Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы




Скачать 366.95 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы
страница1/3
Дата конвертации27.11.2012
Размер366.95 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3




Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы

2010 жылдың 13 тамыз №364 Астана қаласы
Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және

айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы
“Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиация персоналы киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелері бекітілсін.
2. Мыналардың:

1) “Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының м.а. 2004 жылғы 26 тамыздағы № 157 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3109 болып тіркелген);

2) “Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 26 тамыздағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 24 маусымдағы № 302 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5268 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 тамызда № 130 (1356) “Заң газеті” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау міндетті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің

міндетін атқарушы Д. КӨТЕРБЕКОВ.


   Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация министрі

міндетін атқарушының
20__ жылғы __________ №___

бұйрығымен бекiтiлген

Азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және

айырым белгілерін тағып жүру ережелерін бекіту туралы
1. Осы Азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру ережелері (бұдан әрi - Ережелер) азаматтық авиация авиациялық персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағу тәртібін белгілейді.

2. Осы Ережелерде қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:

1) авиациялық персонал - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;

2) жердегi авиациялық персонал – ұшу немесе қызмет көрсету экипажы мүшелерiнiң бiлiктiлiгi жоқ авиациялық персонал тұлғалары;

3) кокарда - авиациялық персоналдың бас киiмдерiне тағатын салалық немесе ведомстволық белгi;

4) командалық-ұшу құрамы - ұшу құрамының қолданыстағы куәлiгi бар және ұшу лауазымын атқаратын авиациялық персоналдың лауазымды тұлғалары;

5) ұшу-инструкторлық құрам - ұшу құрамының қолданыстағы куәлiгi, мамандығы бойынша инструкторлық жұмысқа рұқсаты бар және инструктор лауазымын атқаратын авиациялық персонал тұлғалары;

6) ұшу құрамы - белгiленген үлгiдегi әуе кемесiн немесе оның жабдықтарын басқаруға берiлген ұшу құрамының қолданыстағы куәлiгi және арнайы дайындығы мен тәжiрибесi бар авиациялық персоналдың тұлғалары: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер, бортрадистер;

7) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

8) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында және азаматтық пен эксперименттік авиация қызметінде басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

9) ұшу экипажының мүшесi – ұшу уақыты кезеңінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігі бар авиациялық персоналға жататын тұлға;

10) қызмет көрсетушi экипаждың мүшелерi - қолданыстағы куәлiгi және әуе кемесiнiң бортында қызмет көрсетушi құрамының тиiстi дайындығы бар авиациялық персоналдың тұлғалары: бортсерiктер, азаматтық авиацияның жолаушылар және жүк тасымалдау ұшақтарының бортоператорлары.

3. Киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағу құқығы осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының (бұдан әрі – ҚР АА) командалық-ұшу құрамы мен басқа қызметкерлеріне беріледі.

4. Киім үлгісі осы Ережелердің 2-қосымшасына байланысты киім үлгісінің бұйымдарын қамтамасыз ету нормалары мен тағу мерзімдеріне сәйкес беріледі.

5. Азаматтық авиацияның командалық – ұшу құрамы мен шаруашылық субъектілері – ұйым қызметкерлерінің (бұдан әрі - азаматтық авиация ұйымдары) киім үлгісі мен айырым белгілері осы Ережелерге сәйкес қолданылады.

6. ҚР АА ұйымдарының қызметкерлеріне киім үлгісі осы ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен анықталған нормалар мен тізбелерге сәйкес беріледі.

7. Киім үлгісі мен оның элементтерін тағу мерзімдері оны берген күннен бастап есептеледі.

8. Мыналарға рұқсат етiлмейдi:

1) киiм үлгісін кию және айыру белгiлерiн тағұға құқығы жоқ тұлғаларға оларды киюге;

2) киім үлгісі мен азаматтық киiм бөлiктерiн қатар киюге;

3) киім үлгісінің сырт көрiнiсiн бұзатын үлкен заттарды қалтасына салып жүруге.

9. Жазғы уақытта жоғары температура жағдайында командалық-ұшу құрамы өз функцияларын, сондай-ақ ұшу экипажы мүшелерінің функцияларын орындау кезінде жазғы жеңіл костюм киюіне рұқсат етіледі.

10. 1-қосымшада көрсетілген, азаматтық авиация құрылымына кіретін ұйымдар, оқу орындары авиациялық персоналының тұлғалары өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде осы Ережелерге сәйкес айырым белгілерінсіз киім үлгісін киеді.

11. Осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген ҚР АА авиакомпанияларының командалық - ұшу, ұшу және қызмет көрсету персоналының тұлғалары таңбасыз алмалы-салмалы айыру белгiлерiн - бiрiздендiрiлген (қысқартылған) погондарды тағып жүруі тиіс.

12. Киiм үлгісін киюге құқығы бар ҚР АА қызметкерлерiнiң лауазымдық санаттары бойынша берiлген жеңдiк және алмалы-салмалы иықтық айырым белгiлерiнiң (шеврондар мен погондар) табелi осы Ережелердің 3-қосымшасында көрсетiлген.

13. Командалық-ұшу құрамы ұшу экипажы мүшелерінің функцияларын атқарған кезде біріздендірілген (қысқартылған) погондарды тағуға рұқсат етіледі.

14. ҚР АА командалық-ұшу, ұшу және қызмет көрсету персоналдарының тұлғалары бас киiм және төс белгілерінде эмблема комбинациясын тағуға тиiстi.

15. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ҚР АА қызметкерлерінің сол жақ кеудесінде аты-жөні және тегі көрсетілген сәйкестендіру (айырым) карточкасы болуы қажет.

16. ҚР АА қызметкерлерінің киім үлгісінің сипаттамасы осы Ережелердің 4-қосымшасында көрсетілген.

17. Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк  қызметiнiң мамандарына арналған киім үлгісінің сипаттамасы және азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарына арналған айырым белгiлердiң сипаттамасы осы Ережелердің 5, 6-қосымшаларында көрсетілген.

18. Киім үлгісінің бұйымдары мен айырым белгілері ұқыпты және мұқият жасалған және осы Ережелердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Азаматтық авиация авиациялық персоналының

киім үлгісін кию және айырым белгілерін

тағып жүру ережелеріне

1-қосымша  

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
киiм үлгісін киюге құқығы бар қызметкерлерi
лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесi

1. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бiрiншi басшысы.

2. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бiрiншi басшыларының орынбасарлары.

3. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi авиакомпания инспекциясының бастығы.

4. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi авиакомпания инспекциясының инспекторлық құрамы.

5. Авиация жасағының командирi.

6. Авиация жасағы командирiнің орынбасары.

7. Авиация эскадрильясының командирi.

8. Авиация эскадрильясы командирiнің орынбасары.

9. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi дирекцияның бастығы.
      10. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы.
      11. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi инспекцияның бастығы.
     12. Ұшу-әдiстемелiк кабинеттiң бастығы.
     13. Ұшу құрамын оқыту қызметiнiң бастығы.
14. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi бөлiмнiң бастығы.

15. Тексеру бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары).
      16. Тексеру бөлiмшесiнiң ауысым бастығы.
      17. Күзет және бақылау бөлiмшесiнiң бастығы.

18. Күзет және тексерудiң инженерлiк-техникалық құралдары бөлiмшесiнiң бастығы.
      19. Авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң бастығы (оның орынбасарлары).
      20. Авиациялық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң ауысым бастығы.
      21. Аэровокзал кешенi қызметiнiң бастығы.
      22. Әуеайлақ қызметiнiң бастығы.
      23. Бортсерiктер қызметiнiң бастығы.
      24. Штаб бастығы-әуе кемесiнiң командирi.
      25. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң бастығы.

26. Жолаушыларға жерде қызмет көрсету қызметiн басқарушы.
      27. Бортмеханик-нұсқаушы.
      28. Бортсерiк-нұсқаушы.
      29. Әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi жетекшi инженер.
30. Техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жетекшi инженер.
31. Екiншi пилот.
      32. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметiнiң диспетчерi.
      33. Авиациялық тасымалдарды (халықаралық, жолаушылар, почта-жүк) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер.
      34. Тасымалдау қызметiнiң диспетчерi.
      35. Инженер.
      36. Борт инженерi.
37. Инженерлiк-авиациялық қызметтiң инженерi.

38. Инспектор.
      39. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспектор.
      40. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi инспектор.
      41. Ұшу-өндiрiстiк қызметтiң инспекторы.

42. Борт нұсқаушысы-жолсерiк.
      43. Тренажер нұсқаушысы.
      44. Әуе кемесiнiң командирi.
      45. Желiлiк пилот.
      46. Бортта тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi менеджер.

47. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi менеджер.

48. Ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер.
49. Техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер.
50. Коммерциялық авиация пилоты.
51. Пилот-нұсқаушы.
52. Әуесқой пилот.

53. Аға инспектор.
      54. Аға пилот-нұсқаушы.
      55. Ұшу стандарттары жөнiндегi aғa менеджер.
      56. Аға штурман.
      57. Авиация технигi.
      58. Ұшу ақпаратын өңдеу жөнiндегi техник.
      59. Теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi техник.
      60. Тренажерларды пайдалану жөнiндегi техник.
      61. Объективтi бақылаудың авиациялық жабдығын пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик).
      62. Әуе кемелерiн (әуе кемелерi жүйелерiн) пайдалану жөнiндегi авиация технигi (механик).
      63. Шеф-пилот.
      64. Штурман.
      65. Штурман-нұсқаушы.
      66. Штурман-оператор.
67. Тексеру агентi.
68. Жолаушылар авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi агент.
      69. Почта-жүк авиатасымалына қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi агент.
      70. Жолаушыларға жерде қызмет көрсету агентi.
      71. Техникалық жоспарлау жөнiндегi әкiмшi.
      72. Техникалық өндiрiс жөнiндегi әкiмшi.
      73. Сапа жөнiндегi әкiмшi.
      74. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi әкiмшi.
      75. Жедел басқару орталығы маманының ассистентi.
      76. Ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестiрушiнiң ассистентi.
      77. Диспетчердiң ассистентi.
      78. Ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi менеджердiң ассистентi.
      79. Жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi үйлестiрушi.
      80. Теңдестiру жөнiндегi үйлестiрушi.
      81. Бортсерiктер қызметiн үйлестiрушi.
      82. Экипаждарды үйлестiрушi.
      83. Ұшу құрамын оқыту жөнiндегi үйлестiрушi.
      84. Базалық техникалық қызмет көрсету жөнiндегi үйлестiрушi.

85. Планер және қозғалтқыштар жөнiндегi авиация механигi (техник).
      86. Аспаптар және электржабдығы жөнiндегi авиация механигi (техник).
      87. Радио жабдығы жөнiндегi авиация механигi (техник).
      88. Жанар-жағармай материалдарының авиатехнигi.
      89. Бортмеханик.
      90. Жүк ұшақтарының бортоператоры.
      91. Бортсерiк.
      92. Бортрадист.

Азаматтық авиация авиациялық

персоналының киім үлгісін кию және

айырым белгілерін тағып жүру ережелеріне

2-қосымша  
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
киiм үлгісін киюге құқығы бар қызметкерлерiн киiм үлгісімен қамтамасыз ету нормалары және бұйымдарды пайдалану мерзiмдерi


Нысанды киiм бұйымдарының  атауы

Бiр адамға арналған жиынтық немесе бұйымдардың саны

Кию мерзімі

Ұшу құрамы үшін

Кокардалы фуражка                             

1 дана    

2 жыл

Кокардалы қыстық құлақшын                      

1 дана    

3 жыл

Погонсыз бiрқаусырмалы кашемир пальто         

1 дана    

3 жыл

Алмалы-салмалы синтепонды және (немесе) терi астарлы, алмалы-салмалы кашемирлi және (немесе) терi жағасы бар бiрқаусырмалы маусымдық плащ-пальто                      

1 жиынтық    

3 жыл

Плащ-пальтоның алмалы-салмалы және суық күндерге арналған жылы капюшоны             

2 дана    

3 жыл



Екi жапсырма қалталы, жеңдi және
жеңсiз қысқа белдiкшелi погондары бар
тоқылған жемпiр                               

2 дана    

2 жыл

Жазғы жеңiл костюм (күртеше, екi шалбар,
қысқа жеңдi және жапсырма қалталары
бар екi жейде)                             

1 жиынтық    



2 жыл

Алмалы-салмалы жылы астары бар
желпiлдек-күртеше                             

1 дана    

3 жыл

Жартылай жүндi (микрогабардиндi) матадан
тiгiлген екi түймелi қосқаусырмалы
костюм (пиджак және екi шалбар).           

1 жиынтық    

2 жыл



Ұзын жеңдi және екi жапсырма қалталары
бар жейде                                     

2 дана    

2 жыл

Қысқа жеңдi және екi жапсырма қалталары бар жейде                           

2 дана    

2 жыл

Галстук-регат                                 

1 дана    

2 жыл

Кашемир шарф                                  

1 дана    

2 жыл

Алмалы-салмалы иыққа тағатын айыру
белгiлерi (погондар)                          

4 дана    

2 жыл



Мамандықты бiлдiретiн төс белгiлерi     

2 дана    

2 жыл

Дөңгелегi бар чемодан-сөмке                      

1 дана    

2 жыл

Бортсерiктер мен бортоператорларға (ер адамдарға)







Кокардалы фуражка                             

1 дана    

2 жыл

Кокардалы қыстық құлақшын                      

1 дана    

3 жыл

Алмалы-салмалы синтепонды және (немесе)
терi астарлы, алмалы-салмалы кашемирлi
жағасы бар бiрқаусырмалы маусымдық
плащ-пальто                                

1 жиынтық    

3 жыл

Жартылай жүндi (микрогабардиндi) матадан
тiгiлген үш түймелi бiрқаусырмалы костюм
(пиджак және екi шалбар)                   

1 жиынтық    

2 жыл

Ұзын жеңдi және жапсырма қалталары бар жейде                                     

2 дана    

2 жыл

Қысқа жеңдi және жапсырма қалталары бар жейде                                     

2 дана    

2 жыл



Галстук-регат                                 

1 дана    

2 жыл

Шарф                                          

1 дана    

2 жыл

Иыққа тағатын белгiлер (аға БП,
инструктордың погондары)                      

4 дана    

2 жыл

Төс белгiлер                     

1 дана    

2 жыл

Дөңгелегi бар чемодан-сөмке                   

1 дана    

2 жыл

Алжапқыш (бортсерiктерге)                     

1 дана    

2 жыл

Бортсерiктер үшiн (әйелдерге)







Алмалы-салмалы капюшоны, жүндi астары
бар маусымдық бiрқаусырмалы пальто            

1 дана    

3 жыл

Кокардалы қыстық қалпақ (капюшон-шарфымен)     

1 дана    

3 жыл

Алмалы-салмалы капюшоны бар плащ           

1 дана    

3 жыл

Жартылай жүндi матадан тiгiлген үш
түймелi бiрқаусырмалы костюм (жакет,
шалбар, жилет, белдемше)                   

1 жиынтық    

2 жыл

Қысқа жеңдi әйел жейдесi              

4 дана    

2 жыл

Жейдеге тағатын галстук-бант                  

2 дана    

2 жыл

Шарф                                          

1 дана    

2 жыл

Иыққа тағатын белгiлер (аға БП,
инструктордың погондары)                      

4 дана    

2 жыл

Төс белгiлер                     

1 дана    

2 жыл

Дөңгелегi бар чемодан-сөмке                   

1 дана    

2 жыл

Алжапқыш

1 дана    

2 жыл

Жердегi персоналға (әйелдерге)







Алмалы-салмалы капюшоны, жүндi астары
бар маусымдық бiрқаусырмалы пальто            

1 дана    

3 жыл

Қысқы қалпақ (капюшон-шарфымен)             

1 дана    

3 жыл

Алмалы-салмалы капюшоны бар
бiрқаусырмалы плащ                            

1 дана    

3 жыл

Жартылай жүндi матадан тiгiлген үш
түймелi бiрқаусырмалы костюм (жакет,
шалбар, жилет, белдемше)                   

1 жиынтық    

2 жыл

Қысқа жеңдi әйел жейдесi                      

4 дана    

2 жыл

Иыққа тағатын белгiлер (қажетiне қарай)       

4 дана    

2 жыл

Шарф                                          

1 дана    

2 жыл

Жейдеге тағатын галстук-бант                  

2 дана    

2 жыл

Алжапқыш                                      

1 дана    

2 жыл

Жердегi персоналға (ер адамдарға)







Фуражка                             

1 дана    

2 жыл

Қыстық құлақшын                      

1 дана    

3 жыл

Синтепонды немесе жүн астары,
алмалы-салмалы кашемирлi жағасы бар
бiрқаусырмалы маусымдық плащ-пальто        

1 жиынтық    

3 жыл

Жартылай жүндi матадан тiгiлген үш
түймелi бiрқаусырмалы костюм (пиджак
және екi шалбар)                           

1 жиынтық    

2 жыл

Ұзын жеңдi және жапсырма қалталары
бар жейде                                     

2 дана    

2 жыл

Қысқа жеңдi және жапсырма қалталары
бар жейде                                     

2 дана    

2 жыл



Иыққа тағатын белгiлер (қажетiне қарай)       

4 дана    

2 жыл

Галстук-регат                                 

1 дана    

2 жыл

Шарф                                          

1 дана    

2 жыл

_______________________________________________________________

Азаматтық авиация авиациялық персоналының

киім үлгісін кию және айырым белгілерін

тағып жүру ережелеріне 3-қосымша  
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 14 наурыз №138 Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №95 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №95 бұйрығы
Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 маусым №352 Астана қаласы «Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы»
Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2012 жылғы 23 маусымдағы №352 бұйрығы
Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011
Акт дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында...
Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 6 сәуір №197 Астана қаласы Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз»
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 19 тармақшасын іске асыру...
Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану
Азақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы №87 бұйрығы
Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы
Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы
Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі...
Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы icon2012 жылғы № Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылға арналған операциялық жоспары
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасының көлік және комуникация министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Осы Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі Критерий) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница