Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама




Скачать 393.64 Kb.
НазваниеСоттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама
страница4/4
Дата конвертации27.11.2012
Размер393.64 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

Соттылық кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегенннен кейін үш жыл өтуі бойынша жойылады. Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзімі жазаның нақты өтелмеген мерзімін негізге ала отырып, негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептеледі.

Атырау қалалық № 2 сотының 2010 жылдың 08 қыркүйегіндегі үкімімен К.К.Джапакова ҚК-нің 176- бабының 3-бөл. «б,г» тармақтарымен және 314-бабының 1- бөл. айыпты деп танылып, оған ҚК-нің 176- бабының 3-бөл. «б,г» тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру әрі 6 (алты) жыл мерзімге материалдық жауаптылығы бар қызмет атқару құқығынан айыру жазасы, 314-бабының 1- бөл. 1 (бір) жыл 6(алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 58-бабының 3- бөл. негізінде түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру әрі 6 (алты) жыл мерзімге материалдық жауаптылығы бар қызмет атқару құқығынан айыру жазасына сотталып, жазасын өтеуге түзеу колониясының жалпы режимі белгіленіп, әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 2-бөл. «б» тармағына сай, қылмыстың қауіпті қайталануы танылған (судья Даулешова Г.Ғ.).


Аталған қылмыстық ісі прокурормен наразылық келтірілуі негізінде апелляциялық тәртіпте қаралып, апелляциялық алқа сотының 10 қараша 2010-шы жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, К.К.Джапаковаға ҚК-нің 176- бабының 3-бөл. «б,г» тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 6 (алты) жыл 8 (сегіз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру әрі 6 (алты) жыл мерзімге материалдық жауаптылығы бар қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалып, оған ҚК-нің 58-бабының 3- бөл. негізінде түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 6 (алты) жыл 9 (тоғыз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру әрі 6 (алты) жыл мерзімге материалдық жауаптылығы бар қызмет атқару құқығынан айыру жазасы белгіленіп, прокурордың наразылығы ішінара қанағаттандырылған.

Сот үкімінің жаза тағайындау жөніндегі бөлігінің өзгертілуіне бірінші саты сотымен сотталған К.К.Джапаковаға ҚК-нің 176- бабының 3-бөл. «б,г» тармақтарымен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған кезде ҚК-нің 59-бабының 2- бөлігінде белгіленген, қылмыстың қауіпті қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатал түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің-үштен екісінен төмен болмауы тиістілігі тәртібі сақталмай, яғни қылмыстық заң дұрыс қолданылмай, негізсіз, белгіленгеннен төмен мөлшерде жаза тағайындауға жол берілуі негіз болған.

Жылыой аудандық сотының 11.11.2010 жылғы үкімімен ҚК-нің 179- бабының 1 бөл. сотталған С.А.Жалгасбаевтың қылмыстық ісі бойынша ол аталған баппен айыпты деп танылып, осы баппен оған мүлкін тәркілеумен 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын өтеуге ерекше режимдегі түзеу колониясы белгіленіп, ҚК-нің 13-ші бабының 3-ші бөл. «б» тармағына сәйкес С.А. Жалгасбаевты қылмыстың қайталануы аса қауіпті деп танылған / судья Ысқақов М.С./.

Бірінші саты соты сотталған С.А.Жалгасбаевтың әрекетінде қылмыстың аса қауіпті қайталануын таныған кезде, оның 5 шілде 1995 жылы ҚСР ҚК-нің 15-88-бабының 2- бөл. сотталғанын және 09 ақпан 2006 жылы ҚК-нің 175-бабының 3- бөл. «в» тармағымен, ҚК-нің 24-бабының 3-бөл., 175-бабының 3-бөл. «в» тармағымен, ҚК-нің 60-бабын қолданумен сотталғанын – ауыр қылмыс үшін екі жойылмаған соттылық ретінде ескерген.

Іс-құжаттарына сай, С.Жалгасбаев 5 шілде 1995 жылы ҚСР ҚК-нің

15-88-бабының 2 бөл. сотталған үкімі бойынша қылмыстық әрекетін он сегіз жасқа толмаған кезде жасаған.

ҚК-нің 13-бабының 4-бөл.сәйкес он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылымысы үшін соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді.

Бұдан басқа, ол 09 ақпан 2006 жылы ҚК-нің 175-бабының 3- бөл. «в» тармағымен, ҚК-нің 24-бабының 3-бөл., 175-бабының 3-бөл.»в» тармағымен сотталған.

Бірінші саты соты бұл соттылықты да жойылмаған соттылық деп қате есептеген.

Өйткені С.Жалгасбаев бұл үкімі бойынша «ұрлық үшін бұрын екі немесе одан да көп сотталған адам» - деген дәрежелеуші белгімен ұрлық жасағандығы үшін айыпталған.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелрі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009-жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 15-тармағына сай, ҚК-тен 175-бабының 3-бөл. «в» тармағы алынып тасталуына байланысты С.Жалгасбаев ҚК-нің 175-бабының 2-бөл. «б,в» тармақтарымен сотталған деп саналады.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 8-тармағына сай, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, олар үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза көзделген қылмыстар туралы қылмыстық іс қозғаудан бас тартылуға және барлық қылмыстық істер мен соттарда

қаралмаған істерді жүргізу тоқтатылуға жататындығы белгіленген.

С.Жалгасбаев, соңғы 09 ақпан 2006 жылы ҚК-нің 175-бабының 3- бөл. «в» тармағымен, ҚК-нің 24-бабының 3-бөл., 175-бабының 3-бөл. «в» тармағымен сотталған үкімінде көрсетілген ұрлық әрекеттерін 2005 жылдың қараша, желтоқсан айларында, яғни аталған рақымшылық заңы шыққанға дейін орташа ауырлықтағы қылмысты жасаған. Осыған байланысты рақымшылық туралы заңының 8-бабына сай оның бұл соттылығы жойылған деп есептелуге тиіс.

Осылар негізінде, прокурормен наразылық және сотталған С.Жалғасбаевпен шағым келтіруі негізінде аталған қылмыстық ісі апелляциялық тәртіпте қаралып, апелляциялық алқа сотының 19 қаңтар 2011 жылғы қаулысымен оның әрекетінде қылмыстың қайталану сипаты жоқтықтан, сот үкімінен оның әрекетінде аса қауіпті қылмыстың қайталануын тану бөлігі алынып тасталып, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы төмендетіліп, оның мерзімі 3 (үш) жыл 6 (алты) ай деп белгіленіп, жазасын өтеуге түзеу колониясының жалпы режимі белгіленген.

Жылыой аудандық сотының 2011 жылдың 16-шы наурызындағы үкімімен ҚК-нің 24-бабының 3-бөл., 185-бабының 2- бөл. «а» тармағымен 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Ж.С.Жунисовтің қылмыстық ісі бойынша, Ж.С.Жунисовке жазасын өтеуге қатаң режимдегі түзеу колониясы белгіленіп, ҚК-нің 13- бабының 2- бөл. “а” тармағына сай «қылмыстың қайталануы қауіпті»- деп танылған (судья М.С.Ысқақов).

Осы қылмыстық ісі сотталғанның шағым келтіруімен апелляциялық тәртіпте қаралып, апелляциялық алқа сотының 11 мамыр 2011-ші жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, ҚК-нің 13-бабының 1- бөлігі негізінде Ж.С.Жунисовтің әрекетінде қылмыстың қайталану белгісі танылған.

Сотталған Ж.С.Жунисов бұрынғы Жылыой аудандық сотының 2002 жылғы 07 маусымдағы ҚК-нің 120-бабының 2- бөл. «а» тармағымен сотталған үкімінде көрсетілген ауыр санаттағы қылмыстық ісін кәмелеттік жасқа толмаған кезінде жасаған, яғни бірінші саты соты, оның қылмыстық әрекетінде ҚК-нің 13- бабының 2- бөл. «а» тармағына сай қылмыстың қауіпті қайталану белгісі бар деп негізсіз таныған.

Жылыой аудандық сотының 13 мамыр 2011 жылғы үкімімен Такиров А. Ж. ҚК-нің 179- бабының 2- бөл. “а,г” тармақтарында және 251-бабының 4-бөлігінде, ал Малгелдиев А.Ж. ҚК-нің 179- бабының 2- бөл. “а” тармағында көзделген қылмыстық әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, Такиров А.Ж. ҚК-нің 179- бабының 2- бөл. “а,г” тармақтары және 251-бабының 4-бөлігімен ҚК-нің 58-бабының және 60-бабының тәртіптеріне сәйкес түпкілікті мүлкі тәркіленіп 9(тоғыз) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген.

  • Малгелдиев А.Ж. - ҚК-нің 179- бабының 2- бөл. “а”

тармағымен ҚК-нің 60-бабының тәртібіне сәйкес түпкілікті мүлкі

тәркіленіп 8 (сегіз) жыл 6 (алты) ай бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген.

Малгелдиев А.Ж. – қылмыстық әрекеті ҚК-нің 13- бабының 2- бөл. “б” тармағына сәйкес қылмыстың қауіпті қайталануы деп танылған.

Осы қылмыстық ісі бойынша бірінші саты соты үкімнің дәлелді –сипаттамалы бөлігінде Такиров А. Ж. бұрынғы қылмысын он сегіз жасқа толмаған кезде жасағандықтан ҚК-нің 13- бабының 4- бөл. бойынша оның соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілуге жатпайды деп дұрыс көрсете тұра, оған жалпы режимдегі түзеу колонияясын тағайындаудың орынына – қатаң режимдегі түзеу колониясын қате тағайындаған (судья Ж.Ж.Кенжебаева).

Аталған сот үкімінің осы бөлігіне апелляциялық тәртіпте прокурормен наразылық келтіріліп, апелляциялық сот алқасының 14 шілде 2011-ші жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, А.Ж.Такировке жаза өтеу орны ретінде жадпы режимдегі түзеу колониясы белгіленген.

Құрманғазы аудандық сотының 2011 жылдың 08-ші ақпандағы үкімімен А.К.Хамзин ҚК-нің 175- бабының 2- бөлігінің «а,в» тармақтарымен айыпты деп танылып, осы баппен оған 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы ҚК-нің 63- бабы негізінде шартты түрде тағайындалып, 1(бір) жылға сынақ мерзімі белгіленген (судья Менсеитова

Б.М.).

Осы қылмыстық ісі апелляциялық тәртіпте прокурордың наразылық келтіруімен қаралып, апелляциялық сот алқасының 06 сәуір 2011-ші жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, ҚК-нің 13- бабының 1- бөлігіне сай, А.Хамзинның әрекетінде қылмыстық қайталануы танылған.

Аталған сот үкімінің өзгертілуіне А.Хамзиннің 17 сәуір 2006 жылы ҚК-нің 178- бабының 2- бөлігінің «а,б,в» тармақтарымен соттала тұра, бұл соттылығынан арылмай, 22 шілде 2009 жылы қайталап орта дәрежедегі қылмыс жасағандығы анықталуы негіз болған.

Құрманғазы аудандық сотының 2011 жылдың 14-ші сәуіріндегі үкімімен Р.А.Кузбенов ҚК-нің 257- бабының 1- бөл. көзделген қылмыстық әрекеті үшін айыпты деп танылып, оған осы бап бойынша 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ҚК-нің 58-бабының 1-бөл. негізінде алдыңғы 03.03.2011 жылғы үкімі бойынша ҚК-нің 145-бабының 1-бөл. тағайындалған 120 (бір жүз жиырма) сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы сіңірілу жолымен - түпкілікті бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, Р.Кузбеновтің қылмыс жасауын ҚК-нің 13-бабының 1 бөл. қылмыстың қайталануын тануға деп жазылған (судья Таскинбаева Г.Б.).

Осы қылмыстық ісі апелляциялық тәртіпте прокурордың наразылық келтіруімен қаралып, апелляциялық сот алқасының 08 маусым 2011-ші жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, Р.А.Кузбеновтің әрекетінен қылмыстың қайталану белгісі алынып тасталып, ҚК-нің 58-бабының 1-

бөлігі осы баптың 6-шы бөлігіне ауыстырылған.

Р.А.Кузбеновтің әрекетінен қылмыстың қайталану белгісі алынып

тасталуына іс бойынша жасақталған айыптау хаттамасында оның негізі көрсетілмеуі, ал ҚК-нің 58-бабының 1- бөлігінің осы баптың 6-шы бөлігіне ауыстырылуына сотпен ҚК-нің 58-бабының 1-бөлігі, оның үкімде көрсетілген қылмысын, алдыңғы үкімі шыққанға дейінгі аралықта жасағандығын ескерілместен, қате қолданылуы себеп болған.

Қадағалау сатысында өзгеріске ұшыраған сот актілері
2 Атырау қалалық сотының 2010 жылдың 17-ші ақпанындағы үкімімен Б.А.Саргужиев ҚК-нің 96- бабының 1 бөл. көзделген қылмыстық әрекеті үшін айыпты деп танылып, оған осы бап бойынша 11 (он бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын өтеуге түзеу колониясының қатаң режимі белгіленіп, әрекетінде ҚК-нің 13-бабының 2- бөл. «а «тармағына сәйкес қылмыстың қайталануын қауіпті деп тануға деп жазылған.(судья Қалимұқашева А.Д.)

Аталған қылмыстық ісі апелляциялық тәртіпте сотталғанның шағым келтіруімен қаралып, Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 21 сәуір 2010-шы жылғы қаулысымен сот үкімі

өзгеріссіз қалдырылған.

Алайда кейін, осы қылмыстық ісі сотталған Б.А.Саргужиевтің өтініш келтіруі негізінде қадағалау тәртібімен қаралып, 24 тамыз 2010 жылғы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының қаулысымен №2 Атырау қалалық сотының 2010 жылдың 17-ші ақпанындағы үкімі және Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 21 сәуір 2010-шы жылғы қаулысы өзгертіліп, Б.Саргужиевтің әрекетіндегі ҚК-нің 13-бабының 2 бөл. «а «тармағына сәйкес қылмыстың қауіпті қайталануы танылуы негізсіздігіне байланысты алынып тасталған.

Бұған «Қазақастан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақастан Республикасының 2006 жылғы 09 қаңтардағы Заңының 2-бабына сай, орташа ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеген болса, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылатындығы және аталған Заңның 15-бабына сәйкес, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жазасын өтеген немесе одан әрі өтеуден босатылған адамдардың ауыр емес және орташа ауыр қылмыстары үшін бұрынғы соттылығы алынып тасталатындығы көрсетілгендігі негіз болған.

Іс-материалдарына сәйкес, Б.Саргужиев 2000 жылғы 05 желтоқсанда ҚК-нің 175-бабының 2-бөл. «б,в» тармақтарымен 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, 2003 жылғы 11 тамызда 1 (бір) жыл 2 (екі) ай 10 (он) күнге мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып, одан кейін 2005 жылғы 28 маусымда ҚК-нің 175-бабының 3-бөл. «в» тармағымен, ҚК-нің 60-бабына сәйкес 4 (төрт) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыруға сотталып, Атырау облыстық сотының қадағалау алқасының 2006 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, оның әрекеттері ҚК-нің 175-бабының 2-бөл. «б,в» тармақтарына қайта дәрежеленіп, ҚК-нің 60-бабына сәйкес 3 (үш) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, яғни ол аталған рақымшылық заңы күшіне енгенге дейін тағайындалған жазаның үштен бірін өтеген.

Жоғарыда аталған, сотталған адамдардың әрекеттерінде қылмыстың қайталануын тану және оларға жаза тағайындаумен байланысты қабылданған сот үкімдерінің өзгертілу себептеріне анализ жасалғанда, олардың негізінен - бірінші саты соттарымен қылмыстық істерді басты сот талқылауларында қарау барысында сотталушы адамдардың бұрынғы соттылықтарына қатысты мән-жәйларды, соның ішінде сотталушының қылмыс жасаған сәттегі жасын, бұрын сотты болған қылмыстардың санатын, сот үкімі бойынша белгіленген жаза түрін, үкім бойынша тағайындалған жазаның іс жүзінде өтелген-өтелмегендігін, үкім бойынша тағайындалған жазаның басқа жазамен ауыстырылған-ауыстырылмағандығын және сотталған адам неге байланысты, қашан және қандай негіздер бойынша жазаны өтеуден босатылғанын, бұрынғы соттылығы алынғанын немесе жойылғанын жеткілікті дәрежеде анықтамау, сондай-ақ қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау және бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған жағдайларда ҚК-нің 59-шы бабы мен ҚК-нің 48-ші бабының талаптарын сақтамаудың, жекелеген жағдайларда бұл мәселені реттейтін қылмыстық заң нормаларын жетік білмеудің салдарынан орын алғандығы байқалады.

Қорытынды:

Атырау облысы соттарымен шолу жүргізілген уақыт ішіндегі айыптау үкімдерін шығарумен қаралып аяқталған қылмыстық істері бойынша сотталған адамдардың әрекеттерінде қылмыстың қайталану белгісін анықтау мәселелері негізінен қылмыстық және қылмыстық істер жүргізу кодекстерінің нормаларының талаптарына сай қаралып шешілген.

Соның ішінде, қылмыстың қайталануы жағдайында қылмыс жасап сотталған адамдарға жаза тағайындаумен байланысты басшылыққа алынуға жататын қылмыстық заңдардың нормаларын қолданумен байланысты біркелкі сот тәжірибесі қалыптасқан.

Сонымен бірге, қылмыстың қайталануы мән-жәйларын үкімнің қорытынды бөлігінде жазумен байланысты белгілі бір сот тәжірибесі қалыптаспаған.
Осылар негізінде қалалық /аудандық/, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттарының судьяларымен алдағы уақытта қылмыстық істері бойынша сотталған адамның әрекетінде қылмыстың қайталану белгісін анықтаумен байланысты заңдардың біркелкі дұрыс қолданылуын әрі сот үкімдерінің одан әрі жетілдірілуін қамтамасыз ету

мақсатында:

Судьяларға қылмыстық істері бойынша сотталған адамның әрекетінде қылмыстың қайталану белгісін анықтау кезінде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 13-ші, 59-шы және 48-ші баптарын, сондай-ақ анықтамада көрсетілген осы мәселеге қатысты сот тәжірибесінде қолданылуға жататын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қосымша оқу;

  • Сотталушы адамдардың әрекеттерінде қылмыстың қайталануы

белгісін таныған кезде, барлық жағдайларда сот үкімдерінің дәлелді-сипаттамалы бөліктерінде дәлелдер келтіре отырып, соттың тұжырымын және негізін нақты ашып көрсету және оны сот үкімдерінің қорытынды бөліктерінде ҚК-нің 13- бабының тиісті бөлігіне /болса тиісті тармағына/ сілтеме жасаумен, сотталушының аты-жөнін көрсетіп, әрекетінде тиісінше: “қылмыстың қайталануын”, “қауіпті қайталануын”, “аса қауіпті қайталануын” тануға»- деп жазу;

  • Негіздер болған жағдайда тиісті органдардың атына жеке қаулылар

шығару;

Шолудың көшірмесін барлық аудандық/қалалық/ және мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағаларына танысуға жолдау ұсынылады.

Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасы
Шолу бойынша анықтама дайындаған: Атырау облыстық сотының

апелляциялық сот алқасының судьясы М.М. Ерғазиев
1   2   3   4

Похожие:

Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама icon2007-2009 жылдары республиканың жергілікті және басқа да соттарының азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруы туралы талдамалық анықтама
Осы анықтама азаматтық істерді қарау туралы статистикалық деректерді таладу негізінде жасалған
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconМемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижелерін даулау туралы істер бойынша сот тәжірибесіне шолу
Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы №1158 қаулысымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconЖалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде
Жалған кәсіпкерлік туралы қолданыстағы заңнаманы дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) Стратегиялық әзірлеу және талдау бөлімі туралы
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconЖылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелерні жарамды...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconЖеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолданудағы сот тәжірибесіне шолу туралы анықтама iconБекітілген қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының регламентi
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңмен, «Сот жюриі туралы ережемен», «Судьялардың республикалық және облыстық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница