Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!




Скачать 81.47 Kb.
НазваниеАйыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!
Дата конвертации27.11.2012
Размер81.47 Kb.
ТипДокументы
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Құрметті ауыл тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі әкімдердің есебі жүреді.

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес, сіздерге 2011 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға қойылатын міндеттері туралы әкім есебін назарларыңызға ұсынамын.

Округ әкімінің есеп беру кездесуіне Ұлан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Д. Ибраимова қатысып отыр.

Округ бойынша тұрғындар саны – 3232 адам, Айыртау ауылында -520 аула, тұрғыны - 2283 адам, Ново-Канайка ауылында-170 аула, тұрғыны - 949 адам.

Округ бойынша жалпы оралмандар -79 жанұя, 447 адам. Олардың ішінде: МХР-нан 55 жанұя, 316 адам, Өзбекстаннан - 10 жанұя, 57 адам, ҚХР–нан 12 жанұя, 56 адам.
Округ бойынша өнеркәсіпті 2 наубайхана табыстауда. Олар: «№ 3 Хлебозавод» ЖШС-і, директоры М.Н. Уразбаев, Ново-Канайка ауылында шағын наубайхана, жеке кәсіпкер Нуршайхов Е.К

Өткен 2011 жыл бойынша «№3 Хлебозавод» ЖШС-імен сауда орындарында 1 нанның бағасы 40 теңге, бір жыл ішінде 1 сұрыпты 390 975 нан пісірілді, 103 706 қоңыр нан 50 теңгеден оған қоса жылына үгілмелі қамырдан 32 384 дана 25 теңгеден пісіріледі, ашытылмаған қамыр жылына 65 911 дана 15 теңгеден сатылады. Сонымен қатар Өскемен қаласынан түрлі нан, тоқаш және тәтті кондитерлік бұйымдар әкелінеді. Сондықтан біздің кәсіпкерлердің осы бағытта өнеркәсіп қорын нығайтуларына барша мүмкіндік бар.
Округіміздің басты бағыты ауылшаруашылығы болып табылады. Округ аумағында 76 ауыл шаруашылық құрылымдары орналасқан: 1-ЖШС-і және 75-шаруа қожалығы Шаруа қожалықтарының 3-інде 100 га-дан астам егістіктері бар, олар жалпы ауыл шаруашылық құрылымдарының 66 пайызын құрайды.

2011 жылдың 1 желтоқсанына қарай жеке шаруашылықтарда немесе жеке аулаларда ірі қара мал 2732 бас, оның ішіндк сиырлар – 1165 бас, шошқа – 261 бас, жылқы - 1196 бас, қой саны - 5927 бас, ешкі саны-599 бас, құстар -989 бас, оның ішінде тұрғындарда ірі-қара мал-1822 бас, ұсақ мүйізді мал -3349 бас. сонымен қатар тұрғындар шаруашылығында -3518 центнер ет, 21635 центнер сүт, 58000 дана жұмыртқа өнімдері өндіріледі.

Округтің жалпы жер көлемі 42 629 га құрайды. Ауыл шаруашылығына негізделген жер 27952,9 га, соның ішінде егістік - 8410,1 га, шабындық-1288 га, жайылым -14088,4 га, Банитет балы -18 құрайды. 2011 жылы 1488 га дәнді-дақылдар егілді. Жалпы бидай 1га-дан 8 центнерді құрайды, күнбағыс 416 гектар отырғызылған, жиыны 1944 центнерді құрайды. Олар: «Степное» ш/қ. иесі - Бельчуевскиий – 1188 га бидай, «Алина» ш/қ басшысы Раев- 300 га бидай, күнбағыс – 336,7 га, «Төртқара» ш/қ басшысы Қонтарбаев- 80 га күнбағыс екті.

«Бейсханова» ш/қ. асыл тұқымды ірі қара малды алу үшін 5 млн. теңге көлемінде субсидия алды, мал шаруашылығына «Дина» ш/қ. 764,1 мың теңге көлемінде субсидия және «Ислам» ш/қ 2 млн.769 мың теңге көлемінде субсидия алды. Округ бойынша 8 млн.533,1 мың теңге субсидия алынды.

Ауыл шаруашылығы бойынша сұрақты аяқтай келе, келесі ш/қожалықтарына алғысамызды білдіреміз: «Рагызбаев» ш/қ. басшысы Жұмабек Рагызбаев - өрт сөндіруде көмегі үшін, «Колос» ш/қ. Сергей Жарковқа, «Атамекен» ш/қ. басшысы Сагындыков Кәдір өрт сөндіруде техникаларымен көмекке келді. Айыртау ауылының 2 отбасында өрт болғанын білесіздер, балалардың ойынынан шөп өртенді, ол: Маней Бакирада 9 тонна, Хизат Шегірде 15 тонна шамасында шөп. Ш/қ. басшылары К.Сагындыков, Е.Өмірзақов, Ж.Токшаринов, әкімшілік қызметкерлері, клуб қызметкерлері, ауыл тұрғындары- С.Агзамова, Байқазан Нүкей, Мейрам Серік, Жұмабек Үйімбек, Жұмабек Талапхан, Таменов Болат, Ордебай Қайрат, Алькенов Ғайнолла, Жанабеков Жұмақан, Айтуаров Марат, аудан маслихатының депутаты Қатира Молкубаевалардың көмегімен көмек көрсетілді.
Шағын бизнес
Округ аумағында 17 шағын бизнес субъектілері тіркелген – олар: 13 дукен, 1 шаштараз, 1-ТЖО (СТО), 1- ұлттық киім тігу шеберханасы. Инфляциялық үрдісті тұрақтандыру үшін субъект басшыларымен сауда үстемесі 10 пайыздан аспауы туралы мемерандум жасалды. Сонымен қатар апта сайын басты қажетті өнімдерге баға мониторингі жүргізіледі.
2011 жылғы бюджет
2011 жылы Айыртау ауылдық әкімшілік аппаратының функционалдық қызмет етуіне және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін аудан бюджетінен 9 млн 411 мың теңге қаржы бөлінді.

Көше жарығын ұстауға және электр қуатының төлеміне 456,мың теңге бөлінді, оның 259 мың теңгесі көше жарығының сымдарының жөндеу жұмысына және жарық шамдарын алғанға жұмсалды. Және де 197,0 теңге қолданған электр қуатының жарығына төленді.

Округтің санитарлық тазалығына 100,0 теңге бөлінген.

Елді мекендерді көріктендіру және безендендіруге 600,0 теңге, оның ішінде Айыртау ауылының Абай, Пушкин, Тохтаров, және Танабаев көшелерінің су жолдарының арналарын жөндеу жұмысына 500,0 теңге бөлінді. Барлық бөлінген бюджет қаражаты толығымен игерілді.
Әлеуметтік қорғау
Жыл басынан бастап қоғамдық жұмыста 27 адам: ауру және карт адамдарды күту, аумақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, мерзімдік жылыту жұмыстары, үлкен және кіші көпірлерді, өзендерді тазалау, қоғамдық тәртіп жұмысына, тұрғылықты жер бойынша балалар мен жасөспірімдердің демалуын ұйымдастыр, мектеп асханасындағы қосалқы жұмыстарға қамтылды. Жұмыссыздар ішінен 5 адам жұмыска орналасты, "Жол картасы» бойынша жаз уақытында Өскемен каласының әр ұйымдарында 32 адам жұмыс аткарды. Герсимовка ауылының шаруа кожалығында 12 адам көкөніс жинау жұмысымен айналысты.

- 2011 жылы округте мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек 8 адамға көрсетілді, оған 366,797 теңге қаражат жұмсалды.

- 18 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 883,494 теңге, 56 адамға тұрғын үй көмегіне 672,349 теңге қаражат бөлінді.

2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде 4 адам қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқу оқыды, 4 жасөспірім кәсіптік оқуларында» оқып жатыр. Әрлендіру (дизайнер по профилю), мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеку және оқыту, хатшы-референт, ЭЕМ операторы, аспазшы, есепші мамандықтары бойынша.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік пен мал шаруашылығын дамыту үшін 3 жеке кәсіпкерге 3 млн. теңге несие бөлінді.

Округ аумагында бір Ұлы Отан соғысының ардагері жане 59 тыл енбеккері тұрады, 3 ауған соғысына қатысушы, 1 Чернобыль апатына қатысушы, 1 топ мүгедегі 3 адам, 2 топ мүгедегі 111 адам, 3 топ мүгедегі 47 адам.

Округте 292 зейнеткер, мемлекет жыл бойы 105 мл.90000 теңге. Сонымен қатар әртүрлі жәрдемақылар, арнаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы көмегі, тұрғын үй көмегі, бюджет жұмысшыларының еңбекақысы: Гагарин орта мектебінің 67 мұғалімдер мен тех персоналының еңбекақысы жылына 43 млн.567000 теңге Қанай орта мектебінің 39 мұғалімдері мен техперсоналының еңбекақысы жылына 23 млн.теңге, Ново-Канайка ауылында орналасқан ОПА-ның 217 қызметкерлеріне 145 млн.742000 теңге қаражат жұмсалды.
Білім
Айыртау ауылдық округінің аумағында 2 орта мектеп орналасқан: «Гагарин орта мектебі» ММ және «Қанай орта мектебі» ММ, оларда 357 оқушы оқиды Гагарин орта мектебінде 259 оқушы, Қанай орта мектебінде 98 оқушы оқиды.Гагарин атындағы орта мектебінде мини центр ашылған, оған 41 мектеп жасына дейінгі балалар қатысады, оның ішінде 25 бала 8 сағаттық, 16 бала 4 сағаттық тобында.

2011 жылы округ бойынша 28 түлек мектеп бітірді, оның төртеуі грантқа бітіріп, арнаулы орта оқу орындарында оқиды. Гагарин орта мектебі бойынша орташа балл 88,3 құрайды. Бүгінгі күні мұғалімдер штаты толық іріктелген. Ұстаздардың мамандық деңгейі: жоғары дәрежелі 7 мұғалім, 16 мұғалім бірінші дәрежелі, 8 мүғалім екінші дәрежелі, 2 мұғалімнің дәрежесі жоқ. Мектепте техникалық жағдай жасалған, 48 компьютер бар, біреуі ғаламторға қосылған.

Қанай орта мектебі бойынша орташа балл 87,7, бүгінгі күні мұғалімдер штаты толық іріктелген. Ұстаздардың мамандық деңгейі: 7 мұғалім бірінші дәрежелі, 6 мұғалім екінші дәрежелі, дәрежесі жоқ 8 мұғалім.Бүгінгі күні төменгі сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, міндетті түрде бал, көкөніс түрлері енгізілген. Округ бойынша ыстық тамақпен 136 бала қамтылған.
Медициналық қызмет көрсету
Округ аумағында 7 медицина қызметкерлері бар, бір дәрігер, 6 адам орта медициналық білімімен., 2 медициналық мекеме: 1 дәрігерлік емхана, 1 – фельдшерлік пункт. Тұрғындарға қызмет көрсететін 1 санитарлық автокөлік бекітілген. Өткен жыл бойы 49 бала дүниеге келді, 18 адам қайтыс болды.

Дәрігерлік емхана Айыртау ауылдық округінің Айыртау ауылында орналасқан, аудандық орталық ауруханасымен ара-қашықтығы 70 км. Ново-Канайка ауылында бір фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Сартынбет, Түкүл, Ұзын-Бұлақ учаскелеріне көшпелі қызмет көрсетіледі. Дәрігерлік емханада тіркеуде

1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар - 248

жасөспірімдер - 101

егде тұрғындар - 2107 адам

әйелдер - 778

Инфрақұрылым
Округтің екі ауылында ұзындығы 8,2 шақырым су құбырлары бар. Осы су құбырларының «Уланская МТС» ЖШС-не 4,8 шақырымы қарасты, 118 ауланы, 370 адамды сумен қамтамасыз етеді. Әкімшілікке қарасты 1,9 шақырым жері 2002 жылы 8 млн. теңгеге салынып, 43 ауланы қамтамасыз етеді. 359 аула су құбырымен қамтылмаған. 3 отгон учаскелері суды шаруа қожалықтарына қарасты өзі құйылатын құдықтардан қолданады.

Судың бағасы 2010 жыжы антимонополия комитеті бұйрығымен бекітілді.

Сумен қамтамасыз ету бойынша шешілмеген су мәселесі аз емес: Целинный, Жанабеков, Клубная, Абай, Оразгалиев, Панфилов көшелерінің кей тұрғындарында құдықтары бар болғанмен, тұрмыста қолданысқа жарамсыз, судың сапасы талабына сәйкес емес.

2012-2015 жылдарға Стратегиялық даму бағдарламасы бойынша су жүйелері жаңартылады.

Ново-Канайка ауылы бойынша 1,5 шақырымдық су құбыры ОПА-ның балансында. Осы су құбырымен ауыл тұрғындары қолданады, жаз уақытында аурухананың бөлімшелеріне су жетіспеуі жиі болып тқрады.
Жолдар жағдайы
2011 жылы Ұлан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы «Айыртау-Ново-Канайка» жолдары ағымды жөндеу жұмысы жасалды. Жұмсалған қаражат 2 млн.375000 теңге. 2012 жылы «Айыртау-Ново-Канайка» жолдарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарда.

Айылдық округтің Айыртау ауылында АТС филиалы тұрғындарға қызмет көрсетеді, 320 абонентке есептелген, 364 абонент қойылған. 62 радиотелефон орнатылған.

Ново-Канайка ауылында сыммен 135 телефон, радиотелефон 13 орнатылды.
Құқық қорғау
Айыртау ауылдык округіне УПИ ага лейтинант Д.К.Елеусизов кызмет көрсетеді. Кызмет көрсету аумағында округке қарасты 5 елді мекен бар: Айыртау, Ново-Канайка ауылдары, учаскелер: Түкүл,Ұзын-Бұлақ, Сартынбет.

2011 жылдың 12 айы бойы бірталай мақсатты іс шаралар өткізді. Ұлан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 1 адам ақылы қоғамдық жұмыста жұмыс істеп, қоғамдық тәртіп күзетінде көмек көрсетті.
Қоғамдық жұмыстар
Округте 2 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Олар: Ардагерлер кеңесі және Әйелдер кеңесі. Бұл ұйымдар тұрақты өз жоспарлары бойынша жиындарын өткізіп тұрады.21 жасқа дейінгілерге ішімдік бұйымдары сатылмау керектігі жайлы учаскелік полиция инспекторымен бірлесе құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша реидтер жүргізіліп тұрады.

2011 жыл бойы заңды тұлғалардан 1 арыз түсті, жеке тұлғалардан 18 арыз-өтініш түсті.

Өтініштердің мінез-сипаты:

  1. 1 өтініш – кіші-гірім наубайхана салу

  2. 1 тұрғын үй салу

  3. 16 тұрғын үйлер орналасқан жер телімдерін заңдастыру жайлы.

Заңға сәйкес барлық арыз-өтініштерге жауап беріліп, қанағаттандырылды.

ШҚО әкімінің тапсырмасын орындауда:

Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша ШҚО әкімі жариялаған 2 айлық кезеңінде округте сенбіліктер өткізілді. «Восток» ш/қ техникасы қоқыс шығару тасымалымен айналысты, 1 тасымалы 1000 теңге.

Ново-Канайка ауылында облыстың психиатриалық ауруханаға қарасты техникасы көмек көрсетті. Округ бойынша көгалдандыру, санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, 11 шақырым көшелер мен жолдар, 0,10 га скверлер мен алаңдар, 4 су тартқылардың қоршауы тазартылып, су бұратын белдеулер көтеріліп жөнделді. Көп жылғы тазартылмаған қоқыстар шығарылып, 2 этажлы иесіз бос қалған үйлер маңайы тазартылды. 65 тонна қатты қоқыс шығарылды.

Мектептер, мәдени ошақтар, Обелиск маңайы, әкімшілік ғимараттары маңайында 30 қарағай, 30 қайың көшеттері, 26 бұталар, 41 гүлзарлар отырғызылды.

«Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты аудандық жастар марафонына 15 жасөспірім қатысып, жасыл желектерді, жасалған гүлзарларды күту, Обелиск маңайынабаттандыру, су қоймаларының, Ұлан өзені маңайларын тазарту жұмыстары жүргізілді.Айыртау, Ново-Канайка ауылдырындағы қатты тұрмыстық қалдықтар орындары тазартылды.

Похожие:

Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! iconТаврия ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
...
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! icon2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мм жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын,...
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! iconҚұрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! iconАзовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған,адам саны 1037
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары! iconАлмасай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті жерлестер! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстар жайындағы есебі»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница