Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы




Скачать 67.58 Kb.
НазваниеЕсептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы
Дата конвертации13.06.2013
Размер67.58 Kb.
ТипДокументы
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 373-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2006 жылғы 17 қаңтарда тiркелдi. Тiркеу N 4021
"Ресми газет" 2005 жыл 28 қаңтар N 5(266)


      "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Бұйрықтың кiрiспесiне өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
      1. Қоса берiлiп отырған Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Труба құбырлары және су кәрiздерi жүйелерi саласындағы реттеу мен бақылау департаментi (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.О.Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Табиғи    
монополияларды реттеу агенттiгi   
төрағасының 2005 жылғы       
27 желтоқсандағы N 373 НҚ бұйрығымен
бекiтiлген               

Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу
құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша
ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық
қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы
өндiрiп алу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесi "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      2. Осы Ереже есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған су шаруашылығы және кәрiз жүйесiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi үшiн ақы есептеу және өндiрiп алу тәртiбiн айқындайды.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетiн нарық субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенушi жеке немесе заңды тұлға;
      2) есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген суды коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауарды беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуiне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      4) уәкiлеттi орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      4. Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы есептеудiң негiзгi қағидаты реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге байланысты шығындарды жабу болып табылады.

2. Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу
құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша
ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық
қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы
есептеу және өндiрiп алу

      5. Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы есептеу есептеу құралы тұтынушының кiнәсiнен тыс iстен шыққан жағдайда жүзеге асырылады.

      6. Есептеу құралы тұтынушының кiнәсiнен тыс iстен шыққан жағдайда, есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы есептеу үшiн табиғи монополия субъектiсi алдыңғы үш ай iшiндегi реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi тұтыну көлемдерiнiң деректерiн қолданады.

      7. Есептеу құралы тұтынушының кiнәсiнен тыс (РПНП) iстен шыққан жағдайда, есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ақы есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

                     V х T
          РПНП= ------------------ х B, мұндағы
                       D
      V - есептеу құралдарының деректерi бойынша алдыңғы үш ай iшiндегi реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемi;
      T - уәкiлеттi орган бекiткен тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шектi деңгейi;
      D - алдыңғы үш ай iшiндегi есеп айырысу күндерiнiң саны;
      B - есептеу құралының тұтынушының кiнәсiнен тыс iстен шыққаны табылған сәттен бастап есептеу құралдарын пайдаланбастан реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну кезеңiндегi күнтiзбелiк күннiң саны.
      Есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы есептеу есептеу құралы iстен шыққан жағдайда осы Ережеге берiлген қосымшаға сәйкес шарттық үлгiде ұсынылған.

      8. Есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы есептеу кезеңi есептеу құралы тұтынушының кiнәсiнен тыс iстен шыққан жағдайда, бiр айдан аспауға тиiс.

      9. Есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы есептеу есептеу құралы тұтынушының кiнәсiнен iстен шыққан жағдайда: тұтынушыда басқару мен есептеу құралдарының, жасырын тартылым жабдығының тораптарындағы пломбалардың үзiлуiнен, есептеу құралдарының көрсеткiшiн бұрмалайтын бейiмделген тетiктер орнатудан және табиғи монополия субъектiсiне алдыңғы келгендерiнде табу мүмкiн болмаған, суды ұрлауға алып келетiн өзге де iс-әрекеттерден суды есептеу схемасының бұзылған фактiлерi табылған кезде қолданылмайды.
      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi тұтынушыға табиғи монополия субъектiсi соңғы тексеру жүргiзiлген сәттен бастап табылған, бiрақ екi айдан аспауға тиiстi күнге дейiн, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтi (тауарды, жұмысты) пайдаланғаны үшiн қайта есеп айырысу жүргiзедi.

                                        Есептеу құралы iстен шыққан
                                      жағдайда есептеу құралдарының
                                        орташа айлық көрсеткiштерi
                                         бойынша ұсынылып отырған
                                         реттелiп көрсетiлетiн
                                          коммуналдық қызметтер
                                            (тауарлар, жұмыстар
                                            үшiн ақыны өндiрiп
                                          алу ережесiне қосымша

     Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу
     құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша
      ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық
        қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақыны
                 есептеудiң шартты үлгiсi

      1. Тұтынушының кiнәсiнен тыс есептеу құралы iстен шыққан
жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi
бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақыны есептеу (РПНП):

Ре-
тт-

N

Көрсеткiштер-
дiң атауы

өлшем
бiрлiгi

айлар

қаңтар

ақпан

наурыз

1

есептеу құрал-
дарының дерек-
терi бойынша
қызметтердiң
(тауарлардың,
жұмыстардың)
көлемi(V)

м 3

2

2,5

1,5

2

есеп айырысу
күндердiң
саны(D)

күндер

92

3

күнтiзбелiк
күндердiң
саны(В)

күндер

12

4

ҚҚС-пен сумен
жабдықтау қызметтерiне
арналған
қолданыстағы
тариф(T)

3 үшiн
теңге

11,18

11,18

11,18

          6 х 11,18
РПНП= ------------------ х 12 = 8,75 (теңге).
             92

Похожие:

Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы iconТелекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды
Шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы iconТұтыну бағалар индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу Әдістемесі
Тталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме) қолданыстағы статистикалық байқаудың нәтижелері бойынша...
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы n 149-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы icon«Шапшаң есептеу тәсілдері»
Ауызша есептеу дағдылары математикалық білімнің маңызды элементі болып табылады. Соңғы жылдардағы компьютер, калькулятордың өмірге...
Есептеу құралы iстен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша ұсынылып отырған реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы өндiрiп алу ережесiн бекiту туралы iconАкционерлік қоғамдар акционерлеріне акциялары бойынша дивидендтерді есептеу мен төлеу мәселелері жөнінде қысқаша жадынама Акционерлік қоғамдардың акционерлеріне акциялары бойынша дивидендтерді есептеу мен төлеу тәртібі «Акционерлік қоғамдар
Акционерлік қоғамдардың акционерлеріне акциялары бойынша дивидендтерді есептеу мен төлеу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница