А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және




Скачать 167.16 Kb.
НазваниеА н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және
Дата конвертации27.11.2012
Размер167.16 Kb.
ТипДокументы






А Н Ы Қ Т А М А
2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және

оған теңестірілген соттарында көлік құралдарын жүргізуші

адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын

пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істердің қаралу

тәжірибесі бойынша
Жамбыл облыстық сотының 10.01.2010 жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айында, 2008-ші жыл мен 2009-шы жылда Жамбыл облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі қылмыстық істердің қаралу тәжірибесін жинақтап қорытындылау белгіленген.

Жамбыл облысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Басқармасының мәліметтеріне сәйкес аудандық және оған теңестірілген соттармен жалпы қаралған қылмыстық істердің ішіндегі көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу бойынша істер санының үлес салмағы жылдарға бөліп көрсеткенде төменде көрсетілген кестеге сәйкес:




Жыл

Қаралған қылмыстық істердің жалпы саны

(тұлғаларға қатысты)

ҚР ҚК-нің 296, 297, 298 б.б. бойынша қаралған істердің жалпы саны

(тұлғаларға қатысты)

Барлық санаттағы қаралған істердің үлес салмағы

(% тұлғаларға қатысты)


2008 ж.


2636


31


1,2


2009 ж.


3092


51


1,6


БАРЛЫҒЫ:


5728


82


1,4


Жоғарыда атап көрсетілгендей, жұмыс жоспарына 2009-шы жылда қаралған көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істерін жинақтап қорытындылау көзделгенімен, салыстырмалы түрде анықтау үшін 2008-ші жылғы қаралған көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істерінің статистикалық деректері қоса алынды.

Кестеге сәйкес, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі қылмыстық істердің үлес салмағы жылдан жылға көбейіп келе жатқандығы байқалады.

Атап айтқанда, аталмыш қылмыстың құрамы аудандық және оған теңестірілген соттарда қаралған қылмыстық істердің 2008 жылы – 1,2 пайызын, ал 2009 жылы – 1,6 пайызын құраған.


Бірінші сатыдағы соттардағы көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі қылмыстық істердің қаралу нәтижелері төмендегідей:



жыл



Келіп түскен істердің саны



Барлық аяқталған істер саны




Үкім шыққан

істер саны



Сотталған тұлғалар саны



Ақталған тұлғалар саны



ҚР ҚК-нің 67 бабына сай

қысқартылған



Прокурорға қайтарылған





Соттылығы

бойынша

жолданған



Қосымша тергеуге жолданған




Аяқталмағ

ан

істердің

саны


2008ж.


34


31


19


19


-


6



3


1


-


3


2009ж.


59


51


35


35


-



6


5


-


2


8


БАРЛЫҒЫ:


93


82


54


54


-


12


8


1


2


11


Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілгендей көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істері бойынша жылдан – жылға қысқартылған істер саны біршама кеміп келе жатқандығы байқалады.

Егер 2008 жылы 34 қылмыстық істің 6-ы қысқартылып ол (19,3 %) құраса, 2009 жылы 51 қылмыстық істің 6-ы қысқартылып ол (11,8 %) құраған.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабында көзделген жол жүру ережесін бұзуға байланысты қылмыстар абайсыздықта жасалған әрекеттерге

байланысты екендігі белгілі.

ҚК-тің 10-шы бабының 2-ші бөлігінің талаптарына сәйкес, жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады.

Алайда, тәжірибеге сәйкес, соттар осы категориядағы қылмыстық істерді негізінен қарау кезінде, кейбір қылмыстық әрекеттерді ауырлығы орташа деп танымай, өндірістен негізсіз қысқартып, сондай-ақ Қылмыстық заңның талаптарын өресекел бұза отырып ҚК-тің 67 бабының 1-ші бөлігінің орнына осы баптың 2-ші бөлігін заңсыз қолданып, қылмыскерлердің жәбірленушілермен татуласуларына байланысты олар қылмыстық жауапкершіліктен негізсіз босатылып отырған.

Мысалы, Меркі аудандық сотының 15.07.2008 жылғы қаулысымен ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен, 297 бабымен айыпталып - сотқа берілген Т.Ж. Баубековтың қылмыстық ісі, жәбірленушімен татуласып, келтірген залалдың есесін толтыруына байланысты ол ауырлығы орташа қылмыс деп танылып, қылмыстық істі ҚК-тің 67 бабының 2-ші бөлігінің талаптары негізінде өндірістен қысқартқан. /судья Кенбаев Е.С./

Соттың бұл тұжырымы қылмыстық заңның талаптарына қарама-қайшы келеді, себебі ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен, 297 баптарында көзделген қылмыстық әрекетер онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.

Сондықтан сот ҚК-тің 10 бабының 2-ші бөлігінің талабына сай бұл қылмыстық істі ҚК-тің 67 бабының 1-ші бөлігінің талаптарына сәйкес қысқартуға тиісті болатын.

Осы тектес заң бұзушылық Қордай аудандық сотымен ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен айыпталған М.Т. Рахметтің /судья Егізбаев Е.А./, ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен, 297 бабымен айыпталған К.Б. Кенжешовтың қылмыстық істерін қаралған кезде орын алған. /судья Дайрабаев Б.П./

Осындай негативті фактор Жуалы аудандық сотымен ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен, 297 бабымен айыпталған К.С. Нарымбетовтың қылмыстық ісін басты сот талқылауында қаралған кезде де орын алған. /судья Нұралиев Б.Е./

Талдаумен соттардың ҚК-тің 67 бабының 1-ші бөлігінің талаптарын орындау кезінде басқа да көптеген кемшіліктердің орын алатындығы анықталды.

Атап айтқанда, Тараз қаласы №2 сотының 20.05.2009 жылғы үкімімен А.Б. Сейсенғалиев ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен кінәлі деп танылып алты айға дейін көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отыра бір жылға шартты түрде сотталып, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленген. /судья Исабаева А.У./

Басты сот талқылауында жәбірленуші Д.А. Машрапов пен басқалар, сотталушы А.Б. Сейсенғалиевтің жол жүру ережесін өрескел бұзған кінәсін толық көлемде дәлелдей тұра, соңғымен татуласып, соңғының қылмыспен келтірген залалдың есесін толтыруына байланысты істі өндірістен қысқартып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған.

Сот жәбірленушілермен олардың өкілдерінің осы талап - тілектерін талқылай келе ҚК-тің 67 бабының 2 бөлігі міндетті емес, факультативті норма деген уәждермен соңғылардың талап - тілектерін қанағаттандырусыз қалдырған.

Аталмыш жағдайда ҚК-тің 67 бабының 1-ші бөлігінің талаптарын басшылыққа алуы керектігі соттың назарынан тыс қалған.

Себебі, ҚК-тің 67 бабының 1-ші бөлігіне сәйкес кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласып, оған келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жатады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» № 4 нормативтік қаулысының түсіндірмесіне сәйкес - тұлғаның мұндай қылмысты алғаш рет жасағанының не оның әрекетінде қылмыстардың бірнеше мәрте жасалғанының, жиынтығының немесе қайталанғанының, оның бұған дейінгі үкім бойынша жазасын өтегендігінің немесе жазасын өтеу барысында не сынақ мерзімі ішінде немесе үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған кезде не мерзімінен бұрын – шартты босатылғанда жазаның қалған өтелмеген бөлігінде жаңа қылмыс жасағанының маңызы болмайды.

Осы нормативтік қаулының 13 тармағында - Заңға сәйкес ҚК-тің 67 бабының 1-ші бөлігінде көзделген норманы, қылмыстық қудалау органдары мен сот адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін негіздер жиынтығы болған жағдайда, қолдануға міндетті екендігі атап көрсетілген.

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер алқасының 09.07.2009 жылғы қаулысымен Тараз қаласы №2 сотының үкімі өзгертіліп, А.Б. Сейсенғалиев ҚК 67 бабының 1-ші бөлігінің талаптары негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Зерделу көсреткендей, қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласып, келтірген зиянның есесі толтырылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған қылмыстық істерде, жақтардың татуласып, зиянның есесінің толтырылуына байланысты қылмыстық істі өндірістен қысқартуды сұраған жазбаша арыздары бар, сонымен қатар жәбірленушілердің бұл өтініштері сот мәжілісінің хаттамаларынан да орын алған.

Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзып, ол кісі өліміне әкеп соққан қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеу орындарымен жәбірленушілердің өкілдері ретінде олардың ата-аналары, жақын туыстары танылған.

Алдын-ала тереу орындарымен көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу үстінде жәбірленушілердің бірін абайсызда өлтіріп, екіншісіне ауыр немесе аса ауыр дене жарақаттарын салған жағдайларда /көп жағдайда көлікте отырған адамдар немесе жаяу адамдар/ кінәлілерге ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен негізді айып тағылып отырған.

Аудандық және оған теңестірілген соттардан сұраттырып алынып, зерделенген қылмыстық істер бойынша, алдын-ала тергеу орындары тек қана бір қылмыстық іс бойынша, айыпкер А.А. Ажикеновке көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу үстінде бір жәбірленушіні абайсызда өлтіріп, екіншісіне орта дәрежедегі дене жарақатын салғандығы үшін ҚК-тің 296 бабының 1 және 2 бөліктерімен айып тағып, сотқа берген.

21.02.2008 жылы Жамбыл аудандық сотының судьясы Е.А. Бастарбеков сотталушы А.А. Ажикеновтің қылмыстық әрекетін ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен ғана дәрежелеп, осы баптың 1-ші бөлігімен тағылған айыпты сотталушының айыбынан артық тағылуына байланысты алып тастап, сот әділдігін жүзеге асыруда заңды шешім қабылдаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21.06.2001 жылғы «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» № 4 нормативтік қаулысының 15-ші тармағының талаптарына сәйкес – соттар ҚІЖК-нің 38 бабының 1-ші бөлігіне сай ҚК-тің 67 бабын қолдану үшін негіздер болған кезде қылмыстық істі қысқарту не қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату жөнінде айыптау үкімін қабылдауға құқылы.

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы істі алдын - ала тыңдау сатысында және басты сот талқылауының кез келген сатысында шығарылуы мүмкін.

Ал үкім тек басты сот талқылауы аяқталғаннан кейін шығарылуы тиісті.

Сот ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотқа берілген адамның әрекетінде шын мәнінде кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс тың құрамы орын алып, ҚК-тің 67 бабын қолдану үшін негіз бар деп таныған жағдайда да үкім шығарады.

Алайда облыс соттарының барлығы бірдей ҚР Жоғарғы Сотының аталмыш нормативтік қаулысында көзделген бұл қағидасын басшылыққа алып, орындай бермейді.

Мысалы, Тараз қаласы №2 сотының 14.05.2008 жылғы үкімімен В.В. Щеголев ҚР ҚК-нің 296 бабының 2-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оның жәбірленушімен татуласып, келтірген зиянның есесі толтырылғандығына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. /судья Мадалиева Р.М./

Басты сот талқылауында жәбірленушінің өкілі Ж.К. Альменов сотталушы В.В. Щеголовпен татуласып, келтірген зиянның есесін толтырылғандығына байланысты оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған.

Сот тараптардан жәбірленушінің өкілінің талап-тілегі жөніндегі пікірлерін анықтап, олардың жәбірленушінің өкілі Ж.К. Альменовтің уәжін қолдап, сотталушы В.В. Щеголовпен татуласып, келтірген зиянның есесінің толтырылғандығына байланысты оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жатады деген пікірлерін тыңдап, өз орнында отырып кеңесіп, бұл мәселені сот мәжілісінің аяғына дейін ашық қалдыру жөнінде негізсіз шешім қабылдаған.

Бұдан соң сот отырысы ұзақ созбалаңға салынып, бірнеше рет кейінге қалдырылып, сот жарыссөзі өткізіліп, жақтарға қысқаша қарсылық немесе ескертпе /реплика/ айтуларына құқықтарының барлығы түсіндіріліп, үзіліс жарияланған.

Нәтижесінде сотталушы В.В. Щеголовтың қорғаушысы соңғының әкесінен қосымша куә ретінде жауап алуды сұраған талап - тілегі, сот өндірісі жаңғыртылмастан қанағаттандырылған.

Нәтижесінде басты сот талқылауы үкім шығарылумен аяқталып, сотталушы В.В. Щеголов ҚК-тің 67 бабының 2-ші бөлігі қолданылып қылмыстық жауапкершіліктен негізсіз босатылған.

Себебі, сот мәжілісінде жәбірленушінің өкілінен талап түскеннен кейін сотталушы В.В. Щеголов заң талаптарына сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен ҚК-тің 67 бабының 1-ші бөлігінің талаптары негізде қаулымен босатылуға тиісті еді. Осындай шешім қабылдау соттың құқығы емес, міндеті болатын.

Қордай аудандық соты ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен айыпталып – сотқа берілген М.Т. Рахметтің қылмыстық ісін қараған кезде де осы тектес заң бұзушылыққа жол берген. /судья Егізбаев Е.А./

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» № 4 нормативтік қаулысына 11 шілде 2003 жылғы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 6 нормативтік қаулысының 17 тармағында – қылмыстық қудалау органдары немесе сот шығарған қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы, сондай-ақ үкім заң бойынша осы процессуалдық құжаттарға қойылатын талаптарға /тиісінше ҚІЖК-нің 269 бабының 5-8 бөліктері, 307, 0325, 377-380, 383 баптары/ сәйкес болуға тиіс. Онда сондай-ақ ауырлық дәрежесі бойынша әрекетке қылмыс санатының көрсетілуімен заңды баға берілуге, болған татуласудың еріктілігі аталып өтуге, келтірілген зиянның есесін толтырудың нақты қалай жасалғаны көрсетілуге, ал өлімге душар етуге немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес қылмыс жасаған адамға ҚК-нің 67 бабының 1-ші бөлігін қолдану жағдайларында, сонымен бірге тұлғаның осы қылмысты бірінші рет жасап отырғаны расталуға тиістілігі көрсетілген.

Алайда қылмыстық заңның бұл талаптары да жергілікті жерлердің судьяларымен өз дәрежесінде орындалмайды.

Атап айтқанда, Қордай аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 296 бабының 2-ші бөлігімен айыпталған С.Д. Ақсақаловтың, ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігімен, 297 бабымен айыпталған К.Б. Кенжешовтың қылмыстық істері бойынша сот қаулыларында оқиғаның сипаты мен қылмыстық істі қозғауға себеп болған негіздер көрсетілмеген.

Сонымен қатар, осы қылмыстық істер бойынша жасалған сот мәжілісінің хаттамасында аталмыш нормативтік қаулының 16 бөлігінде көрсетілген – Заң, қылмыстық істі ҚК-тің 67 бабының негізінде қысқартуды ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жатқызады. Іс қысқартылғанға дейін адам мен жәбірленушіге істі қысқартудың негіздерінің құқықтық салдары мен осы негіз бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіру құқығы түсіндірілуге тиіс. Жәбірленушіге, сондай-ақ оның ҚК-тің 67 бабы бойынша іс қысқартылғаннан кейін, осы іс бойынша сол қылмысты жасаған адамға қатысты айып бойынша қылмыстық қудалауды жаңғырту туралы мәселе қоюға құқылы емес екенін түсіндіру қажет деген қағидасы да орындалмай, бұл заң талаптары хаттамаларда көрсетілмей қалған.

Талдау көрсеткендей, соттардың тәжірибесінде, жол жүру ережесін бұзуға байланысты кінәлі деп танылған сотталғандарға қылмыстардың жиынтығында тағайындалған жазаны өтеудегі түзеу мекемелерінің түрін белгілеуде де көптеген кемшіліктер орын алған.

Қазақстан Рсепубликасы Жоғарғы Сотының 23 маусым 2006 жылғы «Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы» № 7 нормативтік қаулысының 14 бөлігінің талаптарына сәйкес: - Егер адам біреулерді абайсызда, ал басқалары - қасақана жасалған қылмыстардың жиынтығы бойынша сотталып отырса, сот жазаны колония - қоныста өтеуді тек қасақана қылмыс үшін бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындаған реттерде ғана тағайындауға құқылы.

Т. Рысқұлов аудандық сотының 13.03.2009 жылғы үкімімен Б.Б. Исаев ҚР ҚК-нің 296 бабының 2-ші бөлігімен, 297 бабымен, яғни бірі абайсызда, екіншісі қасақана жасалған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, жазасын өтеу түзеу қоныс колониясында заңсыз белгіленген.

Осы негіздерге байланысты аудан прокурорымен апелляциялық наразылық келтіріліп, облыстық соттың қылмыстық істер алқасының 16.04.2009 жылғы қаулысымен айыпкер Б.Б. Исаевтың ҚК-тің 297 бабымен сотқа берілмегендігіне байланысты сот үкімі өзгертіліп, соңғының айыбынан бұл бап алынып тасталған.

Кейбір соттарда, қылмыстық істер бойынша ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігінің санкциясы қосымша жазамен қамтылғандығына қарамастан, заңның бұл бөлігі орындалмай отырған.

Мысалы, Шу аудандық соты 12.05.2009 жылғы үкімімен А.О. Абжаппаровты ҚР ҚК-нің 296 бабының 2-ші бөлігімен, 297 бабымен кінәлі деп танып, ҚК-тің 58 бабының талаптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығында 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып 1 жыл сынақ мерзімін белгілеген.

Алайда сотпен сотталушы А.О. Абжаппаровқа ҚК-тің 296 бабының 2-ші бөлігінде көзделген қосымша жаза тағайындалмай, үкімнің сипаттамалы – дәлелді бөлігінде де бұл мәселе тұрғысындағы уәжі де көрсетілмей қалған.
Облыстық соттың апелляциялық және қадағалау сатыларында қаралған көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істер төмендегі кестеден көрініс табады:


Жыл


Апелляция сатыда қаралған істерінің жалпы саны

істер/тұлғалар


Қадағалау сатыда қаралған істерінің жалпы саны

істер/тұлғалар


Өзгеріссіз

қалдырылған

тұлғаларға қатысты



Бұзылып қайта сот қарауына жолданған

тұлғаларға қатысты


Өзгертілген істер, тұлғаларға қатысты

Апелляция сатысы

Қадағалау сатысы

Апелляция сатысы

Қадағалау сатысы

Апелляция сатысы

Қадағалау сатысы

2008 ж.


8/9

1/1

8

-

-

-

1

1

2009ж.

8/8

1/1

5

-

-

-

3

1

Барлығы:

16/17

2/2

13

-

-

-

4

2


Бұл кестеден, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі қылмыстық істерді апелляциялық және қадағалау сатыларында қаралғанда, 1-ші сатылы сот шешімдернің негізінен өзгеріссіз қалдырылатындығы көрінеді.

2008 жылы аудандық және оған теңестірілген соттарда қаралған барлық 31 көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істерінің 8 -і апелляциялық сатыда қаралып, ол 25,8 пайызды құраса, қадағалау сатысында 1 – қылмыстық іс қаралып - 3,2 пайызды құраған.

2009 жылы 51 көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істерінің 8-і, яғни 15,7 пайызы апелляциялық сатыда, ал қадағалау сатысында бұл санаттағы істердің 1-і, яғни 2,0 пайызы қаралғандығы көрінеді, демек, бұл статистикалық мәлімет соттарда көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істерінің негізінен дұрыс және заңды шешілетіндігін дәлелдейді.

Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істері бойынша сотқа берілген 82 қылмыстық істің ішінде шағымдардың, тек 52-і мемлекеттік тілде жазылып, 63,4 пайызды құраған, ал қалған көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істерінің 30-ы , яғни 36,6 пайызы ресми тілде берілген.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істері бойынша өндіріс соттарда қаралатын қылмыстық істердің ерекше санаты есебінде бөлектелген, аталған қылмыстың нақты құрамдары сот өндірісінің ерекшелігімен байланысты.

Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу жөніндегі істер бойынша Жамбыл облыстық сотымен 1-ші сатылы соттың судьялары мен басқа да құқық қорғау органдарының басшыларының атттарына 2008 жылы – 2, 2009 жылы – 2 жеке қаулылар шығарылған.
Облыстық соттың судьясы Д.Ә. Қазкенов



Похожие:

А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және iconЖинақтап қорытындылау
Жамбыл облыстық сотының 25. 06. 2009 жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, осы жылдың екінші жартыжылдығының қыркүйек айында,...
А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және iconЖамбыл аудандық мәслихатының
Жамбыл ауданының жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн белгiлеу
А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және iconҚарағанды облысы Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 маусымдағы n 17/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының VIII сессиясының...
А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және iconЖамбыл облысының сайлау учаскелері туралы МӘлімет
«Казахстан Темир Жолы» Жамбыл тасымалдау бөлімінің мәжіліс залы (Привокзальная, 1)
А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және iconАудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы
Ал, 2008-2009 оқу жылында жылы мектеп бітіруші 919 оқушының 676, яғни 74% ҰБТге қатыстырылды
А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және iconЖамбыл облысының жалпы сипаты
Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан, 1939 жылы құрылған. Географиялық тұрғыдан оның аумағы негізінен...
А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және icon1. Теориялық бөлім. Жамбыл облысының су ресурстары және олардың химиялық құрамын зерттеу
Теориялық бөлім. Жамбыл облысының су ресурстары және олардың химиялық құрамын зерттеу
А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және icon«Келісілген» «Бекітемін» Жамбыл облысы әкімдігінің Жамбыл ауданының Әкімі
Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған
А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және iconЗайсан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 сәуірдегі №6-5
Зайсан ауданындағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың 2008-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
А н ы қ т а м а 2008-2009-шы жылдарда Жамбыл облысының аудандық және iconШарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы №
Маңызы. Шарбақты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маңызы Мемлекеттік, облыстық және аудандық дене шынықтыру және спортты...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница