Жинақтап қорытындылау




Скачать 298.22 Kb.
НазваниеЖинақтап қорытындылау
страница3/3
Дата конвертации27.11.2012
Размер298.22 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

Жеке айыптау ісі қаралып отырған тұлғаға қатысты сотпен бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда ҚІЖК-нің 150-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы онша ауыр емес қылмысты жасап айыпталу кезінде, тек айрықша жағдайларда және қатаң түрде заң талаптарына сәйкес қолданылуы мүмкін екендігін соттар есте сақтауы керек.

Мысалға алғанда, жеке айыпталушы Шарипбаев А.Ш. Қордай аудандық сотының 7 тамыз 2008 жылғы үкімімен (судья Егізбаев Е.) ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалып сотталған, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленген. Оған дейін, сот қаулысымен 7.04.2008 жылы А.Шарипбаевқа іздеу жарияланып, бұлтартпау шарасы қамауға алуға өзгертілген. Ал, облыстық соттың қылмысты істер қарайтын алқасының 16-шы қазан 2008 жылғы қаулысымен Шарипбаев жөніндегі 1-ші сатылы соттың іздеу жариялау, бұлтартпау шарасын қамауға алу туралы қаулысы бұзылған, бұзылу себебі, сотталушыны тиісті түрде сотқа шақырмаған, шақырту қағазы жолданбаған, қолына табыс етілмеген, соттан қашып жүргені дәлелденбеген, сонымен қатар, ол жөніндегі үкім де өзгертіліп, оған шартты жаза тағайындалған және қамаудан босатылған, себебі, іс бойынша қатаң жаза тағайындайтын айрықша жағдайлар анықталмаған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы мен бас бостандығынан айыру жазасы онша ауыр емес қылмысты жасап айыпталғандарға айрықша мән жайлар болмаған жағдайда негізінен қолданылмайтындығына сот назар аудармаған.

Және де, Мойынқұм аудандық сотының 07 қараша 2008 жылғы үкімімен Иптильдаев Бердаул Нурдильдаевич ҚР ҚК-нің 129 бабының 3 бөлігімен айыпты деп табылып, 1 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген (судья Мыстаев М.). Бұлтартпау шарасы өзгертіліп, сот залынан қамауға алынған. Сот үкімімен Б.Н. Иптильдаев пен Ж.Д.Сейсебаев жеке айыптаушыға жала жауып, жалған арыздар ұйымдастырып, «Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің директоры К.Көбеков пен оның орынбасары Ш.Молдахметовадан, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адам бола тұра 5000 АҚШ долларын алды деп, ауыр сыбайлас жемқорлықпен айыптағаны және ол, жеке автокөлігін 6 ай сайын ауыстырады, Шу қаласында орналасқан «Омар» мейрамханасының қасынан мейрамхана соғу үшін 10000000 /он миллион/ теңге көлемінде құрылыс заттарын алып қойды деп жазған жаласы үшін және Б.Иптильлдаевтың 11 маусым 2008 жылы қызметтік кабинетіне келіп қорқытты деп жала жапқаны үшін ҚР ҚК-нің 129 бабы 3 бөлігімен, яғни жала жабу, басқа адамның ар намысы мен кәдір қасиетіне нұқсан келтіретін немесе онын беделін түсіретін көрнеу жалған мәліметтер тарату, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жапқаны үшін Б.Н.Иптильдаев пен Ж.Д.Сейсебаев қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағымы және жоғарыда көрсетілген жала жауып жазылған арыздардан қадір қасиеті қызыметтестер алдында, әріптестері алдында, ағайын туыстарының алдында, Мойынқұм, Шу ауданының тұрғындары алдында қадір қасиеті, абыройы түсіп, жұмыс уақытын алып 2008 жылы 3 қызметтік тексеруді, Шу ауданаралық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тексеруін заңсыз ұйымдастырғанына байланысты моральдық залалды Б.Иптильдаевтан, Ж.Сейсебаевтан өзінің пайдасына өндіруді сұранған арызы қанағаттандырылып, екеуіде ҚР ҚК-нің 129 бабының 3 бөлігімен айыпты деп танылып, сотталған.

Қылмысты істер қарайтын сот алқасы, ҚР ҚК-нің 10 бабының 3 бөлігінің талаптарына сай сотталған Б.Н.Иптильдаевтың жасаған қылмысы ауырлығы орташа қылмыстар санатына жататындығын, ҚР ҚК-нің 129 бабының 3 бөлігінде көрсетілген қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырумен қатар, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделгендіктен ҚР ҚК-нің 52 бабында көзделген қағидаларға сүйене келе үкім өзгертіліп, сотталған Б.Н.Иптильдаевқа бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындаған. Сотталған Б.Н.Иптильдаевтың бас бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол қамақтан босатылған.

Бұл жеке айыптау ісі бойыншада бас бостандығынан айыру жазасы ауырлығы орташа қылмысты жасап айыпталғандарға жауаптылықты ауырлататын айрықша мән жайлар болмаған жағдайда негізінен қолданылмайтындығына соттардың назар аударуы тиіс.

Жеке айыптау істері бойынша сот мәжілісін тағайындау кезінде, соттар ҚІЖК-нің 391-бабы төртінші бөлігінің талаптарын қатаң түрде сақтауы қажет. Тараптар іс қаралатын уақыт және орны туралы хабарландырылған мезгілден, сондай-ақ соттың шағымды іс жүргізуіне қабылдағандығы туралы қаулысының көшірмесін сотталушы алған мезгілден үш тәулік өтпей басты сот талқылауы басталмауы тиіс. Жеке айыптау істері бойынша қорытындылауға түскен барлық істерде үш тәуліктік бұл мерзім сақталған, бірақ кейбір істерде шағымның көшірмесін жеке айыпталушы алғаны туралы деректер іс құжаттарына тіркелмеген, мысалы ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен айыпталушылар: В.М.Мустафаевтың, Б.А.Кенжебековтың істері бойынша шағым көшірмесі айыпталушыларға тапсырылғаны жөнінде істе дерек жоқ.

Жеке айыптау істерін жинақтап қорытындылау барысында Ішкі Істер органының анықтаушылары өз құзырларының шегінен шығып, жеке айыптау ісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығаратындығы да анықталды, мұндай жағдайда анықтаушы немесе тергеуші ҚР ҚІЖК-нің 185, 188, 390 – шы баптарының талаптарына сай соттылығы жататындығына байланысты ондай істерді сотқа жолдауы тиіс болатын.

Мысалға алғанда, облыстық Ішкі Істер Департаменті №2-ші полиция бөлімінің анықтаушысы 09.04.2007 жылы А.А.Пархоменконың шағымы бойынша ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігімен жеке айыпталушы Пархоменко В.В. жөнінде оның әрекетінде жеке айыптау ісі бойынша қылмыстың құрамы жоқ деп, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарған, көшірмесін прокурорға жолдаған. Мұндай жағдайда анықтаушы органға қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарудың қажеттілігі жоқ болатын, өйткені заң талабына сәйкес, яғни ҚР ҚІЖК-нің 185 бабының 1-ші бөлігінің 3-ші тармағының талабына сай анықтаушы қаулы шығарып, істі соттылығы бойынша сотқа жолдауы керек болатын.

Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыны анықтаушы немесе тергеуші орган іс құжаттарына сай тұлғаның іс әрекетінде басқа қылмыстар болмаған жағдайда шығаруы тиіс, ал ҚІЖК-нің 33 бабында көзделген қылмыстар бойынша іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығаруға құқылы емес, олар мұндай шағым түскен жағдайда құжаттарды соттылығы бойынша сотқа жолдау туралы ғана қаулы шығаруға тиісті.

Сонымен қатар, судьялар сотқа келіп түскен жеке айыптау шағымдарының маңызына да баса назар аударулары керек, себебі, кейбір шағымдарда «заңды жауапкершілігін шешуге», «тиісті шара қолдануға» және т.б. сөздер жазылатынына мән берілуі керек, атап айтқанда, жеке айыптау шағымында нақты айыпталушыны нақты қылмыстық кодекстің бабымен, бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш болуы тиіс, өйткені жеке айыптау ісі бойынша шағым – айыптау актісі болып саналады.

Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК-нің 178 бабының 3 бөлігінің тәртібіне сәйкес арыз берушіге әдейі жалған сөз жеткізгені үшін немесе хабарлағаны үшін ҚР ҚК-нің 351 бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертілуі тиіс, бұл туралы хаттамада белгі қойылып, ол арыз берушінің қол қоюымен куәландырылуы қажет. Алайда, жеке айыптау істері бойынша шағымданушыларға әдейі жалған сөз жеткізгені үшін немесе жалған хабар бергені үшін көптеген істер бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертілмеген, яғни мұндай шағымды сотқа қабылдар кезде ҚР ҚІЖК-нің 178 бабының 3 бөлігінің талабын қатаң сақтау қажет.

Жәнеде, жинақтап қорытындылауға түскен жеке айыптау істерін зерделеу барысында облыстағы барлық соттарда «сотталушының құқын түсіндіру» туралы процессуалдық құжат қандай тәртіпте толтырылуы тиіс екендігіне мән берілмейтіндігіне көз жеткізілді, барлық соттарда бұл мәселе бойынша біркелкі, бір тектес сот тәжірибесі жоқ. Атап айтқанда, кейбір судьялар мұндай құжатты жеке парақта, аты-жөнсіз толтырып, аяқ жағына айыпталушы «құқтарым түсінікті, таныстым» деп қол қоя салады.

Ал, кейбір судьялар ҚР ҚІЖК-нің 69 бабының талабына сай хаттама толтырып, сотталушының құқын түсіндіру туралы процессуалдық құжат қабылдайды

Сондықтанда, соттардың барлығында бұл жөнінде бір тектес сот тәжірибесін қалыптастыру үшін және ҚР ҚІЖК-нің 391 бабының 4 бөлігінің талабына сәйкес қолхат ретінде толтырылуы тиіс, яғни сот мәжілісін тағайындау үшін негіздер болған ретте судья шағымның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәулікке дейін мерзімде үстінен шағым берілген адамды шақыруға, оны іс құжаттарымен таныстыруға, берілген шағымның көшірмесін тапсыруға, аталған Кодекстің 69 бабымен көзделген сот отырысындағы сотталушының құқықтарын түсіндіріп, сотқа куәлар ретінде кімдерді шақыру керек екендігін анықтап, ол туралы қолхат алынуы тиіс.

Жинақтап қорытындылаудың нәтижесі, кейбір судьялардың жеке айыптау істері бойынша қатаң қылмыстық істер жүргізу кодексінің талаптарына сай жүргізілмейтіндігін бекітті, сонымен қатар, бұл санаттағы істер бойынша кейбір судьялардың өз жұмыстарына селсоқтықпен, немқұрайлылықпен қарауы салдарынан, кейбір жағдайларда заң талабын толық түсінбегендік себептерінен қателік жіберетіндіктері анықталды.

Сол себептенде судьялар, жеке айыптау істерін қарамас бұрын ҚР ҚІЖК-нің 45-ші тарауындағы жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-ші «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының талаптарын түбегейлі оқып, зерделеп алып, сот тәжірибесінде қолдануы тиіс.

Жеке айыптау жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылау барысында жоғарыда келтірілгендей заңдарды біркелкі және дұрыс қолданбау тәжірибесіде кездесетіндігі анықталғандықтан, сот тәжірибесінде туындаған мәселелерді заң талаптарына сәйкес нақты және бұлжытпай орындау үшін бұл жасалған қорытындылауды облыстық соттың қылмысты істер қарайтын алқасында талқылап, қорытындылау көшірмесін соттарға танысу үшін жолдауға жатады.


Жинақтап қорытындылауды

жасаған, қылмысты істер

жөніндегі алқа судьясы: М.Ж.Мырзақұлов
1   2   3

Похожие:

Жинақтап қорытындылау iconА н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және
Жамбыл облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын...
Жинақтап қорытындылау iconМахамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Білімдік. Махамбет шығармашылығының тарихы негіздері туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру, жинақтап қотыру
Жинақтап қорытындылау iconФ кгму 4/3-07/02 пп кгму 4/02
Сабақтың мақсаты: «Квантты биофизика» тарау бойынша алған мәліметтерді қорытындылау
Жинақтап қорытындылау iconФ кгму 4/3-07/01 пп кгму 4/01
Сабақтың мақсаты: «Квантты биофизика» тарау бойынша алған мәліметтерді қорытындылау
Жинақтап қорытындылау iconПән: Химия Сыныбы: 8-9-10 сыныптар Сабақтың мақсаты
Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген...
Жинақтап қорытындылау iconАудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр жұмыстары бөлімінің 2012 жылдың II жарты жылдығына арналған
Аудан әкімдігі мәжілістерінің II жартыжылдыққа бектілген мәселелері бойынша құжаттарын жинақтап ұсыну
Жинақтап қорытындылау iconДайындық кезеңі Жауаптылар
Интернеттегі материалдар қорын жинақтау және сақтау, топтағы ойыншық түрлерін жинақтап, олардан ойыншық қорын құрып, сол процеспен...
Жинақтап қорытындылау iconҚазақстан егемендік алғаннан кейін Н.Ә
Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен...
Жинақтап қорытындылау iconСырбай Мәуленов атындағы гимназия «Кинематика негіздерін қайталау» (аукцион сабақ) 9 – сынып
Білімділік: Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту
Жинақтап қорытындылау iconАна тілі 2-сынып
Ол үшін не түрткі болуы мүмкін? Әрине салыстыру, ой қозғау. Осы мақсатта жан-жақты материалдар жинақтап, оқушылар алдына жайып тастау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница