Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
страница1/13
Дата конвертации13.06.2013
Размер1.73 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру", "Iздестiру қызметiне лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру", "Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияларға телнұсқасын беру" мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және "Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы" 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Iздестiру қызметiне лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) «Мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 521-құжат):
      1-тармақта:
      1), 4) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) «Жобалау қызметiне лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.»;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Жобалау-iздестiру қызметiне лицензиялар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 32, 391-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1128 қаулысына   
3-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Тұрғын үй көмегiн тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» мемлекеттiк қызметтi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1 және  2-қосымшаларда көрсетiлген республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызметтердiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында шалғай елдi мекендердiң тұрғындарына мобильдi орталықтар арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабы 2-тармағының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнiң 2-тарауының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнiң (бұдан әрi – Агенттiк) интернет-ресурсындағы «Мемлекетiк қызметтер» деген бөлiмде;
      2) уәкiлеттi органның стендiлерiнде;
      3) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында;
      4) орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерiнде және стендiлерде орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты call-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
      5. Уәкiлеттi органда және орталықта көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы қағаз жеткiзгiштегi хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар, аталған жерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      уәкiлеттi органда – күнтiзбелiк он күн iшiнде;
      орталықта – күнтiзбелiк он күн iшiнде көрсетiледi (мемлекеттiк қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      4) қажеттi құжаттарды алған кезде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын, дүйсенбiден жұмаға дейiн, мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органдардың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес көрсетiледi.
      Орталықтарда мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын, дүйсенбiден сенбiге дейiн, орталықтардың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Орталықта қабылдау тездетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушының қалауы бойынша электрондық кезектi электрондық үкiметтiң веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы броньдауға болады.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерiмен ақпараттық стендiлер бар, мүмкiндiктерi шектеулi мемлекеттiк қызмет алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген уәкiлеттi органның үй-жайында;
      2) залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерiмен ақпараттық стендiлер орналастырылған, мүмкiндiктерi шектеулi мемлекеттiк қызмет алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетiледi.
      Уәкiлеттi органның және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сай келедi, үй-жай режимi – еркiн.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) уәкiлеттi органға:
      мемлекеттiк қызмет алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      тұрғын үйге құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi;
      азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
      отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматтарының) жиынтық табысы есептеу тәртiбiн тұрғын қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi;
      тұрғын үйдi (тұрған ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған жарнаның мөлшерi туралы шот;
      коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шот;
      телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот;
      2) орталыққа:
      отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы заматтарының) жиынтық табысы есептеу тәртiбiн тұрғын қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi;
      тұрғын үйдi (тұрған ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған жарнаның мөлшерi туралы шот;
      коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шот;
      телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот;
      мемлекеттiк қызмет алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      тұрғын үйге құқық белгiлейтiн құжаттар;
      азаматтарды тiркеу туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы).
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн уәкiлеттi орган электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында орталықтардың ақпараттық жүйесi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Орталықтың қызметкерi құжаттар түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен ұсынылған мәлiметтермен салыстырады, одан кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарады.
      12. Уәкiлеттi органда өтiнiштердiң нысандары күту залындағы арнайы тағанда және құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      Сондай-ақ www.con.gov.kz интернет-ресурстан өтiнiштiң бланкiсiн табуға болады, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн оларды толтыру қажет.
      13. Мемлекеттiк қызмет алуға қажеттi толтырылған өтiнiш пен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмiрi туралы мәлiметтер мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде ақпарат жазылған уәкiлеттi органның стендiнде орналастырылған.
      Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсеткен кезде құжаттарды қабылдау «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      14. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) уәкiлеттi органда – мемлекеттiк қызметтi алушыны тiркеу және оның мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон;
      2) орталықта:
      өтiнiштiң нөмiрi мен қабылдаған күнi;
      сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күнi, уақыты және орыны;
      орталықтың құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты;
      мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      15. Тұрғын үй көмегiн тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама) туралы есеп беру:
      1) уәкiлеттi органға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алушының тiкелей өзi баруы не пошталық хабарлама арқылы;
      2) орталыққа өзi барған кезде қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      Егер мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде жүгiнбеген жағдайларда, орталық оларды осы стандартың 11-тармағында көрсетiлген 1 (бiр) ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
      Орталықтың қызметкерi құжаттарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда өтiнiш иесiне жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат бередi.
      Уәкiлеттi орган орталықтан түскен, осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ресiмдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетiн алғаннан кейiн 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) оларды қайтарудың себебiн жазбаша негiздей отырып, орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн орталық 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн ұсынады.
      Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы немесе орталықтың қызметкерi бас тартқан жағдайда мемлекеттiк қызмет алушыға 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi және уәкiлеттi органның бас тартуы туралы жазбаша негiздеме бередi.

3. Жұмыс қағидаттары

      16. Уәкiлеттi органның және орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк мiндетiн орындау барысында заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және ол сыпайылық, толыққанды ақпараттың берiлуiн, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      17. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      18. Уәкiлеттi органның және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Агенттiк төрағасының бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      19. Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандартқа 2-қосымшада телефондары көрсетiлген орталық басшылығына жүгiнедi.
      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «электрондық үкiметтiң» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
      20. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда уәкiлеттi органның басшысының атына демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын, түскi үзiлiспен шағым жасалады. Уәкiлеттi органдар басшылығының электрондық пошталарының мекенжайлары мен байланыс деректерi және жұмыс кестесi осы стандартқа 5-қосымшада көрсетiлген.
      21. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тiкелей өкiлдерi әкiмдердiң аппаратына уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасайды. Әкiмдер аппараты басшыларының мекенжайы, телефоны және жұмыс кестесi осы стандартқа 6-қосымшада көрсетiлген.
      22. Орталық қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда орталық басшысының атына немесе орталық қарамағына кiретiн «Орталық» РМК-ға басқарып отырған басшысының атына шағым жасалады. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А-үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      25. Орталықтың немесе уәкiлеттi органның кеңсесiндегi тiркеу қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы түскен шағымдардың қабылдауын растау болып табылады (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға қоса берiлген iлеспе хатқа қойылады).
      Шағымды қабылдаған адам мемлекеттiк қызмет алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшiн талон бередi, онда шағымның нөмiрi, күнi, байланыс деректерi мен жауапты алатын орынды көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның тегi көрсетiледi.
      Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Агенттiктiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Министрлiктер үйi, 10-кiреберiс, интернет-ресурс: www.ads.gov.kz.

«Тұрғын үй көмегiн тағайындау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша           
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 тамыздағы
«Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 тамыздағы №765 қаулысына (Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 шiлдедегi n 763 Қаулысы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconЭлектрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актiсiн жасау жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 10 тамыздағы №1039 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 17 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1112 Қаулысы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы 6-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 28 тамыз №1098 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 4 тамыздағы №792 Қаулысы
Жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және пошта жөнелтiмдерiн темiр жол көлiгiмен, тасымалдау қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 23 қараша №1484 Астана, Үкімет Үйі
«Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница