Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы




Скачать 139.87 Kb.
НазваниеЗейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы
Дата конвертации27.11.2012
Размер139.87 Kb.
ТипДокументы
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып орындау қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 204 Қаулысы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

      «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып орындау қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                              К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 4 ақпандағы
№ 204 қаулысымен   
бекiтiлген     

Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның
деңгейiн ескере отырып орындау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып орындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының (бұдан әрi – Заң) 6-бабын және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
      Қағидалар зейнетақы төлемдерiн алушыларға алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн алушының зейнетақы төлемдерiне алу құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу жолымен орындау тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) айырма төлемi – алушының зейнетақы төлемдерiне алу құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы мен жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретiнде белгiленген, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлем;
      2) айырма төлемiн алушы – мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған сәтте айырма төлемi тағайындалатын жеке тұлға;
      3) мемлекеттiк орган – өз құзыретi шегiнде айырма төлемiн тағайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органдары;
      4) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасының Үкiметi функцияларды Заңда көзделген шарттармен жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
      5) жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрi – Қор) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болу сәтi:
      Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған күнi;
      Заңның 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – мерзiмсiз бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектiгi белгiленген күнi;
      Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерi тағайындалған күнi;
      Заңның 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету ниетiн немесе фактiсiн дәлелдейтiн құжатты ресiмдеу күнi басталады.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемiн алу құқығына ие болу сәтi зейнетақы жинақтарына алғаш рет өтiнiш берген күнге белгiленедi.
      Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан айырма төлемiн алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемiнiң сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар тұлға инфляция деңгейiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты алу үшiн Орталықтың құрылымдық бөлiмшесiне өтiнiш бередi.
      Орталықтың құрылымдық бөлiмшесi осы адам өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оның мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған күнге оған инфляция деңгейiн ескере отырып, Қорға нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты ұсынады.
      4. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар тұлға зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алу үшiн өзi салымшы болып табылатын Қорға өтiнiш бередi.
      Қор осы адам өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оның мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған күнгi зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты ұсынады.

2. Айырма төлемiне өтiнiш беру тәртiбi

      5. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар тұлға айырма төлемiн алу үшiн тұрғылықты жерiндегi Орталықтың бөлiмшесiне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.
      6. Өтiнiшке айырма төлемiн алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса берiледi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (жеке куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнiң, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының) көшiрмелерi;
      2) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;
      4) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не село және/немесе ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы) көшiрмесi;
      5) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) куәлiгiнiң көшiрмесi.
      Егер айырма төлемiне Орталықтан зейнетақы мен өзге де төлемдердi алушы өтiнiш берген жағдайда, өтiнiшке осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттар қоса берiледi, олар Орталықтан берiлетiн зейнетақы немесе өзге де төлемдер бойынша iстер макеттерiне жинақталады.
      7. Сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемiн тағайындау үшiн өтiнiш пен қажеттi құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары бередi.
      8. Айырма төлемi туралы өтiнiштi почта байланыс құралдары арқылы берген кезде айырма төлемiн алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшiрмелерiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның қолының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын жағдайда құжаттардың көшiрмелерiн нотариалды куәландыру тұрғылықты тұратын мемлекетте жүргiзiледi.
      9. Айырма төлемiн алуға құқығы бар адамның атынан оны тағайындау туралы өтiнiш берген кезде сенiм бiлдiрiлген өкiл осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа:
      1) сенiм бiлдiрген өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн және салыстыру үшiн оның түпнұсқасын;
      2) сенiмхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (егер сенiмхатта сенiм бiлдiрушiнiң бiр мезгiлде бiрнеше ұйымда мүддесiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттiгi қамтылса) ұсынады.

3. Айырма төлемiн жүзеге асыру тәртiбi

      10. Орталық айырма төлемi туралы өтiнiштi қабылдаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде барлық қорларға осы адамның мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметтердi осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсыну туралы хабарлама жiбередi.
      11. Қорлар сұрау келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамның зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметтi Орталыққа электронды форматта ұсынады. Егер мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адам Қордың салымшысы болып табылмаған жағдайда, онда осы Қағидалардың 2-қосымшасының 5-бағанында «болып табылмайды» деп көрсетiледi.
      12. Орталық қорлардан мәлiметтер түскен сәттен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде қорлардан алынған зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәлiметтердi, инфляция деңгейi ескерiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексерудi жүргiзедi. Егер алушының мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейi ескерiлген нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда, Орталық бiр жұмыс күнi iшiнде айырма төлемi сомасының есебiн жүргiзедi.
      13. Айырма төлемi сомасының есебiн жүзеге асырғаннан кейiнгi бес жұмыс күнi iшiнде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айырма төлемiн алушының электронды (қағаздағы) iс-қағаздар макетi, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айырма төлемiн тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешiмнiң жобасы мемлекеттiк органға жiберiледi.
      14. Электронды (қағаздағы) iстер макетi келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк орган айырманы төлеудi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Егер мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейi ескерiлген нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болған жағдайда мемлекеттiк орган айырма төлемiн тағайындаудан бас тарту туралы шешiм шығарады.
      15. Шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк орган айырма төлемiн алушының электронды (қағаздағы) iстер макетi мен айырма төлемiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi Орталықтың құрылымдық бөлiмшесiне жiбередi.
      Орталықтың құрылымдық бөлiмшесi айырма төлемiн алушының электронды (қағаздағы) iстер макетiн алған күннен бастап үш күн iшiнде өтiнiш берушiнi айырма төлемiн тағайындаудан бас тартылғаны туралы хабардар етедi және ұсынылған құжаттарды мемлекеттiк органның тағайындаудан бас тарту себептерi туралы хатымен бiрге өтiнiш берушiге қайтарады.
      16. Айырма төлемiн тағайындау туралы алынған шешiмдердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) бекiткен төлемнiң күнделiктi кестесiнiң негiзiнде Орталық ай сайын айырма төлемiне бюджет қаражатына қажеттiлiктi қалыптастырады және төлеу айының алдындағы айдың 25-күнiне Министрлiкке ұсынады.
      17. Министрлiк айырма төлемiне бюджет қаражаты қажеттiлiгiне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес есептi кезеңге көзделген сома шегiнде бюджет қаражатын Орталыққа аударуды жүзеге асырады.
      18. Орталық бюджет қаражатын алып, 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемiнiң сомаларын алушының банктiк шотына аударады.

Зейнетақы төлемдерiн алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
мiндеттi зейнетақы жарналарының
нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы
жарналары мөлшерiнде сақталуы 
жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн
алушының зейнетақы төлемдерiне 
құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның
деңгейiн ескере отырып орындау 
қағидаларына        
1-қосымша          

Инфляция деңгейiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорына
нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары
туралы ақпарат

Тегi, аты, әкесiнiң аты______________________________________

туған күнi (кк.аа.жжжж)______________________________________

ӘЖК ______________________________________
 

Келiп түскен мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы

Келiп түскен мiндеттi зейнетақы жарналарының саны

Инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы










М.О. ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы ________________________ _________
                                     (Т.А.Ә.)             (қолы)

ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы ______________________________ _________
                                     (Т.А.Ә.)             (қолы)

Зейнетақы төлемдерiн алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
мiндеттi зейнетақы жарналарының
нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы
жарналары мөлшерiнде сақталуы 
жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн
алушының зейнетақы төлемдерiне 
құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның
деңгейiн ескере отырып орындау  
қағидаларына          
2-қосымша            

Зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған күнге жеке
зейнетақы шотының болуы және мiндеттi зейнетақы жарналарының
есебiнен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметтер

_______________________________________________________
Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

Өтiнiмнiң№

СалымшыныңТ.А.Ә

Салымшының туған күнi

Салымшының ӘЖК

ЖЗҚ-ның салымшысы болып табылады ма

Зейнетақы жинақтары ның жалпы сомасы

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Зейнетақы төлемдерiн алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
мiндеттi зейнетақы жарналарының
нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы
жарналары мөлшерiнде сақталуы 
жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн
алушының зейнетақы төлемдерiне 
құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның
деңгейiн ескере отырып орындау  
қағидаларына          
3-қосымша            

Ауданның коды__________________
Қазақстан Республикасы

_________________________облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментi

Өтiнiш

      Азамат ____________________________________________________
                      (тегi, аты, әкесiнiң аты толық)

Туған күнi 19___ ж. «___»______________,_____________________________
мекен жайында тұратын
банктегi шотының № ___________ Банк филиалының №___________ Байланыс
бөлiмшесiнiң №__________________
Менiң СТН ______________________ ӘЖК___________________________
Жеке куәлiктiң (паспорттың) деректерi: №_____________________________
Кiм бердi_________________ Берiлген күнi_____________________________

      Маған зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған сәтте инфляция деңгейiн ескере отырып, мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемiн тағайындауды сұраймын.
      Мен____________________________________________________________ жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып табыламын.

      Орталық бөлiмшесiне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшiн жауапты боламын.
      Орталыққа жинақтаушы зейнетақы қорындағы (-ларындағы) жеке зейнетақы шотының болуы және мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметке сұрау салуды өтiнемiн.

Берiлген күнi_______________ Өтiнiш берушiнiң қолы___________________
Азамат________________________________________________________өтiнiшi
20___ ж. «____» №____________ қабылданды.

Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_______________

Өтiнiшке қоса берiлген құжаттардың тiзбесi: 

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтың саны

Ескертпе


 











 











 











 










__________________________________________________________________
      (қию сызығы)

Азамат________________________________ өтiнiшi №___________ тiркелдi.
Құжаттарды қабылдаған күн_____________________
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:____________

Зейнетақы төлемдерiн алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
мiндеттi зейнетақы жарналарының
нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы
жарналары мөлшерiнде сақталуы  
жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн
алушының зейнетақы төлемдерiне 
құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның
деңгейiн ескере отырып орындау 
қағидаларына         
4-қосымша         

Инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi
зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының
сомасы арасындағы айырма төлемiн алушының
iсi 

Инфляция деңгейiн ескере отырып, мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемiн алушының iсi

№_____________

Қазақстан Республикасы

Облыс




Қала (аудан)




Телефоны




Тегi




Аты




Әкесiнiң аты




Жинақтаушы зейнетақы қоры




Жеке зейнетақы шоты




Банк филиалы




Банктiк шоты




Зейнетақы төлемдерiн алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
мiндеттi зейнетақы жарналарының
нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы
жарналары мөлшерiнде сақталуы  
жөнiндегi мемлекеттiң кепiлдiктерiн
алушының зейнетақы төлемдерiне  
құқықты иеленуi кезiндегi инфляцияның
деңгейiн ескере отырып орындау  
қағидаларына         
5-қосымша            

Коды_______________

_______________________облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң
20___ жылғы «____» ______________ №______ шешiмi
Iс №____________

      Зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған сәттегi инфляция деңгейiн ескере отырып, мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемiнiң сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
      Азамат ___________________________________________________

Жынысы________ Туған күнi 19___ ж. «____» ___________________.

Өтiнiш берген күнi 20___ ж. «____»___________ №______________
      1. Инфляция деңгейiн ескере отырып, мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы________________________ теңгенi құрайды.
_______________________________________________________________теңге.
           (сомасы жазбаша)
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы
_____________________________ теңгенi құрайды.
_______________________________________________________________теңге.
           (сомасы жазбаша)
      3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция деңгейiн ескере отырып, мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемiнiң сомасы
____________________________________________________________________
______________________________________теңге мөлшерiнде тағайындалсын.
           (сомасы жазбаша)
      4. Айырма төлемiнiң сомасын тағайындаудан бас тартылсын
____________________________________________________________________
             (негiздеме)
М.О. Департамент директоры____________________________ ______________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)
Басқарма (бөлiм) бастығы______________________________ ______________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)

Тағайындау жөнiндегi маман____________________________ ______________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)

____________________________________________________________________

Шешiм жобасы дайындалды:
М.О. ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы__________________________ ____________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)

ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы________________________________ ___________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)

Похожие:

Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы...
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconЗейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына...
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconМіндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі
Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын...
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconНақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысында және зейнетақы төлемдерінің алушысында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалатын...
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconЖинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconСұрақ: Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерімен есеп айырысу қалай жасалады? Жауап
Азақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 23-3-бабының 3-тармағына сәйкес кесте бойынша зейнетақы төлемдерінен аушыға ұсынылған...
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconМіндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң)
Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының...
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconҚазақстан республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң ҚҰрылымы
Жеке табыс салығын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын және жалақыдан алынатын өзге де ұстап қалуларды...
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Зейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница