12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы




Скачать 54.51 Kb.
Название12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы
Дата конвертации27.11.2012
Размер54.51 Kb.
ТипДокументы
12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының

П А С П О Р Т Ы


1 Мамандық формуласы

Мамандықтың мазмұны болып қылмыстарды ашу және тергеудің өзекті мәселелерін, сонымен қатар осы жағдайда қолданылатын техника-криминалистикалық және тактикалық әдістер мен құралдарды, әр түрлі сот сараптамаларын тағайындау арқылы алынатын сот дәлелдемелерін алу үшін арнайы білімді қолдану сұрақтарын зерттеу табылады.

2 Зерттеу аумағы

Қылмыстық іс жүргізу

Қылмыстық іс жүргізудің ұғымы. Қылмыстық іс жүргізудің маңызы және міндеттері. Қылмыстық іс жүргізу заңы. Қылмыстық іс жүргізудің қағидалары. Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері.

Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу теориясы. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу пәні.

Дәлелдемелердің ұғымы. Дәлелдемелердің жіберілуі және артықшылығы. Дәлелдеу заты мен шегінің ара-қатынасы. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары. Бұлтартпау шаралары.

Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік сұрақтар. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу. Қылмыстық істі қозғау. Алдын ала тергеудің жалпы шарттары. Тергеу іс-әрекеттері. Жауап алу. Беттестіру. Тергеудегі тексеру. Тану үшін ұсыну. Тінту және алу. Почта-телеграф корреспонденциясын алу. Тергеу эксперименті. Сараптама жүргізу. Айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің жауабын оқиға орнында нақтылау. Азаматтық талапты және мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету барысындағы тергеушінің және анықтауды жүзеге асырушы тұлғаның іс-әрекеттері.

Мүлікке тыйым салу.

Айыптау қорытындысы.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сұрақты қарау үшін істі сотқа жіберу.

Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу. Қылмыстық істердің тергелу реттілігі. Басты сот талқылауы. Үкім. Заңды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларын қайта қарау..

Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне аппеляциялық шағым.

Сот шешімдерінің орындалуы.

Қадағалау сатысында іс жүргізу.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу. Қылмыстық іс жүргізу барысында артықшылықтар мен иммунитеттерді иелік ететін тұлғалардың істер бойынша жүргізудің ерекшеліктері.
Криминалистика
Криминалистиканың жалпы теориясының құрылымы. Криминалистиканың заңның дамуы және міндеттері, қағидалары. Жеке криминалистика теориясының сипаттамасы және мазмұны. Криминалистика оқу жүйесі. Жеке криминалистика теориясы. Криминалистиканың жалпығылыми және арнайы әдістері және оларды кейбір жеке тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде криминалистикалық зерттемелер барысында қолдану. Криминалистикалық идентификация және оның сот, тергеу және сараптамалық тәжірибедегі маңызы. Криминалистикалық болжамның теориясы, оны құрудың қағидалары және сараптамалық зерттеу жүргізуде және қылмыстарды тергеу барысында тартылған болжамдарды қолдану.

Ғылыми-техникалық құралдар және оларды кейбір іздерді, заттай дәлелдемелерді алудың тәсілдері. Суреттердің сот-жедел және зерттеу әдістері. Іздер туралы криминалистикалық оқу, сонымен қатар қолдың, аяқтың, аяқ киімнің, бұзу құралының, транспорттық құралдардың және басқа материалдардың іздерін табу, бекіту және зерттеу. Атыс қаруы, оқ дәрілер және ату іздерін зерттеу.

Құжаттар технико-криминалистикалық зерттеу және қолжазбаларды криминалистикалық зерттеу. Габитология және оны қолдану, адамның сыртқы келбетіне қарау арқылы идентификациялау үшін ауызша сүйреттеу жүйесін талдау. Қылмыстық тіркеудің кейбір түрлері және оларды қылмыстарды ашу кезінде қолдану.

Тактикалық тәсілдер және оларды кейбір жекелей тергеу әрекеттерін, оқиға болған жерді қарау, тінту, тергеу эксперименті, жауап алу, тану, сот сараптамаларын тағайындау жүргізу кезінде қолдану, қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде тактикалық тәсілдерді қолданудың жіберілуі.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы және оның кейбір қылмыстарды тергеу кезінде әдістерді талдау кезіндегі ролі. Ұрлық, кісі өлтіру, әйел зорлау, еңбек қауіпсіздігін бұзу, ұрлық, тонау, қарақшылық, жол қауіпсіздігін бұзу, өртеу, қызметтік қылмыстарды тергеу әдістерінің мәселелері.

Сот сараптамасының теоретикалық, ұйымдастыру және іс жүргізу негіздері. Жекелей сот сараптамасының түрлері бойынша тағайындау және жүргізу негіздері. Диагностикалық, саралау және ситуациялық сараптамалар. Сарапшы қорытындысының дұрыстығын бағалаудың ғылыми критериялары. Сот сараптамасының іс жүргізу және ұйымдастыру негіздерінің мәселелерін оқу. Тағайындау, іс жүргізу, бағалаудың ғылыми әдістемелік негіздерін талқылау және сот сараптамасының нәтижелерін қолдану. Кешенді, ситуациялық сараптамалық міндеттерді шешу. Сараптаманың жаңа түрлерін талқылау. Сот сараптамаларының объектілерін зерттеу үшін компьютерлік бағдарламаларды ендіру. Қылмыстық істердің кейбір санаттарын тергеу кезінде сот сараптамасының қазіргі мүмкіндіктерін қолдану барысындағы мәселелерді талдау.

Криминалистикалық нұсқаудың комплексі ретінде жеке криминалистикалық әдісиі құру.

Криминалистика және сот сараптамасының кейбір сұрақтары, криминология, қылмыстық құқықтық және қылмыстық іс жүргізу, прокурорлық қадағалау тәрізді заң ғылымдары арқылы жасалады.
Судебная экспертиза

Сот сараптамасының ұғымы және саралау.

Сот сараптамасы органдары және олардың функциясы.

Сот сараптамасына дайындық және тағайындау.

Сот сараптамасын жүргізу әдісінің жалпы ережелері.


Сараптамасының қорытындысы және оны тергеуші және сот арқылы бағалау.

Қолжазбалар сараптамасы. Сот фототехникалық сараптама. Сот суреттеу сараптамасы. Сот трасологиялық және сот баллистикалық сараптамасы. Заттар және материалдар бойынша сот сараптамасы. Есірткі құралдары, психотроптық заттар және материалдардағы сот сараптамасы. Сот экономикалық сараптамасы. Сот өрт-техникалық сараптамасы. Сот жарылғыш-техникалық сараптамасы. Сот құрылыс сараптамасы. Жол көлік оқиғасы және транспорттық құралдары бойынша сот сараптамасы.

Жедел іздестіру қызметі

Жедел-іздестіру қызметінің ұғымы және маңызы. Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негіздері және қағидалары. Қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың ЖІҚ-ның ара-қатынасы және байланысы.

Жедел-іздестіру шараларының ұғымы және түрлері. Жедел мәліметтер және қылмыстарды ашу және тергеу кезіндегі ролі.

Арнайы жедел-іздестіру шараларын өткізудің негіздері және шарттары. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қылмыстарды ашу мен тергеу кезінде қолдану. Жедел іздестіру шараларындағы шектеу.

Жедел-іздестіру қызметін қадағалауды жүзеге асыру.

Жедел жағдайларда жедел жауап тактикасы. Жедел-іздестіру шаралары кезінде тұлғаны сыртқы белгілеріне қарап іздестіру тактикасы. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу және тоқтату негіздері. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде арнайы техникалық құралдарды қолдану шарттары. Қарулы қылмыстық топты ұстауды жүзеге асыру тактикасы.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырудшы органдардың құқықтары.
3 Криминалдық цикл ғылымындағы аса қажетті бағытты анықтау.

Қылмыстылықпен күресу барысында қылмыстық іс жүргізу, жедел іздестіру заңы және криминалистикалық нұсқамаларының тиімділігі мәселелері.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстық іс жүргізу саясаты. Қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері.

Қылмыстық іс жүргізу, криминалистика, сот сараптамасы және жедел іздестіру ғылымдарының қазіргі жағдайы. Бұл бағытты дамытудағы жетістіктер.

Отандық және шет елдік қылмыстық іс жүргізу, криминалистика, сот сараптамасы және жедел іздестіру облысы бойынша салыстыра отырып қорытынды жасау.
4. Оқу дәрежесі ұсынылатын ғылым саласы.

Заң ғылымы – 1-6 б. зерттеулер.

Похожие:

12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы iconКафедра Дисциплина
Р қылмыстық іс жүргізу құқық, сот сараптамасы, криминалистика, ҚР прокурорлық қадағалауы
12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы iconКалиев аскар москалович қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу қылмыстық сот өндірісінің тиімділігі ретінде
Жұмыс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру және қылмыстық іс жүргізу кафедрасында...
12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы icon«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» және
Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының...
12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 23 желтоқсан №1593 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын...
12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы iconЗерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру ж Ө нінде
Фараби атындағы ҚазҰу- дің криминалистика және сот сараптама кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты
12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы iconСот баллистикалық сараптама
Сот баллистикалык сараптама объектілерінін әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін атыс қаруының (оның...
12. 00. 09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандығының паспорт ы iconҚазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
Азақстан республикасының заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексiнің МӘтінін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница