«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының

Скачать 245.19 Kb.
Название«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының
страница1/3
Дата конвертации12.06.2013
Размер245.19 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3

«ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ»

Республикалық қоғамдық бірлестігі

БАЙҚАУШЫНЫҢ
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

АСТАНА, 2012

ББК 67.400.5

«ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ-тің ұсынысымен жарық көрген

Рецензенттер:

Ерімбетов Н.К., Айдос Сарым.

Байқаушының жұмыс дәптері / Құрастырғандар: Онучко М.Ю., Шегебаев М.С. – Астана, 2011ж. – 25 б.

ISBN

Аталған көмекші жұмыс дәптері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының бақылаушысына арнайы әзірленген оқу құралынан тұрады. Құралда 2012 жылғы 15 қаңтарға белгіленген кезектен тыс сайлаудағы бақылаушының негізгі мақсаты, құқығы және міндеттері айқындалған. Жұмыс дәптері мүмкін болатын заң бұзушылықтар мен оларды реттеу әдістерінен тұрады. Тәжірибелік ұсыным сайлау үдерісіне бақылауды іске асыру, бақылаушының сайлау басталғанға дейінгі, сайлау кезіндегі және дауыстарды санау сәтіндегі жүріс тәртібін айқындауға арналған. Жұмыс дәптерінің мазмұны бақылаушы тарапынан сайлау барысында қолданылатын дауыстарды есептеу, Ашу хаттамасы және дауыс беру нәтижесіне арналған Бақылаушы күнделігі мен Бақылаушы кестесінен, сайлау барысындағы бұзылым туралы акт және өзге құжаттардан тұрады.

  1. БАЙҚАУШЫ ДЕГЕН КІМ?

Байқаушы – өзі мүшесі болып табылатын саяси партия немесе қоғамдық ұйым атынан объективті және мүлтіксіз түрде

  • кез келген деңгейлі сайлау комиссиясында немесе сәйкес сайлау учаскесінде сайлау

күні дауыс беру орынжайында бола тұрып, дауыс беру басталғаннан дауыс беру қорытындысы туралы құжат рәсімделгенге дейін сайлауды байқау жұмыстарын атқарушы
яғни,. қоғамдық байқаушы (бұдан әрі - байқаушы) – белгілі бір қоғамдық ұйым атынан тіркеліп, куәландырылған құжаты бар, сайлау үдерісін байқаудың арнайы жаттығуын меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы.
Байқаушы – бір мезгілде әрі бақылаушы, әрі куәгер.

Ол өзі жіберілген сайлау учаскесінде дауыс беру күні болатын барлық оқиғаға куәгер болады.

Оның мынадай құқығы мен міндеті бар:

  • сайлау барысында куә болған жайттарды арыз немесе акт түрінде рәсімдеу;

  • ол құжаттарды тиісті лауазымды жандарға жөнелту.

Байқаушы – бақылаушы, өйткені, ол азаматтардың, барлық деңгейлі сайлау комиссиясы мен саяси партия мүшелерінің толығымен

  • өздеріне берілген заңды құқықтарын пайдалануды

  • белгілі бір міндеттемелерді сақтауды қамтамасыз етуді өзіне міндет етеді.

Байқаушыларды аккредиттеу (тіркеу)

Қазақстан Республикасының қоғамдық ұйымдарынан кірісетін байқаушының өкілеттігі оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, жазбаша нысанда куәландырылуы тиіс.

Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады.

Мынаны есте сақтау қажет:

  • байқаушы өз мақсаты ретінде БАЙҚАУДЫ көздейді.

Ол сайлау учаскесінде ешкімге бағынбайды, ешкім оған бұйрық бермейді. Ол сайлау комиссиясы әрекетін және жүріп жатқан үдерістің дұрыстығын байқаумен шұғылданады.

Дауыс беру күні байқаушылардың әрекеті:

  • сайлаудың объективтігіне,

  • әділдігіне

  • шынайылығына үлес қосады.

Дауыс беру күні байқаушылардың сайлау учаскесінде болуы мыналарға жол ашады:

  • сайлау үдерісінің жалпылама тұтастығын арттырады, ол өз кезегінде

  • сайлаушылардың сайлаудың әділдігіне деген үлкен сенімін әрі

  • олардың саяси белсенімін, сайлау үдерісіне азаматтардың қатысу деңгейін арттырады;

Байқаушы дауыс беру күні сайлау учаскесінің ашылу сәтінен бастап, сайлаушылардың дауысын санау қорытындысын шығарғанға дейін, әрбір қоғамдық ұйымнан бір мезгілде бір ғана байқаушы әрбір сайлау учаскесінде бола алады.
Байқаушының өкілеттігі мына мәліметтер жазылған арнайы берілген куәлікпен расталуы керек:

* тегі, аты, әкесінің аты

* сайлау учаскесінің нөмірі (сайлау комиссиясының атауы),

* сайлау күні

* ұйым мөрі
Байқаушы куәлігі көрсетілу кезінде, байқаушының жеке куәлігімен қоса көрсетілсе ғана күшінде болып, оны сайлау комиссиясының төрағасына немесе оның орнындағы адамға тіркеу үшін ұсынылады.

«ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің байқаушысы (2012 жылғы 15 қаңтардан кешікпей) өз сайлау учаскесіне келіп, мына міндеттерді атқару ұсынылады:

  1. Сайлау учаскесінің төрағасы, хатшысы және басқа мүшелерімен танысып, олардың аты-жөндерін, комиссияның мекен-жайын, телефонын күнделік пен хаттамаға түсіру керек.

  2. Жарнамалы-ақпараттық материалдардың сайлау заңдамасына сәйкестігін тексеру және бағалау.

  3. ҚР Парламенті Мәжілісі депутатығына үміткерлердің аты-жөндерін (Т.А.Ә.) күнделік пен хаттамаға түсіру.

  4. Күнделік пен хаттамаға мыналарды түсіру:

    • осы сайлау учаскесіне бекітілген сайлаушылар санын,

    • қабылданған дауыс беру бюллетен санын.

II. БАЙҚАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТІ
Байқаушы өзінің қызметінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
ҚР конституциялық заңының 20-1 бабына сүйенеді.
2.Байқаушылар құқығы:

  1. сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;

  2. дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың саны туралы ақпарат алуға;

  3. дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде дауыс беруге

арналған пунктте болуға;

  1. дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды

санау және дауыс беру нәтижелерінің рәсімін барлық аталған

рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;

  1. тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің

шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау

комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;

  1. сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау

бюллетендерін санау және жою жұмыстарына қатысуға;

  1. дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі

жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;

  1. дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау

комиссияларына беру рәсімін байқауға;

  1. дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары

туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың

куәландырылған көшірмелерін алуға;

  1. сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын «Сайлау туралы» ҚР Заңы

талаптарының бұзылуына аударуға, оларға заң бұзушылықтар

туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге

және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы.

Сайлау комиссиясының төрағасы, немесе оның орнындағы адам байқаушылар жасаған актіге дауыс санау қорытындысы туралы хаттаманы қосуы керек.

3. Байқаушы міндеті:

  • 1) өзімен бірге байқаушы куәлігі мен жеке куәлігі болуы керек;

  • 2) сайлау үдерісіне, дауыс санау барысы мен сайлау комиссиясының шешім қабылдауына араласуға болмайды;

  • 3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтірерлік әрекетке бармау;

  • 4) сайлау учаскесіндегі тәртіп ережесін сақтау жөніндегі сайлау комиссиясының төрағасының талабын орындау;

  • 5) ескертпелерді құжатталған, нақты және тексерілуге жататындай дерекке сүйене отырып, негіздеу;

  • 6) сайлау туралы конституциялық заң мен ҚР басқа заңдарын сақтау;

  • 7) нақты кандидатқа болыспау, міндетті таза орындау. (20-10 бап).

Байқаушы мыналарға ҚҰҚЫҚСЫЗ:

  • сайлаушыларға бюллетень беруге;

  • сайлаушының өтініші бойынша ол үшін бюллетень алғандығы жөнінде қол қоюға;

  • сайлаушы өтініші бойынша ол үшін бюллетень толтыруға;

  • дауыс беру құпиясын бұзатындай әрекетке баруға;

  • сайлау бюллетендерін санау барысында оған шешуші дауыс беріп қатысуға;

  • сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтірерлік әрекетке баруға;

  • сайлаушылар арасында сайлауалды үгіт жүргізуге;

  • сайлау комиссиясының шешім қабылдауына тікелей қатысуға.

Сайлауды байқай отырып, мына ЕРЕЖЕНІ сақтау қажет:

  • объективті әрі мүлтіксіз болу;

  • бағу мен байқауды әділетті және мұқият жүргізу;

  • салқынқанды әрі байыпты баға беру;

  • мығым жұмыс үлгісін көрсету,

  • байқаушылар тобының қызметіне сенім орнату мақсатында байқауды хаттамалау, мақсаты мен жұмыс әдісін, қорытынды мен түйіндеуді жариялап отыру.

Байқаушы әрекетінің КОДЕКСІ:
1. Байқаушы қатаң түрде әділдікті сақтауы керек

2. Байқаушы сайлау үдерісіне кедергі келтірмеуі тиіс.

3. Дауыс беру басынан сайлау комиссиясының жоғарғы сатысы санаған бюллетендерді қабылдағанға дейін қатысады.

4. Байқаушының барлық пайымы мен арызы дерек пен айғаққа негізделуі қажет.

5. Байқаушы негізсіз және шектен тыс тәуекелге бармауы керек.

7. Байқаушы барлық заң мен ережені сақтауы тиіс.

8. Байқаушы үнемі байсалдылық танытуы керек.

III. ДАУЫС БЕРУ ҮДЕРІСІ
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беруге бір сағат қалғанда сайлау учаскесін ашуға кірісуі керек.
Сайлау комиссиясы сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы Дауыс беру күніне 10 күн қалғанға дейін БАҚ арқылы не басқалай жолмен хабарландырады.
Аумақтық және округтық сайлау комиссияларындағы дауыс берудің басталуы мен аяқталуы сәйкес Әкімнің ұсынуы бойынша бекітіледі, бірақ мына уақыт шегі қамтылуы керек: басталуы - 6.00-ден ерте емес және аяқталуы - 22.00-ден кеш емес.

Аумақтық және округтық сайлау комиссияларындағы (сәйкес Әкімнің ұсынуы бойынша) дауыс берудің басталуы мен аяқталу уақытының өзгергендігі жөнінде сайлаушыларды дауыс беру күніне 7 күн қалғанға дейінгі мерзімнен кешікпей хабардар етіледі.
Сайлауда дауыс беру сайлаушылар еркіне қол сұғылмайтындай құпия түрде жүзеге асырылады.
Әр сайлаушы өз қолымен дауыс беруі керек.

Дауысты басқа біреу арқылы беруге жол жоқ.
Бюллетень сайлаушылардың тізімі негізінде жеке басты куәландыратын мына құжаттардың бірін көрсету арқылы беріледі:

  • Жеке куәлік,

  • уақытша жеке куәлік,

  • ҚР азаматының төлқұжаты,

  • сондай-ақ, әскери қызметтегілер үшін әскери билет.

Сайлаушылар бюллетень алу кезінде тізімге қол қояды.
Бюллетень беруші комиссия мүшесі: Бюллетенге және бюллетень алған сайлаушының тізімдегі аты-жөнінің тұсына қолын қойуы керек.
Сайлау комиссиясының ішінде бюллетень беруге оның төрағасы мен хатшысының қақысы жоқ.

Денсаулығына, жанұя мүшесінің аурушаңдығына байланысты дауыс беруге бара алмайтын жағдайда, Дауыс беру күні жергілікті уақытпен 12.00. сағаттан кешіктірмей, өз орнында дауыс беруге өтінім беруі керек,

Дауыс беру кезінде сайлаушы бюллетенді кабина ішінде толтырады.

Сайлаушы бюллетень толтыру кезінде одан басқа ешкімнің кабинаға кіруіне болмайды.

Егер сайлаушы өз бетімен бюллетень толтыруға шамасы келмесе, оған өзі сенетін адам ғана қол ұшын бере алады және Сайлаушы бюллетень толтыруға көмектесетін сенімді адамының аты-жөнін (сайлаушының бюллетень алудағы қолтаңбасының қасына), сайлаушылар тізіміне дауыс берген соң енгізеді.

Ондай адам мыналардың бірі болмауы керек:

  1. сайлау комиссиясының мүшесі;

  2. жергілікті өкілетті немесе атқару органының лауазымды тұлғасы;

  3. кандидаттың сенімді өкілі;

  4. журналист – БАҚ өкілі;

  5. сәйкес сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы.

Кандидаттың тегінің оң жағындағы бос шаршы ішіне сайлаушы кез келген белгі қояды?

Бюллетенде қарындашпен қойылған белгі, сондай-ақ, түзетуге жататын белгі қоюға болмайды.

IV. ДАУЫС БЕРУ НӘТЕЖЕСІ
Барлық сайлау учаскелерінде дауыс санау егер де ресми түрде өзгеріс енгізілмесе, жергілікті уақытпен 20.00 сағатта басталады.

Дауыс беру басталуына өзгеріс енгізілсе, дауыс санағы дауыс беру аяқталған бойда басталады.
Сайлау комиссиясы дауыс санауды дауыс қорытындысы анықталғанға дейін үзіліссіз жүргізеді.
Урналар ашылардан бұрын пайдаланылмаған барлық бюллетень саналып, олар сайлау комиссиясы арқылы жойылады.
Сайлау комиссиясы тізім бойынша мыналарды анықтайды:

• пункттегі дауыс беретін барлық сайлаушылар санын;

• бюллетень алған сайлаушылар санын;

• әрбір комиссия мүшесі берген бюллетень санын (Сайлау туралы заң: 43 бап,
4 тармақ).
Төраға дауыс беру аяқталғанын жариялаған соң, сәйкес сайлау комиссиясы барлық урнаны ашуы керек. Дауыс беріп болғанша урнаны ашуға тыйым салынады. (Сайлау туралы заң: 43 бап, 3 тармақ).
Дауыс санау кезінде комиссия төрағасы не мүшесі, сайлаушының еркін дауыстап жеткізеді (Сайлау туралы заң: 43 бап, 1 тармақ).
Дауыс санау әрбір кандидат бойынша бөлек жүргізіледі. (Сайлау туралы заң: 43 бап, 3 тармақ). Сонымен қатар, бюллетендер әрбір кандидатқа бөлек және жарамсыз бюллетендер үйіміне жиналады. (Сайлау туралы заң: 43 бап, 1 тармақ).
Комиссия урналарды ашқасын, бюллетен саны бойынша мыналарды анықтайды:

• дауыс берген сайлаушылар саны;

• әрбір кандидатқа берілген дауыс саны;

• жарамсыз бюллетен саны;

• жойылған бюллетен саны.

Сайлау учаскесіндегі дауыс санау уақыты 12 сағаттан аспауы керек.
Дауыс санағының нәтижесін комиссия қарап, хаттамаға енгізеді, сонымен қатар, оған төраға мен комиссия мүшелері қол қояды.
Хаттама көшірмесі сол бойда сайлау учаскесінде 2 күн бойы ілініп тұрады. (Сайлау туралы заң: 43 бап, 8 тармақ).
Байқаушыға хаттама көшірмесі беріледі және ол мыналардың қолдарымен расталады:

  • комиссия төрағасы

  • комиссия хатшысы

  • комиссия мөрі

(Сайлау туралы заң: 43 бап, 8-1 тармақ).
«ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің әрбір байқаушысы тиісті штабқа мына құжаттарды әзірлеп тапсыруы керек:

  • Байқаушы күнделігі,

  • Байқаушы хаттамасы,

  • Сайлау комиссиясы хаттамасының көшірмесі

  • заңбұзым жөніндегі актылар

Дауыс санау нәтижелері жөніндегі хаттаманың жасалуын байқау
Дауыстарды санау нәтижeлeрін сайлау кoмиссиясы қарап, хаттамаларға түсірeді, oларға сайлау кoмиссиясының төрағасы мeн мүшeлeрі қoл қoяды. Сайлау кoмиссиясының төрағасы бoлмаған жағдайда, oның oрнына хаттамаларға сайлау кoмиссиясы төрағасының oрынбасары нeмeсe хатшысы қoл қoяды.

Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды қарындашпен және әр түсті сиялармен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді. Бұл ретте дауыс беру нәтижелерінің сандық мәні сөзбен жазылып қайталануы тиіс.

Хаттаманың көшірмесі жалпы жұрттың танысуы үшін дауыс беруге арналған пункт орналасқан орынжайдағы арнайы белгіленген орынға дереу ілінеді және үй-жайда екі күн бойы тұрады (Сайлау туралы заңның 43-б. 8-т.).

Сайлау туралы заңға сәйкес, дауыстарды санау кезінде қатысқан адамның тілегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрімен куәландырылған хаттаманың көшірмесі беріледі (Сайлау туралы заңның 43-б. 8-1-т.).
Байқаушының заң бұзушылық акт жасау әрекеті
Байқаушы сайлау барысында орын алған мынадай заң бұзушылықтар бойынша акт жасайды:

  • бір сайлаушыға бірнеше бюллетень берілгенде;

  • бір сайлаушыға бірнеше рет бюллетень берілгенде;

  • бір сайлаушының бірнеше бюллетень салуын байқағанда;

  • тасымалы жәшікті өтініш етілмеген орынға алып кету орын алса;

  • құжатсыз адамға бюллетень берілгенде;

  • сайлау комиссиясынан өзге адамдардың дауыс беруге араласуын байқағанда;

  • сайлау берілетін орынжайда үгіт-насихат жасалғанда;

  • сайлау учаскесін ашу туралы хаттама жасалмаса;

  • сайлау учаскесін ашардан бұрын учаскеге бөлінген бюллетендер саналмаса;

  • дауыс беру жәшігінде адамдар тобымен дауыс берсе;

  • дауыс санау үдерісі көрсетілген қағидаға сәйкес келмесе;

  • дауыс нәтижелері жөніндегі хаттама ілінбесе және басқа да заң бұзушылықтар байқалса.

Жасалған актіге куә болған байқаушы, сайлаушы, сайлау комиссиясынан құралған бірнеше адамның қолы қойылады.
Байқаушы өз қызметін әдепті, ұстамды және бейтарап түрде, заң аясында атқарады.

Байқаушы Актыны 2 дана етіп жасап:

1) Сайлау учаскесіне;

2) түпнұсқаны – «ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің штабына өткізеді.

Заңбұзым дерегі қысқа да мүлтіксіз, тексеруге болатын және көз жететіндей деректер (фото және видео түсірімге рұқсат етіледі) тізіліп, тіркелуі керек.
Актыға барынша көп адамның қол қойылуын қамту керек: басқа байқаушылар, комиссия төрағасы мен мүшелері, сайлаушылар.

Байқау штабының телефондары мен мекен-жайы
1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ «КСБРҚК»:

010000, Астана қаласы, Қорғалжың тас жолы, № 2А үй, тел.: (8-7172) 79-78-50, 79-78-51.

«КСБРҚК» РҚБ Төрағасы – Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы тел.: 87012457237

«КСБРҚК» РҚБ Теңтөрағасы– Шарманов Төрегелді Шарманұлы тел.: 87017881334

«КСБРҚК» РҚБ Теңтөрағасы– Айдос Сарым тел.: 87019998222

Республикалық штабтың басшысы – Тлеукенов Нығметолла Қабдығалимұлы

тел.: 87015448714.
Шұғыл әрекет ету тобының басшысы – Бабушкин Михаил Федорович

тел.: 8 7012720226

топ мүшелері:

Онучко Марина Юрьевна

Шегебаев Мәлік Сералыұлы

2. Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы

(ҚР ОСК): Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 4 үй, тел.: (8-7172) 32-73-19.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы:

Астана қ., Сейфуллин көшесі, 73-А, тел.: (8-7172) 71-25-00
4. Штаб:

010000, Астана қаласы, Қорғалжың тас жолы, № 2-А үй, тел.: (8-7172) 79-78-50, 79-78-51.

1 ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатарының

кезектен тыс сайлауын байқаушының

КҮНДЕЛІГІ

__сайлау округының атауы __________________________________________________

__ сайлау учаскесі ____________________________________________________________________________

Учаске мекен-жайы:____________________________________________________________________

Телефоны мен факсы:______________________________________________________________

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:__________________________________________________

(Т.А.Ә. толық түрде)

Учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы__________________________________________________

__________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә. толық түрде)

Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Т.А.Ә:

___________________________________________________________________________________

Партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, кандидаттардың сенімді өкілдері мен

БАҚ өкілдерінің Т.А.Ә:

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________
Учаске бойынша сайлаушылардың жалпы саны: ______________________________ адам
Сайлау учаскесі _____ сағат________минутта ашылды.

Сайлау учаскісінің ашылу барысындағы ескертпелер: _______________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________
Учаскелік комиссия қабылдаған барлық бюллетень саны: _____________________________

Дауыс беру үдерісін қысқаша сипаттап жазу (мүмкіндігінде дерек көрсету, мазмұнын түсіру, түсіндірмесіз, бағалау уәжінсіз.

Заңбұзым жағдайларын анығырақ жазу, куәгерлер Т.А.Ә. дерек, айғақ, учаскеге келген кандидаттарды, сенімді өкілдерін, билік, сайлауком, партия және т.б. өкілдерді тіркеу):

_______________________________________________________________________________

Дауыс беру учаскесі _______сағ. _______минутта жабылды.

Берілген бюллетень саны (барлығы):__________________________________________________

Берілмеген бюллетень саны (барлығы): _________________________________________________

Жарамсыз бюллетень саны ( дауысқа жарамайтын) __________________________________________

Жарамсыздық себебі (жыртылған, сайлаушының ауыстыруды өтінген т.б.)_______________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

Учаскеде дауыс берген сайлаушының жалпы саны:____________________________________

Бюллетень алған сайлаушылар саны:______ ______________________________________________

Сайлаушылардың жалпы санының % -дық көрсеткіші:________________________________

Дауыс беру орынжайынан тыс тасымал урнамен дауыс берген сайлаушылар саны:_____ ________________________________________________________________________________

Дауыс беруге қатысқандар санына қатысты % -дық көрсеткіші:_________________________

Жарамсыз деп табылған бюллетендердің саны: ___________________________________________

Дауыс беруге қатысқандар санына қатысты % -дық көрсеткіші:________________________
Байқаушының Т.А.Ә. мен қолы: ______________________________________________________

________________________________________

«____» ____________2012 ж.
Ескертім: күнделіктегі дерек пен мәлімет хаттама түзуге қолданылады.

2 Қосымша
Сайлаушылар ДАУЫСЫН санау сызбасы
07.00. - 08.00. : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

______________
08.00. - 09.00. : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :_ : : _ : : _______________
09.00.- 10.00. : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

______________
10.00. - 11.00.: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

______________
11.00. - 12.00.: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

______________
12.00. - 13.00.: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

______________
13.00. - 14.00. : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :_ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ ______________
14.00. - 15.00. : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

______________
15.00. - 16.00. : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

______________
16.00. -17.00. : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

______________
17.00. - 18.00. : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

______________
18.00. - 19.00. : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

______________
19.00. – 20.00.: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : :

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

: : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _ : : _

______________

7.00 ден 20.00-ге дейін барлығы: ________________

3 ҚОСЫМША

Дауыс беру басталғанға дейін 1 сағат ішінде,

учаскені ашу кезінде сайлау күні түзіледі

  1   2   3

Похожие:

«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының iconСҰРАҚ ЖӘне жауап
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия»...
«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының iconҚазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №65/124 қаулысына 1-қосымша
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес
«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының iconҚазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі Качир ауданының учаскелік сайлау комиссиясының
Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі және
«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының icon2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары
Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына...
«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының icon2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу...
«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының...
«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Партиялық бақылау комитетінің құрамы
...
«Қр парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық ҚОҒамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігі байқаушының iconҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Партия орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесі

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница