2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу




Скачать 201.16 Kb.
Название2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Дата конвертации27.11.2012
Размер201.16 Kb.
ТипДокументы




2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын

ШОЛУ
қантар 2011 жыл Ақтөбе қаласы
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сот төрелігінің сыбайлас жемқорлықпен күресудің және оны алдын алудың бірде бір басым бағыты болып табылады.

Ақтөбе облысының соттарымен 2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөнінде 90 адамға қатысты 79 қылмыстық іс қаралған, ол 2009 жылмен салыстырғанда 47 адамға 38 қылмыстық іс артық қаралған (2009 жылы 43 адамға 41 іс).

Барлық қаралған қылмыстық істердің бабтары келесіні көрсетеді:


Осы келтірілген деректерден былтырғы жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істердің саны, ҚК-нің 314 бабынан басқа барлық бабтар бойынша көбейгендігін көрсетеді.

Соның ішінде ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп немесе ысырап еткені үшін қаралған қылмыстық істер 2-ден 18-ге дейін немесе 16 іске көбейгендігін, ҚК-нің 311 бабымен - пара алғаны үшін 5-тен 21-ге дейін немесе 16 іске, ҚК-нің 312 бабымен - пара бергені үшін 7-ден 17-ге дейін немесе 10 іске, яғни елеулі түрде көбейгендіктерін көрсетеді.

ҚК-нің 314 бабымен - қызметтік жалғандық жасау бойынша қаралған қылмыстық істер керісінше 6-дан 1 іске дейін азайған.

2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істердің көбейген себептерінің бірі, ол осы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстарға қарсы тікелей күресетін органдардың жұмыстарын жандандырғандарының себебі.

Осы негізінен қаралып аяқталған істердің ішінде сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмысын жасағаны үшін 83 адамға 73 іс бойынша айыптау үкімдері шыққан, 4 адамға қатысты 3 іс қосымша тергеуге жолданған, 3 адамға 3 іс ҚК-нің 69 бабының 1 бөлігі және ҚК-нің 65 бабының 1 бөлігі негізінде өндірістен қысқартылған.

Сонымен қатар, 1 адам бойынша ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а,б,в» тармақтары бойынша айыптау үкімі шыққан, ал ҚК-нің 307 бабының 2 бөлігімен тағылған айып бойынша әрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты ақталған.

Келесі кесте қандай бабтар бойынша айыптау үкімдері шыққанын, қандай бабтар бойынша істер қосымша терге қайтарылғаны және өндірістен қысқартылғандығын көрсетеді:


№№

ҚК-нің бабы

176б 3б «б»т

177б 3б «г»т

209б 3б «а»т

307б

308б

311б

312б

313б

314б

Барлығы

1

Айыптау үкімі

17/20

1/1

1/1

14/15

2/2

20/24

17/18

0/1

-

72/82

2

Қосымша тергеуге қайтарылған

1/2

-

-

-

-

1/1

-

-

1/1

3/4

3

Қысқартылған

-

-

-

3/3

-

-

-

-

-

3/3

4

Барлығы

18/22

1/1

1/1

17/18

2/2

21/25

17/18

0/1

1/1

78/89
Осы көрсетілген кестедегі деректерден негізінен сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер бойынша айыптау үкімдері шыққаны көрінеді.

2009 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер бойынша 1 адамға 1 іс бойынша ақтау үкімі шығарылған болса, 2010 жылы ақтау үкімдері шығарылмаған.

Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер келесі соттармен қаралған: Ақтөбе қалалық №2-ші сотымен 42 адамға 37 іс, Мұғалжар аудандық сотымен 11 адамға 9 іс, Айтекеби аудандық сотымен 7 адамға 6 іс, Мартөк аудандық сотымен 7 адамға 7 іс, Шалқар аудандық сотымен 9 адамға 8 іс, Қобда аудандық сотымен 5 адамға 3 іс, Қарғалы, Ырғыз аудандық соттарымен және Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотымен 2 адамға 2 істен, Хромтау, Темір және Байғанин аудандық соттарымен 1 адамға 1 істен қаралған.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстырын жасап сотталған 82 адамның 32- лауазымды адамдар, соның ішінде: 1 тұлға - Хромтау аудандық әкімінің орынбасары, 5 тұлға – селолық округ әкімдері; 4 тұлға – Мемлекеттік мемеке басшылыры – «Тобыл-Торғай экология департаментінің» бастығы, «Қарғалы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің» бастығы, «Хромтау аудандық архитектура бөлімінің» және «жер қатынастар бөлімінің» бастығы, «Қобда аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» бастығы; 6 тұлға – техникалық реттеу және метеорология комитеті Департаментінің, кеден бекеті, шекара және көліктегі аймақтық мемлекеттік малдәрігерлік бақылау инспекциясының, әкім аппаратының, санитырлы-гегиеналық қадағалау бөлімінің бас мамандыры; 2 - тұлға «Жайсан» кеден бекетінің жетекші мамандары; 1 тұлға - мемлекеттік коммуналдык кәсіпорын директоры; 1 тұлға – агралық-өнеркәсіптік комплексінің бас малдәрігер инспекторы; 2 тұлға – Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің, Айтекеби аудандық ішкі істер бөлімінің бастықтарының орынбасарлары; 1 - тұлға Ақтөбе ішкі істер Департаментінің миграция полиция бөлімінің бастығы; 1 тұлға – Жол полиция басқармасының бас инжинері; 2 тұлға Жол полиция басқармасының инспекторлары; 4 тұлға – Мәртөк және Сазды ішкі істер бөлімінің тергеушілері; 2 тұлға - сот орындаушылар.

Сонымен қатар, 34 тұлға мемлекеттік қызметтер атқаруға теңестірілген адамдар және 15 жеке тұлғалар.

2010 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстырын жасағаны үшін жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адамдарды соттау фактілері болмаған.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстырын жасағаны үшін 29 әйел адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған (35%); соның ішінде 1 адамға қатысты қылмыстық іс қосымша тергеуге қайтарылған, 28 адамға қатысты айыптау үкімдері шығарылған.

Сотталған 28 адамның ішінде: 3 адам нақта бас бостандықтарынан айырылған; 16 адам шартты жазаға сотталған; 3 адамға ҚК-нің 72 бабына сәйкес үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған; 3 адам белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған; 3 адам бас бостандықтарынан шектелген.

Кәмелет жасқа толмағандар бойынша сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер қаралмаған.

Сотталғандардың жастары келесіні көрсетеді:

30 жасқа дейін - 20 адам

40 жасқа дейін - 20 адам

50 жасқа дейін - 29 адам

50 жастан жоғары - 13 адам

Барлығы: - 82 адам.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасап сотталған адамдарға келесідей жазалар тағайындалған: 28 адам бас бостандықтарынан айырылған, 23 адамға шартты жаза тағайындалған, 3 адамға ҚК-нің 72 бабына сәйкес үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған, 12 адам бас бостандықтарынан шектелген, 7 адам белгілі бір қызметпен айналысу құқықтарынан айырылған, 9 адамға айып пұл салынған.

Аталған уақытта қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы жөніндегі қылмыстар бойынша 3 адамға 3 қылмыстық іс өндірістен қысқартылған: соның ішінде 2 адамға 2 қылмыстық іс ҚК-нің 69 бабының 1 бөлігіне сәйкес, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты(«Г.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония» және «Халық шығармашылық үйінің» директорлары); 1 адамға 1 қылмыстық іс ҚК-нің 65 бабының 1 бөлігі негізінде шын өкінеуіне байланысты(«Жайсан орта мектебі» ММ-нің директоры).

Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстар бойынша жаза тағайындау сот практикасы келесіні көрсетеді:


ҚР ҚК

отталғандандың барлығы

бас бостандығынан айырылған

Соның ішінде ҚР ҚК-нің 63 бабы қолданылған

Соның ішінде ҚР ҚК-нің 72 бабы қолданылған

бас бостандығынан шектуге

белгілі бір лауазым құқығынан айыруға

айыппұл

қосымша жаза

белгілі бір дауазым құқығынан айыру айырылған

мүлкін тәркілеу

176 6 3 б «г» тар.

20

20

16

2










18

5

177 б 3 б «г» тар.

1

1

1



















209 б 3б «а» тар.

1

1






















307 б

15

5

5







6

4







308 б

2

2
















2




311 б

25

23




1

1




1

21

18

312 б

18

2

1




11




5







313 б

1










1













Барлығы

82

54

23

3

13

6

10

41

23



Осы кестеден сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасап сотталған 82 адамның 54-не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны көрінеді: соның ішінде 28 адам нақты бас бостандықтарынан айырылған, яғни бұл жалпы сотталғандардың 34 % құрайды; 23 адамға ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты жаза тағайындалған (28 %); 3 адамға ҚК-нің 72 бабына сәйкес үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған.

Нақты бас бостандығынан айырылуға сотталған 28 адамның ішінде 22 адам пара алғандары үшін нақты бас бостандықтарынан айырылған немесе 78 %.

Бас бостандығынан шектеу және айыппұл түріндегі жазалар негізінен ҚК-нің 312 бабы бойынша - пара беріп сотталған адамдарға тағайындалған. Ал белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ҚК-нің 307 бабы бойынша - қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған адамдарға тағайындалған.

41 адамға белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі, ал 23 адамға мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жазалары тағайындалған.

Қосымша жазалар негізінен ҚК-нің 311 бабымен - пара алған және ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп немесе ысырап еткені үшін сотталған адамдарға тағайындалған.

ҚР ҚК-нің 63 бабы сәйкес, шартты жаза көбіне әйел адамдарға қолданылған.

Соттар ҚК-нің 63 бабына сәйкес, шартты жаза тағайындағанда негізіне сотталушылардың бұрын сотталмағандарын, жұмыс орындарынан және тұрғылықты жерлерінен жақсы мінезделетіндерін, семьялық жағдайларын, соның ішінде кәмелет жасқа толмаған балдары барын, сондай-ақ жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке бастарын, тағы басқа жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерген.

Соттармен қылмыстық жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 52 бабының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының №1-ші 30 сәуір 1999 жылғы «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысындағы түсіндірілген талаптары негізінен сақталған.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 6 қазан 2010 жылғы үкімі бойынша, 24 мамыр 2010 жылы Ақтөбе қаласында, А.Д.Дадин «Тобыл-Торғай экология Департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметін атқара жүріп, лауазымды адам бола тұра, «ПромЭкоСервис» ЖШС-де табиғатты қорғау заңдарын сақтау жөнінде алдын ала жоспарланған тексеріс нәтижесі оң шешімін табу үшін және аталған серіктестік қызметіне келешекте араласпау үшін, пара беруші адамның пайдасына заңсыз іс-әрекет жасап, М.С.Бижановты қорқыту жолымен, аса ірі мөлшерде 3 000 000 теңге пара алғаны үшін кінәлі болып танылған.

Осы жасаған қылмыстық әрекеті үшін А.Д.Дадин ҚК-нің 311 бабының 5 бөлігімен мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік басқару және бақылауға уәкілеттігі бар мемлекеттік мекемеде лауазымды қызмет атқаруға 7 жылға құқығынан айырылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Осы үкіммен А.Д.Дадинді мемлекеттік награда «Құрмет» орденінен айыру жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс еңгізу туралы шешім қабылданған.

Бұндай шешімді қабылдағанда, сот, А.Д.Дадиннің аса ауыр қылмыс жасағандығын, сондай-ақ жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеріп, заңды шешім қабылдаған.

Ақтөбе қалалық №2-ші сотының 19 қараша 2010 жылғы үкімімен Э.Д.Мухаметжанов келесі қылмысты жасағаны үшін кінәлі болып танылған. 13 желтоқсан 2007 жылы Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес Департаментінің қызметкерлерімен салық төлеуші «Мешитбаева М.» жеке кәсіпкерінде жоспарсыз тексеріс жүргізу Актісі негізінде, «Заңғар» сауда дүкенінде орналасқан «Асыл Тас» зергерлік салонында бақылау-сатып алу жүргізілген. Сол күні Э.Д.Мухаметжанов Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес Департаментінің басқарма бастығының орынбасарының қызметін атқара жүріп, лауазымды адам бола тұра, қызметтік өкілеттілігін өз үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында, тексеріс жүргізіліп жатқан «Асыл Тас» зергерлік салонына келіп, салон қожайынының жолдасы С.Т.Баймахамбетовтен алынған зергерлік бұйымдарды қайтаруға және келешекте Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес Департаментінің және де басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен тексерісті болдырмау мақсатында 4000 АҚШ долларын сұраған.

Сол аралықта С.Т.Баймахамбетов «ГазТрансКом» ЖШС-нің директоры бола тұра, жолдасы М.М.Мешитбаевамен кәсіпкерлік қызметпен айналысып, «Асыл Тас» зергерлік салоны болғандықтан, Э.Д.Мухаметжановтың арғы ойын білмей, соңғыға 4000 АҚШ долларын берген.

Осыдан соң, Э.Д.Мухаметжанов өз қызметін пайдаланып, мемлекеттік органдарда байланыстары барын айтып, С.Т.Баймахамбетовке Ақтөбе қаласының жақсы ауданынан «Корона» мейрамханасының артынан үш жер учаскесін, яғни әр учасканы 20 000 АҚШ доллардан сатып алуды ұсынған және соған байланысты 20 000 АҚШ долларын бірден беруді сұраған.

17 желтоқсан 2007 жылы Э.Д.Мухаметжанов аталған 20 000 АҚШ долларын С.Т.Баймахамбетовтен өзінің танысы Б.К.Шарапиев арқылы алып, бұл ақшаға «Лексус RX 300» маркалы автокөлігін сатып алып, кейін көлікті өзінің анасы К.Т.Сатылғанованың атына тіркеген.

Осыдан соң, 25 желтоқсан 2007 жылы Э.Д.Мухаметжанов Б.К.Шарапиев арқылы С.Т.Баймахамбетовтен қалған 2 жер учаскесінің 40 000 АҚШ долларын алған.

2008 жылдың қантар айының басында Э.Д.Мухаметжанов өз қылмыстық әрекетін жалғастырып, өз қызметтік кеңсесіне С.Т.Баймахамбетовті шақырып алып, тергеумен анықталмаған Қытай азаматымен таныстырып, соңғыны «СНПС Ақтөбемұнайғаз» АҚ-ның сатып алу бөлімінің бастығы деп және ол 500,0 млн. тенгенін жұмыс көлемін бере алатындығын айтқан. Аталған жұмыс көлемін алу үшін Э.Д.Мухаметжанов С.Т.Баймахамбетовтен 50 000 АҚШ долларын сұраған.

15 қантар 2008 жылы С.Т.Баймахамбетов өзі «ГазТрансКом» ЖШС-нің директоры болғандықтан және аталған жұмыс көлемін алғысы келгендіктен, Э.Д.Мухаметжановтың арғы ойын білмей, соңғыға 50 000 АҚШ долларын Б.К.Шарапиев арқылы берген.

Бұдан кейін, Э.Д.Мухаметжанов өз қылмыстық әрекетін одан әрі жалғастырып, 2008 жылдың қантар-наурыз айлары аралығында С.Т.Баймаханбетовтен әр түрлі себептермен 20 000 теңге, 5 000 АҚШ долларын, 122 000 теңге, 15 000 теңге, 50 000 теңге, 130 000 теңгенің және 122 500 теңгенің алтың бұйымдарын алып, С.Т.Баймаханбетовке барлығы 110 000 АҚШ доллары және 1 059 500 теңгеге көлемінде материалдық шығын келтіріп, қаржы полиция органының беделін түсіріп мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзған.

Осы жасаған қылмыстық әрекеті үшін Э.Д.Мухаметжанов ҚК-нің 307 бабының 2 бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылып, ҚК-нің 63 бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты болып есептеліп 2 жыл сынақ мерзімі белгіленіп сотталған.

Аталған сот үкімін жеткілікті дұрыс деп есептеуге болмайды, өйткені сотпен анықталған мән-жайларға қарағанда Э.Д.Мухаметжановтың әрекетінде ауыр қылмыстардың белгілері бар екені көрінеді.

Біріншіден, Э.Д.Мухаметжанов Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес Департаментінің басқарма бастығының орынбасарының қызметін атқара жүріп, лауазымды адам бола тұра, қызметтік өкілеттілігін өз үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында пайдаланып, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзған.

Екіншіден, ол қызмет бабын пайдаланып, С.Т.Баймахамбетовке бірнеше рет, жер учаскелерін және жұмыс көлемін алып беремін деп уәде беріп алдап және сеніміне қиянат жасап бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлаған.

Бұндай жағдайда, сот, Э.Д.Мухаметжановтың әрекетінде басқа ауыр қылмыс құрамы барын ескере отырып, алдын ала тындаудан қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруы қажет еді.

Сонымен қатар, сот, Э.Д.Мухаметжановқа жаза тағайындағанда жоғарыда аталған жағдайларды, қылмыстың сипаты мен қоғамдік қауіптілік дәрежесін, Э.Д.Мухаметжановтың тікелей сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстармен күресетін органның басшыларының бірі екендігін, қоғам мен мемлекет алдында қаржы полиция органының беделін түсіргендігін, жәбірленушіге ірі көлемде материалдық шығын келтіргендігін жеткілікті ескермеген.

Соттың тағайындаған жазасы қылмыстық заңда қарастырылғандай, сотталғандарды түзеу, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдарды жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру, сондай-ақ, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсаттарын орындамайды.

Алайда, аталған бірінші сатыдағы сот үкіміне апелляциялық шағым немесе наразылық келтірілмеген.

2010 жылы апелляциялық тәртіппен 31 адамға қатысты 27 үкімге (қаулыға) апелляциялық шағымдар мен наразылықтар келтіріліп, 4 адамға үкім өзгертілген және 1 адамға істі қосымша тергеуге қайтару жөніндегі қаулысының күші жойылған, бұл 16 % құрайды.

Апелляциялық сот сатысына ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен сотталаған Е.Б.Жанабаевқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық шағым бойынша түсіп, кейін шағым қайтарылып алынуына байланысты қараусыз қалдырылған.

Апелляциялық сот сатысында үкімдердің өзгертілуне негізгі себептер болған, ол бірінші сот сатысымен жаза тағайындалғанда сотталушылардың жауаптылықтарын жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін жеткілікті ескерілмеуінен болған.

Ақтөбе қалалық №2-ші сотының 14 қыркүйек 2010 жылғы үкімімен, А.Кубденов 2009 жылдың желтоқсан айында «Жайсан» кеден бекетінде «Мәртөк ауданы бойынша мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» ММ-нің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы болып, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, аталмыш кеден бекетінен кедергісіз өту үшін және 2 желтоқсан 2009 жылғы 15981 санды өту пунктінен мемлекеттік бақылау өту талонында «санитарлы-эпидемиологиялық бақылау» графасында штамп пен қолын қою үшін, яғни қызметтік өкілеттігіне кіретін, пара берушінің пайдасына жасаған заңсыз әрекетіне М.Шалдыбинадан 7 000 теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

Осы жасаған қылмыстық әрекеті үшін А.Кубденов ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жаза өтеу орны түзеу колониясының жалпы режимінде белгіленіп сотталған.

ҚР ҚК-нің 52 бабының 3 бөлігіне сай жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.

Бірінші сатыдағы сот, А.Кубденовке жаза тағайындағанда оның жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлардың жиынтығын үстірт көрсетіп, ол жағдайларға тиісті баға бермеген.

Іс құжаттарына қарағанда, А.Кубденов әлі де жас, бұрын сотталмаған, тұрғылықты жерінен жақсы мінезделеді, жоғары білімді, асыруындағы анасы, жұбайы жұмыста жоқ, кәмілет жасқа толмаған екі баласы бар.

Сотталған А.Кубденовтың жауапкершілігін ауырлататын мән-жайлар іс бойынша анықталмаған.

Бұндай жағдайда, апелляциялық сот сатысы, сотталған А.Кубденовтың жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оған тағайындалған жазаны ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты деп есептеп 2 жыл сынақ мерзімін белгілеген.

Келесі сот үкімі де жоғарыда көрсетілген мән-жағдайлар бойынша өзгертілген.

Ақтөбе қалалық №2-ші сотының 29 шілде 2010 жылғы үкімімен, Т.К.Шарупов лауазымды адам бола тұра, «Солтүстік-батыс аймақтық шекарадағы малдәрігерлік бақылау мемлекеттік инспекциясы және көлік комитетінің ауылшаруашылық комплексі мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік басқармасының бас маманы болып жұмыс жасап жүріп, 22 наурыз 2010 жылы «Жайсан» кеден бекетінде тұрып, М.Шалдыбинаны кедергісіз «Жайсан» кеден бекетінен өткізу үшін және мемлекеттік бақылаудан өту жөніндегі талонына белгі қойғаны үшін, яғни өзінің қызметтік өкілеттілігіне кіретін іс әрекеттерді пара берушінің пайдасына жасап 2 000 теңге пара алғаны үшін кінәлі болып танылған.

Осы жасаған қылмыстық әрекеті үшін Т.К.Шарупов ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жаза өтеу орны түзеу колониясының жалпы режимінде белгіленіп сотталған.

Алайда сот Т.К.Шаруповке жаза тағайындағанда, ол өзінің кінәсін толық мойындағандығын, жасаған қылмысына өкінетіндігін, бұрын жаман қылықтарымен көзге түспегенін, ұнамды мінезделетіндігін, асырауында төрт баласы барын жеткілікті ескермеген.

Жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар іс бойынша анықталмаған.

Бұндай жағдайда, апелляциялық сот сатысы, сотталған Т.К.Шаруповтың жоғарыда көрсетілгендей жазасын жеңілдететін мән-жайларды, жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеріп, оған тағайындалған жазаны ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес шартты деп есептеп 2 жыл сынақ мерзімін белгілеген.

Аталған уақыт ішінде апелляциялық сот сатысымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасап сотталғандар бойынша үкімдердің күші жойылмаған.

Алайда, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару жөнінде қаулының күші жойылып қылмыстық іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жолданған.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.Д.Дадинге қатысты қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтара отыра өз тұжырымында, алдын ала тергеу органдарымен, басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретіндей қылмыстық іс жүргізу заңдары елеулі бұзылған, атап айтқанда А.Д.Дадинге айып тағылмаған және одан айыпкер ретінде жауап алынбаған деп келтірген.

Алайда, соттың бұл тұжырымы қылмыстық іс материалдарына сәйкес келмейді.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, 28 маусым 2010 жылы дәрігерлер консилиумында А.Д.Дадинге тексерулер жүргізіліп, А.Д.Дадин тергеу әрекеттерінде қатыса алады деп қорытынды берілген.

Осыдан соң, 30 маусым 2010 жылы тергеушімен А.Д.Дадинге қорғаушысы В.Д.Карпенконың қатысыуымен, айыптың текстісін оқып беру арқылы жаңа айып тағылған.

Бірақ, А.Д.Дадин айып тағу қаулысына қол қоюдан және айыпкер ретінде жауап беруден бас тартқан. Бұл жөнінде тергеушімен қорғаушы В.Д.Карпенконың қатысуымен акті толтырылған.

Осыған дейін, А.Д.Дадин өз құқығын пайдаланып 24 мамыр 2010 жылы сезікті ретінде жауап беруден бас тартқан, 25 мамыр 2010 жылы айыпкер ретінде жауап беруден бас тартқан және 01 маусым 2010 жылы тергеу аяқталғаннан кейін ғана тек іс материалдарымен танысатынын, ал басқа барлық тергеу әрекеттерінен бас тартатыны жөнінде арыз жазып берген.

Бұндай жағдайда, соттың А.Д.Дадинге айып тағылмаған және одан айыпкер ретінде жауап алынбаған деп келтірген тұжырымы негізсіз.

Сонымен қатар, сот, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтара отыра, іс бойынша қосымша тергеу әрекеттері жасалып қайтып келгеннен кейін, тергеуші процесске қатысушыларға іс материалдарымен танысуға мүмкіндік бермеген деп көрсеткен.

Алайда, іс материалдары бойынша прокурормен іс тергеушіге қайтарылғаннан кейін, А.Д.Дадинге ісін алқабилермен қарауға өтініш білдіруге болатындығы жөнінде құқылары түсіндірілген, басқа қосымша тергеу әрекеттері жүргізілмеген.

Бұндай жағдайда, соттың, істі қосымша тергеуге қайтару жөнінде қаулысының күші жойылып, іс сол сотқа жаңадан қарауға жолданған.

Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорыту кезінде соттармен аталған қылмыстарды алдын алу шаралары зерттелді. Облыс соттарымен көрсетілген уақыт ішінде барлығы 12 жеке қаулылар шығарылған.

Негізінен аталған қылмыстық істер соттармен ҚР ҚІЖК-нің 302 бабының 4,5 бөлімдеріне сәйкес, басты сот талқылауын тағайындау және істі негізінен қарау заңда белгіленген талаптар бойынша қаралып аяқталған.

Алайда аталған уақыт ішінде 12 қылмыстық іс бір айдан және одан жоғары мерзімдерде қаралып аяқталған.

Соның ішінде Ақтөбе қалалық №2-ші сотының судьясы З.Г.Шмировамен ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен айыпталған С.Е.Сердалиннің және басқаларының, ҚР ҚК-нің 308 бабының 4 бөлігінің «в» тармағымен айыпталған А.Ж.Букарбаевтың, ҚР ҚК 311 бабының 2 бөлігімен айыпталған Т.Ж.Елдесовтың, ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлігімен, 312 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен айыпталған О.Б.Таженовтың және ҚР ҚК-нің 28 бабының 4 бөлігі, 312 бабының 2 бөлігі, 177 бабының 2 бөлігінің «а,б» тармақтарымен айыпталған Ж.Ж.Асанованың қылмыстық істері ұзақ уақыт қаралған. Судьямен істі қарау мерзімдері бірнеше рет ұзартылған.

Жоғарыда аталған 12 қылмыстық істің біреуі, яғни ҚР ҚК-нің 311 бабының 4 бөлігінің «а,г» тармақтарымен айыпталған Е.Д.Лаукеновтың қылмыстық ісі Ақтөбе қалалық №2-ші сотының судьясы Б.С.Мушатованың өндірісінде болып, іс бойынша қосымша және қайталама сот сараптамалары тағайындалуына және Өзбекстан Республикасынан куәлар шақырылуына байланысты 6 айдан астам уақыт ішінде қаралған.

Қылмыстық істердің заңда белгіленген мерзімдерде қаралмауының бірде-бір себептеріне қорғаушылардың басқа істерге қатысып бос болмаулары, куәлардың келмеуі, кейбір істер бойынша әр түрлі өтініштердің шешілуі, қосымша куәлар шақыртылуы, шақыртылу қағаздарын ала тұра себепсіз сотқа келмеген куәларды еріксіз түрде келтіру шаралары қолданылуы болған. Бұл шаралардың барлығы істерді дұрыс шешу мақсатында жасалған.

Аталған уақыт ішінде сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер соттармен басқа мекемелерге, оқу орындарына шығып қаралмаған.

Негізінен сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істер заң талаптары бойынша қаралып, олар бойынша заңды және негізді шешімдер қабылданған.

Соттармен заңбұзушылықтарға жол беретін қателіктер мен кемшіліктерді жіберу себептері, қылмыстық істерді қарау кезінде туындайтың қиындықтардың салдарынан емес, ол кей кездерде қылмыстық істер сот өндірісіне түскен кезде судьялар істерді жеткілікті оқып зерделемеудің, анықталған мән-жағдайларға дұрыс баға бермеудің, әр қылмыстық әрекет бойынша жағдайларды зерттемеудің себептерінен болған.

Осы өткізілген шолудың қорытындысы бойынша алқа ұсынады:

- сот төрелігін атқарудың сапасын жоғарлату мақсатында және танысу үшін шолуды барлық облыс соттарына жолдауға.

- аталған қылмыс санатына жататын істерді жедел түрде заңда белгіленген мерзімдерде қарау үшін барлық шараларды қолдануға.

- қылмыстық істерді қараған кезде, қылмысты қудалау органдарымен жіберілген өрескел заңбұзушылықтарға, қылмыс жасауға себепші болған жағдайларға назар аударып, тиісті шараларды қабылдау мақсатында жеке қаулылар шығаруға.


Ақтөбе облыстық сотының

апелляциялық сот алқасы

Похожие:

2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу icon2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік...
2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconҚаржы полициясының тергеуіне жататын қылмыстық iстeрді қараудағы сот практикасын талдап қoрыту жөніндeгі анықтама
Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 12 айында және 2010 жылдың 6 айында қаржы полициясының тергеуіне жататын...
2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconАтырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау
Тырау облыстық сотының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2011 жылдың...
2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу icon«бекітемін» Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жылдағы сот әділдігін іске асыру жұмысына...
2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу icon1. Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы жөнінде 1 Қылмыстық істер бойынша
Статистикалық деректер бойынша есептік кезеңде қылмыстық істердің қаралу мерзімі бұзылмаған
2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconСәрсенбі 2010 жылы 06 қазан, 09. 00 Судья Нұралиев Б. Е. 1-62/10 санды қылмыстық іс Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотымен 2010 жылы 04. 10-08. 10 қазан аралығында қаралып жатқан істер бойынша ақпарат
2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу iconСоттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама
Осылардан айыптау үкімін шығарумен 1260 адам жөнінде 1009 қылмыстық ісі қаралған
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница