Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы




НазваниеСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
страница1/9
Дата конвертации13.06.2013
Размер1 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 10:43:07
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 Қаулысы

(2012.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз тарату туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1769 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 1769 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 28 қазандағы № 420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2710 тіркелген, 2005 жылғы 16 қыркүйекте № 170-171 «Юридическая газета» газетінде жарияланған).

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Мұқашева A.M.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларына жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары F.H. Өзбековке жүктелсін.

 

 

Төраға

А. Дунаев

 

Келісілдi

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкi

Төраға

15.05.2006

____________________________

(қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

Келісілдi

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат

министрлігінің

Ақпарат және мұрағаттар комитеті

Төраға

23.05.2006

____________________________

(қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау

агенттігі Басқармасының

77 қаулысымен бекітілген

 

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы

ереже

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 130 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 180 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы Заң), 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 241 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.27.12. № 180 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 130 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) барынша төмен баға - бұдан төмен болғанда лот сатылмайтын баға;

2) бастапқы баға - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және лоттың бағалау бағасынан төмен болмайтын баға;

3) болжанбаған шығыстар - тарату комиссиясы жоспарламаған, мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, шұғыл қажеттіліктерге арналған шығын;

4) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары қатарынан құрылатын орган;

5) кредиторлар санаты - талаптары біртектес сипатта болатын және Сақтандыру туралы заңның 72-бабында көзделген белгілі бір кезек шегінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

6) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, кредиторлардың белгіленген мерзімде жарияланған және тарату комиссиясы таныған талаптарын көрсететін құжат;

7) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар және қатаң есепті бланктер, қымбат металлдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шыққан, қымбат металлдардан жасалған монеталар және бағалы заттар;

8) лот - сату үшін бөлінбейтін бірліктерге бөлінген, аукционға шығарылатын мүлік;

9) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторы - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелерден туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

11) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың ақырғы бағасы, ал мүлік сауда-саттықты өткізусіз сатылатын жағдайда - кредиторлар комитеті не Ережеге сәйкес тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, мүліктің ақырғы бағасы;

12) сату объектісі - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сауда-саттыққа жеке (дербес) бірлік ретінде шығарылатын мүлкі немесе бірнеше бірліктерден бір лотқа шоғырландырылған өзге мүлкі;

13) сатушы - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы;

14) сатып алушы - сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;

15) сауда-саттық жеңімпазы - сауда-саттықта лот үшін мейлінше жоғары баға ұсынған қатысушы;

16) сауда-саттыққа қатысушы - сауда-саттықты жүргізуді ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтініш берген және сауда-саттықты жүргізуді ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

17) сауда-саттықты жүргізуді ұйымдастырушы - таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттықты өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және оның қорытындысының қандай болатынына мүдделі емес жеке не заңды тұлға;

18) сауда-саттықтың ағылшын әдісі - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшін барынша жоғары баға ұсынған қатысушылардың бірі қалған сәтке дейін көтеріле беретін сауда-саттық әдісі;

19) сауда-саттықтың голланд әдісі - лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша қатысушылардың бірі лотты жарияланған бағамен сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендетіле беретін сауда-саттық әдісі;

20) тарату комиссиясы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсімдерін жүргізу барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын орган;

21) тарату комиссиясының шығыстары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп таратылу барысындағы тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрі - тарату шығыстары);

22) тарату, конкурстық масса - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері;

23) тарату массасын мақсатсыз жұмсау - уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

24) тарату шығыстарының бекітілген сметасы - тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органмен немесе кредиторлар комитетімен келісе отырып бекіткен, тиісті уақыт кезеңіне арналған смета;

25) тарату шығыстарының сметасы - тарату комиссиясы белгілі бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;

26) тарату өндірісі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын, заңды тұлға ретіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату рәсімі;

27) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату барысындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

28) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі - құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгізілген мүліктік қажеттілік пен құқықтар жиынтығы;

29) уақытша әкімшілік (уақытша әкімші) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім күшіне енген күннен бастап және уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге тағайындайтын орган;

30) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот деп танылған жағдайда тарату осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚРӘМ №6763 01. 02. 2010 ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру)...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚРӘМ №4731 12. 06. 2007ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы №85...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconСалымшыларға арналған тарату сақтандыру ұйымыларының ақпараты Қазіргі кезде 3 сақтандыру ұйымы «Алтын-Полис»
«Алтын-Полис» ск» АҚ, «наско-қазақстан» хск» АҚ мен «Premier Сақтандыру» АҚ мәжбүрлеп тарату процесінде болуда
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚРӘМ №4218 02. 05. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconБанктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚРӘМ №4070 01. 02. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы 2012 жылғы 26 наурыз №133 Алматы қ. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулық
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница