Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты




Скачать 66.76 Kb.
НазваниеҚазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты
Дата конвертации13.06.2013
Размер66.76 Kb.
ТипДокументы
Қазақ тілі сабағы

Пәні: ҚАЗАҚ ТІЛІ

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік мақсаты: оқушылардың тіл білімі салалары – фонетика, лексика және грамматика бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіру, нақтылау, тест жүйесі арқылы тексеріп өту.

б) дамытушылық мақсаты: оқушылардың ҰБТ бойынша біліктілік деңгейлерін шыңдай түсіп, қазақ тілі салаларынан алған білім тәжірибелерін практика жүзінде қолдана білу дағдыларын дамыта отырып, сауаттылықтарын арттыра түсу.

в) тәрбиелік мақсаты: сабақ үрдісінде қолданылатын мысалдар немесе шағын мәтіндер арқылы Отан сүйгіштік сезімдерін рухани дүниетанымдарымен сабақтастыра отырып байыта түсу.

Сабақтың түрі: білім мен дағдыны бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс түрлері, тест әдісі.

Көрнекі құралдар: мультимедиалдық жоба (техникалық жабдық) слайдтар, оқулық, тақта, бор және үлестірмелі кеспе қағаздары.

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет

Пайдаланылған дереккөздер реті: 10 сынып оқулығы, қазақ тілі пәні бойынша әдістемелік көмекші құралдар мен диктанттар жинағы.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.оқушылармен амандасу.

2.сабаққа даярлықты тексеру және оқушыларды белгілеу.

3.оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Қайталау сабағы болғандықтан, өткен мәліметтерді ауызша сұрақтар арқылы сұрап өтемін және сұраққа жауап беру барысында бүгінгі сабақтың эпиграфы оқушылардың көмегі арқылы айқындалып, сабақ жалғасын табады.

- Оқушылар, егер де біз қазір қойылатын сұрақтарға толық әрі дұрыс жауап берсек, біз бүгінгі сабақтың эпигрофымен таныса алатын боламыз. (Әр сұрақ мультимедиалық жоба арқылы беріліп, жауаптары толықтырылып отырады).

Тапсырмалар:

1. Түркі тілдеріне туыстас тілдерді ата. (Әзірбайжан, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, ноғай, өзбек, татар, түркі және қазақ т.б.).

2. Түркі тілдерінің көбіне ортақ тарихи жазба мұралары негізінен үш дәуірге топталады. Қандай дәуірлер топтамасы? (Көне түркі дәуірі(ІІІ, Ү\ҮІІІ ғасырлар); Орта түркі дәуірі(ҮІІІ\ХҮ ғ.) Қараханид кезеңі және Алтын Орда кезеңі; Жаңа түркі дәуірі(ХҮ ғасырдан қазірге дейін)).

3. ҚР «Тіл туралы Заңы» қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (6 тарау, 27 баптан).

4. А.Байтұрсынұлы жасаған қазақ әліпбиінің жазу жүйесі қалай аталды? (Төте жазу).

5. Қазақ әдеби тілінің стильдік армақтарын ата. (ғылыми, публицистикалық, ресми іс қағаздар, көркем әдеби және ауызекі сөйлеу стилі).

Сұраққа жауап беру барысында Абылай ханның білім туралы айтқан сөзі экранға шығады және бұл сөз бүгінгі сабақтың эпигрофы болып табылады.

«Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік».

-Абылай хан туралы сұрап өтемін (Абылай хан бейнесі видео монтаж ретінде көрсетіліп, қсымша мәліметтер сұралынып өтіледі). Қазақ тілінің қазақ әдебиеті және тарихпен байланыстылығы.

-Олай болса, ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры. Тек білімдінің жолы болар ғасыр. Ендеше, еліміздің келешегі біздердің білім-білік дәрежелеріміз қаншалықты деңгейде екенін бүгінгі сабақта аңғаруға болады.

Сабақтың мақсаты - алған білімдерімізді қайта еске түсіре отырып, бір жүйеге келтіру, нақтылау, тиянақтау.

Сабақта білуге тиісті деңгейлер: тілдік талдаулар түрі (грамматикалық кешенді, фонетикалық) және тест түрлерімен шапшаң әрі дұрыс орындай алу.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Олай болса, алғашқы кезең - «Фонетика алаңы».

Тақтада бір оқушы математикалық сатылай кешенді талдау жасайды «Сырбай» сөзіне. Екінші оқушы фонологиялық талдау жасайды «Бейімбет» сөзіне.

- Сырбай, Бейімбет кімдер?- деген сауалға тоқталып өтеді. (Мульт. жоба арқылы жауаптар толықтырылып өтіледі)

Фонологиялық талдау

Бейімбет

1. 8 дыбыс, 8 әріп.

2. Бей – ім – бет (бітеу, тұйық, бітеу буын)

3. Б-дауыссыз, ұяң, шұғыл, ерін

Е-дауысты, ашық, жіңішке, езулік

Й- дауыссыз, үнді, ауыз жолды, шұғыл, тіл алды

І- дауысты, қысаң, жіңішке, езулік

М-дауыссыз, үнді, мұрын жолды, шұғыл, ерін

Б- дауыссыз, ұяң, шұғыл, ерін

Е-дауысты, ашық, жіңішке, езулік

Т-дауыссыз, қатаң, шұғыл, тіс

Тапсырма

Мәтін ішінен біріккен, тіркескен сөздерді теріп жазу. Қазақ тіліне тән төл әріптері кездесетін сөздерді теріп жазып, әріптер астын сызу.

Терме диктант мәтіні

Абылай хан, Әбілмансұр – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары Қазақ Ордасының негізін салған әз-Жәнібек, одан кейін Есім хан, Салқам Жәңгір. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолында өскен. 13 жасар Абылай «Сабалақ» атанған тұста осы кездер болатын.

Қаһарлы хан, ұлы қолбасшы Абылай дарынды күйші ретінде де тарихта белгілі. Оның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім» тағы басқа күйлері бар. Өмір жолын ат үстінде өткізген Абылай хан Арыс өзенінің жағасында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне қойылған.

Қалған сынып оқушылары терме диктантпен жұмыс істейді. Диктант мәтіні экраннан көрсетіліп, оқушылар мәтін ішінен қос сөздер, біріккен сөздер және қазақ тіліне тән тоғыз әрпі қолданылған сөздерді теріп жазады. (диктант қос сөз, біріккен сөз және тіркескен сөздердің жазылу емлесіне арналған, сонымен қатар қазақтың төл әріптері ә, і, ы, қ, ғ дыбыстарының жазылуын да қамтиды). Жауапты жеке сұрай отырып, толықтыру.

«Сөздер сыры» кезеңі (Лексика бойынша)

ҰБТ-да көп кездесіп, оқушыларға қиындық туғызатын сұрақтар реті.

1. Синоним сөздерді тап. Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.

а) қыс, жаз, ескі.

ә) кір, түс, алма.

б) кір, көр, қор.

в) қою, ойна, көрме.

г) аспан, әуе, көк.

2. Кәсіби сөздерді көрсетіңіз. Кәсіби сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

а) жылым, күнжара, мұрап.

ә) ау, әңгелек, жеміс.

б) ғасыр, өмір, күн.

в) сүдігер, айдау, доктор.

г) әйбәт, жақсы, әдемі.

3. Диалект сөздерді көрсетіңіз. Диалект сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

а) табан, бекіре, шортан.

ә) шәугім, шаппа, меш.

б) айыр, күрек, тырма.

в) әдемі, көркем, сұлу.

г) өнеркәсіп, сым, леген.

4. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз. Сөздің ауыспалы және тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.

а) ақ көйле.

ә) істің ақ, қарасы тексерілді.

б) жігерлі адам.

в) қара киім.

г) қызыл шапан.

5.Тұрақты сөз трікесін табыңыз.

а) аяғын шалыс басу.

ә) үлкен жер

б) ауыл шаруашылық

в) бас кейіпкер

г) жеке өмір сүру

«Грамматика асуы» кезеңі

Тақтада бірінші оқушы сөйлемге морфологиялық талдау жасайды, екінші оқушы сөйлемге синтаксистік талдау жасайды (екеуіде грамматикалық жан\жақты кешенді талдау жасайды)

Бөгенбай батыр Абылайға жеке жасаққа қолбасылық етуді сеніп тапсырды. (морфологиялық талдау, грамматикалық талдау)

Тегеурінді әскери қимылмен қатар жүргізілген дипломатиялық әрекеттер Абылайды өз заманының ұлы қайраткері деңгейіне көтереді.

(синтаксистік талдау, грамматикалық талдау)

Орнында отырған оқушылар төл сөз бен автор сөзі арасындағы тыныс белгілерінің қойылуына тоқталып өтеді

Тапсырмалар:

1. Атасы баласына

- Еңбекпенен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер, деген мұны есіңе сақта, еңбек ете біл деп ақыл айтты.

2. Маған сұрақ қоямын деп отырған қандай адам деп сұрады Байдалы би жанындағылардан сұраған еді.

3.Тыңдап тұрған жұрт иықтарын көтере түсіп

- Жәкең дұрыс айтады бәріміздің де айтатынымыз осы десті.

4. Ең қызығы - дейді Қадыр тыңдағы көтеріліп жатқан жерлерге күндіз емес, түнде қарау.

Дұрыс жауаптары:

1. Атасы баласына: - «Еңбекпенен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер», деген, мұны есіңе сақта, еңбек ете біл,- деп ақыл айтты.

2.- Маған сұрақ қоямын деп отырған қандай адам?-деп сұрады Байдалы би жанындағылардан сұраған еді.

3.Тыңдап тұрған жұрт иықтарын көтере түсіп:

- Жәкең дұрыс айтады, бәріміздің де айтатынымыз осы!- десті.

4. – Ең қызығы,- дейді Қадыр,- тыңдағы көтеріліп жатқан жерлерге күндіз емес, түнде қарау.

ІҮ. Бекіту кезеңі.

«Ел келешегі - білімді жастар қолында!»

Н.Ә.Назарбаев

Лингвистиканың барлық салаларын қамтитын он бес сұрақтық тест алынады. Тест оқушылардың алдына таратылып беріледі, яғни оқушылардың жеке дара жұмысы. Тест орындалып болған соң, оқушылар көршілерімен алмасып, экран арқылы көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша тексеріп өтіп, бағалайды.

Ү. Үй тапсырмасын беру кезеңі.

«Ер Абылай» тақырыбында шағын ойтолғау және Абылай сөзіне математикалық сатылай кешенді талдау жасау.

ҮІ. Бағалау. Біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағаланады.

Тест бойынша сыныптың білім сапасы мен үлгірімін көрсету диагностика түрінде

Похожие:

Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты iconҚазақ тілі 2-сынып Сабақтың тақырыбы: ю әрпінің жазылуы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру
Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты iconҚазақ тілі 2 сынып Сабақтың тақырыбы
Сабақтың міндеттері Оқушыларды сөйлем ішінен сан есімдерді табуға, сұрақ қоя білуге үйрету
Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл сабағы Тақырыбы: «Ана тілім ардағым»
Мақсаты: Қазақ тілі фестивалі аясында өткізілетін негізгі іс шаралар барысын таныстыру. Қазақ тілі туралы және оның қоғамдағы алатын...
Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты iconҚазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінде септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септік жалғауы үндестік...
Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты iconҚазақ тілі 4 «а» сынып Сабақтың тақырыбы. Қос сөздер. Сабақтың мақсаты: Білімдік
Білімдік: Оқушыларға қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы ерекшелігін түсіндіру. Сөйлем ішінен қос сөздерді таба...
Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты iconПәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы
Сабақтың технологиясы: Өзін-өзі тану пәнінің технологиясы сабақ құрылымында толықтай қолданылды, модульдік оқыту технологиясының...
Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты iconСыныптан тыс жұмыс «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін...
Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты iconАшық сабақ 5-6 класс қазақ әдебиеті. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Баланың бірінші жыл өмірімен рәсімдер
Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты iconҚазақ тілі 11 «Б»сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары
Бұл біздің ата-бабаларымызға көшіп-қонып жүрген кездерінде аман қалуларына мүмкіндік берді
Қазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты icon103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница