«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »




Название«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »
страница17/119
Дата конвертации27.11.2012
Размер7.04 Mb.
ТипДокументы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119

60. Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?


Егер Сіз Қазақстан Республикасы азаматы болсаңыз, жасыңыз 18-ден асса, жоғары біліміңіз бар және кәсіби дайындығыңыз жақсы дәрежеде болса, онда мемлекеттік қызметке тұруға мүмкіндігіңіз бар.

Есте сақтаңыз! Мемлекеттік қызметке тұрсаңыз, сіз салық қызметі органдарына алатын табысыңыз бен сіздің иелігіңіздегі мүлік туралы ақпарат беруге міндеттісіз.

Мемлекеттік қызметке қабылдау конкурс негізінде іске асырылады. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволарда конкурстың өтетіндігі жайлы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді басылымдарда жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда өтетін конкурстар жайлы ақпарат жергілікті газеттерде жарияланады.

Егер сіз конкурсқа қатысамын десеңіз, онда мемлекеттік органға келесі құжаттарды тапсырыңыз:

1) өкілетті орган бекіткен форма бойынша өтініш;

2) өкілетті орган бекіткен форма бойынша сауалнама;

3) кадрларды есепке алу қағазы бойынша толтырылған жеке қағаз (мекен-жай және телефонды көрсетуге міндеттісіз);

4) біліміңіз туралы құжаттың куәландырылған көшірмесі;

5) жеке куәлік көшірмесі;

6) куәландырылған немесе жұмыс орныңыздағы кадр бөлімі тіркеген еңбек кітапшасының көшірмесі;

7) денсаулық жағдайы туралы анықтама;

8) 3х4 көлеміндегі 1 фотосурет

Назар аударыңыз! Құжаттар конкурс өтетіні туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органдардың мекен-жайларына 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылады.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады:

1. Әр конкурс шарттарына сәйкес, үміткерлер заңнама бойынша білімін тексеру үшін компьютерде тест сынағын міндетті түрде тапсырады.

Тест мақсаты – үміткердің жалпы мүмкіндігін бағалау.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің санатына байланысты түрлі тест бағдарламалары ұсынылады.

Қазіргі таңда тест бағдарламаларына заңнама бойынша білімді тексеру тестері, сонымен қатар, үміткердің мүмкіндігін тексеру мақсатында (санатына байланысты) логикалық вербалды емес тест жатады.

Тестілеуге қатысатын үміткерлер Агенттікте немесе еліміздің 16 аймағындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінің жергілікті тестілеу орталықтарында, құжат қабылдау аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тестілеуден өте алады (тестілеудің қай тілде өтуін үміткер өзі таңдайды).

2. Тесттен өткен үміткерлер келесі конкурстық кезеңге - әңгімелесуге өтеді. Әңгімелесу барысында үміткердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері бағаланады.

3. Конкурстың шешуші кезеңінде конкурстық комиссияның отырысы өтеді. Комиссия ұсынылған құжаттар, тест пен әңгімелесу нәтижесі бойынша үміткерлерді бағалайды және мемлекеттік бос әкімшілік қызметке лайық үміткерлерді іріктейді. Үміткерлердің тек біреуі ғана бос лауазымды орынды иелене алады, ал екінші үздік үміткер кадрлық резервке ұсыныла алады.

Маңызды! ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында (www.kyzmet.kz) ҚР заңнамаларын білу бойынша өзіңіз үшін сынақ тесттен өте аласыз.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы;

3) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңы;

4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы;

5) «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң ережесін бекіту туралы» Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығы;

6) «Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы» Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 28 қаңтарында № 5113 тіркелді.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.kyzmet.kz/ - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты («Оnline тестілеу» бөлімі). Осы сайттан конкурс пен тестті өткізу тәртібіне қатысты заңдарды және заңдық актілерді табуға болады;

2) www.minjust.kz/ - Әділет министрлігінің сайты (заңнама базасы).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мемлекеттік қызметке орналасу», «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


61. Әскери келісім-шарт қызметіне қалай орналасуға болады?


Біздің елімізде келісім-шарт қызметіне запастағы офицерлерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын, жоғары білімі бар прапорщиктерді, кіші офицер курсын бітіргендерді алады. Шұғыл әскери қызметті аяқтаған орта кәсіби білімі бар сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар прапорщик немесе мичман қызметіне келісім-шартқа отыра алады.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдану үшін сізге өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі аудандық немесе қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (басқармаға) бару керек. Сондай-ақ, өзіңіз қызмет атқарғыңыз келетін әскери бөлімге де баруға болады.

Келісім-шарт қызметіне тұру үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:

1) өз еркімен әскери келісім-шарт қызметіне тұрғысы келетіні туралы жеке өтініш (рапорт);

2) жеке куәліктің нотариуспен расталған көшірмесі;

3) әскери билеттің нотариуспен расталған көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттың нотариуспен расталған көшірмесі;

5) неке қию туралы және балаларының тууы туралы куәліктердің нотариуспен расталған көшірмесі;

6) еңбек кітапшасының нотариуспен расталған көшірмесі;

7) зейнетақы келісім-шартының нотариуспен расталған көшірмесі;

8) автобиография (басып шығарылған және өз қолымен жазылған);

9) соңғы қызмет орнынан (жұмысынан, оқуынан) мінездеме;

10) отбасы құрамы және тұрғылықты жері туралы анықтама;

11) фото сурет: 9х12 өлшеміндегі 2 дана, 3х4 өлшеміндегі 4 дана;

12) әскери қызметке жарамдылығы туралы қорытындысы бар медициналық карта. Осыған туберкулездік, тері-венерологиялық, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлерден алынған анықтамаларды, флюорограмманы немесе рентгенограмманы, ЭКГ нәтижелерін, зәр, қан және ВИЧ анализінің нәтижелерін қоса тапсырасыз.

13) сотталмағандығы туралы анықтама.

Келісім-шарт қызметіне үміткерлерді іріктеу жүйесі үш кезең бойынша өтеді:

1 кезең. Алдын-ала іріктеу. Аудандық немесе қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім және әскери бөлімнің командирлері өткізеді.

2 кезең. Үміткерлерді іріктеу. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің конкурстық комиссиясы жүргізеді.

3 кезең. Әскери бөлімде сынақ мерзіміндегі жалпы әскери дайындық бағдарламасы бойынша айлық курсты өту.

Барлық талаптарға сай келетін үміткерлермен әскери қызметті өту жөнінде келісім-шарт жасалады. Әскери қызметін өтеушіні әскери қызметке қою әскери қызметкердің білім деңгейі мен кәсіби дайындығын, оның психологиялық қасиеттері мен денсаулығының жарамдылығын және басқа да жағдайларды есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығы;

2) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III Заңы;

3) «Әскери қызметкердің мәртебесі мен оны және оның отбасын әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы;

4) «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында сарбаз (матрос) және сержант (старшина) құрамындағы келісім-шарт бойынша қабылданған әскери қызметін өтеушілердің әскери қызметке қабылдануы мен өтуі бөлімінде әскери қызмет өткеру ережелерін қолдану жөніндегі нұсқаулық» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 221 бұйрығы.

Пайдалы сілтемелер:

www.mod.gov.kz/ - Қорғаныс министрлігінің сайты («Әскери қызмет туралы» бөлім).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «келісім-шарт бойынша әскери жұмыс», «әскери келісім-шарт бойынша жұмысқа орналасу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


62. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы


Бүгінгі күні ауылдық аймақтарда кадр жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Өйткені жастар ауылға барғысы келмейді, ал жасы жеткен кадрлар зейнеткерлікке шығуда. Білікті жас мамандар тұрмыстық жағдай мен жайлылықтың жоқтығынан ауылға тартпайды.

Егер сіз өз қызметіңізді ауылдық жерде 5 жылдық жұмыс өтеушілікпен әлеуметтік сала мекемелерінде (денсаулық, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт) бастаймын немесе жалғастырамын десеңіз, онда келесі мемлекеттік әлеуметтік қолдауға ие боласыз:

1) көтерме жәрдемақы, айлық есептік көрсеткіштің жетпіс еселік көрсеткіші немесе 105 840 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап);

2) бюджет несиесі, айлық есептік көрсеткіштің алты жүз отыз еселік көрсеткіші немесе 952 560 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап) (мамандарға тұрғын үй алатын 15 жылға арналған бюджеттік несие, сыйақы мөлшерлемесі жылына несие сомасының 0,01% көлемінде белгіленеді). Ауылдық жерде тұрғын үй алу үшін маманға аталған сома көлемінде баспана алу ұсынылады немесе маман өз есебінен қосымша шығын шығарады.

3) ауылдық елді-мекендерге арналған республикалық бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік сала мекемесі маманының қызметтік айлығын кемі 25%-ға өсіру.

Маман ретінде аталған әлеуметтік қолдауларға ие болу үшін, сіз ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органына (бұдан әрі – жұмыс органы) келесі құжаттарыңызды тапсырасыз:

1) үлгідегі өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) жаңа жұмыс орнының кадр бөлімінде расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;

4) азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітапшасының) көшірмесі немесе сәйкес елді-мекенде тұрып жатқанын растайтын анықтама;

5) білім туралы дипломның көшірмесі;

6) салық төлеуші нөмірінің көшірмесі (СТН);

7) әлеуметтік жеке код иелену туралы куәліктің көшірмесі (ӘЖК);

8) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сатып алу-сату туралы алдын ала келісім-шарт.

Құжаттар түпнұсқалармен бірге беріледі, салыстырғаннан кейін олар иесіне қайтарылады. Жұмысшы орган мамандардың құжаттарды қабылдайды, тіркейді, олардың растығын тексереді, қаржы құралдарына қажеттілікті есептейді және бес күн ішінде комиссия қарауына жібереді. Ал комиссия құжат түскеннен бастап, он күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдауды қарастыруды ұсынады.

Егер Сіз жалған құжаттар берген болсаңыз, өтінішіңіз қабылданбайды!

Аудан әкімдігі комиссия ұсынысы келіп түскеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде сізге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы қаулы қабылдайды. Қаулы қабылданғаннан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде аудан әкімі, сіз және сенімді өкіл (агент) арасында мамандарға бекітілген формада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну келісімі жасалады.

Келісім жасалғаннан кейін:

1) жұмысшы орган жеті күнтізбелік күн ішінде сіздің жеке есеп шотыңызға көтерме жәрдемақыны аударады;

2) сенімді өкіл (агент) Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен отыз жұмыс күні ішінде маманға тұрғын үй алуға несие ұсынады (несие бойынша маманның міндеттемелерін орындауда осы алған тұрғын үйі кепіл болады).

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 111-IV Заңы;

2) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.ndp-nurotan.kz – «Нұр Отан» партиясының сайты;

2) www.zhasotan.kz – «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының сайты;

3) www.minagri.gov.kz – Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «дипломмен ауылға бағдарламасы», «жас мамандарды қолдау бағдарламасы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


63. Қоғамдық бірлестікті қалай құруға болады?


Қоғамдық бірлестік – ортақ мақсатқа жету үшін, мысалы саяси партиялар, кәсіби одақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері үшін еркін негізде құрылған азаматтар бірлестігі.

Қоғамдық бірлестіктер саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау, азаматтардың белсенділігі мен қызметін дамыту; кәсіби және қызығушылық мүдделерін қанағаттандыру; ғылыми, техникалық және әдеби шығармашылығын дамыту; адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау; қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық іс-шараларына қатысу; мәдени-ағартушылық, спорт-сауықтыру іс-шаралар жүргізу; тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау; патриоттық және гуманистік тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту мақсатында құрылады.

Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының он адамнан аз емес азаматтары тобының бастамасымен, құрылтайшылар съезін (конференция, жиналыс) шақыра отырып құрылуы мүмкін. Сол жиында Жарғысы қабылданып, басқарушы органдары қалыптасады.

Заңды тұлға ретінде қоғамдық бірлестік құру үшін:

1) он азамат-бастамашылардың құрылтай жиналысын өткізу;

2) жарғы бекіту керек.

Қоғамдық бірлестік жарғысы мыналарды қарастыруы қажет:

1) қоғамдық бірлестіктің атауы, мәні және мақсаты;

2) мүшелік, мүшелікке кіру және шығу талаптары мен тәртібі, қоғамдық бірлестік мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;

3) қоғамдық бірлестіктің ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктер) құқықтық жағдайы мен өз қызметін жүзеге асыратын аумақтары;

4) құзіретін қалыптастыру тәртібі және басқарушы органдардың өкілеттік мерзімдері, қоғамдық бірлестіктің тұрақты әрекет етуші басшылық органының орналасқан жері;

5) қоғамдық бірлестіктің ақшалай қаражаты және өзге де мүліктерін қалыптастыру көздері, қоғамдық бірлестіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктері) мүлікті басқарудағы құқықтары;

6) қоғамдық бірлестік жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

7) қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру және жою, жойылған жағдайда қоғамдық бірлестік мүлкінің тағдырын шешу тәртібі.

Жарғы қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы – съездің (конференция, жиналыстың) тікелей құзіретіне жатады.

Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін тіркеу жүргізетін органға ол қалыптасқаннан кейін екі ай мерзімінде өтініш беріледі. Өтінішке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференция, жиналыс) хаттамасы, қоғамдық бірлестікті құрушылар туралы мәліметтер және қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттар, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алынатын жинақты төлеуі тиіс.

Мемлекеттік тіркеу үшін 20 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алынады (2011 жылдың 1 қаңтарына арналған АЕК – 1 512 теңге). Балалар және жастар қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін төлемнің жеңілдетілген мөлшері екі еселік АЕК белгіленген.

Қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік тіркеу мерзімі – 10 жұмыс күні.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Пайдалы сілтемелер:

1) Функции общественной (коллективной) защиты прав и интересов военнослужащих возлагаются на их общественные объединения (собрания и советы различных категорий военнослужащих) - (ст. 5 Закона Республики Казахстан от 20 января 1993 года № 1901-XII "О статусе и социальной защите военнослужащих и членов их семей").www.kontekst.kz/ - заң мәтіндерін іздеуге арналған сайт;

2) www.e.gov.kz/ - «электрондық үкімет» порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қоғамдық бірлестік құру», «қоғамдық бірлестікті қалай құруға болады» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119

Похожие:

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » icon«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »
Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар...

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » icon«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »
Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар...

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » icon«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңін үшін аянба! »
Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар...

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » icon2012 жылғы 11 маусымда «Нұр Отан» хдп саяси кеңесі бюросының №23 қаулысымен бекітілген «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» хдп
«Нұр Отан» хдп саяси кеңесі бюросының №23 қаулысымен бекітілген «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан»...

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінің
«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесі 2005 жылдан өз қызметін бастады, оның құрамында 16 аймақтық, және 258 аумақтық құрылымдық...

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі
Ихат депутаттары, «Нұр Отан» хдп- ның, Сараптамалық кеңес мүшелерінің, «Атамекен» ҚҰэп аф, Кәсіпкерлік пен жұмыс берушілер Одағының,...

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » icon«Нұр Отан» хдп қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңестің
«Нұр Отан» хдп қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы Төралқасы отырысының

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » icon«Нұр Отан» хдп қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің
«Нұр Отан» хдп қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы Төралқасы отырысының

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » icon«Нұр Отан» хдп қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің ҚҰрамы
«Нұр Отан» хдп қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы Төралқасы отырысының

«Елім менің» әнұранынан үзінді «Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! » icon«Нұр Отан» хдп төрағасы Бірінші орынбасарың
БАҚ партия қызметін ең үздік жариялағаны үшін оларды көтермелеу мақсатында өкізіледі

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница