Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика




Скачать 138.15 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика
Дата конвертации27.11.2012
Размер138.15 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ИНФОРМАТИКА
3 - 4 сыныптар



Бағдарлама авторлары:


Даулеткулова А.У.

топ жетекшісі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің аға оқытушысы, п.ғ. к.

Ермеков Н.Т.


Республикалық бағалау және сапа орталығының доценті, ф.-м.ғ.к.


Калымова Г.А.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің аға оқытушысы.



Алматы

2009

І. ТҮСІНІК ХАТ
«Математика және информатика» білім беру саласына кіретін оқу пәнінің нысаны -информатика. Ұсынылып отырған «Информатика» оқу пәнінің нысандары ақпарат, ақпараттық ресурстар, ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар жатады.

«Информатика» оқу пәні, өзінің мазмұнына ақпарат, түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық үрдістер, ақпараттандыру құралдары және ақпараттық технологиялар туралы білімдер негізін құрайтын бастауыш мектептің жаңа пәндерінің бірі.

Оқу пәні ретіндегі информатиканың білім мазмұнында басқа да білім салаларына тән мағлұматтардың кездесуі мүмкін болғандықтан, басқа пәндермен пәнаралық байланыс тән.

Информатика курсы бастауыш білім берудің екінші циклынан бастап оқытылады да, негізгі мектепте информатиканы оқытуға дайындық ретінде қарастырылады. Информатиканы оқыту тәрбие құралы ретінде ҚР ББ МБС-ндағы оқытудың екінші жылынан кейінгі екінші циклындағы (3-4 сыныптар) базалық, түйінді және пәндік құзіреттіліктерге сәйкес күтілетін нәтижелерге жетуге бағытталады. Осыған орай бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері айқындалады.

«Информатика» оқу пәнінің жалпы мақсаттары ұсынылған базалық, түйінді және пәндік құзіреттілік түрлерімен бірлікте қарастырылады:

  • бастауыш білім алушыларының назарын және ойлау қабілетін дамыту;

  • информатиканың негізі мен ақпараттық технологияларды оқу іс-әрекетінде қолдану;

  • жалпы оқу біліктері ретінде оқу-компьютерлік біліктің негізін қалыптастыру.

Оқыту пәнінің мақсаттарына сәйкес «Информатика» оқу пәнінің міндеттері төмендегіше анықталады:

  • білім алушыларға ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, оларды ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс-әрекетін жоспарлай білуге үйрету;

  • білім алушыларға компьютер және қазіргі ақпараттық, коммуникациялық технологиялар туралы, қазіргі ақпараттық қоғам туралы, жеке тұлға мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі туралы алғашқы түсінік беру;

  • бастауыш мектептің басқа пәндерін оқытуда қолданатын білім алушыларға компьютерді қолданудың алғашқы білігін қалыптастыру.

Оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер үздіксіз білім берудің дидактикалық, әрекетшілдік негіздегі, пәнаралық интеграция, түсініктілік, сабақтастық, тұлғалық жетістіктерді ескеру, шығармашылық, 3-4 сынып оқушыларының жас мүмкіндіктерімен өзара байланысы ұстанымдарының негізінде жүзеге асады.

«Информатика» пәнінің мазмұнын іріктеу іс-әрекеттік, денсаулық сақтау, жеке тұлғаға бағытталған және құзыреттілікке негізделген. Нәтижеге бағытталған құзыреттілік Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында көрсетілгендей білім алушыларды құзыреттілікке жетуге бағдарлайды.

Білім мазмұнын іріктеуге Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартыда анықталғандай базалық, пәндік, түйінді құзыреттер негіз болады. «Информатика» оқу пәні білім алушыларға компьютерді қолдану білігін және басқада ақпараттық технологияларды қолдану мен ақпаратты-әлеуметтік білімді береді және осы алған білімдерін әр түрлі пәндерді оқуда қолдана алуға мүмкіндік жасайды.

Информатика оқу пәнінің мазмұндық желілері төмендегідей беріледі:

  • ақпарат желісінде білім алушылар ақиқаттың бір көрінісі ретінде ақпараттың жалпы қасиеттерімен, табиғаттағы және қоғамдағы ақпараттық үрдістердің өзара қатынасымен танысады

  • модельдеу түсінігін ақпараттық үрдістерді сипаттаудың бір түрі ретінде қарастырады.

  • аппаратты және программалық жабдықтау: компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларымен танысады.

  • ақпараттық технологиялар желісі әртүрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

  • алгоритм: алгоритм түсінігі, алгоритмнің қасиеттері мен алгоритмнің берілуі туралы білімдері негізін құрайды.

  • телекоммуникация: Интернет, электронды поштамен жұмыс істеудің негіздерімен танысады.

Бұл мазмұндық желілер әр сыныпта оқытылады. Әрбір мазмұндық желідегі тақырыптар бойынша білімдер спиарльді бейнелі толықтырылып және кеңейтіліп отырады. Әрбір тақырыптағы мәліметтер келесі тақырып мазмұнын игеруге негіз болады.

Пән бойынша оқу жүктемесі ҚР МЖБС (Астана, 2008) базистік оқу жоспарына сәйкес (Қосымша Б, Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім беру) сәйкес 3 сыныпта информатиканы оқытуға аптасына 1 сағат, 4 сыныпта аптасына 1 сағат бөлінген:

3-сыныпта аптасына 1 сағат, жылына оқу аптасы – 32, барлығы – 32 сағат;

4-сыныпта аптасына 1 сағат, жылына оқу аптасы – 32, барлығы ― 32 сағат.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі информатика пәні бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарының қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқу-компьютерлік біліктерінің негізін қалыптастыруға бағытталған арнайы оқыту және ойын оқу бағдарламалары.


ІІ. білім беруден күтілетін нәтижелер
Оқу пәнінің күтілетін нәтижелері ұзақтығы 2 жылдық оқытудың әрбір 2- циклына арнап бекітілген білім беру мақсаттарының жүйесіне сәйкес құрылады.

Бастауыш білім берудің әрбір циклі оқушылардың белгілі бір деңгейдегі оқу жетістіктерін меңгеруі үшін білім беруді ұйымдастыруға бағытталған:

оқу жетістігінің 1-деңгейі – 1-2 сыныптардан кейін;

оқу жетістігінің 2-деңгейі – 3-4 сыныптардан кейін.

Оқу жетістігінің екі деңгейі де оқушылардың ҚР ББ МБС-да ұсынылған түйінді құзыреттерге сәйкес келеді: ақпараттық, коммуникативтік және проблемалардың шешімін табу құзыреті.

Барлық білім беру салаларының бастауыш білім берудегі күтілетін нәтижелердің екі деңгейлі жүйесі тұлғаның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады және білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалауға мүмкіндік береді.

Оқу жетістігінің екінші деңгейі бойынша (3, 4-сыныптардан кейін) оқушылар мыналарды біледі:

  • жеке мәтіндер, суреттер, аудио-, видеожазбаларды сақтауға және құруға арналған Microsoft WordPad, Microsoft Paint, Windows Media диск ойнағышын қолдана алады;

  • интернеттің қарапайым негіздері туралы: электрондық почта, алгоритмдер және программалар туралы түсінікке ие болады;

  • жеке компьютерді және құрылғыларды таңдауды негіздейді;

  • ақпарат көздері: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, Интернетті қолдана отырып, қысқа хабарламалар дайындайды;

  • кестелер мен диаграммаларды құру үшін Microsoft Power Pоint бағдарламасын қолдана алады;

  • жеке коммуникацияның қазіргі заманғы құралдарын пайдаланады;

  • ақпараттық мәліметтердің ұқсастығын тауып, оларды ажырата алады және ақпараттардың есепті шешу үшін жеткіліктілігін анықтайды;

  • есептеп шығаруға арналған мәтіндерден, суреттерден, сызбалардан, эскиздерден, схемалардан қажетті ақпаратты таба алады;

  • вирустардың кіру мүмкіндігінен ақпаратты қорғау ережелерін қолданады.



ІІІ. оқу пәнінің базалық мазмұны
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны ақпараттық үрдістің құрама бөлігі ретіндегі ақпарат, ақпараттық технологиялар, модельдеу мен алгоритм туралы білімдер жиынын құрайды. Базалық мазмұнның осы циклында ақпараттың түрлері тізбектеле ашылады (мәтіндік, графикалық, дыбыстық), компьютерді қолданудың, ақпаратты іздеу, тасымалдау, түрлендіру, сақтаудың бастапқы біліктерін; қажетті ақпаратты сөздік, катологтан, кітапханадан, Интернеттен іздеу (тексеру); ақпаратты алфавит және сандық өлшемдері бойынша реттеу (өсу және кему); қарапайым логикалық амалдарды қолдану "...және/немесе...", "егер..., онда...", "тек қана сол жағдайда..."; қарапайым пікірлерді дәлелеу; қарапайым алгоритм және үлгі бойынша нұсқауларды орындау.

Оқушыны ақпараттық технологияларға ерте тарту, оны ары қарай өзінің оқу-танымдық қызметінде есептеу техникасы, ақпарат іздеу және оны өңдеу құрылғысы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
3 СЫНЫП – 32 сағат

Ақпарат - 4 сағат

Біздің өміріміздегі ақпарат. Бізді қоршаған ақпарат Ақпарат түрлерінің көпбейнелілігі (суреттер, мәтіндер, дыбыстар) және оларды өңдеу тәсілдері. Ақпарат көздері. Ақпарат және оның қасиеттері: мағынасы, суреттеу, бағалау. Ақпаратты түрлендіруде және жаңа ақпаратты алудағы адамның ролі. Тірі табиғаттағы белгілерді қабылдау және сақтау, түрлендіру. Ақпараттың адам өміріндегі ролі. Ақпаратты тану, сақтау, жеткізу, өңдеу және іздеу.
Логика элементтері - 4 сағат

Заттың қасиеті. Маңызды және маңызды емес қасиеттер. Заттардың қасиеттерін айыру, заттарды берілген қасиеттері бойынша тану, заттарды салыстыру және берілген қасиеттері бойынша топтарқа бөлу. Заттарды салыстыру. Заттардың классификациясы. Ұғымдардың маңызы. Ұғымдардың өзара қатынасы.

Жиындар және олардың өзара қатынастары (қиылысу, айыру, ішкі жиын).

Логикалық қатар. Логикалық «немесе», «және», «қарсы жору». Логикалық пікірлер мен қорытындылар шығару. «ақиқат», «жалған», «ешқандай» сөздерімен пікірлер құру.
Моделдеу- 2 сағат

Нысан моделі туралы түсінік. Өмірдегі модельдер. Модельдер классификациясының негізгі түрлерімен танысу. Модельдерге мысалдар.
Компьютердің құрылысы - 6 сағат

Компьютердің негізгі және қосымша компоненттері және олардың қызметтері (процессор, монитор, пернетақта, тышқан, принтер, сканер, динамикалар).Енгізу құрылғысы. Өңдеу құрылғысы. Шығару құрылғысы. Сақтау құрылғысы. Компьютердің жұмыс істеу қағидасы.

Компьютермен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасының ережесі. Компьютерді қосу. Компьютерде жұмысты аяқтау сеансы. Компьютер мен қолданушының командалық өзара байланысы, графикалық қолданушы интерфейсі (жұмыс үстелі, терезе, жарлық, панелдер, меню).

Пернетақта және тышқан. Алфавиттік пернелер. Цифрлық пернелер. Функциональді және басқарушы пернелер. Тышқан.Тышқанның сол және оң батырмасы. Тренажерлар.
Мәтіндік ақпаратты өңдеу - 8 сағат

«Блокнот» бағдарламасы. «Блокнот» бағдарламасы туралы мағұлмат. Сөзді және белгіні іздеу мен ауыстыру. Мәтін фрагментін қию, көшіру, қою немесе өшіру. Қаріп өлшемін және сызбаны өзгерту. «Блокнот» бағдарламасын басып шығаруға дайындау.

Microsoft WordPad – мәтіндік редактор. WordPad құжатын құру, ашу және сақтау. Сөзті тасымалдау тәртібін қосу. Соңғы әрекетті қайтару. Сөз немесе белгіні ауыстыру және іздеу. WordPad панел саймандарын экранға шығару немесе тығу. Мәтін фрагментін қию, көшіру, қою немесе өшіру.
Графикалық ақпаратты өңдеу – 8 сағат

Microsoft Paint бағдарламасы - графикалық редактор. Суретті құру, ашу және сақтау. Саймандар панелі. Суретті өңдеу. Түспен және бейнемен жұмыс. Құттықтау қағазын құрастыру.
4 СЫНЫП – 32 сағат
Мәтіндік ақпаратты өңдеу - 8 сағат

Microsoft WordPad мәтіндік редактор. Құжатты құру және қарапайым өңдеу. Мәтін фрагментімен жұмыс, қою, жою және символдарды ауыстыру. Бет өлшемі, сызықтың (поля) шамасы. Беттің бағыты және нөмерлеу. Дұрыс жазу ережесін тексеру.

Қаріп пішімін өзгерту, абзац пішімі, отступ (бос жер). Мәтіндік құжатқа тізім, кесте және графикалық нысанды қою. Мәнерді қолдану және өңдеу: абзацтар, тақырыптар.

Құжатты мастерлер мен шаблондар арқылы құру (баяндама, реферат).

Алдын-ала көру. Құжатты басып шығару.
Графикалық ақпаратты өңдеу - 6 сағат

Microsoft Paint бағдарламасы - графикалық редактор. Графикалық редакторлар, түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері. Растрлық графика. Берілген бейнені өңдеу. Графикалық нысандармен жұмыс. Түстер және палитра.
Логика элементтері - 3 сағат

Іс-әрекеттер ретін үйрену, табиғаттағы іс-әрекеттер реті, маусымдық, іс-әрекет жоспарын құру, іс-әрекеттер ретіндегі қатені табуға логикалық есептер.

Іс-әрекеттерді таңдауға, классицикацияға ағаш құру (тізім), ата-бабаларын тізу арқылы өз жанұясының ағашын құру.
Алгоритм - 6 сағат

Алгоритм туралы түсінік. Алгоритмнің қасиеттері. Компьютер алгоритм орындаушысы ретінде. Қарапайым логикалық есептерді шешу. Алгоритмді жазу түрлері: блок-схемалар. Алгоритмдік құрастырушы: сызықты, тармақталған, қайталанушы. Есептер шығару кезеңдері.
Программалық жабдық негізі - 6 сағат

Microsoft PowerPoin tбағдарламасы. PowerPoint құжатын құру, ашу және сақтау. Қарапайым презентация құру.

Windows Media диск ойнағышымен танысу. CD-ROM және DVD-ROM ақпаратты шығару.

Компьютерді вирустан қорғау: қауіпсіздік негіздері.
Телекоммуникация - 3 сағат

Интернет туралы түсінік. Ақпаратты белгілі адреспен іздеу технологиясы.

Электронды пошта туралы түсінік және адресті толтыру ережесі. Электронды поштамен жұмыс. Бүкіләлемдік торда саяхат.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар
3 сынып оқушылары:

  • класстарды белгілеуді (біркелкі заттардың топтары);

  • бір кластың барлық заттарының құрамы мен іс-әрекеттерініңұқсастығын таба алады;

  • бір кластың заттарының ортақ қасиеттерін көрсете алады;

  • заттардың құрама бөлшектерін анықтай алады, сонымен қатар олардың құрамын айтып береді;

  • жиындарды әртүрлі орналасу ретімен көрсете алады;

  • суреттен екі жиынның қиылысқан бөлігін таба алады және осы бөліктің элементтерін атайды;

  • пікірлерді басқа сөйлемдерден ажырата алады, пікірлерге мысал келтіре алады, ақиқат және жалған пікірлерді анықтай алады;

  • тұжырымды ереже түрінде «егер-онда» жаза алады;

  • компьютерде жұмыс істеудің санитарлы-гигиеналық талаптарын;

  • компьютердің қосымша бөліктерін, периферийналық құрылғысын және оның қызметін;

  • Microsoft Windows стандартты бағдарламаларынның негіздерін;

  • ақпараттық жүйенің қызметі мен орнын;

  • ақпараттық технологияның қызметі мен орнын;

  • қазіргі қоғам дамуындағы информатика мен ақпараттық технологияның орнын біледі.

  • санитарлы-гигиеналық талаптардың бұзылу қызметіндегі қателіктерді көрсетіп және жөндей алады;

  • ақпараттар, берілгендердің ұқсастығын таба алады және таниды;

  • дербес компьютер мен перифериялық құрылғыларды таңдауда негіздей алады;

  • ең бастысы балаларға таныс айналасындағы бейнелерді, олардың арасындағы қарапайым байланыс пен ішкі құрылысын анықтауды тікелей қабылдауда, түсіндіріп беруде (соның ішінде іс-әрекетте), ақпараттық нысандарды бағалап, таңдау жасай алады;

  • мәтіндік, графикалық ақпаратты құра алады және сақтайды;

  • дыбысты оқуды және видео ақпаратты демонстрациялауды;

  • дамытатын, ойын және басқа да білім беруші бағдарламалармен жұмыс істей алады;

  • анықтамалықтар мен сөздіктерді қолдана алады;

  • дербес компьютерде жұмыс істеу негіздерін біледі;

  • алдыға қойылған мақсатты шешуде ақпаратты ұйымдастыру тәсілдерін түсінеді;

  • компьютерді қолданудағы іс-әрекетті жоспарлау тәсілдерінтүсінеді;

  • MS Windows стандартты құрылғыларымен ақпартты қорғау туралы түсінеді.


4 сынып оқушылары:

    • шынжыр құра алады және қолданады (шекті тізбектер), олардың сипаттамасы бойынша ағаштар мен кестелер құра алады;

    • ағаштарды түрлері бойынша құрады және қолданады (тізімдер), іс-әрекетті таңдай алады, өз жанұясының ағашын құрып, аталары мен ұрпақтарын суреттей біледі;

    • ақпаратты-коммуникациялық технология құрылғыларымен жұмыс істеуде гигиена және эргономика, қауіпсіздік талаптарын біледі;

    • адамның ақпаратты қабылдай алу ерекшеліктері мен өңдеу туралы, есте сақтау және түсінуде қолданатын қарапайым технологияларын біледі;

    • компьютердің стандартты графикалық интерфейсін бастауыш деңгейде қолдануды біледі;

    • мұғалімнің көмегімен типті ақпаратты-коммуникациялық технологияларды (сканер, цифрлық камера, магнитофон, принтер, мультимедиялық проектор) қолдана алады;

    • пернетақтадан ана тілінде мәтінді тез енгізе алады; кітаптар мен атластар, анықтамалықтар мен сөздіктерде жинақталған мұғалімнің ұсынуындағы мәтіндер, визуальды және дыбысты массивтерден ақпараттарды іздейді және ақпараттық нысандарды таба алады;

    • ақпараттық ресурстар кітапхана, Интернетті пайдаланып мәлімет іздейді;

    • ақпаратты және материалыдық нысандарды берілген нұсқау бойынша және өз бетімен құра алады;

    • қазіргі коммуникацияның жеке құралдарын, жазбалар мен эскизді суреттерден жедел телефон дейін қолдана алады және мәтіндік тезис пен бейнелеулердің сүйемелденген экрандық демострациясымен баяндама жасай алады;

    • ақпаратқа вирус кіру мүмкіндігінен қорғаудың ережелерін пайдалана алады.

    • Интернетпен жұмыс істеу негіздерін біледі;

    • жеке электронды поштамен жұмыс істеуді беледі (e-mail);

    • Microsoft Windows стандартты құрылғыларын біледі;

    • дыбысты оқу мен бейнелі ақпаратты демонстрациялауды білдеді

    • Интернеттің қарапайым негіздерін түсінеді;

    • электронды пошта туралы түсінігі бар;

    • алгоритм мен программа туралы түсінігі бар.


ІV. Оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Информатиканы оқытуда ойын, білімнің дидактикалық бірліктерін ірілендіру, зерттеу, ақпаратты-коммуникациялық және тұлғалық-бағдарлы, ынтымақтастық және жобалау технологияларын қолдану жоспарланады.

3-сыныпта балалардың танымдылық белсенділігін арттыру үшін ойын технологиясын пайдалану жалғастырылады, дидактикалық ойындарды қолдану жиілігі біртіндеп кемиді, ойын іс - әрекеті оқыту іс-әрекетіне ұласады.

Төртінші сыныпта алгоритмдерді сипаттау, құрастыру және талдау, нысандар арасындағы қатынастарды тағайындау және оларды график түрінде кескіндеу; заттарды біріктіру және жіктеу; қарапайым алгоритмдерді табу және оны салу; логикалық есептер мен заңдылықтарды іздестіруге бағытталған есептерді шешу; ұқсастығы бойынша шешімді табу; логикалық қорытындылар тізбегін түзу қажеттігі туындайтын жұмыстар жалғастырылады да зерттеу біліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясы танымдық қабілеттерді, ақыл-ой іс - әрекет тәсілдерін дамытуға және жетістікке жету жағдаятын туғызуға септігін тигізетін өзіндік жұмыстары әр түрлі деңгейдегі шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында іске асырылады.

Ілгері жаңалықтар мен жаңа технологияларға толы ақпараттық қоғамда жаңаша ойлау стилін қалыптастырудың әлеуметтік маңызы зор. Көрнекі-бейнелік ойлаудан сөздік-логикалық ойлауға көшу, қабылдаудың, талдау және саралау сипатына ие болуы, жадының жетілдірілуі 3-сыныпта зияттың қарқынды дамитындығын білдіреді.

Жобалау әдісі оқушылардың тұрмыстық мәселелермен және оларды шешумен байланысты білім беру жағдаяттарын жасақтауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке бағдарланған пәндік тапсырмаларды, жеке және топтық жобаларды орындау арқылы іске асырылады.

Информатиканы оқыту математика, ана тілі, сурет, еңбек, ән, қоршаған орта сияқты пәндермен интеграцияланған жеке пән шеңберінде өткізіледі.

Информатиканы оқыту үрдісінде оның әдістері мен құралдары тілдің, математиканың, музыканың және әдебиеттің түсініктерімен табиғи байланыста болады, яғни балалардың жалпы білім беретін пәндерден алған білімдерін оқу мен бекітуде нақты материалдардың шектесуін көрсетеді. Бағдарламаның негізгі құрылымдарының бірі интегративті жобалар болып табылады, оның барысында курс материалын оқу мен белсенді меңгеруі болады.


Похожие:

Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы
Абай атындағы ҚазҰпу-дың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ. к
Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан республикасы білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы француз тілі оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Музыка» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 15 б
Қазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Музыка» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 19 б
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница