Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама




Скачать 393.64 Kb.
НазваниеСоттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама
страница2/4
Дата конвертации27.11.2012
Размер393.64 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

ҚК-нің 13- бабының 1-ші бөлігіне сай, бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады, яғни бұл үшін бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыс жасауы жеткілікті негіз болып табылады, ал осы баптың 2-ші бөлігінде белгіленген “қылмыстың қауіпті қайталануы”:

  • «а» тармағына сәйкес, егер адам бұрын қасақана жасаған

қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса және ол жаңадан қасақана қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

  • «б» тармағына сәйкес, егер адам бұрын ауыр қылмыс

жасағаны үшін сотталған болса, ол жаңадан ауыр қылмыс жасаған жағдайда танылуға жатады.

ҚК-нің 13-бабының 3- бөлігінде белгіленген “қылмыстың аса қауіпті қайталануы”:

  • «а» тармағына сәйкес, егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе

ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса және ол жаңадан қасақана қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

  • «б» тармағына сәйкес, егер адам бұрын ауыр қылмыс

жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған немесе аса ауыр қылмыс жаағаны үшін сотталған болса, ол жаңадан ауыр қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

  • «в» тармағына сәйкес, егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр

қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол жаңадан аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда танылуға жатады.


Жоғарыда аталған қылмыстың қайталануын белгілейтін қылмыстық заңдардың нормаларының талаптарына және ҚК-нің 13-бабының 4-бөлігіне сәйкес, жасы он сегізге толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіп бойынша жойылған не алынып тасталған соттылықтар қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді.

ҚК-нің 13-ші бабының 5-ші бөлігінің талабына сәйкес қылмыстардың қайталануы осы Кодексте көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.

ҚК-нің 54-ші бабының 1-ші бөлігінің «а» тармағының талабына сәйкес қылмыстың қайталануы қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жәйлардың бірі болып танылады.


«Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы №15 санды нормативтік қаулысының 5-ші тармағының түсіндірмесіне сәйкес соттар қылмыстың қайталануы туралы мәселелермен байланысты мән-жәйларды, олардың жасалған әрекетті

дұрыс бағалауға, жазаның мерзімін, түзеу колониясы режимінің түрін

дұрыс анықтауға ықпал ететінін назарда ұстай отырып, мұқият зерттеуге міндетті.

«Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы

қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007

жылғы 25 желтоқсандағы №8 санды нормативтік қаулысының 2-ші тармағына сәйкес сотталушының әрекетінде қылмыстың қайталануын анықтап, ол бойынша тиісті шешім қабылдау соттың құқығы емес міндеті болып табылады.

Осы қаулының 4-тармағына сәйкес қылмыстың қайталануын таныған және оның түрін анықтаған кезде әрбір сотталушының бұрынғы соттылықтарына қатысты мән-жайларды мұқият анықтау қажет. Атап айтқанда: сотталушының қылмыс жасаған сәттегі жасын, бұрын сотты болған қылмыстардың санатын, сот үкімі бойынша белгіленген жаза түрін, үкім бойынша тағайындалған жазаның іс жүзінде өтелген- өтелмегендігін, үкім бойынша тағайындалған жазаның басқа жазамен ауыстырылған-ауыстырылмағандығын және сотталған адам неге байланысты, қашан және қандай негіздер бойынша жазаны өтеуден босатылғанын, бұрынғы соттылығы алынғанын немесе жойылғанын анықтауы қажет.

Қылмыстардың қайталануы туралы

заңнаманы қолданумен байланысты сот тәжірибесі



Қылмыстық істер бойынша қабылданған сот актілеріне зерделеу жүргізу негізінен соттардың қылмыстың қайталануын анықтаумен байланысты және сот үкімдерімен әрекеттерінде қылмыстың қайталануы танылған адамдарға жаза тағайындаудың тәртібін және бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған жағдайларда түзеу мекемелерінің түрлерін белгілейтін қылмыстық заңдардың нормаларын сот тәжірибесінде дұрыс қолданатындықтарын көрсетті.

ҚК-нің 59-шы бабында көзделген қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезінде соттармен сотталған 3 адамға ( 2010 жылы – 2, 2011 жылдың 6 айында –1) ҚК-нің 55-ші бабын қолдану арқылы, айыпталды деп танылған қылмысы үшін сол баптың санкциясында көзделгендегіден неғұрлым жеңіл жаза тағайындалған.

Айталық, Атырау қалалық № 2 сотының 2010 жылдың 29 сәуіріндегі үкімімен К.С.Акбалиева ҚК-нің 176- бабының 3-бөл. «г» тармағымен және 314-бабының 1- бөл. айыпты деп танылып, оған ҚК-нің 176- бабының 3-бөл. «г» тармағымен ҚК-нің 55-бабын қолданумен мүлкі тәркіленіп, 4(төрт) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру әрі 4(төрт) жыл мерзімге қаржы-материалдық жауаптылығы бар қызмет атқару құқығынан айыру жазасы, ал 314-бабының 1- бөл.1(бір) жыл 6(алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 58-бабының 3- бөл. негізінде ол түпкілікті - мүлкі тәркіленіп, 4(төрт) жыл 6(алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру әрі 4(төрт) жыл мерзімге қаржы-материалдық жауаптылығы бар қызмет атқару құқығынан айыру жазасына сотталып, ол жазасына ҚК-нің 64-бабының 5-бөл. сәйкес бұрынғы үкімі бойынша шартты түрде соттаудың күші жойылып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөл. сәйкес алдыңғы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, нақты өтеуіне мүлкі тәркіленіп, 5(бес) жыл 6(алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру әрі 5(бес) жыл мерзімге қаржы-материалдық жауаптылығы бар қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын өтеуге түзеу колониясының жалпы режимі белгіленіп, әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 2-бөл. «б» тарамғына сай, қылмыстың қауіпті қайталануы танылған (судья Тухфатова Д.Н.).

Бұдан басқа, Атырау қалалық № 2 сотының 2010 жылдың 16 тамызындағы үкімімен А.Б.Тонгалиев ҚК 259- бабының 1-1-бөл. айыпты деп танылып, осы баппен ҚК-нің 55-бабын қолданумен мүлкі тәркіленусіз, 4(төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленіп, әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 1-бөл. сай, қылмыстың қайталануы танылған (судья Оңғарсынова Э.М.).

Атырау қалалық № 2 сотының 2011 жылдың 18 сәуіріндегі үкімімен Б.А.Аббасов ҚК-нің 259- бабының 1-1-бөл. айыпты деп танылып, осы баппен ҚК-нің 55-бабын қолданумен мүлкі тәркіленусіз, 5(бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленіп, әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 2-бөл. «б» тармағына сай, қылмыстың қауіпті қайталануы танылған (судья Қазақбай З.К.).

Соңғы аталған екі қылмыстық ісі бойынша шығарылған соттың үкімдеріне қарағанда, сотталғандар А.Б.Тонгалиев пен Б.А.Аббасовқа ҚК-нің 55-бабы қолданылумен бар болғаны ҚК-нің 259- бабының 1-1-бөл. санкциясында міндетті түрде қосымша жаза ретінде тағайындалуы көзделген мүлкін тәркілеу жазалары тағайындалмаған және үкімдерде олардың қылмысты пайдакүнемдік мақсатта жасамағандығы ерекше мән-жәйлар ретінде бағаланған, сондай-ақ ҚК-нің 51- бабының 2-бөлігіне, яғни мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленуге жататындығына сілтеме жасалған.

Істің аталған мән-жәйларында, яғни ҚК-нің 51- бабының 2-бөлігінде мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленуге жататындығы көзделгендігі, өздігінен оларға мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жазаны тағайындамауға негіз болып табылатындығы себептен, сотпен ҚК-нің 55-бабын қолданып жаза тағайындауға қажеттілік болмаған.

Шолу барысында абайсызда қылмыс жасаған адамдардың әрекетінде қылмыстың қайталану белгісін тануға жол берілмегендігі анықталды, демек соттармен бұл мәселеге қатысты шешім қабылданғанда барлық жағдайларда ҚК-нің 13- бабының 1-ші бөлігінің, яғни бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылатындығы талабы

сақталған.

Дей тұрғанмен, жекелеген қылмыстық істерді қарап, үкім шығару барыстарында соттардың тараптарынан қылмыстың қайталануын белгілейтін қылмыстық заңдардың нормаларын сот тәжірибесінде

қолдану кезінде бірқатар қателіктерге жол берілген.

ҚК-нің 59-шы бабының 2-ші бөл. талабына сәйкес қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің үштен бірінен төмен болмауы керек.

ҚК-нің 59-шы бабының 3-ші бөлігіне сәйкес, егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында (бабының бөлігінде) айқындаушы белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ осы Кодекстің 55-ші бабында көзделген ерекше мән-жәйлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе аса қауіпті қайталануы кезінде жаза осы баптың екінші бөлігінде көзделген ережелерді ескермей тағайындалады.

“Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 санды нормативтік қаулысының 13-ші тармағының талабына сәйкес, соттар тиісінше қылмыстардың рецидиві кезінде, аяқталмаған қылмыс, сондай-ақ қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде осы адамдарға белгіленген жаза мерзімдерінің шеңберін қатаң сақтауы тиіс.

“Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы №15 санды нормативтік қаулысының 9-шы тармағының түсіндірмесіне сәйкес, «..санкцияда көзделген жазаның барлық түрлері, олардың шамадан тыс қатаңдығына және жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес келмеуіне және анықталған ерекше жеңілдететін мән-жәйларға байланысты қолданылмайтын жағдайларда ғана сол қылмыс үшін көзделгендегіден неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға жол беріледі.

«Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №8 санды нормативтік қаулысының 24 тармағында, қылмыстардың қайталануының болуы ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің а) тармағына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікті және жазаны ауырлататын мән-жәйлар ретінде, сондай-ақ ҚК-нің 59-бабына сәйкес, сотталушыларға жаза түрін және мөлшерін айқындаған кезде ескеріледі және қылмысты саралау бойынша қылмыстық заңның санкциясында көрсетілген жазаның неғұрлым қатаң түрін тағайындауға әкеп соғады. Қылмыстың қайталануы кезінде жазаны тағайындағанда ҚК-нің 59-бабының ережелерін қолданбауға осы баптың 3-бөлігінде көрсетілген мән-жәйлар болғанда ғана жол беріледі.ҚК-нің 59-бабына сәйкес жаза тағайындаған кезде, сондай-ақ “Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы №15 санды нормативтік қаулысының 8-тармағында және «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 санды нормативтік қаулысының 13-тармағында берілген түсіндірмелерді басшылыққа алу керек. Қылмыстың қайталануы кезінде жазаны тағайындаған кезде ҚК-нің 59-бабының ережелерін қолдану не қолданбауды сот үкімде дәлелдеуге міндетті.

Шолу жүргізу барысында жекелеген қылмыстық істер бойынша сотпен қылмыстардың қайталануы жағдайында сотталғандарға жаза тағайындалғанда ҚК-нің 59-шы бабының 2-ші бөл. талабы сақталмағандығы мән-жәйлары анықталды.

Атап тоқталғанда:

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 26.01.2011 жылғы үкімімен ҚК-нің 96-бабының 2- бөл.«д,ж» тармақтарымен, 175-бабының 1-бөл.сотталған А.С.Айтухашевтің және тағы басқалардың қылмыстық істері бойынша А.С.Айтухашев аталған баптармен айыпты деп танылып, оған ҚК-нің 96-бабының 2- бөл.«д,ж» тармақтарымен – 18 (он сегіз) жыл, ал 175-бабының 1-бөл.- 1 (бір) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 58-бабының 4-бөл. негізінде түпкілікті 19 (он тоғыз) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын өтеуге түзеу колониясының ерекше режимі белгіленген, сондай-ақ әрекетінде ҚК- 13-бабының 3-бөл. «в» тармағы негізінде қылмыстың аса қауіпті қайталануы танылған.

Осы сот үкімі бойынша сотталған А.С.Айтухашевқа ҚК-нің 175-бабының 1-бөл.- 1 (бір) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған кезде ҚК-нің 59-бабының 2-бөл.ережесі сақталмаған (судья Г.Р.Хаженова).

Махамбет аудандық сотының 17.06.2010 жылғы сот үкімімен ҚК-нің 183- бабының 1 бөл. сотталған Егізбаева Гүлсараның қылмыстық ісі бойынша ол аталған баппен айыпты деп танылып, оған 70 АЕК – 98910 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалып, ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөл. сәйкес әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылған.

Ал 28.06.2010 жылғы сот үкімімен ҚК-нің 183- бабының 1 бөл. сотталған Егізбаева Гүлнардың қылмыстық ісі бойынша ол аталған баппен айыпты деп танылып, оған оған 180 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалып, ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөл. сәйкес әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылған.

Осы сотталған Гульсара және Гульнар Егізбаевалар қылмыс жасаған және соттың үкімі шығарылған кезде қолданыста болған ҚК-нің 183- бабының 1 бөл. санкциясында айыппұл салу, қоғамдық жұмыстараға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не мүлкі тәркіленумен не онсыз алты айға дейінгі мерзімге қамау жазалары көзделген.

Бірінші саты сотымен Гульсара және Гульнар Егізбаеваларға ҚК-

183- бабының 1 бөл. жаза тағайындалғанда жоғарыдағы заң талаптары ескерілусіз қалған, сонымен бірге соттың үкімінде оларға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары, не мүлкін тәркілеумен не онсыз алты

айға дейінгі мерзімге қамау жазасы тағайындалмау себебі көрсетілмеген.

Осы тұрғыдағы олқылықтар 09.02.2011 жылғы үкімімен ҚК-нің 183- бабының 1 бөл. 240 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталып, ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөл. сәйкес әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылған М.Б.Танатовтың қылмыстық ісі бойынша /Исатай аудандық соты - судья М.Залғараев/, 07.12.2010 жылғы үкімімен ҚК-нің 183- бабының 1 бөл. 50 АЕК – 70650 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасына сотталып, ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөл. сәйкес әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылған Г.А.Айшуақованың қылмыстық ісі бойынша, 24.11.2010 жылғы үкімімен ҚК-нің 175- бабының 1 бөл. 240 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталып, ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөл. сәйкес әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылған Р.С.Жумагалиевтің қылмыстық ісі бойынша, 23.02.2010 жылғы үкімімен ҚК-нің 352- бабының 1 бөл. 220 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасына сотталып, ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөл. сәйкес әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылған У.Р.Азанкуловтың қылмыстық ісі бойынша / Жылыой аудандық соты - судья М.С.Ысқақов/ орын алған.

Сонымен бірге, №2 Атырау қалалық сотының 18.03.2010 жылғы үкімімен ҚК-нің 183- бабының 1 бөл. сотталған Ш.К.Бисенованың қылмыстық ісі бойынша ол аталған баппен айыпты деп танылып, оған 210 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалып, ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөл. сәйкес әрекетінде қылмыстың қайталануы танылған.

Соттың үкімінің дәлелді-сипаттамалы бөлігінде ҚК-нің 43-бабына сәйкес сотталғанның жұмысы жоқтығына байланысты түзеу жұмысы түріндегі жазаны және 46-бабына сәйкес кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты қамауға алу түріндегі жазаны тағайындауға болмайтындығы көрсетілген (судья М.С.Жарылғасова).

Соңғы іс бойынша шығарылған сот үкімін ҚК-нің және ҚІЖК-нің талаптарына жауап береді деп атап өтуге болады.

Жекелеген қылмыстық істері бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда немесе айыптау қорытындысында қылмыстың қайталануын танудың негіздері қате көрсетілуіне байланысты соттармен үкім шығару кезінде қылмыстың қайталану түрін тану үшін кедергі болған.

Айталық, №2 Атырау қалалық сотының 08.04.2011 жылғы үкімімен ҚК-нің 175-бабының 3- бөл. «б» тармағымен сотталғандар М.К.Мусин мен А.Н.Кусаевтың қылмыстық ісі бойынша олар аталған баппен айыпты деп танылып, алғашқысы мүлкі тәркіленіп, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, әрекетінде ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөлігіне сәйкес қылмыстың қайталануы танылған, жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген. Ал екіншісі мүлкі тәркіленіп, үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, ҚК-нің 64-бабының 5- бөл. негізінде 02.03.2009 жылғы үкімі бойынша шартты түрде соттаудың күші жойылып, ҚК-нің 60-бабының 1 және 4-бөл. сай алдыңғы үкімі бойынша тағайындалған жазасының өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, әрекетінде ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөлігіне сәйкес қылмыстың қайталануы танылған, жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген. Соттың үкімінде сотталғандардың әрекеттерінде ҚК-нің 13-бабының 1-бөл. сәйкес, қылмыстың қайталануы танылуы оларды айыпталушы ретінде жауапқа тарту және айыптау қорытындысында солай көрсетілуіне байланысты танылғандығы көрсетілген.

Іс-құжаттарына қарағанда бұрын М.К.Мусин 02.03.2009 жылғы үкімімен ҚК-нің 178-бабының 2-бөл. «а,в» тармақтарымен ҚК-нің 55-бабы қолданылумен бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ал А.Н.Кусаев осы сот үкімімен ҚК-нің 178-бабының 2-бөл. «а,в» тармақтарымен үш жыл мерзімге бас бостандығынана айыру жазасына ҚК-нің 63-бабы қолданылумен шартты түрде сотталған, яғни олардың екеуісіде бұрын қасақана ауыр санаттағы қылмысты жасағандықтары үшін соттала тұра, қайталап ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасағандықтары үшін айыпты деп танылып, бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалған, яғни әрекеттерінде ҚК-нің 13-бабының 2-бөл. «а» тармағына сәйкес, қылмыстың қауіпті қайталануы танылуы тиіс.

Іс бойынша жасақталған айыптау қорытындысында оның әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 1-бөл. сәйкес қылмыстың қайталануы танылуы тиіс деп көрсетілген.

Сотпен үкім шығарылып, олардың әрекетінде қылмыстың

қайталануын тану кезінде істің бұл мән-жәйлары ескерілген және сотпен оған тиісті дәрежеде баға беріліп, Атырау қаласының прокурорының және Атырау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының атына жеке қаулы шығарылған.

Сот үкіміне апелляциялық тәртібімен сотталған М.К.Мусин мен қорғаушылар Н.Тұхфатов және М.Мырзағараевтың шағым келтірулерімен қаралып, соттың үкімі 15.06.20011 жылғы апелляциялық сот алқасы

қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған (судья Калимукашева А.Д.).

№2 Атырау қалалық сотының 03.05.2011 жылғы үкімімен ҚК-нің 175-бабының 2- бөл. «а» тармағымен сотталған Е.М.Қайырлиевтің қылмыстық ісі бойынша ол аталған баппен айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөл. сай алдыңғы 01.10.2008 жылғы үкімі бойынша тағайындалған жазасының өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, төрт жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, әрекетінде ҚК-нің 13-ші бабының 1-ші бөліміне сәйкес қылмыстың қайталануы танылған, жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген. Соттың үкімінде Е.М.Қайырлиев бұрын қасақана қылмыс жасағандығы үшін сотталып, тағы

да қасақана қылмыс жасап отыр, сондықтан ҚК-нің 13-бабының 1-бөл.

сәйкес, әрекетінде қылмыстың қайталануы танылуы тиіс деп көрсетілген.

Іс-құжаттарына қарағанда Е.М.Қайырлиев бұрын екі рет сотталған.

1).25.07.2007 жылғы сот үкімімен ҚК-нің 24-бабының 3- бөл., 178-бабының 2- бөл. «б» тармағымен үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ҚК-нің 63-бабы қолданылуымен шартты түрде сотталған және осы шартты түрде сотталуы бойынша тағайындалған екі жыл сынақ мерзімі ішінде қайталап қылмыс жасағандығы үшін 2). 01.10.2008 жылғы сот үкімімен ҚК-нің ҚК-нің 175- бабының 2 бөл. «а,б,в» тармақтарымен үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 64-бабының 5-бөл. негізінде алдыңғы 25.07.2007 жылғы үкімі бойынша шартты түрде соттаудың күші жойылып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөл. тәртібі негізінде негізінде соңғы жазасына ол үкімі бойынша тағайындалған жазасы ішінара қосылып, түпкілікті төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Ол осы аталған үкімдерде көрсетілген қылмыстарды жасы кәмелетке толған кезінде жасаған. Осыны ескергенде, ол бұрын екі рет, соның ішінде біріншісінде ауыр санаттағы, ал екіншісіндегі орташа ауырлықтағы қасақана қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адам болып саналады, яғни әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 2-бөл. «а» тармағына сәйкес, қылмыстың қауіпті қайталануы танылуы тиіс.

Іс бойынша жасақталған айыптау қорытындысында оның әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 1-бөл. сәйкес, қылмыстың қайталануы танылуы тиіс деп көрсетілген. Осы істің мән-жәйы сотпен оның әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 2-бөл. «а» тармағына сәйкес, қылмыстың қауіпті қайталануын тануға кедергі болғандығына көрсетеді.

Алайда үкім шығарылып, оның әрекетінде қылмыстың қайталануын тану кезінде істің бұл мән-жәйлары ескерілмеген және сотпен оған тиісті дәрежеде баға берілмеген, жеке қаулы шығарылмаған. (судья Б.С.Дюсебалиева).

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 11.04.2011 жылғы үкімімен ҚК-нің 237-бабының 2- бөл., 179-бабының 3-бөл. «в» тармағымен, 175-бабының 2-бөл. «а,в» тармақтарымен сотталғандар С.О.Тукенов, Р.Р.Каримовтың және тағы басқалардың қылмыстық істері бойынша С.О.Тукенов пен Р.Р.Каримов аталған баптармен айыпты деп танылып, оларға ҚК-нің 58-бабының 3-бөл., 60-бабының 1- бөл. негізінде түпкілікті мүліктерін тәркілеумен алғашқысына он екі, ал соңғысына он төрт жылға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалып, жазаларын өтеуге түзеу колониясының ерекше режимі белгіленген, сондай-ақ әрекеттерінде ҚК-нің 13-бабының 3-бөл. «в» тармағы негізінде қылмыстың аса қауіпті қайталануы танылған. Алайда сот үкімінің дәлелді-сипаттамалы бөлігінде бұның негізі, яғни не себептен әрекеттерінде ҚК-нің 13-бабының 3-бөл. «в» тармағына сәйкес қылмыстың аса қауіпті қайталануы танылуға жататындығы негізделмеген.

Сонымен бірге, осы сот үкімімен ҚК-нің 237-бабының 2- бөл., 179-

бабының 3-бөл. «в» тармағымен, 252-бабының 4-бөлігімен, 175-бабының 2-бөл. «а,в» тармақтарымен, 185-бабының 3-бөлігімен айыпты деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөл., 60-бабының 1-бөл. негізінде түпкілікті мүлкін тәркілеумен он төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазаны өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген А.К.Кабдрашиттың бұрын екі рет ауыр қылмыс жасап сотталғандығы, яғни әрекетінде ҚК 13-бабының 3-бөл. «в» тармағы негізінде қылмыстың аса қауіпті қайталану белгісі барлығы көрінеді.

Іс бойынша А.К.Кабдрашитты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда немесе жасақталған айыптау қорытындысында оның негіздемесі, яғни оның қылмысты қайталану жағадайында жасағандығы мүлдем көрсетілмеген.

Осы істің мән-жәйы сотпен оның әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 3-бөл. «в» тармағына сәйкес, қылмыстың аса қауіпті қайталануы тануға кедергі болғандығына көрсетеді.

Алайда үкім шығарылған кезде істің бұл мән-жәйлары ескерілмеген және сотпен оған тиісті дәрежеде баға берілмеген, жеке қаулы шығарылмаған. (судья Г.Б.Даулетова).

Соттармен бұрын қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамдарға қатысты қылмыстың қайталануы мән-жәйлары жекелеген жағдайларда сот үкімдерінің дәлелдеме-сипаттамалы бөлігінде жете негізделмейтіндігі көрінеді. Көп жағдайларда соттар үкімнің дәлелдеме-сипаттамалы бөлігінде сотталғанның бұрынғы соттылығына сілтеме жасаумен шектелген.

Айталық, Құрманғазы аудандық сотының 15.01.2010 жылғы үкімімен ҚК-нің 145- бабының 2 бөл., 257- бабының 1 бөл., 24- бабының 3 бөл. 120- бабының 2 бөл. «а» тармағымен сотталған Е.С.Амировтың қылмыстық ісі бойынша ол аталған баптармен айыпты деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөл. негізінде түпкілікті жеті жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, Е.С.Амировтың әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануын тануға деп жазылған /ҚК-нің 13-ші бабының 2-ші бөл. тиісті тармағына сілтеме жасалмаған, ол үкімінің дәлелді-сипаттамалы бөлігінде де көрсетілмеген/. (судья Е.Жапаров).

2 Атырау қалалық сотының 27.05.2010 жылғы үкімімен ҚК-нің 175- бабының 2- бөл. «а,в» тармақтарымен сотталған А.А.Даулетовтің қылмыстық ісі бойынша ол аталған баппен айыпты деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген. Үкімнің қарар бөлігінде А.А.Даулетовтің әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануын тануға деп жазылған /ҚК-нің 13-ші бабының тиісті бөл. тармақтарына сілтеме жасалмаған, үкімінің дәлелді-сипаттамалы бөлігінде 13-бабының 2-бөлігіне сай, бұрын екі қасақана соттылығы барлығы негізінде, әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылуға жатады деп көрсетілген, тармағы көрсетілмеген/ . (судья Б.Дюсебалиева).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15

тамыздағы №19-шы санды “Сот үкімі туралы” нормативтік қаулысының

29-шы тармағының түсіндірмесіне сәйкес жаза мөлшері қылмыстың қайталану қауіптілігінің дәрежесіне байланысты болғандықтан соттар қылмыстың қайталану түрін дұрыс белгілеуге міндетті. Соттың бұл тұжырымы дәлелдер келтіріле отырып, үкімнің дәлелдеу бөлігінде, ал тиісті шешім үкімінің қорытынды бөлігінде көрсетіледі.

«Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы №15 санды нормативтік қаулысының 5-ші тармағының түсіндірмесіне сәйкес соттар барлық жағдайларда да жаза мен жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын бүкіл мән-жәйлар жиынтығын, жазаны, сотталушының жеке басы туралы нақтылы мәліметтерді, жаза туралы қабылданған шешімнің уәждерін үкімде міндетті түрде көрсете және келтіре отырып, жан-жақты және шынайы бағалауға міндетті. Көрсетілген мән-жәйларды олардың әрқайсысының мазмұнын ашпастан көрсетумен шектелуге болмайды.

Қылмыстың қайталануы мән-жәйларын үкімнің қорытынды бөлігінде жазумен байланысты белгілі бір сот тәжірибесі қалыптаспаған.

Шолу жүргізуге келіп түскен көптеген қылмыстық істер бойынша сот үкімдерінің қорытынды бөліктерінде сотталған адамның әрекетінде қылмыстың қайталану белгісі танылған жағдайларда, ҚК-нің 13-бабының тиісті бөлігі мен тармағы көрсетілмейтіндігі, жекелеген жағдайларда не сотталушының аты-жөні әрі ҚК-нің бабының тиісті бөлігі мен тармағы жазылмайтындығы, кейбір үкімдерде қылмыстың қасақана жасалғандығы мән-жайы мүлдем артық жазылатындығы, тағы басқа көрінеді.

Соның ішінде, қылмыстың қайталану түрлерінің сот үкімінің қорытынды бөліктерінде әрбір судьямен түрліше жазылатындығы және бұл мәселенің белгілі бір жүйеге келтіруді қажет ететіндігі анықталыды.

Қылмыстың қайталануын белгілейтін, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындаумен байланысты сот тәжірибесінде қолданылуға жататын қылмыстық заңдары мен осы мәселеге қатынасты қабылданған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулыларында оның сот үкімдерінде қалай жазылуы қажеттігі жөнінде нақты түсініктер берілмеген, сондай-ақ айыптау үкімінің қорытынды бөлігін реттейтін ҚІЖК-нің 380-ші бабында ол қамтылмаған.

«Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №8 санды нормативтік қаулысының 2, 19,26, тармақтарында берілген түсіндірмелерге қарағанда соттың үкімімен

сотталған адамның әрекетінде қылмыстың қайталануының тиісті түрі анықталуға жатады.

Осы қаулыда айтылғанды және ҚК-нің 13- бабының 1-ші бөлігінің түсіндірмесіне сай, бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылуға жататындығын ескергенде, сот үкімінің қорытынды бөлігінде «ҚК-нің 13- бабының тиісті бөлігіне /болса тиісті тармағына/ сілтеме жасалып, сотталушының аты-жөні көрсетіліп, әрекетінде тиісінше: “қылмыстың қайталануын”, “қауіпті қайталануын”, “аса қауіпті қайталануын” тануға»- деп жазылуы дұрыс болады.

«Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №8 санды нормативтік қаулысының 29 тармағының түсіндірмесіне сәйкес, қылмыстардың қайталануы туралы істерді қарағанда алынбаған және жойылмаған соттылығы бар адамдардың қылмысты бірнеше рет қайталап жасауына әсер ететін себептерді және жағдайларды анықтау, сондай-ақ үкімдердің атқарылуын және қайта тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын органдардың жұмыстарындағы кемшіліктерге назар аудару керек. Кемшіліктер анықталған жағдайларда ҚІЖК-нің 59-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, жеке қаулылар шығару қажет.

Шолу жүргізілген кезеңдердегі қаралған қылмыстық істер бойынша соттармен бұндай негіздермен бірде-бір жеке қаулы шығарылмаған.

1   2   3   4

Похожие:

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама icon2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама
Осы анықтама азаматтық істерді қарау туралы статистикалық деректерді таладу негізінде жасалған
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconМемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижелерін даулау туралы істер бойынша сот тәжірибесіне шолу
Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы №1158 қаулысымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconЖалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде
Жалған кәсіпкерлік туралы қолданыстағы заңнаманы дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) Стратегиялық әзірлеу және талдау бөлімі туралы
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconЖылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелерні жарамды...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconЖеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconБекітілген қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының регламентi
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңмен, «Сот жюриі туралы ережемен», «Судьялардың республикалық және облыстық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница