Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат




НазваниеЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат
Дата конвертации09.07.2014
Размер41.2 Kb.
ТипДокументы
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат
Есіл экология департаменті және оның Филиалдарымен 15-22 шілде аралығындағы экологиялық заңнама талаптарын сақтау бойынша 18 тексеріс жүргізілді.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің мамандарымен құрылыс жұмыстарын «СК Базис» ЖШС жүргізетін «Изумрудный квартал» (Б блогы) ТҮК тексеру барысында қоршаған аумақта құрылыс қалдықтарының үйіндісі анықталды. Құрылыс жұмыстарын «Тлеп» ЖШС жүргізетін «Концерттік зал» құрылыс нысанында аналогиялық бұзылушылықтар анықталды.

Тұтыну және өндірістік қалдықтарды орналастару бойынша талаптарды бұзғандығы үшін «СК Базис» ЖШС және «Тлеп» ЖШС кәсіпорындарына заңды тұлға ретінде жалпы сомасы 90 мың 720 теңге құрайтын айыппұл салынды.

Экологиялық талаптар нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімі қазіргі уақытта келесі құрылыс ұйымдарын тексеруде: «Триумфальный» ЖШС, «Азия» ЖШС, «Туризм және спорт индустриясының материалдық-техникалық қамтамасыз ету» АҚ, «Олимпиадалық дайындау орталығы» СК» және «Реал Строй» ЖШС.

Есіл экология департаментінің Солтүстік Қазақстан филилалының мемлекеттік экологиялық инспекторларымен қалалық кәріз жүйесіне алдын ала тазалаусыз сарқынды сулар тастау фактілері анықталды.

В.Н. Шаров ЖК, Н.А. Паутова ЖК жүргізілген екі тексеріс нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың жоғарыда аталған бұзушылықтары айқындалды. Аталған кәсіпорындарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ескертулер жолданды. Тексеріс нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 45 мың 360 теңге құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. Экологиялық заңнаманы бұзғандығы және өнеркәсіптік сарқынды сулар құрамына лабораториялық талдау жүргізілмегендігі үшін Н.А. Паутова жеке кәсіпкеріне (ҚР ӘҚБтК 240 бабы бойынша) сомасы 15120 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.

ҚР Экологиялық кодексінің 199 бабының 3 тармағының 1 тармақшасы, 203 бабының 1 тармағында белгіленген өнеркәсіптік сарқынды суларды тазалау үшін қажетті тазалау қондырғыларын пайдаланбағаны үшін В.Н. Шарова жеке кәсіпкеріне (ҚР ӘҚБтК 244 бабы бойынша) сомасы 30 240 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.

«Благоустройство-Север» ЖШС жоспарлы тексеріс жүргізу барысында мемлекеттік экологиялық инспекторларымен экологиялық заңнама талаптарын бұзудың 3 фактісі анықталды. Кәсіпорын тарапынан ҚР Экологиялық кодексінің 69 бабының 3 тармағын бұзу болып табылатын бейорганикалық шаң, ангридид, азот диоксиді және көміртек оксиді бойынша шығарындыларынан эмиссия нормативтерін жоғарылату жіберілген. Директордың орынбасары А.А. Резовқа сомасы 31 752 теңге болатын айыппұл ретіндегі әкімшілік шара қолданды.

Атмосфераға тасталынатын шығарындыларды тазалау үшін құрал-жабдықтарды эксплуатациялау ережелерін бұзғандығы үшін басты механик Ю.С. Самосенкинге сомасы 30 240 теңге көлемінде айыппұл салынды. (20 АЕК)

Бұдан бөлек, тексеріс жүргізу барысында аталған ЖШС тарапынан ҚР Экологиялық кодексінің 199 бабы 3 тармағы 2 тармақшасы, 289 бабын бұзу болып табылатын қауіпті қалдықтар паспорттау бөлігінде бұзушылықтар жіберліген (мұнай өнімдерімен ластанған құмға паспорт әзірленбеген). ҚР ӘҚБтК 240 бабының 1 бөлігіне сәйкес директордың орынбасары А.А. Резовқа сомасы 7 560 теңге болатын әкімшілік айыппұл салынды (5 АЕК).

Ағымдағы жылдың шілденің 18 жұлдызынан 22 аралығында экологиялық заңнама талаптарын бұзғандығы үшін Есіл экология депаратментінің Солтүстік қазақстан филила мамандарымен табиғат пайдаланушыларға 3 шағым ұсынылды.

  • Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Тахтоборд - 2» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындыларын тастағандығы үшін 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 286 902 теңгені құрайтын шағым ұсынылды.

  • Айыртау ауданындағы «Алга-Агро» ЖШС 2008-2010 жылдар аралығндағы аналогиялық бұзушылық үшін сомасы 249 515 теңге болатын шағым ұсынылды.

  • Айыртау ауданындағы «Константиновское» ЖШС 2010 жылы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындыларын тастағандығы үшін 230 343 теңге көлеміндегі шағым ұсынылды.

Экологиялық реттеу бөлімінде Р.Ш. Искандеров және «Munai invest Ko» ЖШС жол берілетін шекті шығарындылар нормативтері жобалары қарастырылуда.

Мемлекеттік экологиялық сараптама қарастырылуына:

1. А.П. Бубнов жеке кәсіпкерінің Шал ақын ауданындағы Козловское өзенінде балық шаруашылығын жүргізу жоспары.

2. «Сергеевский мемлекеттік орман мекемесі» ММ Шал ақын ауданындағы 60 га көлеміндег жер учаскесін жасылдандыру жоспары.

3. «АЗКО» ЖШС Ғ.Мүсірепов ауданындағы Новоишимское ауылында жол берілетін шекті шығарындылар нормативтері жобалары.

4. «Акжар-Инвест» ЖШС-нің Ақжар ауданында орналасқан «Высотное-2» кен орны № 2 учаскесінің қаптау тастарын әзірлеу өнеркәсіптік жобасына қоршаған ортаны қорғау бөлімі. «КазТЬрансойл» АҚ-на 18.07.2011ж. № 003978 қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берліді.

Тайынша қаласы «СХП Агадес» ЖШС-не 20.07.2011ж. № 0037979 және Ильчиевка, Чкалов ауылдары «СХП Агадес» ЖШС-не 20.07.2011ж. № 0037981 қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжаттары дайындалды.

Есіл экология департаментінің Ақмола филиалымен 9 тексеріс жүргізіліп, сомасы 287 280 теңгені құратйын 6 әкімшілік айыппұл салынды. Тексерістер жүргізу барысында экологиялық заңнама талаптарын бұзу бойынша анықталған бұзушылықтар үшін келесі кәсіпорындарға заңды тұлға ретінде әкімшілік айыппұлдра салынды: қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты болмағаны үшін ҚР ӘҚКо 243 бабы бойынша «Приозерное и Ко» ЖШС 30 240 теңге көлеміндегі айыппұл салынды, «ENKI» ЖШС ҚР ӘҚБтК 264 бабы бойынша 75 600 теңге және ҚР ӘҚБтК 275 бабы 2т. бойынша 45 360 теңге көлеміндегі айыппұлдар салынды, «Гордорстрой» ЖШС ҚР ӘҚБтК 264 бабы бойынша 75 600 теңге, «Южный» ӨК ҚР ӘҚБтК 270 бабы бойынша 22 680 теңге көлеміндегі айыппұлдар салынды. Келесі кәсіпорындарда: «Степногорский-горнохимический комбинат» ЖШС, Омельяненко В.Н. ЖК, «Радс» ЖШС, «КазРосТрейдинг» ЖШС бұзушылықтар анықталған жоқ. Сонымен қатар кәсіпорынның өтінімі бойынша Ақкөл ауданындағы №1 Хлебной базасына 2011 жылғы егінді қабылдауға дайындығын бақылау бойынша тексерістер жүргізілді. Экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.

Есіл экология департаменті

А.А. Жиенбаева

Похожие:

Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 22-29 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат
Есіл экология департаменті және оның Филиалдарымен 22-29 шілде аралығындағы экологиялық заңнама талаптарын сақтау бойынша 28 тексеріс...
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат Астана қаласы
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау...
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 14 21 қазан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат

Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экологиялық департаментінің 2012 жылдың 18 25 мамыр аралығында мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімі мамандарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы өткізген жұмысы туралы ақпарат

Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі №143-Ө Бұйрығы
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны...
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат iconҚазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
Экологиялық саясат және орнықты даму департаментінің директоры, Ғтк төрағасының орынбасары
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат icon16. 03. 2012 г. 71-Ө Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілерді
Республикасының Экологиялық кодексі 17-бабының 38 -тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және...
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат iconАтырау облыстық сотының апелляциялық алқасында тағайындалған азаматтық істер кестесі
«Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жайық-Каспий экология депертаменті»...
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат icon«Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды атқару мен қызмет көрсету бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметін мемлекеттік реттеу» мақаласы
Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды атқару мен қызмет көрсету бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметін
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 15-22 шілде аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат iconБалқаш-Алакөл экологиялық департаментінің 2010 жылдың 10-15 қаңтар аралығында өткен инспекциялық тексерулерінің нәтижесі Айыппұл салынған нысандар
Балқаш-Алакөл экологиялық департаментінің қызметкерлері 2010 жылдың 10-15 қаңтар аралығында қоршаған ортаны қорғаудың санитарлық-эпидемиологиялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница