызын, ал 2009 жылы бірінші жарты жылдықта – 14,1 пайызын құраған. Демек, 2007 жылмен салыстырғанда жеке айыптау істерінің сотқа түсуі екі есеге жуық артқандығын бекітеді.
Соттардағы жеке айыптау істерінің қаралу нәтижелері:



жыл



үкім шыққан істер саны



сотталған тұлғалар саны



ақталған тұлғалар саны


жалпы

қысқартылған

соттылығы

бойынша

жолданған



прокурорға

қайтарылған



барлық

істер

саны



істер


тұлғалар



істер

тұлғалар

істер


тұлғалар


2007ж.


38


34


5


124


169


2


2


56



56


220


2008ж.


57


46


14

176

185



3


3


58


58


294

2009ж.

6 айы


50


30


25


138

148


-


-


35


35


223


БАРЛЫҒЫ:


145


110


44

438

502


5


5


149


149


737



Жамбыл облысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Басқармасының мәліметтеріне қарағанда ол мәліметтерде барлық көрсеткіштер көрсетілмеген, атап айтқанда, анықтау және тергеу органынан, прокуратурадан қанша жеке айыптау ісі түскендігі жөнінде, сонымен қатар соттардың жеке айыптау істері бойынша қанша шағымдарды қабылдамағандығы жөнінде бұл жылдарға мәлімет жоқ.

Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілгендей жеке айыптау істері бойынша 2007 жылы – 5 тұлға ақталған болса, 2009 жылдың жарты жылдығында – 25 тұлғаға ақтау үкімі шыққан, яғни тұлғаларға қатысты ақтау үкімі бес есеге ұлғайған. Ал, осы санаттағы істер бойынша сотталған тұлғалар саны 2007 жылы – 34 адамды құраса, биылғы жылдың жарты жылдығында – 30 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шыққан, яғни биылғы жылғы көрсеткіш бойынша екі есеге жуық мұндай істердің көбейгендігі байқалады.

Сонымен қатар, жеке айыптау істері бойынша жылдан – жылға қысқартылған істер саны едәуір артып келе жатқандығы жоғарыдағы кестеден көрініс табады. Егер 2007 жылы 220 істің 124-і қысқартылған болса (56,3 %), 2008 жылы 294 істің 176-сы қысқартылған (59,8 %), ал 2009 жылдың жарты жылдығында 223 істің 138-і қысқартылған (61,8 %), яғни жылдан – жылға бұл санаттағы барлық түскен істердің 50 – 60 пайызы қысқартылатындығы айқындалады.
Облыстағы аудандық және оған теңестірілген соттардан жеке айыптау істері бойынша жинақтап қорытындылау үшін барлық түскен істер саны 300 іс, бұл істер 2008 жыл мен 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында қаралған істер.

Жеке айыптау істері жинақтап қорытындылау үшін мына төмендегі аудандық және оған теңестірілген соттардан келіп түсті:







Соттардың атауы



Істердің саны



ҚР ҚК-нің баптары


1

Тараз қалалық № 2 соты

90

23 іс – 105 б.

4 іс – 129 б.

3 іс – 130 б.

60 іс – 136 б.

2

Жамбыл аудандық соты

24

1 іс – 129 б.

1 іс – 130 б.

22 іс – 136 б.

3

Жуалы аудандық соты

31

5 іс – 105 б.

10 іс – 130 б.

16 іс – 136 б.

4

Талас аудандық соты

11

3 іс – 105 б.

1 іс – 129 б.

7 іс – 136 б.

5

Сарысу аудандық соты

6

2 іс – 129 б.

1 іс – 130 б.

3 іс – 136 б.

6

Байзақ аудандық соты

30

5 іс – 105 б.

3 іс – 130 б.

22 іс – 136 б.

7

Т.Рысқұлов аудандық соты

35

4 іс – 105 б.

3 іс – 130 б.

28 іс – 136 б.

8

Меркі аудандық соты

51

8 іс – 105 б.

5 іс – 130 б.

38 іс – 136 б.

9

Шу аудандық соты

5

1 іс – 129 б.

4 іс – 136 б.

10

Қордай аудандық соты

5

1 іс – 129 б.

4 іс – 136 б.

11

Мойынқұм аудандық соты

12

2 іс – 129 б.

1 іс – 130 б.

9 іс – 136 б.




Барлығы:

300





Бұл кестеде анықталғандай жинақтап қорытындылау үшін жалпы түскен 300 жеке айыптау ісінің 213-і, яғни 71%-ы ҚР ҚК-нің 136 бабы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған істер, ал 48 іс (16 %) ҚР ҚК-нің 105 бабымен, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін, ал ҚР ҚК-нің 130 бабымен қорлау қылмысы үшін 27 іс (9 %) түскен және де басқа адамның ар – намысымен қадыр қасиетіне нұқсан келтіретін жала жабу қылмысы үшін, яғни ҚР ҚК-нің 129 бабымен 12 іс түскен, ол жинақтап қорытындылау үшін жалпы түскен істердің - 4 % - ын құрайды.

Келтірілген мәліметтерден анықталғаны, қылмыстық жауапкершілікке келіп түскен жеке айыптау істері бойынша 70 пайыздан астамы балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтарғаны үшін берілген шағымдар екендігін, яғни бұл жөнінде шығарылған сот шешімдерінің едәуір бөлігі орындалмай жатқандығын бекітеді.

Жеке айыптау істері бойынша тағайындалған қылмыстық жазалардың түрлері туралы статистикалық мәліметтер:



Жыл

істері қысқартыған тұлғалар саны

Ақталғаны



Сотталғаны


О н ы ң і ш і н д е

Бас бастандығынан

айырылғандар

Бас бостандығын шектеу

Айыппұлға

тартылғаны

Шартты түрде сотталғандар

Рахымшылық бойынша

және басқа да негіздермен сот үкімімен жазадан босатылған сотталғандар және 69 бабпен босатылғандар.

Түзеу

жұмыстары

Қоғамдық

жұмыстары

Мәжбүрлеу сипатында медициналық шаралар қолданылған ес ақылы дұрыс еместер саны

2007ж

169

5

34

-

1

5

19

1

-

8

-

2008ж

185

14

46

3

-

3

25

-

2

13

-

2009ж 6 айы

148

25

30

5

-

5

7

1

1

11

-

барлығы:

502

44

110

8

1

13

51

2

3

32

-
  1   2   3

Похожие:

Жинақтап қорытындылау iconА н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және
Жамбыл облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын...
Жинақтап қорытындылау iconМахамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Білімдік. Махамбет шығармашылығының тарихы негіздері туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру, жинақтап қотыру
Жинақтап қорытындылау iconФ кгму 4/3-07/02 пп кгму 4/02
Сабақтың мақсаты: «Квантты биофизика» тарау бойынша алған мәліметтерді қорытындылау
Жинақтап қорытындылау iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Сабақтың мақсаты: «Квантты биофизика» тарау бойынша алған мәліметтерді қорытындылау
Жинақтап қорытындылау iconПән: Химия Сыныбы: 8-9-10 сыныптар Сабақтың мақсаты
Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген...
Жинақтап қорытындылау iconАудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр жұмыстары бөлімінің 2012 жылдың II жарты жылдығына арналған
Аудан әкімдігі мәжілістерінің II жартыжылдыққа бектілген мәселелері бойынша құжаттарын жинақтап ұсыну
Жинақтап қорытындылау iconДайындық кезеңі Жауаптылар
Интернеттегі материалдар қорын жинақтау және сақтау, топтағы ойыншық түрлерін жинақтап, олардан ойыншық қорын құрып, сол процеспен...
Жинақтап қорытындылау iconҚазақстан егемендік алғаннан кейін Н.Ә
Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен...
Жинақтап қорытындылау iconСырбай Мәуленов атындағы гимназия «Кинематика негіздерін қайталау» (аукцион сабақ) 9 – сынып
Білімділік: Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту
Жинақтап қорытындылау iconАна тілі 2-сынып
Ол үшін не түрткі болуы мүмкін? Әрине салыстыру, ой қозғау. Осы мақсатта жан-жақты материалдар жинақтап, оқушылар алдына жайып тастау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница