Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі




НазваниеЛекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі
страница1/6
Дата конвертации27.11.2012
Размер0.58 Mb.
ТипЛекция
  1   2   3   4   5   6
Жер ресурстарын басқару

Пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК)

ЛЕКЦИЯЛАР КЕШЕНІ
1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі

      1. Еңбек делдалдығымен уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiктерi айналысады.
      2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi азаматтарға шарттық негiзде мынадай қызметтер көрсетедi:
      1) жұмыспен қамту және еңбек туралы заңдар мәселелерi бойынша консультациялар беру;
      2) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беру;
      3) жұмыс орындарын iздестiруге көмектесу;
      4) азаматтарды кәсiптiк даярлық пен қайта даярлықтан өткiзiп, соңынан жұмысқа орналастыру.
      3. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын ашу және жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламаларын iске асыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.
      4. Азаматтардың шетелде жұмысқа орналасуы және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту жөнiндегi делдалдық көмекті жеке жұмыспен қамту агенттiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негiзiнде жүзеге асырады.

1.Азаматтардың:
      1) жұмыс берушiге, уәкілеттi органға не жеке жұмыспен қамту агенттiгiне тiкелей өтiнiш жасау арқылы жұмыс орнын еркiн таңдауға;
      2) өз бетiнше жұмыс iздестiруге және шетелде жұмысқа орналасуға;
      3) уәкiлеттi органдардан және халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетiн жеке жұмыспен қамту агенттiгiнен консультация және ақпарат алуға;
     4)қоғамдық жұмыстарға қатысуға;
      5) мемлекеттiк органдардың, жеке агенттiктердiң және олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) орталық атқарушы органға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.
      2. Азаматтар жұмысынан айырылу (жұмыссыздық) жағдайына ерiктi сақтандыру шартын жасасуға құқылы.

      Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:
     1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      2) жұмыссыздар үшiн кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
      4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету.

2 Тақырып: Еңбек ресурстар басқарудың объектісі ретінде

Жоспар:

  1. Халық және еңбек ресурстар

  2. Саңдар көрсеткіштері және еңбек ресурстар құрамы

  3. Еңбек ресурстардың ұдайы толықтырылуы

  4. Еңбек ресурстар серпініне демографиялық және миграциялық процестердің әсері

  5. Еңбек ресурстар қозғалысы және оның түрлері.


Еңбек ресурстардың табиғи негізі халық саны болып табылады. Халық саны және серпіні қоғамдық экономикалық дамуының маңызды факторлары болып табылады. Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштері: туу, өлімі және халық санының табиғи өсуі. Халықтың табиғи қозғалысы – халықтың саны мен құрамының табиғи жолмен өзгеруіне, яғни туу мен өлу процестері арқылы болатын демографиялық процесс. Туу мың адамға туындайтын санымен өлшенеді, ал өлім – 1000 адамға өлу санымен есептеледі. Туу және өлу санының арасындағы айырмасы халық санының табиғи өсуі болып табылады.

1. Уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
      1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;
      2) уәкiлеттi орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
      3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн екi жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде;
      4) жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;
      5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 6-тармағында көзделген уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
      6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;
      7) жұмысқа орналасқан немесе осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда;
      8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана уәкiлеттi органда қайтадан тiркеле алады.

1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және олар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражатынан қаржыландырылады.
      2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.
      4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
      1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
      2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
      3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;
      4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;
      5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.
      5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:
      1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
      2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiледi.
      6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
      7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      8. Ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актiлерi қолданылады.
      9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.

3 Тақырып: Еңбек ресурстарды жоспарлау және жобалау

      1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
      1) еңбек туралы заңдарға сәйкес жеке еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
      2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;
      3) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
      4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
      5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
      6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.
      2. Жұмыс берушi:
      1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бiр ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;
      2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
      3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға мiндеттi.
      3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi заң актiлерiне сәйкес туындайды.

4 Тақырып: Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету

Жұмыспен қамтылған халыққа:
      1) жеке еңбек шартымен жұмыс iстейтiн, оның iшiнде толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшiн жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетiн жұмысы (қызметi), кiрiсi бар;
     2)кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
     3)өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
      4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;
      5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң (артельдердiң) мүшелерi;
      6) ақы төленетiн қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекiтiлгендер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнде, Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң бөлiмдерiнде және өзге де әскери құралымдарда қызмет өткерiп жүрген азаматтар жатады.

Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.
      2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
      2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
      3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
      4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
      5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
      6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
      7) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;
      8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
      9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
      10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
     11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
      12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
      14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
      15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.

1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
      1) кемсітушілiктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктердi қамтамасыз етуге;
     2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
      3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
      2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
     Нысаналы топтарға:
     -табысы аз адамдар:
     -21 жасқа дейінгі жастар;
      -балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
      -кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      -Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
     - зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
     -мүгедектер;
     -Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      -бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
     -оралмандар жатады.
     

1. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;
      2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге;
      3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге;
      4) азаматтар өтiнiш жасаған күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға;
      5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;
      6) жұмыссыздарды олардың келiсiмiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге;
      7) еңбек рыногының қажеттiлiктерiне сәйкес жұмыссыздарды кәсiптік оқуға жiберуге;
      8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беруге;
      9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;
      10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.
      2. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның:
      1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;
      2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
      3) бiлiм беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттiк органдардан, білiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға құқығы бар.

5 Тақырып: Еңбек өнімділігі
1. Еңбек өнімділік көрсеткіштері

2. Еңбек өнімділікті өлшеу жүйесі
Нақты өнімді және табысты жоғарлату үшін екі жолы бар:

  1. көп көлемде ресурстарды тарту жолы;

  2. оларды (ресурстарды) өнімді пайдалану.




1 сурет – Нақты өнімнің динамикасын анықтайтын факторлар
Өндірістің нақты көлемі еңбек шығыны (адам-сағат) еңбек өнімділікке көбейтілген (бір жұмыс істеген адамға нақты сағатты өндірім) анықталады. Еңбек өнімнің өрлеу қарқының төмендеуі экономикаға жағымсыз салдарына әкеп соғу мүмкін. Бұл салдар мынадай категорияларға маңызды, мысалы: тұрмыс деңгейі, инфляция және дүниежүзілік нарық.

1. Тұрмыс деңгейі. Еңбек өнімділіктің өсуі нақты жалақының өрлеу қарқының өсуі және халықтың тұрмыстық деңгейі жақсартуына болып табылады.

2. Инфляция. Еңбек өнімділік атаулы жалақының өсуіне әкеледі және сонымен қатар инфляция салдарын жұмсартады. Еңбек өнімділік өрлеу қарқыны төмендеуі еңбек шығындарының тез өсуіне және инфляциялық процестің жеделдетілуіне әкеп соғады.

3. Дүниежүзілік нарық. Еңбек өнімділіктің төмендеуіне мынадай факторлар әсер етеді: инвестиция, қормен жарақтандыру; техникалық прогресс; еңбек сапасы; өндірісті ұйымдастыру.

Еңбек өнімділік – басқару тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ету.

Еңбек өнімділік көрсеткіштері: еңбек нәтижесін көрсету тәсілі бойынша: құндық, өнімнің заттай көрінісі; еңбекті.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі iconЖоспар: Басқару тәсілдері мен функциясы. Басқару тәсілдерінің түрлері. Басқару мектептері. Ұйымды басқару жүйесі
Сондықтанда бұл мәселені талдауда ең алдымен оның зерттеу тәсілдеріне ерекше мәе беріледі. Отандық және шетел баспаларында көптеген...
Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі iconТақырып Басқару есебіне кіріспе
Тақырып 11. Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы: «Еңбек медицинасына кіріспе. Еңбек адамының денсаулық жағдайын басқару»
Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі iconҰйымдарда еңбекті қОРҒауды басқару жүйесі қолдану жөніндегі басшылық
Зірлеген және енгізген: Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау...
Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі iconДенсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық қызметін басқару
Емдеу мекемелерінің қаржысын басқару – бұл алға қойылған мақсаттарға жету үшін емдеу-профилактикалық мекемелерінің ресурстарын қалыптастыруға...
Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі iconАқтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобалардыіріктеуді ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
...
Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі iconРефераттар тақырыбы категория: Қажііб тергеу жөніндегі бастықтарының орынбасарлары өткізу мерзімдері
Тергеу қызметінің ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз етілуі. Басқару шешімдерінің жоспарлануы және қабылдануы. Тергеу қызметін басқару...
Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі iconДосым О. С. Аудит пәніне Қысқаша лекциялар жинағы кіріспе
Аудиторлық қызметті реттеуші стандарттар енгізілуде, аудиторлар жүмыстарының сапасына кәсіби бақылау жүйесі жақсарып келеді, сондай-ақ,...
Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі icon«Инвестициялық үдерістерді басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестілікке дайындау үшін; «Жедел мониторингілеу жүйесі»
«Салааралық теңгерім негізінде әзірленген үлгілерді пайдалана отырып макроэкономикалық үлгілеу және болжамдау жүйесі» ақпараттық...
Лекциялар кешені 1 Тақырып: Еңбек ресурстарды басқару жүйесі iconЕңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері
«ммг» АҚ-ның еңбеке ақы жүйесі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница