Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»




Скачать 83.29 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Дата конвертации27.11.2012
Размер83.29 Kb.
ТипДокументы
жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілерінің күші жойылды деп тану туралы»



1-бап. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-баптың 1-тармағында:

6) тармақшада:

екінші абзацта:

«сот» деген сөзден кейін «қайта ұйымдастырылған» деген сөздермен толықтырылсын;

«жалпы» деген сөз алып тасталсын;

«қысқартылған» деген сөз «өзгертілген» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жағдайда» деген сөздің алдынан «өкілеттік мерзімдері аяқталған» деген сөздермен толықтырылсын;

«келісім бермесе,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ жергілікті және басқа соттар судьяларының жалпы саны қысқартылған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші абзац «қысқартылған» деген сөзден кейін «, өкілеттік мерзімдері аяқталған» деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші абзацта:

«босатуға ұсыным беру жөніндегі мәселені» деген сөздер «босату мәселесін» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының немесе» деген сөздер алып тасталсын;

«шешімдеріне» деген сөзден кейін «немесе қорытындыларына» деген сөздермен толықтырылсын;

«Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ судьялар өкілеттіктерін өз еркімен тоқтатқан, судья басқа қызметке тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, судья қызметінде болудың шекті жасына жеткен жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі орындауға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы бойынша, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипатта мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енуіне, соттың айыптау үкімі күшіне енуіне, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуына, судьяның қайтыс болуына не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енуіне байланысты судьяның өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босату мәселесін қарайды;»;

9) тармақшада «судья корпусының сапалы құрамын, кадрларды даярлау жүйесін жақсарту, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) судья корпусының сапалы құрамын жақсарту, басшы судья лауазымдарына кадр резервін бекіту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;»;

11) тармақша:

«тапсырған» деген сөзден кейін «, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының оң қорытындысын алған» деген сөздермен толықтырылсын;

«адамдардың» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны бітірген адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын анықтауға келісім беру туралы мәселені қарайды;»;

2) 7-бапта:

1-тармақта «, бірақ жылына кемінде төрт рет» деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақта «қарап, қарау нәтижелері туралы өтініш иесін міндетті түрде хабардар етеді» деген сөздер «қарайды» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 8-баптың 3-тармағы «Кеңес отырысында» деген сөздердің алдынан «Кеңес Төрағасының шешімі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 9-баптың 1-тармағы «көпшілік даусымен» деген сөздерден кейін «құпия дауыс беру арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 10-бапта:

2) тармақшада «жіберетін» деген сөз «ұсынатын және Кеңес бекітетін» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшада:

«жіберіледі» деген сөз «Кеңеспен бекітіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жіберілуге» деген сөз «оны Кеңес бекітуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 12-бапта:

3-тармақта «алты» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Мамандандырылған магистратураны оқып бітірген адамдар мамандандырылған магистратурада оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.»;

5-тармақта «алты» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) 14-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«Конкурс жариялау туралы шешімді Кеңес Төрағасы қабылдайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Кеңес Төрағасына енгізген судья қызметіне бос орынның ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурсты жариялауы үшін негіз болып табылады.»;

3-тармақта:

«кандидатураларды іріктеу жөніндегі конкурстың өткізілетін мерзімі мен орны туралы хабарламаны» деген сөздер «конкурс туралы Кеңестің хабарландыруын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Судьяның» деген сөз «Жергілікті және басқа соттың судьясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Жергілікті және басқа соттың судьясы қызметіне конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап бір айдың ішінде Кеңес аппаратына өтініш және тізбесі Кеңес регламентінмен белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.»;

8) 15-бапта:

тақырыпта «Судья» деген сөз «Жергілікті және басқа да соттың судьясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ алып тасталсын;

2-тармақ:

«Конституциялық заңының» деген сөздерден кейін «29-бабы 1-тармағының» деген сөздермен толықтырылсын;

«азаматтар» деген сөзден кейін «, ал жұмыс істейтін судьялар болып табылатын кандидаттар -«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы мен 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе,» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 16-бапта:

2-тармақтың 3) тармақшасында «басымдық беріледі» деген сөздер алып тасталып, 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар адамдарға басымдық беріледі.»;

3-1-тармақ «облыстық» деген сөзден кейін «және оған теңестірілген» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 17-бапта:

1-тармақ «ұсынуы бойынша» деген сөздерден кейін «балама негізде» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ «ұсынуы бойынша» деген сөздерден кейін «балама негізде» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

11) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын;

«4. Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының қызметіне кандидат Жоғарғы Сот судьяларының ішінен ұсынылады.»;

12) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-тарау. Төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату туралы материалдарды қарау тәртібі»;

13) 19-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«19-бап. Төраға, сот алқасының төрағасы және судья қызметінен босату туралы, не босатудан бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер»;

1-тармақта:

«Кеңестің» деген сөзден кейін «төрағаны, сот алқасының төрағасын және» деген сөздермен толықтырылсын;

«Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасы немесе» деген сөздер алып тасталсын;

«шешімінің» деген сөзден кейін «немесе қорытындысының» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта «мәліметтерді» деген сөздерден кейін «төрағадан, сот алқасының төрағасынан,» деген сөздермен толықтырылсын;

14) 20-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«20-бап. Тексерудің нәтижелерімен төрағаны, алқа төрағасын және судьяны таныстыру»

1-тармақта «судья» деген сөздің алдынан «төраға, сот алқасының төрағасы және» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта «судья» деген сөздің алдынан «төраға, сот алқасының төрағасы және» деген сөздермен толықтырылсын;

15) 21-тармақта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату туралы мәселені қарау»;

1-тармақта:

бірінші сөйлем «Кеңес» деген сөзден кейін «төрағаны, сот алқасының төрағасын және» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші сөйлемде «Судьяның» деген сөз «Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші сөйлем «Отырыста» деген сөзден кейін «төрағаның, сот алқасы төрағасының және» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ «Қазақстан Республикасының Президентіне» деген сөздерден кейін «төраға, сот алқасының төрағасы және» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Кеңестің судья қызметінен босатуға ұсыным беруден бас тартуы Сот жюриінің өзі шығарған шешімінің немесе қорытындысының күшін жою және оларды қайта қарау үшін негіз болып табылады.».

2-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақ КСР соттары судьяларының біліктілік алқалары туралы ережені бекіту туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының
1990 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1990 ж., № 3, 13-құжат);

2) «Қазақ КСР соттары судьяларының және халық заседательдерінің тәртіптік жауапкершілігі, кері қайтару және мерзімінен босату туралы ережені бекіту туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының
1990 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1990 ж., № 3, 14-құжат);

3) «Қазақ КСР судьяларының және халық заседательдерінің анты туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1990 жылғы
11 қаңтардағы Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1990 ж., № 3, 15-құжат);

4) «Қазақстан Республикасының аудандық (қалалық) халықтық соттарында әкімшілік және атқарушылық іс жүргізу жөніндегі судьялардың саны туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 2 қаңтардағы № 1090-ХІІ қаулысы;

5) «Қазақстан Республикасының төрелік соты судьяларының тәртіптік жауапкершілігі, кері қайтару және мерзімінен бұрын босату туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 5 наурыздағы № 1242-ХІІ қаулысы;

6) «Қазақстан Республикасының судьяларына сыныбы және еңбек сіңірген жылдары үшін біліктілік сыныптары, үстемақылары туралы уақытша ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес Президиумының 1993 жылғы 1 ақпандағы қаулысы;

7) «Қазақстан Республикасы төрелік соттарының штат санын және оларды қаржыландыруға, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және қызмет көрсетуге қаржы мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 4 маусымдағы № 1525-ХІІ қаулысы;

8) «Қазақстан Республикасының Бас прокурорына, прокурор-тергеу қызметкерлеріне лауазымдық жалақы белгілеу және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Жоғары Төрелік Сотының, төмен тұрған және әскери соттардың, прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына еңбек сіңірген жылдары үшін үстемақы төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы.

3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» iconБекітілген қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының регламентi
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңмен, «Сот жюриі туралы ережемен», «Судьялардың республикалық және облыстық...
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі
Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық...
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және...
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi...
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» iconҚазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы
Р заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі Заңына
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» icon7. Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Шкi су көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница