«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты




Скачать 97.24 Kb.
Название«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты
Дата конвертации27.11.2012
Размер97.24 Kb.
ТипДокументы
«Ғали ғибраты»

Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш.
Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл

Мақсаты:

  • Ғали Орманов өмірі мен шығармашылығын насихаттау;

  • Оқушыларды Отансүйгіш, елжанды, өз елін, жерін сүйетін, жан-жақты, рухы биік тұлға қалыптастыру;

  • Жасөспірімдердің Ғали ақынның шығармалары арқылы бойларындағы табиғи дарындылықтарын паш ету;


І БӨЛІМ
«Ару» бишілер тобы. «Шернияз» биі.
1-жүргізуші:

Армысыздар, салтанаттың қонақтары,

Бүгінгі қуаныштың шуақтары.

«Жақсының аты өлмейді»-дейді халық,

Қалдырған ұрпағына мұраттары.
2-жүргізуші:

Армысыздар, мектебімнің асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Ғали ақынның аты берілген мектебімде

Тербелсін ән, төгіліп жыр бесігінде.
1-жүргізуші: Бүгінгі «Ғали ғибраты» атты әдеби кешіміздің құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік.

2-жүргізуші:

1.
2.
3.
4.
5.

1-жүргізуші:

Таланттыдан тамырланған тамаша үн,

Жүрегіңе нұр құяды қаласаң.

Мынау кештің сипаты да басқаша

Шаттығы да ұлан- асыр орасан.

2-жүргізуші:

Бұл жүздесу көкейлеріңізге.

Сыры мен жырын тұндырсын!

Жаныңнан кетпей әсерлі өлең

Жадыңда қалсын осы күн!
1-жүргізуші:

« Қалса өлеңім көңілге жаққан шамдай,

Ойлар мені ел-жұртым еске салмай.

Көкейінде көп жылдар сақталармын

Жолаушылап бір жаққа кеткен жандай» - деп жырлаған Ғали ақын халық жүрегінен елеулі орын алып, сол халықтың байсалды жыршысы болып, онымен ұзақ өмірі мен ақындық жолын бірге кешкен нағыз таланттардың бірі.
2-жүргізуші:

Тағдыр оны әке-шешеден ерте айырды. Асқар тау әкеден, ағар бұлақ анадан айырылған Ғали балалық бал дәуреннің не екенін білмеді, байдың қойын бақты.

Бір де ол түс көреді... Түсінде Қыдыр ата оған былай деп аян береді.

Қазір сол бір ғажайып көріністі сіздердің назарларыңызға ұсынамыз!

Көрініс. №7 мектеп – гимназия сахна өнерпаздары.

10а сынып оқушысы Ғалымжанның жүрекжарды шығарған «Балалық шақ» өлеңі. Оқитын:Тұяқбаев Ілияс.7а
2-жүргізуші:

Жетісу – ежелден өнер өлкесі. Алатау баурайындағы «Ешкіөлмес» жерінде дүниеге келген Ғали аға да кешегі аты аңызға айналған Молықбай күйші, Сара ақын, Ілияс Жансүгіровтей дара тұлғалардың жалғасы.

Ақынның өзі де осы бір киелі мекенді зор мақтан тұтып, жырға қосқан. Оны «Ешкіөлмес» деп ерекше мақтанышпен айтқан.

«Ешкіөлмес» . Оқитын: 8ғ сынып оқушысы Қалалық Мұқағали Мақатаев оқуларының жеңімпазы, Ш.Құдайбердіұлы оқуларының лауреаты Қанағат Қаржаубай.
1-жүргізуші:

Жаратушы дүниеде не нәрсенің тегі, бастауы болады. Сол бастау өзінен кейінгілерді бір арнаға түсіріп, қозғау береді. Ғали Орманов та сол арнаның бірі. Ақынның бастауы –Шаншар мен Найзабек батырлар. Күнделікті қу тірліктен гөрі елім деп, жерім деп тұлпар мініп, көлденең найза ұстаған, ел құрметтілері. Елі мен жерін қорғаған, арпалысып өткен бабалар.
2-жүргізуші:Ал, Орман Шаншардың кенже ұлы болғандықтан, оған бала жастан үлкен сый, құрмет көрсетілген. Сол құрметке лайықты Орман ел арасында беделді, сыйлы, жарқын мінезді,сал-серілігі бар азамат болып өскен. Бойдағы талант – қамал бұзар сел секілді. Ол қиыншылықтың шеңберін бұзып, қанаттыны қияға самғатады. Ғали аға да қияға көз салған жас қыран еді. 1926 жылдың басында жалын атқан жас жүрек талабын әрі ұштау үшін Алматыға аттанады.
1-жүргізуші:

Оқысам алып қолыма,

Жылынып жүрек, тұла бой.

Түсіріп сәуле ойыма,

Оятқан өлең-өлең ғой!

«Өмір-ұстаз» өлеңі. Оқитын:8Ә сынып оқушысы Аралбаева Асима
2-жүргізуші:

Ғали Орманов 1929-1960 жылдар аралығында Іле ауданында оқу бөлімінің меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, «Майдан» альманахының редакторы, «Әдебиет және өнер» журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін атқарған.


1-жүргізуші:

Алматыда халық-ағарту институтының дайындық курсында оқып,Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітіріп, үйленеді. Ғали Орманов осындағы өте ауқатты адамның қызы Айтбалаға үйленеді.Олардың махаббатына маңайындағылардың бәрі де қызығып, екеуі Ромео мен Джульетта атанған екен. Ғали Ормановтың кедей отбасынан шыққаны, жетімдігі олардың сезімдеріне еш бөгет бола алмаған. Екі ұл,бір қыз тәрбиелеген.Үлкен ұлы Медет 1934жылы, қыз Жәмиға 1936 жылы, кіші ұлы Мерей 1945жылы дүниеге келген. Ғали мен Айтбала бір-бірімен сыйласып, 50 жыл өмірлерін бірге өткізген. Осы сезімдерден болса керек Ғали Орманов өлеңдерінің ішінде махаббат лирикалары да елеулі орын алады.

2-жүргізуші:

«Жар сыйы», «Орамал», «Тілек», «Сәуле» атты өлеңдерінде шынайы сезім, адал көңіл айқын сезіледі.Сүйген жанды қадір тұтып, құрметтей білуді сөз етеді .Махаббат сияқты асыл да ардақты сезімдер адамның бойына күш-жігер құятын қуаты,қасиеті бар сезім екендігін жырлайды.
«Тілек» өлеңі. Оқитын: Ш.Құдайбердұлының оқуларындағы «Үздік жаттаушы» наминациясының иегері Көшекова Жансая. 8А сынып оқушысы

1-жүргізуші:

Ақынның «Шеңбер», «Алынған қамал», «Абысын сыры», «Халық-қаһарманы», «Жылдар жыры», «Жан қанаты», «Сәт сапары» т.б. жыр жинақтары жарық көрген.Оның көптеген поэзия туындылары орыс тіліне аударылып, бұрынғы одақ көлеміне танылған.
2-жүргізуші:

Өзі де Еуропа және орыс әдебиетін сүйіп оқып, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, В.В,Маяковскийдің шығармаларын аударған. Л.Толстойдың «Анна Каренинасын» Мопассанның әңгімелерін, Н.В.Гогольдің повестерін, М.А.Шолоховтың «Адал тағдырын» қазақ оқырмандары Ғали ақынның аудармасында оқыды. Ғали Орманов –лирик ақын. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, өмір шындығын жанды сурет арқылы бейнелеу-оның шығармашылығының басты ерекшелігі.
1-жүргізуші:

Ғали аға, Қапалыңнан бастайын,

Өзіңіздей сілтеп жырды тастайын.

Дүниеге келген мынау жерімнен

Сізге ұқсап, өсіп тұрған ақ қайың.-деп жырлағандай Ғали ақынның тұстастары мен замандастары оның шығармашылығы туралы былай ой толғайды:
1-оқушы:

Ғафу Қайырбеков «Өлең сөздің ұстасы». Қанағат Қаржаубай 8ғ
« Менің бала кезімде біздің ауылда Ғали ұста деген атақты ұста болды. Ол бір соққанына қайтып соқпайтын шебер еді. Жалпы сол тұста Торғай өлкесінде әйгілі Жармақ, Аяған деген ұсталар болды. Бұл хас шеберлердің қолын ел бұлжытпай таныр еді. Өздері бір-біріне сүйсініп, бірін-бірі мақтап, қатты сыйласады екен. Ғали бір ұсталықтан гөрі зергерлікті өнер тұтқан, алтын күміспен айналысқан, нәзік заттарды соғатын адам болған.

Тағдырдың ғажабын айтсаңшы, менің әдебиет деген ауылымда да Ғали ұста болды. Оның да жұрт өлеңдегі қолын айнытпай танушы еді. Ол да зергерлікпен, нәзік жырлар соғумен айналысатын. Лирика деген өлеңнің баласында Ғалидай әке болды деп енді атын аңыз етеміз».
2-оқушы.

Тұманбай Молдағалиев «Орны бөлек Ғали Орманов». Оразов Ринат 7а

«...Өзі тірі болса, Ғали аға төрімізде төбедей болып отырар еді. Ғалиды есіме алған сайын еңселенем, өзімді жақсы көрген ұлы жүректің әлі күнге дейін мейіріміне бөленген сияқты сезім пайда болады менде.

Менің соңғы жылдардағы көңіліммен көп іздейтін аяулымның бірі-Ғали Орманов».
3-оқушы.

Жұбан Молдағалиев. «Ғұмырлы өлеңдер». Байғазы Айбек 7а

«...Ғали өлеңдерінен өркені өскен елді, оқалы, ойлы өрнекті, өлмес өрнекті көресің. Поэзия тілінің мөлдір тазалығын , көріктілігін, дәмділігін ерекше қастерлейтін Ғалекең ақындық өнерге үлкен азаматтық таоап қоя білген кісі.

Ғали ақын өмірінің соңына дейін бағытынан айнымай, жыл сайын жаңа жырлармен оқырманын қуантып келген, қазақ әдебинтінің іргетасын қалауға ат салысып, ұлтымызды рухани байытуға үлес қосқан, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар асқақ ақын».
2-жүргізуші:

Ғали ақын Ұлы Отан соғыс жылдарында халықты басқыншы жауға қарсы күрес рухында тәрбиелеуге, майдандағы халық батырларының ерлігін, тылдағы еңбек адамдарының ерлігін суреттеуге сыршыл лирикасымен үн қосты.

Отан үшін жауға аттанып, қан майданда қаһармандық ерлігімен көзге түскен халық батырларының бейнесі «Батырдың тұлғасы», «Ер арманы», «Қаһарман», «Жорық жолы» сынды өлеңдерінде жақсы сомдалған.
«Отан» өлеңі. 9Ә сынып оқушысы Жәнібекова Гүлнұр
Ғали ақын өзі өскен өлкені сүйіп, оны жырға қосты. Туған жерінің әсем табиғатын, ел өмірінің тыныс-тіршілігімен қоса суреттеуде Ғали өлеңдері қазақ елінің барлық ақын ұлдарының туған жер туралы өлеңдерімен үндесіп жатқандай.
«Жер қуаты» өлеңі. 5-сынып оқушысы Мелдеқұл Динара.
«Туған жер» әні. Орындайтын: Хабылхан Мартбек
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешіміздің тақырыбы «Ғали ғибраты» деп аталуында үлкен мағына жатқанын сезіп отырған шығарсыздар. Осыған орай, қонақтарымызға арналған оқушылардың сауалдарына көңіл бөлсек.

1-оқушы: Құрметті----------------------------------------------------!

Күні кеше ғана Тәуелсіздігін алған Қазақстан бүгінде қарыштап дамып, әлемге танылып отыр. Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті тұлғаның бойында сіздің ойыңызша қандай қасиеттер болуға тиіс?
2-оқушы: Құрметті----------------------------------------------------!

ҚР Президентінің биылғы «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына көп көңіл бөлінген. Осыған орай: заман талабына сай, ғылымды толық игерген білімді жастар тәрбиелеу үшін оқушыға қандай талаптар қоюға болады?
3-оқушы: Қадірлі----------------------------------------------------!

Ғали Орманов туындыларының ішінен сіздің сүйіп оқитын шығармаларыңыз бар ма?
4-оқушы: Құрметті----------------------------------------------------!

Сіздың бойыңыздағы ақындық қасиетіңіз неше жастан байқалды?
5-оқушы: Қадірлі----------------------------------------------------!

Біздің мектебіміздің жас ақындарына арнап қандай үлгі-өнеге, тәрбие берерлік ойлар айта аласыз?
ІІ БӨЛІМ

2-жүргізуші:

Бұл кеш жас ұрпаққа үлгі болар ақынның өмірі мен шығармаларын насихаттауда Отансүйгіш, елжанды, өз елін, жерін сүйетін, жан-жақты, рухы биік тұлға қалыптастыруға маңызы орасан құнды дүние сияқты. Бүгін, міне, мектебіміздің оқушылары Ғали ақынның шығармалары арқылы бойларындағы табиғи дарындылықтарын паш етуге үлкен мүмкіндік алып отыр.

Ғали Орманов кешін ұйымдастыру - мектебіміздің 20 жылдығын тойлатудағы жоспарымыздың ең басты мерекелеріміздің бірі.
1-жүргізуші:

Мектеп-Ана қанатымызды шыңдадың,

Сырын аштың, сыр сандықтың сырларын.

Дәл сол үшін саған мәңгі қарыздар

Оқып жүрген ұлдарың мен қыздарың!
2-жүргізуші:

Қуанышты тойың сенің, мектебім!

Еске алып, өткені мен кеткенін.

Басын иіп, сәлем берер өзіңе

Өнерлі де, өрісті де шәкіртің.
І.Нұрыш Аиданың орындауындағы «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:

Мектеппін мен, жас ұрпақты мәпелер,

Тереңге сүңгіп, тылсымнан білім әперер.

Мектеппін мен, өнерлі жасты жетелеп,

Дәуірдің даңғыл жолына ертіп әкелер.

Мектеппін мен, Күнде де, түнде тынбастан,

Шәкірттерді білім-өнермен шыңдайтын.
2-жүргізуші:

Өнерліге өріс ашып, таланттыға тәнті жүрекпен таңдай қағып, тамсанып жататын өнер сүйер қауым! Алдарыңызда «Шашу»биі.

««Рауан» би ансаблінің бишісі, Әнші балапан» байқауындағы

Гран-при жеңімпазы - Кәкім Томирис.

1-жүргізуші:

Өнер жайлы айтылатын сөз қанша?!

Дәл осындай шарқ ұратын кезді аңса.

Өнер жайлы нағыз бақыт сол деп ұқ,

Таланттыны тани алар көз болса.
2-жүргізуші:

Шын өнерлінің жүйрігі- талғамымен танылар,

Кемеңгердің билігі –жан-жағымен танылар.

Тегеуріні тұлпардың –озғанымен танылар

Зор алғысы шәкірттің –алғанымен танылар.
Халық әні: «Көкек».

Орындайтын: Халықаралық «Ақ көгершін», қалалық «Күмбірлеген домбыра» байқауларының жүлдегері, Ұлттық –Дельфийлік ойын бағдарламасы бойынша ІҮ Шаттық байқауының күміс медалінің жүлдегері Әбдірахманова Гүлжаһан.
1-жүргізуші:

Екі ішектің бірін қағып,

Бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ –домбыра.
2-жүргізуші:

Қажытып қам көңілді жылатқан күй,

Бекітіп жылағанды жұбатқан күй.

Бәлен деп бірауыз сөз айтпаса да

Әркімнің көңіліне тіл қатқан күй.
1-жүргізуші:

Күй сыры шалқып, толқып, тартып терең,

Кең жайлау тарылғанын айтыпты ерең.

Ой салған өзге түгіл Абайға да

Бұл күйді басқа күйден артық көрем.

Ұлттық –Дельфийлік ойын бағдарламасы бойынша ІҮ Шаттық байқауында мақтау қағазымен марапатталған 7ә сынып оқушысы Бутин Мәди.


1-жүргізуші:

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап

Жас балаша көңілді жақсы уатар.

2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй.
«Сағыныш сазы» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің жүлдегері Ауылбаев Ғалымжанның орындауында «Жан аға» әнін қабыл алыңыздар.

«Бұхар» биі. Орындайтын: ІІІ халықаралық «Ақкөгершін» байқауының І дәрежелі дипломының иегері, Ұлттық –Дельфийлік ойын бағдарламасы бойынша ІҮ Шаттық байқауында мақтау қағазымен марапатталған Смағұлова Гауһар.
1-жүргізуші:

Мектебім. Ордам, Алтын бесігім,

Мәртебең артып, туың бір түспесін!

Ғаламзаттың ақ адал шыңы атанып,

Ұрпаққа ұрпақ аманат етіп жеткізсін.
2-жүргізуші:

Біздің, бүгінгі, Ғали ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған кешімізге келіп, жақсы- игі тілектер айтқандарыңызға көп-көп рахмет! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

«Үміт» триосының орындауында «Туған жер» әні./хор/

Похожие:

«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты iconТүрі: Поэзия кеші. Көрнекілігі: ақын суреті, слайд, кітаптары. 1-жүргізуші
«Ғасырда бір туатын дарабоз» атты ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш
«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты iconМұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш
«Менің бүгін туған күнім» атты Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған әдеби-жыр кеші
«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясының 6 «А» сынып оқушыларының тізімі 2009-2010 оқу жылы

«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты iconҰлы Отан соғысына 65 жыл және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш. «Қазақтың бір ұлымын, жанымды арым құрбан еткен »
Безендіруі: плакаттар, «Бауыржан Момышұлы» фильмі, ноутбук, проектор, экран, музыкалық центр
«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты icon2010 жыл 25-30 қаңтар аралығында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары
М. Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты республикалық байқауды ұйымдастыру, өткізу және қатысу
«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты iconАстана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы
Мақсаты:ұлттық салт-дәстүрді үлгі ету,мадақтау,оған деген оқушылардың сүйіспеншілік сезімін ояту
«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010
Мұғалім: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтіледі
«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010
Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Бауыржан Момышұлының өмірлері мен ерлігі туралы мағлұмат бере отырып,...
«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: С. Мұқановтың «Есіл бойында»
Сабақтың мақсаты: С. Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына орай, жазушы шығармашылығына баса назар аудару
«Ғали ғибраты» Ғали ақынның шығармашылығына арналған әдеби кеш. Мерзімі: 24-ақпан 2010 жыл Мақсаты iconҒали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ
Шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница