Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама




Скачать 393.64 Kb.
НазваниеСоттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама
страница3/4
Дата конвертации27.11.2012
Размер393.64 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

Қылмыстардың қайталануы туралы қылмыстық істерді

қарау сапасы


Атырау облысы соттарының қылмыстық істері бойынша сот әділдігін жүзеге асырау сапасының статистикалық мәліметтері мен шолу жүргізілген кезеңдердегі сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпараттарына сәйкес, 2010 жылы ішінде апелляциялық тәртіпте 2 қылмыстық ісі бойынша 4 адамға қатысты үкімнің күші жойылған, 18 қылмыстық ісі бойынша 18 адамға қатысты үкім өзгертілген, кассациялық тәртіпте 2 қылмыстық ісі бойынша 2 адамға қатысты үкім өзгертілген, қадағалау тәртібімен 2 қылмыстық ісі бойынша 2 адамға қатысты үкімнің күші жойылған, 1 қылмыстық ісі бойынша 1 адамға қатысты үкім өзгертілген, ал 2011 жылдың алты айының ішінде апелляциялық тәртіпте 1 қылмыстық ісі бойынша 2 адамға қатысты үкімнің күші жойылған, 13 қылмыстық ісі бойынша 14 адамға қатысты үкім өзгертілген, кассациялық тәртіпте 1 қылмыстық ісі бойынша 1 адамға қатысты үкім өзгертілген, қадағалау тәртібімен күші жойылған болмаса өзгертілген сот үкімдері

болмаған.

Осылардан қылмыстың қайталануын белгілейтін қылмыстық заңдардың нормаларын сот тәжірибесінде дұрыс қолданбаумен байланысты күші жойылған сот үкімдері болмаған, ал осы негізбен

өзгеріске ұшыраған қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілері

мен сотталған адамдардың саны төмендегіше:

2010 жылдың 12 айында:




Соттардың атауы


өзгертіл ген сот үкімімен /қаулысымен/ адамның саны

Соның ішінде

Осылардан жіберілген қателіктер




Апел. тәрт.

Бақылау тәрт.

Қылмыстың қайталану белгісі дұрыс танылмауы

Қылмыстың қайт. жағд.жаза дұрыс тағайындалмауы

Түзеу колониясы реж. дұрыс белгіленбеуі

1

№2 Атырау қ/соты

2/2

1/1

1/1

1/1

1/1



2

Мамандандырылған аудан аралық қылмыстық соты

1/1

1/1




1/1







3

Мақат а/соты

1/1

1/1





1/1







4

Махамбет а/соты

1/1

1/1




1/1










Барлығы

5/5

4/4

1/1

4/4

1/1





2011 жылдың 6 айында:




Соттардың атауы


өзгертіл ген сот үкімімен /қаулысымен/ адамның саны

Соның ішінде

Осылардан жіберілген қателіктер




Апел. тәрт.

Бақылау тәрт.

Қылмыстыңқайталану белгісі дұрыс танылмауы

Қылмыстың қайт. жағд.жаза дұрыс тағайындалмауы

Түзеу колониясы реж. дұрыс белгіленбеуі

1

Жылыой а/соты

3/3

3/3




2/2




1/1

2

Құрманғазы а/соты

2/2

2/2





2/2










Барлығы

5/5

5/5




4/4




1/1

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден әлі де болса соттармен ҚК-

нің 13-ші бабында көзделген қылмыстың қайталану белгісін тану барысында, сондай-ақ ҚК-нің 59-шы бабында көзделген қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау және ҚК-нің 48-ші бабында көзделген қылмыстардың қайталану кезінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған жағдайда түзеу колониясының режимін дұрыс белгілеу барыстарында қателіктерге жол берілетіндігі көрінеді.



Апелляциялық сатыда өзгеріске ұшыраған сот актілері
Махамбет аудандық сотының 2010 жылдың 03-ші ақпандағы үкімімен Г.І.Егізбаева ҚК-нің 183- бабының 1- бөлігімен айыпты деп танылып, осы баппен 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 98910 тенге айыппұл салынып, ҚК-нің 13- бабының 1 бөлігіне сай, әрекетінде қылмыстың қайталануы танылған (судья Ж.Х.Ташимов).

Осы қылмыстық ісі апелляциялық тәртіпте прокурордың наразылық келтіруімен қаралып, апелляциялық сот алқасының 10 наурыз 2010-шы жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, үкімнен Г.Егізбаеваның әрекетінде қылмыстың қайталануы танылған бөлігі негізсіздігіне байланысты алынып тасталған.

Өйткені Г.Егізбаева соңғы үкімі бойынша айыпты деп танылған қылмысын 26 қазан 2009 жылғы ҚК-нің 183- бабының 1- бөлігімен 240 (екі жүз қырық) сағат қоғамдық жұмысқа тартуға сотталған үкімінде көрсетілген қылмысының алдында жасаған, яғни ол бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адам болып саналмайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 мамыр 2007 жылғы «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолдануы туралы» №8 санды нормативтік қаулысының 7 тармағына сай, ҚК-нің 77-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, қылмыс жасағаны үшін сотталған адам айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін соттылығы бар деп есептеледі, сондықтан бұрынғы үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам жаңа қылмыс жасаған кезде оның бұрынғы үкімі бойынша соттылығы қылмыстың қайталануының түрін анықтау үшін ескерілмейді.

Мақат аудандық сотының 2010 жылдың 18-ші наурызындағы үкімімен Н.К.Демешов ҚК-нің 178- бабының 2- бөл. «а,в» тармақтарымен, 24- бабының 3- бөл., 120- бабының 2- бөл. «а,б» тармақтарымен айыпты деп танылып, оған 178- бабының 2- бөлімінің «а,в» тармақтарымен 4 (төрт) жылға, ҚК-нің 24- бабының 3- бөлімі,120- бабының 2- бөлімінің «а,б» тармақтарымен 5 (бес) жылға, ҚК-нің 58- бабының 3- бөл. негізінде қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 60- бабының негізінде алдыңғы сот үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, нақты 5 (бес) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген, әрекетінде ҚК-нің 13- бабының 1- бөлігіне сай қылмыстың қайталануы бар деп танылған (судья Қадырғалиев Б.М.).

Осы қылмыстық ісі апелляциялық тәртіпте прокурордың наразылық және қорғаушының шағым келтіруі негізінде қаралып, апелляциялық сот алқасының 13 мамыр 2010-шы жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, Демешов Н. К. - ҚК-нің 55- бабын қолданумен, ҚК-нің 178- бабының 2- бөл. «а,в» тармақтарымен 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы; ҚК-нің 55- бабын қолданумен, ҚК-нің 24- бабының 3- бөл.,120- бабының 2- бөл. «а,б» тармақтарымен 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 58- бабының 3- бөл. негізінде, қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен, түпкілікті 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 60- бабына сай, алдыңғы сот үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, нақты өтеуіне 5 (бес) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп, ҚК-нің 13- бабының 2- бөл. «б» тармағына сай әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы бар деп танылған.

Аталған сот үкімінің ҚК-нің 13- бабының 2- бөл. «б» тармағына сай, Н.Демешовтің әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылуға қатысты бөлігінде өзгертілуіне оның бұрын 03.10.2005 жылы Мақат аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 24- бабының 3 бөл., 120- бабының 2- бөл. «а» тармағымен 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталып, 10.10.2008 жылы жазасын өтеу мерзімінен 1 (бір) жыл, 9(тоғыз) ай, 22 (жиырма екі) күнге бұрын шартты түрде босатыла тұра, яғни бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы барлығы және қайталап ауыр қылмыс жасағаны үшін екінші рет сотталуы негіз болған.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2010 жылғы 09 қыркүйектегі үкімімен Кирзо А.В. ҚК-нің 259-бабының 3-бөл. «б,в» тармақтарымен айыпты деп танылып, осы баппен оған мүлкі тәркіленумен 10 (он) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 13-бабының 1-бөл. сәйкес әрекетінде қылмыстың қайталануы танылған. Жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген (судья Даулетова Г.Б.).

Осы қылмыстық ісі апелляциялық тәртіпте прокурордың наразылық және сотталған Кирзо А.В. шағым келтіруімен қаралып, апелляциялық сот алқасының 03 қараша 2010-шы жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, үкімнен Кирзо А.В. әрекетінде қылмыстың қайталануы танылған бөлігі негізсіздігіне байланысты алынып тасталған.

Өйткені іс-құжаттарына сай Кирзо А.В. бұрын 01 қараша 2004 жылғы үкімімен ҚК-нің 175-бабының 2-бөл. орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталып, ол жазасын өтеуден 17 қаңтар 2006 жылы мерзімінен бұрын босатылған. Осыдан кейін онымен қылмыс үш жыл өткенде, яғни -21,31, мамыр және 9,11 маусым 2010 жылы соттылық мерзімі шыққаннан кейін жасалған.

ҚК-нің 77-бабының 1, 3, 4 бөліктеріне сәйкес, қылмыс жасағаны үшін сотталған адам айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін соттылығы бар деп есептеледі.
1   2   3   4

Похожие:

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама icon2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама
Осы анықтама азаматтық істерді қарау туралы статистикалық деректерді таладу негізінде жасалған
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconМемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижелерін даулау туралы істер бойынша сот тәжірибесіне шолу
Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы №1158 қаулысымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconЖалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде
Жалған кәсіпкерлік туралы қолданыстағы заңнаманы дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) Стратегиялық әзірлеу және талдау бөлімі туралы
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconЖылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелерні жарамды...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconЖеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconБекітілген қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының регламентi
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңмен, «Сот жюриі туралы ережемен», «Судьялардың республикалық және облыстық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница