«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы»




Скачать 228.4 Kb.
Название«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы»
Дата конвертации27.11.2012
Размер228.4 Kb.
ТипДокументы
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша салыстырма кесте





Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігі


Қолданылып жүрген редакция


Ұсынылып отырған редакция


Негіздеме

1.

2-баптың

1-тармағы

2-бап. Кеңестің өкілеттіктері

1. Кеңес:

....

6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін орнынан түсу, орнынан түсуді тоқтату нысанында қарайды;

сот таратылған немесе тиісті сот судьяларының жалпы саны қысқартылған жағдайда, егер олар басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келісім бермесе, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды;

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы саны қысқартылған жағдайда, егер олар басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келісім бермесе, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды;

тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының немесе Сот жюриінің шешімдеріне негізделген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босатуға ұсыным беру жөніндегі мәселені қарайды;

Жоқ

Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын қызметтерінен босатуды ұсынады;

Парламент Сенатына Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар енгізеді;

судьяның шекті жасқа толуына байланысты оның судья қызметінде болуын бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының келісім беруі туралы мәселені қарайды;

...

9) сот жүйесі мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді, судья корпусының сапалы құрамын, кадрларды даярлау жүйесін жақсарту, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;

9-1) жоқ;




10) Кеңес регламентін бекітеді;

11) судья қызметіне орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған адамдардың есебін жүргізеді;



11-1) жоқ;

12) осы Заңнан және Кеңестің регламентінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін:

мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етуге;

Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқылы

2-бап. Кеңестің өкілеттіктері

1. Кеңес:

....

6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін орнынан түсу, орнынан түсуді тоқтату нысанында қарайды;

сот қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе тиісті сот судьяларының саны өзгертілген, өкілеттік мерзімдері аяқталған жағдайда, егер олар басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ жергілікті және басқа соттар судьяларының жалпы саны қысқартылған жағдайда жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды;

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы саны қысқартылған, өкілеттік мерзімдері аяқталған жағдайда, егер олар басқа соттағы судьяның бос орнына орналасуға келісім бермесе, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды;

тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриінің шешімдеріне немесе қорытындыларына негізделген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ судьялар өкілеттіктерін өз еркімен тоқтатқан, судья басқа қызметке тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, судья қызметінде болудың шекті жасына жеткен жағдайда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босату мәселесін қарайды;

медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі орындауға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы бойынша, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипатта мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енуіне, соттың айыптау үкімі күшіне енуіне, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуына, судьяның қайтыс болуына не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енуіне байланысты судьяның өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын атқаратын қызметтерінен босату мәселесін қарайды;

Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын қызметтерінен босатуды ұсынады;

Парламент Сенатына Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар енгізеді;

судьяның шекті жасқа толуына байланысты оның судья қызметінде болуын бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының келісім беруі туралы мәселені қарайды;

...

9) сот жүйесі мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;

9-1) судья корпусының сапалы құрамын жақсарту, басшы судья лауазымдарына кадр резервін бекіту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;

10) Кеңес регламентін бекітеді;

11) судья қызметіне орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының оң қорытындысын алған адамдардың, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны бітірген адамдардың есебін жүргізеді;

11-1) әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын анықтауға келісім беру туралы мәселені қарайды;


Конституциялық заңның 7 және 8-тармақтарына сәйкес сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, өкілеттік мерзімдері аяқталған, судьялардың жалпы саны қысқартылған кезде осы соттың судьялары олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз ұсынылуы мүмкін.

Алайда судья келіспеген кезде қызметінен босатылуға жатады. Бұл ретте «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 2-бабында ЖСК-нің тек соттың таратылуына немесе тиісті сот судьяларының саны қысқартылуына байланысты қызметінен босату туралы мәселені қарау өкілеттігі көзделген. Соттың қайта ұйымдастырылуына, өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына немесе судьялардың жалпы санының қысқартылуына байланысты босату туралы мәселелерді қарау 2-бапта көзделмеген.

Практикада өз жұмысында бұзушылыққа жол берген судья қызметінен өз еркімен немесе өзге де «оң» себептермен босатылатын оқиғалар болуы мүмкін. Судьяларды ерікті түрде ерік беруінсіз оларды ойластырылған негіздермен қызметтен босатуға мәжбүрлейтін оқиғалар да жоқ емес. Бұдан басқа, халықаралық нормаларда ЖСК-ке ұқсайтын орган судьяларды қызметінен босатуға байланысты барлық мәселелерді қарастыратыны көзделген.

Ұсынылып отырған түзетулер судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмау кепілдігін арттыруға және жол берген бұзушылықтары үшін судьялардың жауапкершілігінің бұлтартпастығын бір мезгілде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Судьяларды іріктеу кезінде Жоғары Сот Кеңесінің ролін күшейту мақсатында.

Мемлекет Басшысы судьялардың 5 съезінде судьяларды іріктеу рәсімінде Кеңестің жұмыс істеу сапасын арттыруды тапсырды.

Жоғары Сот Кеңесінің ролін күшейту мақсатында. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 1-бабына сәйкес Кеңес соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылды.



2.

7-баптың 1 және 3-тармақтары

7-бап. Кеңес отырыстары

1. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізіледі. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Кеңестің отырысы заңды болып есептеледі.

3. Кеңес материалдарды олар келіп түскен күннен бастап үш ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау нәтижелері туралы өтініш иесін міндетті түрде хабардар етеді.


7-бап. Кеңес отырыстары

1. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Кеңестің отырысы заңды болып есептеледі.

3. Кеңес материалдарды олар келіп түскен күннен бастап үш ай мерзімнен кешіктірмей қарайды.


Кеңестің отырыс санын реттеудің қажеті жоқ деп пайымдаймыз. Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай өткізілуге тиіс.

3.

8-баптың 3-тармағы

8-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі

3. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті қызметтерге орналасуға үміткер немесе атқаратын қызметтерінен босатылатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Егер оның тікелей қатысуы талап етілмесе, отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген адамның болмауы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.


8-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі

3. Кеңес Төрағасының шешімі бойынша Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті қызметтерге орналасуға үміткер немесе атқаратын қызметтерінен босатылатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Егер оның тікелей қатысуы талап етілмесе, отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген адамның болмауы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.

Кеңестің отырыстарын өткізу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында

4.

9-баптың 1-тармағы

9-бап. Кеңес шешімдері

1. Кеңес шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралатын адамның, сондай-ақ өзге де шақырылған адамдардың қатысуынсыз отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

9-бап. Кеңес шешімдері

1. Кеңес шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралатын адамның, сондай-ақ өзге де шақырылған адамдардың қатысуынсыз отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен құпия дауыс беру арқылы қабылданады.

Қазақстан Республикасының Президенті Судьялардың V съезінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында

5.

10-баптың 2 және 3-тармақтары

10-бап. Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясы

2. Комиссияның құрамына:

1) Кеңес тағайындайтын Комиссия төрағасы және құқық оқытушыларының, заңгер-ғалымдардың арасынан бес маман;

2) Сот жюриі өз құрамынан ротациялық негізде жіберетін үш судья кіреді.

3. Комиссия төрағасы және мүшелері оның құрамына екі жыл мерзімге тағайындалады немесе жіберіледі. Бос қызмет орны болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесі Комиссияның бұрынғы мүшесі шығып қалған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тағайындалуға немесе жіберілуге тиіс.

10-бап. Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясы

2. Комиссияның құрамына:

1) Кеңес тағайындайтын Комиссия төрағасы және құқық оқытушыларының, заңгер-ғалымдардың арасынан бес маман;

2) Сот жюриі өз құрамынан ротациялық негізде ұсынатын және Кеңес бекітетін үш судья кіреді.

3. Комиссия төрағасы және мүшелері оның құрамына екі жыл мерзімге тағайындалады немесе Кеңеспен бекітіледі. Бос қызмет орны болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесі Комиссияның бұрынғы мүшесі шығып қалған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тағайындалуға немесе оны Кеңес бекітуге тиіс.

2-тармақтың 2) тармақшасын, 3-тармақты 10-баптың 2-тармағының 1) тармақшасымен және 4-тармақпен сәйкес келтіру мақсатында.

Бұдан басқа, «жіберілді» деген термин судьяларды Біліктілік комиссиясының құрамына қосуды білдірмейді.

6.

12-баптың 3 және 5-тармақтары

12-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың  (тапсырудың) тәртібі мен шарттары

3. Жүктелген талаптарды орындамауына, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты не тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін судья қызметінен босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және босатылған күннен бастап алты жыл ішінде судья қызметіне қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.

3-1. Жоқ

5. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап алты жыл бойы жарамды.




12-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың  (тапсырудың) тәртібі мен шарттары

3. Жүктелген талаптарды орындамауына, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты не тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін судья қызметінен босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және босатылған күннен бастап бес жыл ішінде судья қызметіне қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.

3-1. Мамандандырылған магистратураны оқып бітірген адамдар мамандандырылған магистратурада оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.

5. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап бес жыл бойы жарамды.


Қазіргі кезде мамандандырылған магистратураны оқып бітірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырмайды және тағылымдамадан өтпейді.

Дегенмен, олардың оқу бітірген сәттен бастап білімдерінің көлемі мен деңгейі өзгереді, өйткені қолданыстағы заңнаманы үнемі өзгеріп тұрады.

Атап айтқанда, кемінде үш жыл тұрақты судья боп жұмыс істеген адамдар да жұмыстан шыққан күнінен бастап тек бес жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. Емтихан нәтижелерін қолданудың осы мерзімі Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында оны тапсырған адамдар үшін де көзделген.

Осыған байланысты, магистранттар үшін тағылымдама мен емтихан нәтижелерінің жарамды болуының шектеусіз мерзімін белгілеудің мағынасы түсініксіз.

Бұдан басқа, магистратурада оқу оларды, мысалы, мемлекеттік қызметке кіру кезінде тест емтиханын тапсырудан босатпайды. Ал судья қызметіне үміткерлер үшін мемлекеттік қызметшілерге қарағанда өте жоғары талаптар белгіленуі тиіс.

Судьялыққа кандидаттар үшін жоғары критерийлер мен стандарттар әзірлеу туралы тапсырманы мемлекет Басшысы Қазақстан Республикасы судьяларының 5 съезінде берген еді.

7.

14-бап

14-бап. Судья қызметiне конкурс

1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа да соттың судьясы қызметiне тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.

1-1. Жоқ

2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның судья қызметіне бос орынның ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурсты өткізуі үшін негіз болып табылады.

3. Судьяның бос орнына орналасуға кандидатураларды іріктеу жөніндегі конкурстың өткізілетін мерзімі мен орны туралы хабарламаны Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

4. Жоқ

14-бап. Судья қызметiне конкурс

1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа да соттың судьясы қызметiне тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.

1-1. Конкурс жариялау туралы шешімді Кеңес Төрағасы қабылдайды.

2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Кеңес Төрағасына енгізген судья қызметіне бос орынның ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурсты жариялауы үшін негіз болып табылады.

3. Жергілікті және басқа соттың судьясы бос орнына орналасуға конкурс туралы Кеңестің хабарландыруын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

4. Жергілікті және басқа соттың судьясы қызметіне конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап бір айдың ішінде Кеңес аппаратына өтініш және тізбесі Кеңес регламентімен белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.

Бапты нақтылау

8.

15-бап

15-бап. Судья қызметіне конкурсқа қатысушылар

1. Жергілікті және басқа соттың судьясы қызметіне конкурсқа қатысу үшін еспу аппаратына өтініш және тізбесі еспу регламентімен белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.

2. Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы қызметіне еспубли ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан еспубликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін азаматтар қатыса алады.

3. Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы қызметіне еспубли ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан еспубликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар қатыса алады.


15-бап. Жергілікті және басқа соттың судьясы қызметіне конкурсқа қатысушылар

1. Алып тасталсын;

2. Жергілікті және оған теңестірілген соттың судьясы қызметіне еспубли ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан еспубликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін азаматтар, ал жұмыс істейтін судьялар болып табылатын кандидаттар -«Қазақстан еспубликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы мен 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе, қатыса алады.

3. Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы қызметіне еспубли ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан еспубликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар қатыса алады.

1-тармақты мағыналық мәні бойынша Заңның 14-бабының 4-тармағына ауыстырған дұрыс.

9.

16-баптың 2 және 3-1-тармақтары

16-бап. Бос қызмет орындарына кандидаттарды іріктеу тәртібі

2. Білім деңгейінің жоғары болуы, моральдық-адамгершілік қасиеті мен мінсіз беделінің болуы аудандық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемдері болып табылады. Бұл ретте:

...

4) жоқ басымдық беріледі.

3-1. Кеңес облыстық сот судьяларының бос орындарына кандидатураларды тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы болған кезде қарайды.


16-бап. Бос қызмет орындарына кандидаттарды іріктеу тәртібі

2. Білім деңгейінің жоғары болуы, моральдық-адамгершілік қасиеті мен мінсіз беделінің болуы аудандық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемдері болып табылады. Бұл ретте:

...

4) ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар адамдарға басымдық беріледі.

3-1. Кеңес облыстық және оған теңестірілген сот судьяларының бос орындарына кандидатураларды тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы болған кезде қарайды.

Судьялар және судья қызметіне кандидаттар үшін көтеріңкі критерийлер мен өлшемдерді енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында судьялардың бос қызмет орындарына кандидаттарды іріктеу кезінде басымдық ретінде ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың болуын көздеу ұсынылады.

10.

17-бап

17-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағалары  мен сот алқалары төрағаларының бос орындарына кандидатураларды қарау тәртібі

1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос қызмет орындарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша қарайды.

2. Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос қызмет орнына кандидатураны Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша қарайды.

3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиісті соттың жалпы отырысында балама негізде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса беріледі.

17-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағалары  мен сот алқалары төрағаларының бос орындарына кандидатураларды қарау тәртібі

1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос қызмет орындарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша балама негізде қарайды.

2. Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос қызмет орнына кандидатураны Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша балама негізде қарайды.

3. алып тасталсын;





11.

18-бап

18-бап. Бос қызмет орнына кандидаттарды қарау шарттары

4. Жоқ

18-бап. Бос қызмет орнына кандидаттарды қарау шарттары

4. Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының қызметіне кандидат Жоғарғы Сот судьяларының ішінен ұсынылады.

Конституциялық заңның 30-бабымен сәйкес келтіру

12.

7-тарау

7-тарау. Судья қызметінен босату туралы ұсынымдар қабылдау

7-тарау. Төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату туралы материалдарды қарау тәртібі

Бапты нақтылау

13.

19-баптың 1 және 2-тармақтары

19-бап. Судья қызметінен босату туралы мәселені қарау үшін негіздер

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы Кеңестің судьяны қызметінен босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады. Судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін қызметтен босату жөніндегі ұсынуды Жоғарғы Сот Төрағасы Кеңеске Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасы немесе Сот жюриі шешімінің негізінде енгізеді.

2. Кеңес материалдарды алғаннан кейін, регламентте белгіленген тәртіппен ондағы мәліметтерді судьядан және басқа адамдардан жазбаша түсініктеме алу, тиісті құжаттарды талап етіп алдыру және олармен танысу, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан өзге де ақпараттарды алу арқылы тексереді.


19-бап. Төраға, сот алқасының төрағасы және судья қызметінен босату туралы, не босатудан бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы Кеңестің төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады. Судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін қызметтен босату жөніндегі ұсынуды Жоғарғы Сот Төрағасы Кеңеске Сот жюриі шешімінің немесе қорытындысының негізінде енгізеді.

2. Кеңес материалдарды алғаннан кейін, регламентте белгіленген тәртіппен ондағы мәліметтерді төрағадан, сот алқасының төрағасынан, судьядан және басқа адамдардан жазбаша түсініктеме алу, тиісті құжаттарды талап етіп алдыру және олармен танысу, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан өзге де ақпараттарды алу арқылы тексереді.

Бапты нақтылау

14.

20-бап

20-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру

1. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген судья анықтамамен және тексеру материалдарымен таныстырылуға тиіс. Бұл ретте ол қосымша түсініктемелер беріп, белгілі бір мән-жайларды тексеру туралы өтініш бере алады.

2. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген судья анықтамамен және тексеру материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, ол туралы хаттама жасалады, оған тексеруді жүргізген адамдар қол қояды.


20-бап. Тексерудің нәтижелерімен төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны таныстыру

1. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген төраға, сот алқасының төрағасы және судья анықтамамен және тексеру материалдарымен таныстырылуға тиіс. Бұл ретте ол қосымша түсініктемелер беріп, белгілі бір мән-жайларды тексеру туралы өтініш бере алады.

2. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген төраға, сот алқасының төрағасы және судья анықтамамен және тексеру материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, ол туралы хаттама жасалады, оған тексеруді жүргізген адамдар қол қояды.

Бапты нақтылау

15.

21-бап

21-бап. Судьяны қызметінен босату туралы мәселені қарау

1. Кеңес судьяны қызметінен босату туралы мәселені қараған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының оған қатысты ұсынуы алынған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Судьяның Кеңес отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі мәселені қарауға кедергі болмайды. Отырыста судьяның, Кеңес хатшысының өтініші бойынша шақырылған басқа адамдардың хабарламалары тыңдалуы, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін.

2. Кеңестің шешімі дәлелдемелердің нақты материалдарына сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне судья қызметінен босату туралы ұсынымның қабылдануына не оны қабылдаудан бас тартуға негіз болған мән-жайларды қамтуға тиіс.

3. Жоқ


21-бап. Төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату туралы мәселені қарау

1. Кеңес төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату туралы мәселені қараған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының оған қатысты ұсынуы алынған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның Кеңес отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі мәселені қарауға кедергі болмайды. Отырыста судьяның, Кеңес хатшысының өтініші бойынша шақырылған басқа адамдардың хабарламалары тыңдалуы, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін.

2. Кеңестің шешімі дәлелдемелердің нақты материалдарына сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне төраға, сот алқасының төрағасы және судья қызметінен босату туралы ұсынымның қабылдануына не оны қабылдаудан бас тартуға негіз болған мән-жайларды қамтуға тиіс.

3. Кеңестің судья қызметінен босатуға ұсыным беруден бас тартуы Сот жюриінің өзі шығарған шешімінің немесе қорытындысының күшін жою және оларды қайта қарау үшін негіз болып табылады.

Бапты нақтылау

Заңның 2-бабына сәйкес Кеңес судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмау кепілдіктерін қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, Кеңеске судьяларды теріс себептермен босату туралы шешімдердің күшін жою құқығын беру ұсынылады. Бұл судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмау кепілдіктерін күшейтуге және теріс себептермен судьяларды қызметінен босату туралы негіз ұсыныстар санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Похожие:

«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» iconҚазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi...
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница