«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты




Скачать 373.24 Kb.
Название«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты
страница1/3
Дата конвертации11.06.2013
Размер373.24 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛДІ

2007 жылғы « »

№48 хаттама


«Самұрық-Энерго» АҚ-ның

тәуекелдерді басқару

саясаты

Астана 2011
Мазмұны:
1. Жалпы ережелер..................................................................................................3

2. Тәуекел менеджментінің саясаты......................................................................4

2.1. Ішкі орта............................................................................................................5

2.2. Мақсаттарды айқындау..................................................................................11

2.3. Тәуекелдерді идентификациялау.............................................................13

2.4. Тәуекелдерді бағалау.....................................................................................14

2.5. Тәуекелдерді басқару.....................................................................................15

2.6. Бақылау іс-әрекеттері.....................................................................................17

2.7. Ақпарат және коммуникация..................................................................18

2.8. Мониторинг............................................................................................18

1-қосымша. «Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерінің жіктелімі.

2-қосымша. Орын алған залалдар мен жазатайым оқиғалардың мәліметтер базасының нысаны.

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Тәуекелдерді басқару саясаты (бұдан әрі - Саясат) «Самұрық-Қазына» АҚ Тәуекелдерді басқару корпоративтік жүйесінің даму тұжырымдамасына және «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2. Осы құжат Қоғамдағы тәуекелдерді басқару корпоративтік жүйесінің көрінісін, мақсаты мен міндетін айшықтайды, тәуекелдерді басару құрылымын анықтайды, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөліктерін, тәуекелдерді басқару процесін жүзеге асыру барысында жүйелі және дәйекті көзқарасын қамтамасыз етеді.

3. Тәуекелдерді басқару процесінің рәсімдері мен әдістерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, оның ішінде тәуекелдердің негізгі түрлерін басқару процесіне қатысушылардың міндеттері, функциялары мен жауапкершілігі, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар және тәуекелдерді басқару процесінің өзге де құрамдас бөліктері әр органның құзыретіне сәйкес Қоғам Басқармасы мен Директорлар кеңесі бекіткен Қоғамның ішкі құжаттарында берілген.

4. Қоғам мен оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – Самұрық-Энерго тобы) үшін тәуекелдер бойынша әдістер мен рәсімдер тиісті ұйымдардың атқарушы органдары мен басқару органдары арқылы айқындалады. «Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ» АҚ тобының көпшілік ұйымдары үшін ортақ болып табылатын тәуекелдердің негізгі түрілерін басқару және бағалау рәсімдері мен әдістері Қормен айқындалады.

5. Осы Саясаттың іс-әрекеті Қоғам қызметінің барлық түріне таратылады. Саясат Қоғамның барлық қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің танысуы мен қолдануы үшін міндетті болып табылады, сондай-ақ Еншілес ұйымдарында да пайдалану ұсынылады. Функционалдық міндеттемелер мен қойылған міндеттерді орындау барысында Қоғамның әрбір жұмысшысы осы Саясатта берілген ережелерді басшылыққа алады.

6. Қоғамның басқарушы холдинг ретіндегі негізгі мақсаттарын назарда ұстай, сонымен бірге Қоғамның қаржылық есептілігіндегі еншілес ұйымдардың қаржылық нәтижелерін шоғырландыра отырып, Қоғамның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінде өз мақсаттарының бірі – еншілес ұйымдардағы тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру болуы керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қоғам еншілес ұйымдарда тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру процесін тікелей басқарады.

7. Қоғамның еншілес ұйымдары «Самұрық-Қазына ҰӘӘҚ» АҚ Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің даму тұжырымдамасы негізінде тәуекелдерді басқарудың жеке саясатын әзірлеуі мүмкін. Қоғамның еншілес ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару саясатын әзірлеу барысында еншілес ұйымның қызмет ауқымы мен ерекшелігін ескере отырып, Саясат ережелерін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Саясат Қоғамның өзге де тәуелді ұйымдарының пайдалануы үшін ұсынылады.

8. Тәуекелдерді басқару процесінің мақсаты пайда табу және зияндарды болдырмау мақсатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдаланудың арасындағы теңгерімге қол жеткізу болып табылады. Аталмыш процесс корпоративтік басқарудың дамыған жүйесінің ажырамас бөлігі және басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

9. Қоғамға тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу дегеніміз қажетті инфрақұрылым мен мәдениетті дамыту және орнықтыру, сонымен бірге Қоғамның және еншілес ұйымдардың зияндардың алдын алу мен пайданы барынша ұлғайту мақсатындағы қызметінің, функцияларының немесе процестерінің барлық бағыттарына тән идентификациялаудың, талдаудың және бағалаудың, мониторингтің, тәуекелдерді басқарудың және бақылаудың логикалық және жүйелі әдістерін қолдануды қамтиды.

10. Қоғамның тәуекелдерді басқару процесінің негізгі элементі оның ұйым ерекшелігімен кірігуі, қызметі мен бизнес-жоспарының негізгі принциптері және тәуекелдерді басқару процесіне әрбір қызметкердің тартылуы болып табылады.

11. Саясат шеңберінде Қоғам өз қызметін жүзеге асыру барысында «Самұрық-Қазына ҰӘӘҚ» АҚ, еншілес ұйымдар және өзге бе мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді жүзеге асыру мүдделері мен салдарларын ескереді.

12. Осы құжатта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Тәуекелге деген тәбет – Қоғамның өз мақсаттарына жету үшін белгілі бір тәуекелдерді қабылдауға деген қабілеті мен мүддесі. Қоғам өзінің ұстап қалу қабілеті шегінде тәуекелге (мысалы, бір жобаның инвестициялар лимиті, қарыз алысу лимиті және т.б.) деген тәбетінің қолайлы шекарасын анықтайды.

  • Еншілес ұйым – елу пайыздан жоғары дауыс беру акциялары (қатысушылық үлесі) Қоғамның меншік құқығында болатын Ұйым.

  • Леверидж – қарыз капиталының меншікті капиталға қатынасы.

  • Тәуекел – алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ықпал ететін әрекеттер мен оқиғаларға байланысты белгісіздікке тап болу.

  • Тәуекел менеджері – Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері.

  • Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшесі – тәуекелдерді басқару функциясы жүктелген тиісті Департамент.

  • Ұстап қалу қабілеті – Қоғам қандай да бір оқиғалардың болуы нәтижесінде өзінің қаржылық және бәсекелестік ұстанымы үшін елеулі зиян келтірмей жұтып қоя алатын бюджеттелмеген зияндардың мөлшері.

13. Саясат Қоғамның Директорлар кеңесінің бекітуіне және жылдық негізде тұрақты қайта қарауға жатады.
2. Тәуекел менеджментінің саясаты

14. Саясаттың негізгі мақсаттары келесілер болып табылады:

  • Самұрық-Энерго топтарын басқару элементі ретіндегі тәуекелдерді басқарудың біріктірілген процесін құру және тиімді кешенді жүйесін тұрғызу, сонымен қатар «Самұрық-Қазына ҰӘӘҚ» АҚ-ымен тәуекелдерді басқару рәсімдері мен әдістеріне біртұтас стандартталған көзқараспен өз қызметін тұрақты жетілдіру;

  • Самұрық-Энерго тобымен оның қызмет ауқымына барабар қолайлы тәуекелдерді қабылдауды қамтамасыз ету;

  • ұстап қалу қабілетін анықтау және қабылданған тәуекелдері тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

15. Саясат келесі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:

  • жоспарлау және шешімдер қабылдау процесі үшін толыққанды база құру;

  • қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін заманауи идентификациялауға, бағалауға, талдауға, мониторингке, бақылауға негізделген тәуекелдерді басқарудың үздіксіз келісімді процесін қамтамасыз ету;

  • әлеуетті теріс оқиғаларды барынша азайтуға және алдын алуға мүмкіндік беретін басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;

  • ресурстарды тиімді пайдалануды және таратуды арттыру;

  • зияндар мен залалдардың алдын алу, Самұрық-Энерго тобы қызметінің тиімділігін арттыру, Самұрық-Энерго тобы мен акционерлік капиталдың акивтерін қорғау;

  • бизнес-процесстердің тиімділігін, ішкі және сыртқы есептіліктігінің дұрыстығын қамтамасыз ету және заң нормаларының сақталуына қолдау көрсету.

16. Қоғамдағы Тәуекелдерді басқару – Корпоративтік тұжырымдамада берілген және 1-суреттегі сызбаға сәйкес құрамдас бөліктерден тұратын тұрақты, динамикалық және үздіксіз процесс.


Ішкі орта

Мақсаттарды айқындау




Мониторинг

Тәуекелдерді басқарудың

үздіксіз процесі

Тәуекелдерді табу



Тәуекелдерді басқаруды

бақылау

ТБЖ ақпараттық

мәліметтер базасы

Тәуекелдерді бағалау




Тәуекелдерді басқару








1 сурет: Тәуекелдерді басқару процесі
2.1. Ішкі орта

17. Ішкі орта Қоғамның тәуекелдерге деген жалпы қатынасы мен қызметкерлердің тәуекелдерге қалай назар аударып, қалай қарайтынын анықтайды. Ішкі ортаның тәуекелдерді басқару жүйесінің барлық басқа құрамдас бөліктеріне негіз болып табылады және оған тәуекел менеджментінің пәлсапасы, тәуекелдерге деген тәбет, басқару органы тарапынан бақылау, этикалық құндылықтар, қызметкерлердің құзыреті мен жауапкершілігі, Қоғам құрылымы, оның адами, қаржылық және басқа да ресурстарымен анықталатын мүмкіндіктері кіреді.

18. Қоғамның сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы (бизнес құрылымдарымен, әлеуметтік, реттеуші, басқа да мемлекеттік және қаржы органдарымен) ішкі ортада өзінің көрінісін табады және оның қалыптасуына ықпал етеді. Қоғамның сыртқы ортасы құрылымы жағынан күрделі болып табылады және бірі-бірімен өзара байланысқан түрлі салаларды қамтиды, жүйелі тәуекелдердің пайда болуына жағдай жасайды.

19. Қоғамның қызметі қызметкерлердің тәуекелдерді түсінуін және олардың тәуекелдерді басқарудағы жауапкершілігін арттыратын ішкі ортаны құруға бағытталған. Ішкі орта Қоғамның келесі принциптерін қолдауға тиісті:

  • Қоғам басшылығының тәуекелдерді кешенді көре білуін қолдау және шешім қабылдау барысында тәуекелдердің барлық түрлерін қарау және идентификациялау;

  • Қоғам деңгейінде жалпы Самұрық-Энерго тобының мақсаттарына анағұрлым жақсы жауап беретін тәуекелдер саласын бағалау және құру;

  • Басқару сатысының (Қоғам, Еншілес ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер және т.б.) тиісті деңгейлерінде тәуекелдерді басқару және тәуекелдер үшін жауапкершілік пен меншікті сезінуге қолдау көрсету. Алайда, тәуекел менеджменті жауапкершілікті өзгелерге арту дегенді білдірмейді;

  • Ішкі саясаттың, Қоғам рәсімдерінің, корпоративтік басқару жүйелерінің сәйкестігін бақылап отыру;

  • маңызды тәуекелдер мен тәуекелдерді басқару жүйесінің кемшіліктері туралы уақытылы ақпарат;

  • Тәуекелдерді басқару рәсімдері мен саясатының міндетті екендігін түсіну.

20. Қоғам тәуекелдерін басқару процесінің негізгі принциптері болып мыналар табылады:

  • тұтастық – Қоғам тобындағы тәуекелдердің жиынтық әлементтерін тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі тұрғысында қарау;

  • ашықтық – тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін автономиялы немесе оқшау ретінде қарауға тыйым салу;

  • құрылымдылық – тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесі айқын құрылымға ие;

  • хабардарлық – тәуекелдерді басқару нақты, дұрыс және өзекті ақпаратпен сүйемелденеді;

  • үздіксіздік – тәуекелдерді басқару процесі тұрақты негізде жүзеге асады;

  • кезеңділік – тәуекелдерді басқару процесі негізгі құрамдас бөліктері түзілген тұрақты қайталанып отыратын кезеңді білдіреді.

21. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы Қоғамның келесі органдары мен бөлімшелерін тарту арқылы бірнеше деңгейдегі тәуекелдерді басқару арқылы беріледі: Директорлар кеңесі, Басқарма, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелер, ішкі аудит қызметі, өзге де құрылымдық бөлімдер.

22. Бірінші деңгей Қоғамның Директорлар кеңесі арқылы беріледі. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесіне қадағалауды жүзеге асыруда түйінді рөл атқарады. Директорлар кеңесі Қоғам қызметінің мақсаттарын белгілеуді жүзеге асырады, сонымен бірге тәуекелге деген тәбет пен ұстап қалуға қабілеті бар, тәуекелдерді басқару саласындағы құжаттарды бекітеді. Директорлар кеңесі тұрақты негізде түйінді тәуекелдерді, осы түйінді тәуекелдерді басқаруды бағалау және тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспарланған іс-шараларды қарайды. Директорлар кеңесі тиісті комитеттерді құру арқылы тәуекелдерді басқару саласындағы функциялардың бір бөлігін жүзеге асырады.

23. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару саласындағы келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Қоғам мақсаттарын (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) қою;

  • Тұжырымдаманы бекіту («Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ» АҚ Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің тұжырымдамасын қолдану туралы шешім қабылдайды);

  • Қоғам тәуекелдерін басқару Саясатын бекіту;

  • Қоғам тәуекелдерін басқару рәсімдері мен ережелерін бекіту;

  • Қоғам тәуекелдерін бақылау және мониторингі жөніндегі жауапкершілік деңгейлерін бекіту;

  • түйінді тәуекелшіл көрсеткіштерді бекіту;

  • тәуекелдер тіркелімін, тәуекелдер картасын және тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын бекіту;

  • тоқсан сайын компанияның түйінді тәуекелдерін сипаттау және талдау арқылы тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысының есебі, сонымен қатар тәуекелдерді минимизациялау (төмендету) жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мәліметтерді қарау;

  • тәуекелдерді басқару жүйесі тиімділігінің көрсеткіштерін бекіту және жыл сайын тәуекелдерді басқару жүйесі тиімділігін бағалау;

  • Ішкі аудит қызметі жүргізген тексерістер нәтижелері мен тәуекелдерді басқаруды және ішкі бақылауды жақсарту жөніндегі сыртқы аудиторлардың тұжырымдарын талдау;

  • Директорлар кеңесі белгілеген есептілікті алу жолымен тәуекелдерді басқаруға мониторинг жүргізу;

  • анағұрлым маңызды тәуекелдер бойынша есептерді қарау;

  • тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі бойынша есептерді қарау;

  • Қоғамның қаржылық көрсеткіштерін бағалау және талдау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін Директорлар кеңесінің қаржылық және басқару есептілігін беру мерзімдері мен формаларын (нысандарын) анықтау;

  • Қоғамның ұстап қалу қабілеті мен тәуекелдерге деген тәбет деңгейін анықтау;

  • Қоғамның Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер арқылы қызметіне мониторинг жүргізу.

24. Тәуекелдерді басқару тиімділігін жүзеге асыру мақсатында Қоғам Директорлар ееңесі жанындағы Аудит бойынша комитетке келесі функциялар жүктеледі:

  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің жағдайы туралы сыртқы және ішкі аудиторлардың есептерін талдау;

  • Қоғам тәуекелдерін басқару жүйесін және ішкі бақылау құралдарының тиімділігін талдау, осы және аралық мәселелер жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қатысты Қоғамның ішкі және сыртқы аудиторларының ұсынымдарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

  • Қоғамның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі тиісті жоспарлары мен бақылау мәселелері және елеулі тәуекелдерді қарау үшін Қоғам басшылығымен тұрақты кездесулер өткізу;

  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелері бойынша Қоғам рәсімдері мен саясатын алдын ала мақұлдау;

  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру бойынша Қоғам дайындаған іс-шаралардың (түзету (өзгерту) қадамдары) орындалу сапасы және нәтижелерін талдау.

25. Тиісті нормативтік актілермен анықталатын Директорлар кеңесін қолдау жөніндегі өкілеттілік пен функциялар жүктелуі мүмкін.

26. Екінші деңгей – корпоративтік саясаттарды қадағалауды және орындауды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бақылау құрылымын құрудың және тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруға жауапты Қоғам Басқармасы. Басқарма Қоғам философиясы мен тәуекел менеджменті саясатын айшықтайтын «тәуекелдерді сезіну» мәдениетін құруға жауапты. Басқарма сонымен қатар қызметкерлер тәуекел менеджменті бойынша анық белгіліленген міндеттерге ие және өздерінің міндеттерін орындау үшін жауапты болатын тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құруға жауап береді. Басқарма тиісті комитеттерді құру арқылы тәуекелдерді басқару саласындағы функциялардың бір бөлігін жүзеге асыруға құқылы.

27. Басқарма тәуекелдерді басқару жүйесінің тұтастығын және функционалдығын келесі міндеттерді жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етеді:

  • Қоғам тәуекелдері Саясаты мен Тұжырымдамасын іске асыру;

  • әлеуетті тәуекелдерді бағалауға және идентификациялауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;

  • «Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ» АҚ-ы мен Директорлар кеңесіне бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес есептерді ұсыну;

  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің осы Саясат ережелерін сақтауын қамтамасыз ету;

  • Қоғамның тәуекелдерді төмендету мен барабар бақылауды қамтамасыз ететін және қажеттіліктеріне жауап беретін ұйымдық құрылымын бекіту;

  • Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқару жөніндегі есептерді қарау және өз құзыреті аясында тиісті шараларды қабылдау;

  • түйінді тәуекелдерді және оларды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін қарау;

  • тәуекел тәбетін, Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін лимиттер мен әр тәуекел бойынша толеранттылық (төзімділік) деңгейін келісу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін түйінді тәуекелшіл көрсеткіштерді келісу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекелдерді басқару құрылымы мен рәсімдерін, саясатын дамыту бойынша тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшелер ұсыныстарын қарау;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекелдер мен бақылау матрицасын, тәуекелдер картасын, тәуекелдер тіркелімін келісу;

  • Директорлар кеңесі бекіткен нормативтік құжаттар аясында Қоғамдағы тәуекелдерді басқару бойынша әдістер мен шұғыл назар аудару жөніндегі іс-шараларды және Самұрық-Энерго тобындағы кейбір іс-шараларды бекіту;

  • тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі регламенттер мен рәсімдерді жетілдіру.

28. Тәуекелдерді басқаруды тиімді ұйымдастыру мақсатында Қоғам Басқармасы жанынан тәуекелдер жөнінде комитет құрылды және оған Қоғам Басқармасын қолдау бойынша келесі міндеттер мен өкілеттілік жүктеледі:

  • Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралардың тиімділігі мен компанияның түйінді тәуекелдерін қарау;

  • Тәуекелдерді басқару жүйесі аясында Қоғамның ішкі құжаттарының жобасын қарау және алдын ала мақұлдау;

  • Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және ендіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарларды/бағдарламаларды орындаудың мониторингіне және әзірлеуге қатысу;

  • жүргізілген тәуекелдерді бағалау, идентификациялау нәтижелері бойынша құрылымдық бөлімшелер ұсынған тәуекелдерді басқару әдістерін анықтау;

  • жүргізілген идентификациялау, тәуекелдерді бағалау, сонымен бірге оларды басқару әдістерінің нәтижелері бойынша Басқармаға берілетін ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекелдерді басқару құрылымы мен рәсімдерін, саясатын дамыту бойынша тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшелер ұсыныстарын қарау;

  • Қоғамның Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін түйінді тәуекелшіл көрсеткіштерді келісу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекел тәбетін, әр тәуекел бойынша толеранттылық деңгейі мен лимиттерін келісу;

  • Директорлар кеңесінің бекітуіне беру үшін тәуекелдер мен бақылау матрицасын, тәуекелдер картасын, тәуекелдер тіркелімін келісу;

  • Тәуекелдер жөніндегі комитет қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарға сәйкес өзге де міндеттер.

29. Тәуекелдерді басқару процесіндегі үшінші деңгей Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оның негізгі функциялары мыналар:

  • Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің қызметін үйлестіру;

  • Нақты және әлеуетті тәуекелдердің, тәуекелдердің күшейгенін білдіретін теріс тенденциялардың пайда болуын, тәуекелдерді туғызған факторлар талдауы мен болжанған зиян ауқымдарын бағалаудың мүмкін жағдайларын табу;

  • Қоғам тәуекелдерін басқару жүйесінің әдістемелік және нормативтік базасын әзірлеу және жетілдіру;

  • тәуекелдер мен бақылау матрицасын, тәуекелдер картасын, тәуекелдер тіркелімін әзірлеу процесін үйлестіру, кездесулер өткізуді қамтамасыз ету, мәліметтерді талқылау және директорлар Кеңесінің бекітуі мен тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің келісуіне материалдар жобасын ұсыну;

  • тәуекелдерді бағалау және талдау үшін пайдаланылатын тәуекел түрлері бойынша статистикалық мәліметтер базасын ұйымдастыру;

  • тәуекелдерді талдау нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;

  • белгіленген лимиттерді сақтауға бақылауды ұйымдастыру;

  • Самұрық-Энерго тобына кіретін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және біліми көмек көрсету;

  • Қоғамдағы және жалпы Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқару жөніндегі есептер жиынтығын дайындау;

  • Директорлар Кеңесі мен Басқарма әзірлеген және бекіткен саясаттарға, әдістермен рәсімдерге сәйкес Қоғам тәуекелдерінің мониторингі және өлшемін, бағасын анықтау;

  • белгіленген ішкі нормативтік актілерге сәйкес тәуекелдер жөніндегі есептілікті Қоғам Басқармасына ұсыну;

  • стресс және бэк-тестілеуді жүзеге асыру;

  • тәуекелдерді басқару бөлігінде сыртқы және ішкі реттеуші талаптарды сақтау мониторингі;

  • тәуекелдерді ескерту әдістері мен оны өтеу көздерін іздестіру;

  • тәуекелді талдау нәтижелері бойынша Қоғамға ұсынымдар беру;

  • Қоғам тәуекелдерін бақылау және басқару жүйесін күшейту мақсатында Қоғам саясаты мен рәсімдерін қарауға және оларды өзгерту жөніндегі ұсынымдар әзірлеуге қатысу;

  • тәуекел факторларын (себептерін) табуға септігін тигізетін қызметкерледі ынталандыру әдістерін әзірлеу;

  • тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі аудит қызметімен өзара әрекеттесу;

  • сонымен бірге Қоғам қызметінің ерекшелігіне жауап беретін өзге де міндеттер.

30. Тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің өкілеттігі, жауапкершілігі және ұсынылатын есептіліке қойылатын талаптар осы Ереже мен тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде және тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында қарастырылған.

31. Тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімше қызметкерлері тәуекелдерді басқару жүйесінің міндеттері мен мақсаттарын тиімді жүзеге асыру үшін Қоғамның басқа да бөлімшелері мен Еншілес ұйымдарымен, сонымен бірге Қоғамның сыртқы және ішкі аудиторларымен өзара әрекеттесуі қажет;

32. Тәуекелдерді басқаруға жауапты Қоғамның құрылымдық бөлімше қызметкерлері осы Ереже мен аталған қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында көрсетілген функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қоғамның құжаттарына, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.

33. Тәуекелдерді басқару процесінде Қоғамның Ішкі аудит қызметі келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:

  • тәуекелдерді бағалау жөніндегі әдістемелігі мен тәуекелдерді басқару рәсімдерінің, сонымен бірге тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау аудиті;

  • Қоғамның Директорлар кеңесі үшін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі бойынша есептерді ұсыну, оның ішінде тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесіне қатысты ішкі аудит қызметінің кез келген ұсынымдарын жүзеге асыру прогресін сипаттау;

  • бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес өзге де функциялар.

34. Тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымында маңызды элементтердің бірі әрбір қызметкер тұлғасындағы Қоғамның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Құрылымдық бөлімшелер (тәуекелдердің меншік иелері) тәуекелдерді басқару процесінде түйінді рөл атқаратынын түсінуі тиіс. Қоғам қызметкерлері күнделікті негізде тәуекелдермен жұмыс істейді, оларды басқарады және өздерінің функционалдық міндеттері саласына олардың әлеуетті ықпалына мониторинг жүргізеді. Құрылымдық бөлімшелер өз қызметі саласындағы едәуір тәуекелдерді уақытылы тауып, олар туралы тәуекел менеджерлерін хабарландыруға және іс-шаралар жоспарына енгізу үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі ұсыныстарын беруге жауапты болады.

35. Тәуекелдерді басқару процесіндегі Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі функциялары келесілер болып табылады:

  • тұрақты негізде тәуекелдерді идентификациялау;

  • өз құзыреті шеңберінде нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;

  • тәуекелдерге шұғыл назар аудару жөнінде бекітілген іс-шараларды жүзеге асыру;

  • тәуекел-коммуникациялардың даму процесіне септігін тигізу;

  • тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшенің одан әрі зияндар мен жазатайым оқиғалардың Шоғырландырылған мәліметтер базасына ақпараттар беру арқылы зияндар мен жазатайым оқиғалардың мәліметтер базасын қалыптастыру.

36. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару құрылымы барабар ақпараттар ағынын – көлденеңінен де, да тігінен де қамтамасыз етеді. Оның ішінде төменнен жоғарыға келіп түсетін ақпарат Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасын мына мәліметтермен: ағымдағы қызметі туралы, қызмет барысындағы қабылдан тәуекелдер және оларды бағалау, бақылау назар аудару әдістері мен оларды басқару деңгейлері туралы қамтамасыз етеді. Жоғарыдан төменге бағытталған ақпарат мақсаттарды, стратегияларды және қойылған міндеттерді ішкі құжаттарды, регламенттер мен тапсырмаларды бекіту жолымен жеткізуде қамтамасыз етеді. Көлденеңінен апарат беру дегеніміз Қоғамның ішкі құрылымдық бөлімшелерінің және «Самұрық-Қазына» ҰӘӘҚ» АҚ тобы мен Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекетін білдіреді.
  1   2   3

Похожие:

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы шешімімен
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясаты (бұдан әрі – Кадрлық саясат) адами ресурстарды...
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді идентификациялау және бағалау ережесі Алматы, 2009 Мазмұны
Негізгі түсініктер
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже І. Жалпы ережелері
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Республикасы мойындаған халықаралық құқық және халықаралық шарт ережесі нормаларына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз...
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon2009ж. «02» қыркүйектен «Қазтеміртранс» Акционерлік
«Қазтемітранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқарудың осы Саясаты (бұдан әрі Саясат) «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының...
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница