Жинақтап қорытындылау




Скачать 298.22 Kb.
НазваниеЖинақтап қорытындылау
страница2/3
Дата конвертации27.11.2012
Размер298.22 Kb.
ТипДокументы
1   2   3


Кестеде көрсетілгендей жеке айыптау істері бойынша жаза тағайындағанда бас бостандығынан айыруға шартты түрде сынақ мерзімін белгілеп жаза тағайындау көп орын алатындығы, яғни жалпы осы екі жарым жыл ішінде айыптау үкімі шыққан 110 тұлғаның 51-не шартты жаза қолданылғандығы, ол 46,3 пайызды құрайтындығы анықталды, ал одан кейінгі жиі қолданылатын жаза түрі ол қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 32 тұлғаға қолданылған, бұл жаза түрі жалпы сотталғандардың 29,1 пайызын құрайды.

Облыстық соттың

апелляциялық және қадағалау сатыларында қаралған

жеке айыптау істері төмендегідей кестеде көрініс табады:


Жыл


Апелляция сатыда қаралған жеке айып істерінің жалпы саны

істер/тұлғалар


Қадағалау сатыда қаралған жеке айып істерінің жалпы саны

істер/тұлғалар


Өзгеріссіз

қалдырылған

тұлғаларға қатысты



Бұзылып қайта сот қарауына жолданған

тұлғаларға қатысты


Өзгертілген істер, тұлғаларға қатысты

Апелляция сатысы

Қадағалау сатысы

Апелляция сатысы

Қадағалау сатысы

Апелляция сатысы

Қадағалау сатысы

2007 ж.


8/9

2/2

8

-

-

2

1

-

2008 ж.


13/17

- / -

15

-

-

-

2

-

2009 ж. 6 айы

20/25

2/2

23

2

1

-

1

-

Барлығы:

41/51

4/4

46

2

1

2

4

-


Бұл кестеден анықталғаны жеке айыптау істері апелляциялық және қадағалау сатыларында қаралғанда негізінен өзгеріссіз қалдырылатындығы, статистикалық мәліметке сай алдыңғы жылдармен салыстырғанда сандық көрсеткіш бірқалыпты деңгейде екендігі аңғарылады. Жалпы алып қарағанда, 2008 жылы соттарда қаралған барлық 306 жеке айыптау істерінің 13 ісі апелляциялық сатыда, яғни 4,2 пайызы қаралған, қадағалау сатысында ол жылы жеке айыптау істері қаралмаған, ал 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 238 жеке айыптау істерінің 20-ы, яғни 8,4 пайызы апелляциялық сатыда қаралған, ал қадағалау сатысында бұл санаттағы істердің 2-уі, яғни 0,8 пайызы қаралғандығы көрінеді, демек, бұл статистикалық мәлімет соттарда жеке айыптау істерінің дұрыс және заңды шешілетіндігін мәлімдейді, оған дәлел апелляциялық және қадағалау сатысында қаралған 55 тұлғаға қатысты істің 48 тұлғаға қатыстысының өзгеріссіз қалдырылуы.

Аудандық және оған теңестірілген соттардан жеке айыптау істері бойынша жинақтап қорытындылау үшін түскен 300 істің ішінде прокурорлардың қатысуымен қаралған қылмыстық істер жоқ, ал адвокаттардың қатысуымен қаралған істер саны 109 – іс.

2 жеке айыптау қылмыстық ісі бойынша сот дәрігерлік сараптамасы тағайындалған, криминалистикалық, психиатриялық сараптамалар тағайындалған істер жоқ.

30 жеке айыптау қылмыстық істері бойынша тараптар сотта өздерінің мүдделерін өкілдері арқылы қорғаған.

Жеке айыптау істері бойынша сотқа берілген шағымдардың, яғни қорытындылауға түскен 300 істің ішінде тек 119-ы ғана мемлекеттік қазақ тілінде берілген, ол 39,6 пайызды құрайды, ал қалған жеке айыптау істері бойынша берілген 181 шағымдар, яғни 60,4 пайызы ресми орыс тілінде берілген, бұл сан көрсеткіштері жеке айыптау істері бойынша сотқа берілетін шағымдардың 60 пайызынан астамы орыс тілінде берілетіндігін айғақтайды...

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында жеке айыптау істері бойынша өндіріс соттарда қаралатын қылмыстық істердің ерекше санаты есебінде бөлектелген, аталған қылмыстың нақты құрамдары сот өндірісінің ерекшелігімен байланысты.

Жеке айыптау істерін жүргізудегі процессуалдық ерекшеліктер ҚР ҚІЖК-нің 45 тарауында нақтылай баяндалған, онда жеке айыптау істерін қозғаудың тәртіптері (ҚІЖК-нің 390 бабы); судьяның жеке айыптау ісі бойынша сот талқылауы басталғанға дейінгі іс әрекеттері (ҚІЖК-нің 390 бабының 5 бөлігі, 391 бап); сот мәжілісінде жеке айыптау істерін қараудың тәртібі (ҚІЖК-нің 393 бабы), жеке айыптау ісін қысқарту тәртібі (ҚІЖК-нің 395 бабы) сияқты принципті маңызды мәселелер көрініс тапқан.

Қылмыстық сот өндірісінде жаңа ҚІЖК-нің қабылдануыменен жаңа субъект пайда болды – ол жеке айыптаушы, оның құқықтары ҚІЖК-нің 390 бабының 5 бөлігі, 76 бабы, 393 бабының 4-ші және 6-шы бөліктерімен нақтыланған.

Жеке айыптау істері бойынша сот өндірісі ерекшеліктерінің бірі ҚР ҚК-нің 105, 111, 112, 123, 129, 130, 136, 140, 142, 144 бабының 1 және 2 бөліктерінде, 145 бабының 1 бөлігінде, 188 бабының 1 бөлігінде, 300 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстар, яғни сот өндірісінің басқа санаттағы қылмыстық істерден ерекшелігі: қылмыстық іс қозғау -жәбірленушінің сотқа тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі шағым беру жолымен қозғалады.

Сот, жеке айыптау істері бойынша қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығармайды, өйткені ол қылмыстық ізге түсу органы болып табылмайды, сонымен қатар, ҚІЖК-нің 23 бабында көрсетілгендей тараптардың жарыспалылық және тең құқықтық, сондай-ақ соттың бейтараптық принциптеріне қайшы келген болар еді. Қылмыстық істі қозғаудағы процессуалдық құжат - жәбірленуші берген шағымның өзі болып табылады.

ҚІЖК-нің 33-бабының 2 бөлігіне сәйкес, егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз тұлғалардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауы мүмкін, қорытындылауға түскен жеке айыптау істерінің ішінде ондай істер жоқ. ҚІЖК-нің 71-бабында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ, егерде істі қарау кезінде сотқа мемлекеттік айыптаушы қатысса, сотталушы немесе оның өкілі қорғаушыны шақырмаса, сот қорғаушы тағайындауға шара қолдануы тиіс.

Жәбірленушінің шағымы жеке айыптау қылмыстық ісін қозғайтын, тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы процессуалдық құжат болып табылады және осы құжат сот талқылауының шегін анықтайды. Мұндай жағдайда сот қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығармайды. Судья шағымды қабылдау кезінде КІЖК-нің 391-бабының бірінші бөлігін басшылыққа алып және оның дұрыс шешілуін қамтамасыз ететін барлық мәліметтердің бар екендігін, атап айтқанда: қашан, кіммен, қай жерде құқыққа қарсы әрекет жасалғандығы, оның нақты қандай түрде болғандығы және шағым келтірілген тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту туралы жәбірленушінің өтініші немен дәлелденетіні көрсетілгендігіне көз жеткізуі тиіс.

Бірақ, Меркі аудандық сотының судьясы Кенбаев Е. сотқа шағым келтірген А.Кәріпқұлованың жеке айыптау шағымы аталған заң талабына қайшы екендігіне мән берместен сот өндірісіне қабылдауға шешім қабылдаған, алайда, ол шағымда істің дұрыс шешілуін қамтамасыз ететін барлық мәліметтердің жоқ екендігіне, қашан, қай жерде құқыққа қарсы әрекет жасалғандығы, оның нақты қандай түрде болғандығы және шағым келтірілген тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту туралы жәбірленушінің өтініші немен дәлелденетіні, айыпталушының жұмыс орыны, куәлардың тізімі көрсетілмегеніне қарамастан оған шағымын заң талабына сәйкестендіру үшін мерзім белгілеп, қайтармай, негізсіз сот өндірісіне қабылдаған.

Ал, Талас аудандық сотына ҚР ҚК-нің 105 бабымен жеке айыптаушы Г.К. Тугулбаева берген шағымы КІЖК-нің 391-бабының бірінші бөлігінің талабына сәйкес келмегендіктен, яғни, шағымына – куәлар тізімі, жауапқа тартылатын адамның тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс орыны, қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, дәлелдері келтірілмегендіктен бірінші сатылы сот заңды түрде оған шағымын заң талабына сәйкестендіру үшін мерзім белгілеп, қайтарған, яғни Талас аудандық сотының судьясы Кенжебеков К. заң талабына сәйкес шешім қабылдаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-ші «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 8-ші тармағының талабына сәйкес: сот шағымды іс жүргізуіне қабылдаған кезде өз қаулысында шағыммен жүгінген тұлғаны жәбірленуші ретінде тануы тиіс.

Жеке айыптау жөніндегі істерді қарау кезінде іс жүргізу нормаларымен берілген жәбірленушінің айыптауды қолдау құқығының жүзеге асырылуының міндеттілігін сақтау қажеттілігіне соттардың назарын аудару керек. Айыптауды қолдау сот жарыссөздеріне қатысумен шектелмейді, істі қарау барысында өтініштерді мәлімдеу, дәлелдемелерді ұсыну және басқа да әрекеттерді жүзеге асырумен жүргізіледі.

Алайда, жинақтап қорытындылауға түскен 300 жеке айыптау істерінің 4-ісі ғана бойынша сот шағымды іс жүргізуге қабылдаған кезде тұлғаны жәбірленуші ретінде таныған, ал қалған 296 жеке айыптау істері бойынша шағым берген тұлғалар жәбірленуші ретінде танылмаған, бірақ оларға құқтары мен міндеттері түсіндірілген.

Атап айтқанда, мына төмендегі істер бойынша соттар шағымды іс жүргізуіне қабылдаған кезде өз қаулысында шағыммен жүгінген тұлғаны жәбірленуші ретінде танымаған, жеке айыптаушы Г.С.Арғынбаеваның шағымы бойынша (Меркі аудандық соты, судья КенбаевЕ.), жеке айыптаушы А.С.Кинаятованың шағымы бойынша (№2-ші қалалық сот, судья Мадалиева Р.М.), жеке айыптаушы Г.Р.Дүйсембекованың шағымы бойынша (судья ТлеповА.), жеке айыптаушы А.М.Симионидидің жеке шағымы бойынша (судья Дмитриева С.В.), жеке айыптаушылар А.А.Курманованың, Б.С.Саудабаевтың шағымдары бойынша (Шу аудандық соты, Андабеков Н.), жеке айыптаушылар Т.В.Городованың, А.А.Шарипбаевтың шағымдары бойынша (Шу аудандық соты Құрманбаев А.), тағы басқа 296 іс бойынша шағым беруші тұлғалар жәбірленуші ретінде танылмаған және іс жүргізу тілі көптеген істер бойынша сот талқылауын тағайындағанда белгіленбеген.

Қордай аудандық сотының судьясы Б.П.Дайрабаев бұл санаттағы істер бойынша жоғарыда аталған заң талабын бұлжытпай орындаған, атап айтқанда, ол ғана жеке айыптау істері бойынша шағымды іс жүргізуге қабылдаған кезде өз қаулысында шағыммен жүгінген тұлғаны жәбірленуші ретінде таныған, құқтары мен міндеттерін түсіндірген, мысалға алғанда ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен жеке айыпталушы В.В.Ереминнің және басқаларының ісі бойынша заңды шешім қабылдаған.

Жеке айыптау істері жөніндегі іс жүргізудің бір ерекшелігі, жәбірленушінің шағым келтірілген тұлғамен бітімге келуі болып табылады. Тараптарды бітімге келтіру құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан соттар осы мақсатқа жету үшін шаралар қолдануы тиіс және шағымды қабылдау кезінде судья жәбірленушіге жауапқа тартуды сұраған тұлғамен оның бітімге келу құқығын түсіндіруге міндетті.

Қорытындылауға түскен жеке айыптау істері бойынша негізінен жоғарыда аталып өткендей, жылдан – жылға бұл санаттағы барлық түскен істердің 50 – 60 пайыздан астамы қысқартылатындығы айқындалды, ол қысқартылған істер жәбірленушінің шағым келтірілген тұлғамен бітімге келуіне, яғни татуласуларына байланысты және тағылған айыптан бас тартуларына байланысты заңды түрде қысқартылған істер, бұл қысқартылған істер бойынша айтарлықтай кемшіліктер жоқ.

Бірақ, соттар шағымды қабылдау кезінде жәбірленушіге жауапқа тартуды сұраған тұлғамен оның бітімге келу құқығын түсіндіруге міндетті бола тұра көп жағдайларда тиісті деңгейде бұл заң талабын түсіндірмейтіндігі байқалады, тек қана формальды түрде жеке айыптаушыға құқықтарын түсіндіру туралы хаттама толтырылған кезде ғана қол қойдырылатындығы көрінеді. Мұндай тұжырым жасалу себебі, қысқартылған істердің 90 пайыздан астамы сот талқылауы барысында тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған істер, негізінен шағымды қабылдау кезінде тұлғалардың бітімге келуі себепті қысқартылған істер жоқ. Бұл санаттағы кейбір істер бойынша тіпті жеке айыптаушыға құқықтарын түсіндіру туралы хаттама толтырған кезде оның бітімге келу құқығын түсіндірмейтін де істер кездеседі, атап айтқанда, А.А.Кокежановты ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен жеке айыптаушы А.А.Жаксылыкованың шағымын сот өндірісіне 5.12.2008 жылы қабылдаған соң, арада он төрт күн өткізіп барып, 19.12.2008 жылы жеке айыптаушыға құқықтарын түсіндіру туралы хаттама толтырған (і.б. 73), алайда ол хаттамада судья жәбірленушіге жауапқа тартуды сұраған тұлғамен оның бітімге келу құқығын түсіндірмеген (судья Сыздыкова Г.), мұндай шағымданушының құқығын судья шағымды сот өндірісіне қабылдау кезінде жәбірленушіге жауапқа тартуды сұраған тұлғамен оның бітімге келу құқығын түсіндіруге міндетті болған.

Істі тыңдауға тағайындағанға дейін тараптарды бітімге келтіруге шара қолданып оған қол жетпегендігіне қарамастан, сот мәжілісінің дайындық бөлігінде ҚІЖК-нің 393-бабы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес, сот жәбірленушіге оның сотталушымен бітімге келу құқығын түсіндіруге міндетті. Кез келген сатыда сот үкім шығаруға кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бітімге келу орын алуы мүмкін.

Сондай-ақ, заң талабына сәйкес судьялар шағымданушыға айыптау расталмаған жағдайда оған сот шығындарын өтеу міндеті жүктелетіндігін түсіндіру тиіс.

Аталған заңның бұл талабы жеке айыптау істері бойынша шағымданушыларға түсіндірілмеген, мысалы, М.Ж.Кинаятовты ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым келтірген А.С.Кинаятоваға айыптау расталмаған жағдайда оған сот шығындарын өтеу міндеті жүктелетіндігін түсіндірмеген (судья МадалиеваР.), шағым келтірген арызданушы Т.Ж.Шамшиеваға, шағым келтірген арызданушы А.Салаховаға (Меркі аудандық соты, судья РазаковР.К.), шағым келтірген арызданушы А.Кәріпқұловаға (Меркі аудандық соты, судья Кенбаев Е.) және т.б. көптеген істер бойынша айыптау расталмаған жағдайда оған сот шығындарын өтеу міндеті жүктелетіндігі түсіндірілмеген.

Егер тараптарды бітімге келтіру жүзеге асырылса, судья ҚІЖК-нің 394-бабы бірінші бөлігінің 2-тармағына сәйкес, істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Бітімге келтіруге қол жетпеген жағдайда, судья істі ҚІЖК-нің 302-бабының талаптары бойынша сот мәжілісінде қарауға тағайындайды.

Бірақ, бұл заң талабы кейбір істер бойынша орындалмаған, атап айтқанда, қорытындылауға түскен 300 істің 12 ісі бойынша сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылданбаған, яғни ҚР ҚІЖК-нің 391 бабының 4 бөлігінің талабына сәйкес сот мәжілісін тағайындау үшін негіздер болған ретте судья шағымның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәулікке дейін мерзімде үстінен шағым берілген адамды шақыруға, оған шағым көшірмесін тапсыруға, құқын түсіндіруге міндетті. Алайда кейбір жеке айыптау істері бойынша бұл жеті тәуліктік мерзім сақталмайды, көбінесе бұл мән жай үстінен шағым берілген адамдардың сотқа уақтылы келмеуінен де болады.
1   2   3

Похожие:

Жинақтап қорытындылау iconА н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және
Жамбыл облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын...
Жинақтап қорытындылау iconМахамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Білімдік. Махамбет шығармашылығының тарихы негіздері туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру, жинақтап қотыру
Жинақтап қорытындылау iconФ кгму 4/3-07/02 пп кгму 4/02
Сабақтың мақсаты: «Квантты биофизика» тарау бойынша алған мәліметтерді қорытындылау
Жинақтап қорытындылау iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Сабақтың мақсаты: «Квантты биофизика» тарау бойынша алған мәліметтерді қорытындылау
Жинақтап қорытындылау iconПән: Химия Сыныбы: 8-9-10 сыныптар Сабақтың мақсаты
Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген...
Жинақтап қорытындылау iconАудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр жұмыстары бөлімінің 2012 жылдың II жарты жылдығына арналған
Аудан әкімдігі мәжілістерінің II жартыжылдыққа бектілген мәселелері бойынша құжаттарын жинақтап ұсыну
Жинақтап қорытындылау iconДайындық кезеңі Жауаптылар
Интернеттегі материалдар қорын жинақтау және сақтау, топтағы ойыншық түрлерін жинақтап, олардан ойыншық қорын құрып, сол процеспен...
Жинақтап қорытындылау iconҚазақстан егемендік алғаннан кейін Н.Ә
Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен...
Жинақтап қорытындылау iconСырбай Мәуленов атындағы гимназия «Кинематика негіздерін қайталау» (аукцион сабақ) 9 – сынып
Білімділік: Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту
Жинақтап қорытындылау iconАна тілі 2-сынып
Ол үшін не түрткі болуы мүмкін? Әрине салыстыру, ой қозғау. Осы мақсатта жан-жақты материалдар жинақтап, оқушылар алдына жайып тастау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница