Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!




Скачать 103.83 Kb.
НазваниеАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Дата конвертации27.11.2012
Размер103.83 Kb.
ТипДокументы
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында 2010 жыл бойы Айыртау округінде атқарылған жұмыстар туралы есебімді сіздердің назардарыңызға ұсынамын.

Округ көлемі – 42629 гектар, оның ішінде: ауыл шаруашылық жерлері – 27952,9 гектар, тұрғылықты жердің көлемі – 3924 гектар.

Ауылдық округ бойынша 700 аула бар, оның ішінде Айыртау ауылында 520, Ново-Канайка ауылында 180 аула бар. Тұрғындар саны – 3234 адам, оның ішінде 2296 Айыртау ауылында, 938 Ново-Канайка ауылында. Округ бойынша соғыс ардагерлердің саны – 2, тыл еңбеккерлері – 63. Зейнеткерлер – 366.

Монғол Халық Республикасынан - 46 отбасы, 303 адам. Өзбекстаннан – 12 отбасы, 71 адам және Қытай Халық Республикасынан – 9 отбасы, 49 адам келген. Барлық оралмандар отбасы саны – 68, адам саны 486 адам бар. 2010 жылы 3 отбасы қоныс аударды, 2 отбасы МХР-нан және 1 отбасы ҚХР-нан.

Округте екі орта мектеп бар. Оқушылар саны 343. Гагарин атындағы орта мектебі бойынша оқушылар саны 255. Білім сапасы – 28% Оның ішінде 4 оқу озаты және 55 оқу екпіндісі бар. 5 сыныптан бастап бағдарлама бойынша ағылшын тілі оқытылады. Мектеп алды даярлық тобында - 18 бала. Гагарин атындағы орта мектебінде ашылған шағын орталыққа 22 бала қатысады. Бір балаға төлем ақысы айына - 4500 теңге және ашылған тағы бір топқа 25 бала 3 сағатқа қатысады. Осы шағын орталықтағы бүлдіршіндерге 2010 жылы мектеп түлегі Умурзаков Ермек 20000 теңге, Токшаринова Л.А. шағын орталыққы клем әперді, жеке кәсіпкер – Нұрханова Алғиза 5000 теңгеге көмек көрсетті және де жеке кәсіпкер: Агзамова Сұлухан мектеп жөндеу жұмысына 30 литр алифа әперіп көмегін тигізді.

Керекті жиһаздардың барлығы түгелдей алынды, оған бюджеттен - 300 мың теңге бөлінді. Мектеп толық компьютерленген, интернетке енгізілген, толық жабдықталған, физика, химия және мультимедия, биология және өзін-өзі тану кабинеттері жұмыс істейді.

Қанай орта мектебі бойынша оқушылар саны 98, оның ішінде 12 озат оқушы, 26 оқу екпіндісі бар, білім сапасы – 45,2 %. «5+1» компьютерлік орталық жұмыс істейді. Қанай орта мектебіне Даменовтар отбасы 1-11 сынып үздік оқушыларына Минай Даменов атындағы 15000 теңгенің стипендиясын жылда сыйлайды.

2010 жылы екі мектепте жаз мезгілінде ағымды күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта екі мектептің іші жылы, оқушыларымыз жылы мектептерде білім алып жатыр.

Для обслуживания населения округа имеется семейно-врачебная амбулатория, где работают 1 врач – Нугманов Муратхан Нугманович, 6 средние медицинские работники, один фельдшерский пункт (ФП) в селе Ново – Канайка. Под здание ФП на средства областного бюджета был приобретен частный дом. В 2010 году по программе «Дорожная карта» был произведен капитальный ремонт на сумму 3 млн. тенге с областного бюджета.

В зданий амбулатории села Айыртау работает аптечный киоск. Фармацевт - Федько Л. Г. отпускает лекарства с 5% надбавкой 20 семьям из многодетной и инвалидам.

В семейно-врачебной амбулаторий проводятся клинические анализы, имеется санитарная машина.

Апта сайын сәрсенбі күні амбулаторияда Ұлан ауылының терапевті түске дейін қабылдау жасайды. Үш айда бір рет донор күні өткізіледі. Қан тапсырған адамдарға қолма–қол 1000 теңге ақша мен демалыс күні беріледі. Қан тапсырушылардың саны жылдан жылға көбейуде. 2010 жылы 120 адам қан тапсырды.

Услуги связи населению оказывают АО «Казахтелеком» и АО «Казпочта».

Ауылымызда ашылған жаңа «Қазпошта» ғимаратының іші қазіргі талапқа сай жабдықталған.

«Казахтелеком» акционерлік қоғамы 2010 жылы Айыртау ауылына қосымша 77 терминал, Ново–Канайка ауылына 12 терминал орнатты. Осыған байланысты Айыртау ауылында - 357, Ново–Канайка ауылында 170 абонент бар.

Биылғы жылы округте мал басы: 2732 бас ірі қара мал, 7965 қой мен ешкі, 1155 бас жылқы және 261 бас шошқа бар. Құстар саны: 982

2010 жылғы Республика бюджетінен қауыпты және аса қауыпты ауруларға қарсы шараларға Айыртау округіндегі ауыл шаруашылық малының жұқпалы ауруларға қарсы егуге және қан алуына Республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Бөлінген қаражат толық игеріліп, округ бойынша 3116 бас ірі қара 11708 бас ұсақ мүйізді мал сарапқа тексеріліп, 6 бас ірі қара, 16 бас ұсақ мал оң нәтиже көрсетіп, дер уақытында сойылып, шұжық цехына өткізіліп мал сарып ауруынан тазартылды.

Округ бойынша 2010 жылға – 76 шаруа қожалығы, екі жауапкерлігі шектеулі серіктестік (ЖШС) бар. Ең ірі шаруа қожалықтары: «Альбина», «Дина», «Қаба», «Бейсханова». Осы шаруашылықтарда «Байыс» тұқымына ұсақ малдарды көбейту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Дина» шаруа қожалығы асыл тұқымды «Джабе» 245 жылқы басын және қазақтың қылшық жүнді құйрықты 1700 бас қойларын көбейту үстінде. «Бейсханова» шаруа қожалығы 30 бас «Сементал» асыл тұқымды малдар әкелді

«Степное» шаруа қожалығы -950 га бидай, «Алина» шаруа қожалығы – 536,7 га бидай, 100 га күнбағыс отырғызды. «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғындарды ауыз сумен, көмірмен, жеммен қамтамасыз етеді.

2005 жылдан бастап «Шығыс сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүт қабылдайды. Сүттің тапсыруына байланысты әр отбасы және шаруа қожалықтары ай сайын 12 мыңнан 45 мың теңгеге дейін кіріс түсірді. Сүттің бағасы жазғы уақытта 25-45 теңгеге дейін құралды.

Ірі қара малды ұрықтандыру пункті жұмыс істеп тұр. Сиырды қолдан ұрықтандыру бағасы бір мың теңге. Бордақылауға қойылған ірі қара малдың 1,5 жастағы өгізшенің таза етінің салмағы 220 кг болса, «Алатау» тұқымы сиырының күнделікті сүті - 22 литр.

Округте үш шағын мал бордақылау алаңшалары ұйымдастырылған:

1. Таменов Ербол – 28 бас ірі қара мал

2. «Бейсханова» шаруа қожалығы – 30 бас ірі қара мал

3. «Чайко» шаруа қожалығы – 150 бас шошқа.

Барлығы 3 шаруа қожалығы 58 ірі қара мал, 150 бас шошқа бордақылауға қойып, жоспарда осы жұмыс жүргізіліп, ары қарай бордақылауға қойған мал санын көбейтуде. «Қаба», «Дина» шаруа қожалықтары 2010 жылы мал сою алаңдарын ашты.

Жеке кәсіпкер – Касина Баян «Ер-Ұлан» дүкенінде әлеуметтік бұрыш ашып, 22 аз қамтылған отбасыларына өз бағасымен азық түлік тауарларын босатады.

Округ бойынша Айыртау ауылында бір наубайхана, Ново–Канайка ауылында шағын наубайхана жұмыс істеуде. Айыртау ауылының наубайханасының қазіргі кезде нан бағасы 40 теңгеден сауда нүктелеріне босатылады және 17 түрлі нан өнімдері шығарылады. Бұл наубайханада 18 жұмыс орны қамтылған.

Ежегодно уровень безработицы у нас по округу снижается. Трудоспособное население округа трудоустраивается.

В Областной психиатрической больнице с. Ново - Канайка работает 258 человек, на птицефабрике «Усть-Каменогорская» - 125 человек, подвоз которых производится за счет «Усть-Каменогорской птицефабрики». За 2010 год на Усть-Каменогорскую птицефабрику устроились на работу 22 человека, это: Сулейменов Фархат, Рашидов Руслан, Шибут Инна, Жолдасбекова Рыскул, Тастенова Бибигуль, Жарылкасынов Жеңіс, Кусаинов Мадияр, Нестерюк Андрей, Баубеков Тимур и др.

На экплуатации железной дороги работают 25 человек. Некоторые жители села работают в городе Усть-Каменогорске.

Через районный отдел занятости в 2010 году на общественных работах работали – 29 человек, в том числе на охране общественного порядка, противопаводковые работы, организации досуга детей, по уходу за престарелыми и больными, сезонно-отопительные работы в бюджетных организациях, побочные работы в школьных столовых, благоустроиство и саночистка. Обучались от центра занятости 1 человек на повара и 1 человек на парикмахера. Из числа ранее состоявщих на учете в центре занятости трудоустроились – 3 человека, на 1 января 2011 года на учете

5 безработных.

2010 жылғы желтоқсан айынан округтің учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Д. К.Елеусизов жұмысқа кірісті. 2010 жылы қылмыс және құқық бұзушылық туралы 4 лекция оқылды, 4 дөңгелек үстел өткізілді. Айыртау ауылында – 4, Ново–Канайка ауылында – 3.

В селе Айыртау и Ново-Канайке имеются сельский клуб и библиотека, в клубах в летнее время проводятся летний досуг детей, работают кружки танцевальный, домбровый. Текущий ремонт клубов и приобретение костюмов проводится за счет платных услуг населению т.е. аренды помещения клуба на разные мероприятия.

Барлық мемлекеттік мейрам күндері салтанатты түрде аталып өтеді, әр мейрамға көмек көрсету бойынша демеушілермен меморандум жасалған. Төртінші жылға оралды «Наурыз мейрамы» көше-көшеге бөлініп өткізіледі. Ново-Канайка ауылында аналарға арналып жасалған «көгілдір отқа» жеке кәсіпкер 9 мамыр - Жеңіс күні соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналып өткізілген көгілдір отқа: Облыс мәслихатының депутаты Р.Ж. Рахимова 10000 теңгеге, «Хлебозавод № 3» ЖШС-гі нан өнімдерінің әр түрлерімен, Ново-Канайка ауылында ЖК- Сахариев Сабырбай – 10000 теңгеге дастархан жайғанға демеушілік жасады.

1 маусым - Балаларды қорғау күні жеке автокөлік жүргізушілері мен клуб меңгерушісі Қ.М.Молкубаеваның демеушілігімен сайысқа қатысқан балаларға ойыншықтар мен сыйлықтар таратылды.

1 қазан қарттар мен мүгедектер күніне Айыртау ауылының қарттарына жайылған дастарғанға жеке кәсіпкерлер: Ж. Сагандыкова, Г. Нургалиева, Ж. Рагизбаев, А. Нұрханова демеушілік көрсетті.

Ал Ново-Канайка ауылында «Бейсханова» шаруа қожалығының иесі Шынар Бейсханова мен Сахариев Сабырбай 60 жастан асқан 60 қарттар мен мүгедектерге 7000 теңгеге демеушілік көрсетіп, көгілдір от ұйымдастырды.

Жеке кәсіпкер «Нурханова А.» өз дүкенінде 46 теңгеден әлеуметтік ұн сатады.

Жеке кәсіпкер – Касина Баян өз қамқорлығына 3 көпбалалы отбасын қамқорлыққа алып, жыл бойы көмегін көрсетеді.

Жеке кәсіпкер – шаштараз - Канапина Роза 13 аз қамтылған, соғыс ардагерлеріне тегін ай сайын шаштарын алып, көмегін көрсетеді. 2011 жылға тағы да 10 аз қамтылған, көпбалалы отбастарына көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Ұлан ауданы мәслихатының депутаты, Айыртау ауыл клубының меңгерушісі - Қ.М.Молкубаева бір жетім балаға оқу жылы басталарда аяқ-киім алуға 5000 теңгеге демеушілік жасады.

Мәдени-спорттық және көрнекті іс-шаралар туралы айта кетсек Айыртау ауылының клубында вокал тобы «Надежда», «Әжелер» тобы, драма, эстрада үйірмесі жұмыс істеуде. Бұл үйірмелерге 67 адам қатысты. 2010 жылы 123 мәдени шара өткізілді. Айыртау ауылындағы мектепке дейінгі балалардың шыршасына әкімшілік және «Колос» шаруа қожалығының басшысы М. С. Агзамов демеушілік жасады. «Надежда» тобы мерекелерде қатысып бүкіл облыс бойынша танымал.

2010 жылы жеткен жетістіктеріміз, облыстық «Наурыз аруы» байқауында ауылымыздың Аина Камалқызы жүлделі 3 орынға ие болса, аудандық «Жас талант» байқауында Назым Ахметова 1-ші орынға ие болды. Жеңімпаздың киім кешегіне Қ. М. Молкубаева 7000 теңгемен демеушілік көрсетті.

Подтвердили звание «Народный» вокальная группа «Надежда», защитили звание «Народный» драматический кружок. Осы драма үйірмесінің жетекшісі Әскербек Қайырхановтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні 16 желтоқсанда ауыл клубында ауыл жастары қамтылған «Тәуелсіздік ақ таным» атты көрініс қойылды және аудандық мәдениет үйінде драма үйірме спектакль тәуелсіздік күніне арнады.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні «Елдігіміз жараса берсін» атты шараға округте тұрып жатқан әр ұлт тұрғындары өз өнерлерін көрсетті.

Ауыл клубында драма, домбыра, мәнерлеп оқу, эстрадалық үйірмелер Би, қол өнер, теннис, дойбы, шахмат үйірмелері үнемі жұмыс істеуде.

Айыртау ауылдық кітапханасында кітап қоры-7046 дана кітап, жылына 400-ден аса оқырманға қызмет көрсетті, 10000 астам кітап берілді. Кітап қоры 2010 жылы 412 дана жаңа кітаппен толықтырылды. 28 атаулы газет пен журналдар бар. Оқырмандар саны – 496, келу саны – 3043, кітап беру – 11731

Кітапханада оқырмандармен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып соғыс және тыл еңбеккерлерімен 4 кездесулер өткізілді. Оқырмандарды соғыс ардагерлерінің ерлік істерімен «Ешқашанда өшпес ерлік» атты кітап көрмесі таныстырылды. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде жеткен жетістіктермен оқырмандарды «Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы!» атты кітаптар, газет журналдар көрмесі таныстырылып, түсіндірілді.

2010 жылы 275 дана жаңа кітап түсті. 2010 жылға кітапхана 7 газет, 17 журнал алады.

Округ бойынша қазақша күрес, волейбол, қол күрес, мини-футбол, дойбы, шахмат секциялары үнемі жұмыс істейді. Спортшыларымыз барлық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүреді. 2010 жылы Гагарин орта мектебі бойынша дзюдо спорттық жарыстарына облыстық, аудандық бініншілік жарыстарға қатысып, 1,2,3-ші жүлделі орындарға ие болды. Өскемен қаласында өткен жастар арасындағы біріншілікте Төеуханов Дархан 1 орынға ие болды.

Ново-Канайка ауылының спорт жетекшісі К.Сасеновтың ұйымдастыруымен аудан орталығы біріншілігінде спорт күніне арналған кіші футболдан 3-ші жүлделі орынға ие болды. Оқушылардың бос уақытын қамту мақсатында тұрмысы нашар және «қауіп» тобына кіретін отбасы балалары дене тәрбиесімен, спортпен айналысу үшін мектептерде ұйымдастырылған барлық спорттық үйірмелерге қатысады.

На 01.07.2010 г. был закончен сбор налога с физических лиц при плане: по имущественному налогу – 62275 тенге, по земельному налогу – 183294. сбор выполнен на 100 %.

Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту бойынша округте бірталай шаралар жүргізілді. 2010 жылдың басында атаулы әлеуметтік көмек 3 отбасына тағайындалды. 18 жасқа дейінгі жәрдемақы 46 отбасына тағайындалса, жылдың аяғында 41 отбасы алды. Жәрдемақы алушы отбасы саны азайғаны, жұмыс орны табылып, тұрмыс жағдайы жақсарғаны.

Округ бойынша бес әлеуметтік қызметкер (оның ішінде 1-уі Ново Канайкада, 4-уі Айыртау ауылында 23 жалғыз басты қарттарға көмек көрсетеді. Қарттардың ішінде: үшеуі мүмкіндігі шектеулі, 8 тыл ардагері. Мүмкіндігі шектеулі бес балаға әлеуметтік қызметкер көмегін көрсетеді. Мәдениет үйінде үйірме ұйымдастырып, балалармен жұмыс істейді. Әлеуметтік жұмысшылар Ұлан ауданы бойынша әлеуметтік жұмысшылар арасында өткізілген конкурсқа қатысып, жүлделі орындарға ие болып, алғыс хаттармен марапатталды.

Айыртау ауылдық округі бойынша елді мекендерді көріктендіру көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде бірталай жұмыстар жүргізілді. Сынық ғимараттарды, иесіз үйлерді тазалау өткізілді. Айыртау ауылында 320 аулаға, Ново-Канайка ауылында 100 аулаға ескерту берілді, округ бойынша 154 тонна күл, қоқыс шығарылды, оған бюджеттен

Айыртау ауылында 37 көшет қарағай отырғызылды: обелиск маңында, мектеп ауласында, әкімшілік және ауыл клубы алаңында егілді. Көріктендіру көгалдандыру және округтегі жолдарды тегістеуге 100 мың теңге, қаңғыбас иттерді жоюға 90 мың теңге бөлінді, иесіз, екі қабатты үйлердің және ескі көкеніс қоймалардың маңайындағы тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.

Ново-Канайкада – 40 шие ағашы, мектеп ауласында 20 түп тал және 45 көшет облыстық жүйке ауруханасы аумағында отырғызылды. Округ бойынша отырғызылған ағаштар - 85, бұталар -169, гүлзарлар – 75.

Округтегі сауда нүктелерінде жөндеу жұмыстары өткізілді (әктеу, сырлау). Ұлан өзенінің көпірінде орналасқан қашама жөнделді. Су құбырлары қоқыстан тазартылып, ағартылды және Шығыс Қазақстан облыстық жүйке ауруханасының бөлімшелерін қашалауға облыстық бюджеттен 7 млн.300 теңге қаражат бөлініп, қашаланды. «Орбита-күзет» ЖШС мамандандырылған күзет арқылы 12 адам жұмысқа орналасты.
2010 жылдың басында әкім есебінде қойылған сұрақтар:

1. Округте электрик жоқтығы

2. тіс дәрігері қажет

3.амбулаторияға физиокабинет қажет

4. қаңғыбас иттерді ату туралы

5. ауылға мешіт салу

6. жас мамандарға пәтер керектігі туралы

Осы сұрақтарға орындалуы бойынша жауап бере кетейін:
1. Округте Айыртау ауылының тұрғыны Сулейменов Асылбектің 2010 жылы жаңадан электр жүйесін жөндеуге алған рұқсат қағазы бар болғандықтан, бар сұрақтармен сол кісіге хабарласуға болады.

2. Жұмыс істеуге ниет білдірген тіс дәрігерлері бар, бірақ, дәрігерлік амбулаторияда кабинет жетіспейді, сондықтан «Колос» шаруа қожалығы орналасқан ғимаратында тіс емдеуге бір кабинет бөлу 2011 жылға жоспарда.

3. Айыртау ауылдық дәрігерлік амбулаториясында физиокабинет ашу үшін стандартқа сай кабинет толық жабдықтаулы болу керек, ол үшін тағы да кабинет жоқ

4. 2010 жылы аудандық бюджеттен округке ит ату үшін 90 мың теңге қаражат бөлінді. «Ветклиника Айболит» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, 30 ит атылды, бір ит атуға 3000 теңге төленді.

5. Айыртау ауылына мешіт салу 2010 жылдың тамыз айында бұрынғы ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер Оразгалиев Т.Ж. деген азаматтың ұйымдастыруымен басталды, фундаменті салынды, 2011 жылы жұмысын жалғастырады.

6. Гагарин орта мектебінде жұмыс жасап жатқан жас маман мұғалім Смакова Яна Ұлан ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тұрғын үйге кезекке тұрды. Аудан бойынша жас мамандарға үй салуға қаражат бөліну жоспарда

Похожие:

Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі...
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! iconАзовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған,адам саны 1037
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! iconТаврия ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
...
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! icon2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мм жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын,...
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! iconҚұрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Айыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!! iconШілікті ауыл округі бойынша 2010 жылы і-ші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Округі көлемінде 12–қаңтар,18-қаңтар аралығында ауыл әкімінің халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Сын-ескертпелер жинақталып,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница