2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу




Скачать 178.49 Kb.
Название2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Дата конвертации27.11.2012
Размер178.49 Kb.
ТипДокументы


2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған

қылмыстық істер бойынша сот практикасын

ШОЛУ
қантар 2012 жыл Ақтөбе қаласы
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян келтіреді, сондықтан осы санаттағы істерді дұрыс және өз уақытында қарау олардың құқықтық қорғалуын шынайы қамтамасыз етудің аса маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сот төрелігінің сыбайлас жемқорлықпен күресудің және оны алдын алудың бірде бір басым бағыты болып табылады.

Ақтөбе облысының соттарымен 2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөнінде 63 адамға қатысты 53 қылмыстық іс қаралған, ол 2010 жылмен салыстырғанда 26 қылмыстық іске кем қаралған (2010 жылы 90 адамға 79 іс).

Барлық қаралған қылмыстық істердің бабтары келесіні көрсетеді:


Осы келтірілген деректерден былтырғы жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істердің саны, кейбір бабтар бойынша азайғандығын көрсетеді.

Соның ішінде ҚК-нің 307 бабы – қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін қаралған қылмыстық істер 17-ден 7-ге дейін немесе 10 іске азайған, ҚК-нің 312 бабымен - пара бергені үшін 17-ден 2-ге дейін немесе 15 іске, яғни елеулі түрде азайғандығын көрсетеді.

ҚК-нің 177 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен - мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам алаяқтық жасау бойынша қаралған қылмыстық істер керісінше 1-ден 7 іске дейін көбейген.

2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істердің азайғанының себептерінің бірі, ол ҚК-нің 307 бабының ескертпесі бойынша, сыбайлас жемқолық бабтарына жататын қылмыстарды жасаған адамдар мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылды.

Сонымен қатар, осы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстарға қарсы тікелей күресетін органдардың жұмыстарын жандандырғандарының себебі бар.

Осы негізінен қаралып аяқталған істердің ішінде сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмысын жасағаны үшін 55 адамға 51 іс бойынша айыптау үкімдері шыққан, 8 адамға қатысты 2 іс қосымша тергеуге жолданған.

Келесі кесте қандай бабтар бойынша айыптау үкімдері шыққанын және қандай бабтар бойынша қылмыстық істер қосымша тергеуге қайтарылғаны жөнінде көрсетеді:


ҚК-нің бабы

177 б 3 б «г» т.

176 б 3 б «г» т.

311 бабы

307 бабы

312 бабы

313 бабы

Барлығы

Айыптау үкімі

7/7

17/17

20/19

8/6

2/2

1/0

54/50

Қосымша тергеуге қайтарылған







1/1

2/1

5/0




8/2

Барлығы

7/7

17/17

21/20

10/7

7/2

1/0

63/53


Осы көрсетілген кестедегі деректерден негізінен сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер бойынша айыптау үкімдері шыққаны көрінеді.

2010-2011 жылдары сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер бойынша ақтау үкімдері шығарылмаған.

2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер бойынша 3 адамға 3 іс бойынша ҚР ҚК-нің 69 бабының 1 бөлігі және ҚР ҚК-нің 65 бабының 1 бөлігі негізінде өндірістен қысқартылған болса, 2011 жылы істі қысқарту фактілері болмаған.

Аталған қылмыстық істер келесі соттармен қаралған: Ақтөбе қалалық №2-ші сотымен 39 адамға 31 іс; Айтекеби аудандық сотымен 7 адамға 7 іс; Темір аудандық сотымен 3 адамға 3 іс; Мұғалжар аудандық №2-ші сотымен 4 адамға 2 іс; Мәртөк аудандық сотымен 3 адамға 3 іс, Шалқар аудандық сотымен 2 адамға 2 іс, Алға аудандық сотымен 2 адамға 2 іс, Байғанин, Мұғалжар және Қобда аудандық соттарымен 1 адамға 1 істен қаралған.

Ырғыз, Қарғалы, Ойыл және Хромтау аудандық соттарында аталған мерзім ішінде сыбайлас жемқорлық жөнінде қылмыстық істер қаралмаған.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстырын жасап сотталған 55 адамның 25 лауазымды адамдар, соның ішінде: Ембі қаласының әкімі, «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» Байғанин филиалының меңгерушісі, Алматы облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бас тексерушісі, «Батыс» өніраралық көлік бақылау инспекциясының жетекші маманы, «Әйтекеби аудандық құрылыс бөлімі» ММ-нің бастығы, Мәртөк мәдениет үйінің директоры, «Шалқар аудандық жер қатынастар бөлімі» ММ-нің бастығы, Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сот орындаушысы, Ақтөбе облысы бойынша кеден департаментінің қызметкері, «Ембі қалалық әкім аппараты» ММ-нің бас маманы, 2-тұлға селолық округінің әкімдері, 7-тұлға ішкі істер бөлімінің тергеушілері және қызметкерлері, 2 тұлға - Ақтөбе аумақтық және Ақтөбе қалалық аумақтық мемлекеттік мал дәрігерлік инспекциясының мамандары, 4 тұлға - Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының мамандары.

Сонымен қатар, 27 тұлға мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілітті және оларға теңестірілген адамдар және 3 жеке тұлға.

Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстырын жасағаны үшін жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адамдарды соттау фактілері болмаған.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 22 әйел адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған: соның ішінде 5 әйел адамға қатысты қылмыстық іс қосымша тергеуге қайтарылған, 17 әйел адамға қатысты айыптау үкімдері шығарылған.

Кәмелет жасқа толмағандар бойынша сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер қаралмаған.

Сотталғандардың жастары келесіні көрсетеді:

30 жасқа дейін - 14 адам

40 жасқа дейін - 15 адам

50 жасқа дейін - 12 адам

50 жастан жоғары - 14 адам

Барлығы: - 55 адам.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасап сотталған адамдарға келесідей жазалар тағайындалған: 19 адам бас бостандықтарынан айырылған, 26 адамға шартты жаза тағайындалған, 5 адам бас бостандықтарынан шектелген, 5 адамға айып пұл салынған.

36 адамға белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі, ал 16 адамға мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жазалары тағайындалған.

Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстар бойынша жаза тағайындау сот практикасы келесіні көрсетеді:



ҚР ҚК

сотталғандандың барлығы

бас бостандығынан айырылған

Соның ішінде ҚР ҚК-нің 63 бабы қолданылған

Соның ішінде ҚР ҚК-нің 72 бабы қолданылған

бас бостандығынан шектуге

белгілі бір лауазым құқығынан айыруға

айыппұл

қосымша жаза

белгілі бір дауазым құқығынан айыру айырылған

мүлкін тәркілеу

176 6 3 б «г» тар.

17

17

16

0

0

0

0

16

2

177 б 3 б «г» тар.

7

7

3

0

0

0

0

2

2

307 б

8

2

1

0

1

0

5

0

0

311 б

20

18

6

0

2

0

0

18

12

312 б

2

1

0

0

1

0

0

0

0

313 б

1

0

0

0

1

0

0

0

0

Барлығы

55

45

26

0

5

0

5

36

16



Осы кестеден сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасап сотталған 55 адамның 45-не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны көрінеді: соның ішінде 19 адам нақты бас бостандықтарынан айырылған, яғни бұл жалпы сотталғандардың 34,5% құрайды; 26 адамға ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты жаза тағайындалған (47,2 %).

Нақты бас бостандығынан айырылуға сотталған 19 адамның ішінде 10 адам пара алғандары үшін нақты бас бостандықтарынан айырылған немесе 52,6 %.

Айыппұл түріндегі жаза ҚК-нің 307 бабы бойынша - қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған адамдарға тағайындалған.

36 адамға белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі, ал 16 адамға мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жазалары тағайындалған.

Қосымша жазалар негізінен ҚК-нің 311 бабымен - пара алған және ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп немесе ысырап еткені үшін сотталған адамдарға тағайындалған.

ҚР ҚК-нің 63 бабы сәйкес, шартты жаза көбіне ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен сотталған әйел адамдарға қолданылған.

Соттар ҚК-нің 63 бабына сәйкес, шартты жаза тағайындағанда негізіне сотталушылардың бұрын сотталмағандарын, жұмыс орындарынан және тұрғылықты жерлерінен жақсы мінезделетіндерін, семьялық жағдайларын, соның ішінде кәмелет жасқа толмаған балдары барын, сондай-ақ жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке бастарын, тағы басқа жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерген.

Соттармен қылмыстық жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 52 бабының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының №1-ші 30 сәуір 1999 жылғы «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысындағы түсіндірілген талаптары негізінен сақталған.

2011 жылы апелляциялық сатыда 22 адамға қатысты 21 іс қаралып, соның ішінде 4 адамға қатысты үкім өзгертілген және 1 адамға қатысты үкім бұзылып жаңадан үкім шығарылған, қалған үкімдер өзгеріссіз қалдырылған. Істі қосымша тергеуге қайтару жөніндегі 8 адамға қатысты 2 қаулы қаралып, өзгеріссіз қалдырылған.

Үкімнің бұзылуының себебі:

Алдын ала тергеу органымен А.А.Тугузбаеваға ҚР ҚК-нің 28 бабының 5 бөлігі, 176 бабының 3 бөлігінің «б,г» тармақтарымен айып тағылған.

Ақтөбе қалалық №2-ші сотының 24 маусым 2011 жылғы үкімімен А.А.Тугузбаева ҚР ҚК-нің 28 бабының 5 бөлігі, 176 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен сотталған. Оған «г» тармағымен тағылған айып, яғни ол мемлекеттік қызметтер атқаруға теңестірілген адамға, өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасауға жәрдемдескен деген айып айыбынан алынып тасталған.

Соттың үкімімен А.А.Тугузбаева алдын ала сөз байласып топ болып, ірі мөлшерде, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп, ысырап етуге көмектескені үшін келесі жағдайда кінәлі болып танылған.

2008 жылы қараша айында Ақтөбе қаласында А.А.Оразова «Жұлдыз» №5-ші Туберкулез бала бақша» ММ-де бас есепші жұмысын атқарып жүріп, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдарға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, бала бақша жұмысшыларына еңбек жалақыларына есептік тізімдеме (ведомость) толтыру кезінде, сол бала бақшада жұмыс жасамайтын Ж.А.Аймбетованыда бала бақшада жұмыс жасайды деп тізімдемеге еңгізіп жіберген. Осыдан соң, А.А.Оразова тізімдемеге өзінің қолын қойып, меңгерушінің қолын қойдыртып, мекеменің мөрін басып А.Тугузбаеваға берген. А.Тугузбаева өзіне берілген сенім хат арқылы, электронды түріндегі жалған есептік тізімдемені және төлеуге жататын есеп шотты «Ақтөбе облысы бойынша Қазыналық Департамент» ММ-не берген. Осыдан кейін А.Оразова «Казкоммерц Банкт» АҚ-дағы Ж.А.Аймбетованың төлем карточкасына 30 958 теңгені заңсыз аударып жіберген. Кейін ұрланған ақшаларды А.Оразова мен А.Тугузбаева аталған төлем карточкасынан алып, өздерінің қажеттеріне жұмсаған.

2009 жылы қантар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларында осындай әдіспен Ж.А.Аймбетованың төлем карточкасына барлығы 896 887 теңгені заңсыз аударып, кейін осы ақшаларды А.Оразова мен А.Тугузбаева аталған төлем карточкасынан алып, өздерінің қажеттеріне жұмсаған.

ҚР ҚК-нің 29 бабының 5 бөлігіне сәйкес, осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы аталған, қылмыстың субъектісі болып табылмайтын, осы бапта көзделген қылмысты жасауға қатысқан адам осы қылмыс үшін оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не жәрдемдесуші ретінде қылмыстық жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №2-ші 21 маусым 2001 жылғы «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа да қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 4-ші тармағына сәйкес, орындаушының жеке басына қатысты қылмыстық саралау белгілері, басқа қылмысқа қатысушыларға(ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушіге) тек олар орындаушыда аталған саралау белгілерінің бар екендігін білген және олар өздерінің іс-әрекеттерімен осы орындаушылардың қылмысты жасауына мүмкіндік туғызған жағдайларда ғана таңылуы мүмкін екенін есте ұстау қажет.

Бірінші сатыдағы сотпен болған қылмыстық жағдай, яғни А.Тугузбаева алдын ала сөз байласып топ болып, мемлекеттік қызметтер атқаруға теңестірілген А.А.Оразоваға, өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасауға жәрдемдесіп, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтіргендері дұрыс анықталған. Бірақ сотталған А.Тугузбаеваның әрекетінен «г» тармағымен сараланған белгісі негізсіз алынып тасталып, оның айыбының көлемі жеңілдеген.

Бұндай жағдайда апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімінің күші жойылып, жаңа үкім қабылданып А.А.Тугузбаева ҚР ҚК-нің 28 бабының 5 бөлігі, 176 бабының 3 бөлігінің «б, г» тармақтарымен кінәлі болып танылған.

Апелляциялық сот алқасымен үкімнің өзгертілуінің себебі:

Ақтөбе қалалық №2-ші сотының 15 шілде 2011 жылғы үкімімен Ж.У.Абдыманапов ҚР ҚК-нің 311 бабының 4 бөлігінің «а,б» тармақтарымен кінәлі болып танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жылға құқық қорғау органдарында және басқа мемлекеттік мекемелерде белгілі бір лауазым атқару құқығынан айырылып, 7 жылға бас бостандық еркінен айырылып сотталған.

Сот үкімімен, Ж.У.Абдыманапов Ақтөбе ішкі істер басқармасының Сазды полиция бөлімінің жеделуәкілі қызметін атқара жүріп, яғни лауазымды адам бола, алдын ала сөз байласып топ болып, 4-ші және 14-ші қазан 2010 жылы, Ақтөбе қаласының «777» бильярд клубының аумағында, А.Б.Акказиевадан інісі А.Б.Акказиевты қылмыстық жауаптылыққа тарпаймын деп, екі бөліп 50 000 теңге параны қорқытып алғаны үшін кінәлі болып танылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №8-ші 11 шілде 2003 жылғы «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 20-шы тармағына сәйкес, лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттіктерінің немесе өзінің қызметтік жағдайын пайдалану мүмкіндігінің болмауынан шын мәнісінде жүзеге асыра алмайтын әрекеттер жасағаны(әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар және басқа да материалдық құндылықтар алуы, көрсетілген құндылықтарды иелену пиғылы болғанда, алаяқтық ретінде саралануы тиіс.

Іс материалдарымен анықталғаны, жеделуәкіл Ж.У.Абдыманапов қызметін атқарып жүрген Сазды полиция бөлімінің өндірісінде, 50 000 теңге пара берген А.Б.Акказиеваның інісі А.Б.Акказиевты қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе тартпау жөнінде ешқандай жадығат немесе арыз болмаған. Сондықтан жеделуәкіл Ж.У.Абдыманаповтың А.Б.Акказиевке қатысты қылмыстық іс қозғамау мақсатында, өз қызметтік жағдайын пайдалану мүмкіндігі болмаған. Яғни Ж.У.Абдыманапов шын мәнісінде жүзеге асыра алмайтын әрекеттер жасағаны(әрекетсіздігі) үшін ақша алған. Бұл жағдай кәулардың жауаптарымен және сотта зерттелген басқа да қылмыстық іс материалдармен дәлелденген.

Бұндай жағдайда апелляциялық сот алқасының қаулысымен соттың үкімі өзгертіліп, Ж.У.Абдыманаповтың қылмыстық әрекеті ҚК-нің 311 бабының 4 бөлігінің «а,б» тармақтарынан ҚК-нің 177 бабының 3 бөлігінің «г» тармағына қайта дәрежеленген, өйткені Ж.У.Абдыманапов мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам бола тұра, алдын ала сөз байласып топ болып, бөтеннің мүлкін алдап алған.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасымен ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен сотталған Н.М.Хасановқа қатысты үкімнің күші жойылып, оның әрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты өндірістен қысқартылған, ал ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен сотталған Н.Д.Оспановқа қатысты үкім өзгертілген.

Ақтөбе қалалық №2-ші сотының 15 наурыз 2011 жылғы үкімімен Н.Д.Оспанов лауазымды адам бола тұра, қызметтік жағдайына байланысты пара берушінің пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін ақша түрінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен 3 жылға мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталған.

Қылмыстық кодекстің 307 бабындағы ескертудің 3 тармағында: лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асыруша не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскері мен әскери құрылымдарында ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар танылатыны көрсетілген.

Қылмыстық іске тіркелген дәлелдемелерге сәйкес, Н.Д.Оспанов бас маман ретінде борышкерлермен жұмыс жүргізу барысында егер олардың әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық орын алған болса, оларды жауапқа тартуға байланысты хаттама толтыруға ғана құқылы. Ол хаттаманы тікелей департамент немесе бөлім басшысына жібереді.

ҚР ӘҚБтК-нің 570 бабына сай, борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға және әкімшілік жазалар қолдануға салық қызметінің басшылары мен олардың орынбасарлары ғана құқылы.

Демек, Н.Д.Оспанов Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасының мәжбүрлеп өндіру және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы ретінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы жауапкершілікке тарту не болмаса әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өндірісін қысқарту оның қызметтік міндетіне кірмеген, осыған орай оны соттың лауазымды адамдар қатарына кіргізуі негізсіз.

Алайда, қадағалау сот алқасы Н.Д.Оспанов салық басқармасының бас маманы ретінде борышкерлермен жұмыс жүргізу барысында, егер олардың әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық орын алған болса, оларды жауапқа тартуға байланысты хаттама толтыруға құзіретті бола тұра, осы хаттаманы толтырмау үшін мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адам ретінде пара алған деп есептеген.

Сондықтан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 8 қараша 2011 жылғы қаулысымен сотталған Н.Д.Оспановтың қылмыстық әрекеттері ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігінен осы баптың 1 бөлігіне ауыстырылып қайта дәрежеленіп, осы баппен ол 3 жылға мемлекеттік қызметте лауазымды құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған.

Ақтөбе қалалық №2-ші сотының 25 маусым 2010 жылғы үкімімен Н.М.Хасанов лауазымды адам бола тұра, өз қызметтік өкілеттігіне кіретін әрекеттер жасап, С.Е.Сердалин арқылы Е.С.Танбаевтан пара алғаны үшін кінәлі болып танылып, ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен сотталған.

Сотталған Н.М.Хасанов өз жауаптарында, пара алғандығын мойындамаған.

Куә Е.С.Танбаев өз жауаптарында, Н.М.Хасановқа 15000 теңге параны С.Е.Сердалин арқылы бергенін көрсеткен.

Ал С.Е.Сердалин болса өз жауаптарында, Н.М.Хасанов Е.С.Танбаевтан ақша сұрамағанын және ол Н.М.Хасановқа 15000 теңге бермегенін көрсеткен.

Сөздері жазылған стенограмма бойынша Н.Хасановтың Е.С.Танбаевтан ақша сұрау жөнінде мәлімет жоқ.

Алдын ала тергеу органы Н.Хасановтың айыбының дәлелдеу негізіне 20 тамыз 2009 жылғы куәгерлер М.Бурамбаев және М.Нургалиевтың қатысуларымен Е.Танбаевқа Н.Хасановқа беру үшін 15000 теңге берілген, орыс тілінде жазылған ақша табыс ету актісін алған.

Бірақ сот мәжілісінде куәгерлер М.Бурамбаев пен М.Нургалиев орыс тілін білмейтіндері анықталған. Олар ақша табыс ету кезінде қатысқандарын және қазақ тілінде жауап бергендерін, ал тергеуші өзі актіні орыс тіліне аударып жазғанын айтқан.

Куәгерлер М.Бурамбаев пен М.Нургалиевтен 13 қазан 2009 жылы жауап алынған деп көрсетілген, алайда М.Бурамбаев пен М.Нургалиев ол күні Ақтөбе қаласында болмағандарын көрсеткен. Олардың берген түсініктемелерінің уақыттарында да қарама-қайшылық болғаны анықталған.

Сонымен қатар, 20 тамыз 2009 жылы ақша табыс ету актісін жасақтау кезінде Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы М.Бурамбаев қатысқан, яғни ол құқық бұзушы болғандықтан қылмыс қудалау органына тәуелді болған және тергеу әрекеттеріне куәгер ретін қатыса алмайтын болған.

Бұл факті М.Бурамбаевтың сотқа ұсынған паспортындағы белгі бойынша, Қазақстан территориясына бірінші рет 6 желтоқсан 2009 жылы кіргені анықталған.

Сонымен қатар, Н.Хасановтан жұмыс орнында қалтасынан 16500 теңге алу кезінде, 20 тамыз 2009 жылы акті бойынша берілген 15000 теңгенің нөмірлерімен сәйкестігі тексерілмеген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасы осы және басқа да заңбушылықтарға байланысты 20 тамыз 2009 жылғы ақша табыс ету актісін және Өзбекстан Республикасының азаматы М.Бурамбаевтың қатысуымен жасақталған тергеу әрекеттерін жарамсыз дәлелдемелер ретінде танып, Н.Хасановтың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп, істі өндірістен қысқартқан.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 6 желтоқсан 2011 жылғы қаулыларымен Алға аудандық сотының 28 шілде 2011 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлігімен сотталған Б.А.Алтыбаеваға қатысты үкімнің күші жойылып, оның әрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты өндірістен қысқартылған; Ақтөбе қалалық №2-ші сотының 4 сәуір 2011 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлігімен сотталған К.С.Керееваға қатысты үкімнің күші жойылып, қылмыстық іс жан-жақты тексерілмеуіне байланысты жаңадан қарауға жолданған.

ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлігі сыбайлас жемқорлық қылмыстар қатарына жатады.

Алайда, 2011 жылғы желтоқсан айына дейінгі ҚР ҚК-нің 307 бабының ескертпесі бойынша, сыбайлас жемқолық бабтарына жататын қылмыстарды жасаған адамдар мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылды.

Алыдын ала терегеу органдарымен, Б.А.Алтыбаева мен К.С.Керееваға өз бастарына мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алғандары жөнінде айып тағылмаған. Сондықтан статистикалық есеп бойынша бұл істер сыбайлас жемқорлық қылмыстары болып есептелмеген.

Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорыту кезінде соттармен аталған қылмыстарды алдын алу шаралары зерттелді. Облыс соттарымен көрсетілген уақыт ішінде барлығы 9 жеке қаулылар шығарылған. Жеке қаулылар келесі соттармен шығарылған: Ақтөбе қалалық №2-ші сотымен – 3 жеке қаулы, Әйтеке би аудандық сотымен -2 жеке қаулы, Мәртөк аудандық сотымен – 2 жеке қаулы, Қобда және Темір аудандық соттарымен – 1 жеке қаулыдан шығарылған.

Негізінен аталған қылмыстық істер соттармен ҚР ҚІЖК-нің 302 бабының 4,5 бөлімдеріне сәйкес, басты сот талқылауын тағайындау және істі негізінен қарау заңда белгіленген талаптар бойынша қаралып аяқталған.

Алайда аталған уақыт ішінде кейбір қылмыстық істер бір айдан астам мерзімдерде қаралып аяқталған.

Соның ішінде Ақтөбе қалалық №2-ші сотының судьясы М.Қ.Дуйсенмен ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен сотталған Ш.Е.Байтугановтың, судья Р.С.Мухамбеткалиевамен ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен сотталған Б.Е.Жетибаевтың, судья А.С.Адиловамен ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен сотталған М.Е.Кулмагамбетованың, ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен сотталған Ж.Т.Кунтуовтың, ҚР ҚК-нің 312 бабының 2 бөлігімен сотталған М.С.Кульжановтың қылмыстық істері.

Қылмыстық істердің заңда белгіленген бір айлық мерзімдерде қаралмауының бірде-бір себептеріне іс бойынша сараптамалар тағайындау, қорғаушылардың басқа істерге қатысып бос болмаулары, куәлардың келмеуі, кейбір істер бойынша әр түрлі өтініштердің шешілуі, қосымша куәлар шақыртылуы, шақыртылу қағаздарын ала тұра себепсіз сотқа келмеген куәларды еріксіз түрде келтіру шаралары қолданылуы болған. Бұл шаралардың барлығы істерді дұрыс шешу мақсатында жасалған.

Аталған уақыт ішінде сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер соттармен басқа мекемелерге, оқу орындарына шығып қаралмаған.

Негізінен сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер заң талаптары бойынша қаралып, олар бойынша заңды және негізді шешімдер қабылданған.

Соттармен заңбұзушылықтарға жол беретін қателіктер мен кемшіліктерді жіберу себептері, ол анықталған мән-жағдайларға дұрыс баға бермеудің, заңды дұрыс қолданбаудың, әр қылмыстық әрекет бойынша жағдайларды жан-жақты, толық зерттемеудің себептерінен болған.

Осы өткізілген шолудың қорытындысы бойынша алқа ұсынады:

- сот төрелігін атқарудың сапасын жоғарлату мақсатында және танысу үшін шолуды барлық облыс соттарына жолдауға.

- аталған қылмыс санатына жататын істерді сапалы және жедел түрде заңда белгіленген мерзімдерде қарау үшін барлық шараларды қолдануға.

- қылмыстық істерді қараған кезде, қылмысты қудалау органдарымен жіберілген өрескел заңбұзушылықтарға, қылмыс жасауға себепші болған жағдайларға назар аударып, тиісті шараларды қабылдау мақсатында жеке қаулылар шығаруға.

Ақтөбе облыстық сотының

апелляциялық сот алқасы



Похожие:

2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconАтырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау
Тырау облыстық сотының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2011 жылдың...
2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconҚаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама
Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 12 айында және 2010 жылдың 6 айында қаржы полициясының тергеуіне жататын...
2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу icon«бекітемін» Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жылдағы сот әділдігін іске асыру жұмысына...
2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу icon1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
Статистикалық деректер бойынша есептік кезеңде қылмыстық істердің қаралу мерзімі бұзылмаған
2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconСоттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама
Осылардан айыптау үкімін шығарумен 1260 адам жөнінде 1009 қылмыстық ісі қаралған
2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconСот биологиялық сараптама
Сот-сарапшылық биологиялық зерттеу көбінде жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, халықгар денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстар,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница