Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы




Скачать 72.81 Kb.
НазваниеМаңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы
Дата конвертации13.06.2013
Размер72.81 Kb.
ТипДокументы



Маңғыстау Облысының

Әкімдігі
Маңғыстау Облысының

Білім БАСҚАРМАСЫ




Акимат

Мангистауской Области
УПРАВЛЕНИЕ Образования Мангистауской Области







130000, Ақтау қ., 13 ш/а., 47 үй

тел/факс (3292) 437418
18.09.2009ж

№01-16/2914



130000, г.Актау, 13 мкр, дом 47

тел/факс (3292) 437418

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау

комитетіне

2009 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 12-5-07/3309 хатқа

Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық ата-аналар кеңесінің 2009 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары мен Республикалық қоғамдық ата-аналар кеңесінің жоспарына ұсыныстар енгізу туралы мәліметті жолдайды.

Қосымша – 4 бетте.
Басқарма бастығының

орынбасары М. Янтудин


М. Жұмабаев 8(7292) 435100 (108)

Маңғыстау облысындағы облыстық қоғамдық ата-аналар кеңесінің 2009 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

Маңғыстау облысының аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты барлық жалпы орта мектептерде ата – аналар қоғамдық кеңесі жыл басынан жоспарлы түрде жұмыс жасап келеді.

Комитет мүшелеріне үлгілі ата- ана, ауыл мекеме жұмысшылары сайланған. Отырыстары жоспарланып, бекітілді. Ата аналар қоғамдық кеңесі материалдық жағдайы төмен отбасы балаларын мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақпен, киім кешекпен қамтамасыз етуге ұсыныс білдіріп, жинақталған құжаттары бойынша оқушылар тізімін бекітуге келіседі. Оқушылардың білім сапасын да басты назарда ұстап, мемлекеттік сынақтарға үлкен жауапкершілікпен қарау бағытында ата аналарды тарта отырып, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу профилактикалық шаралары кезіндегі кешкі рейдтерге де ата – ана тартылады. Мектепішілік ата аналар жиналыстары жоспарлы түрде өткізіліп, оған мектептің барлық ата - аналары қатыстырылып, тиісті мекеме басшылары шақырылып, әр түрлі өзекті мәселелер талқыланып, шешімін тауып келеді.

2009 жылдың ақпан айында Маңғыстау облыстық ата-аналар қоғамдық кеңесі мүшелерінің бас қосуы болды. Бас қосуда бала тәрбиесі, мектеп формасы, ана тілін қолдау жөнінде ой бөлісті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаевпен «Он-лайн» теле көпірі арқылы облыстық ата-аналар кеңесі мүшелері кездесіп, сұрақ - жауаптар алынды. Онда келесі сұрақтар қойылды:

  1. ҰБТ өткізу қанша сатыдан болатындығы

  2. Мұғалімдер статусы, кадр мәселесі

  3. Ер мұғалімдердің аз болу себептері т.с.с.

Облыстық ішкі істер басқармасында «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс», «Мектеп инспекторларының қызметі мен сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өтті. Дөңгелек үстелде жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, болдырмау, инспектордың жұмысын нығайту туралы сөз болды.

Маңғыстау ауданында және ауыл мектептерінде ата-аналар кеңесінің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің ҰБТ – ге дайындығы, жазғы каникул кезіндегі балалардың бос уақытын тиімді пайдалануы, демалуы туралы бас қосулар болды. (қамтылған бала саны – 70)

Түпқараған ауданы жалпы орта мектептерінде «Ұрпақ тәрбиесі - болашақ тірегі» ата –аналар конференциясы өтті. Оған ІІБ – нің қызметкерлері, ауыл ақсақалдары, ата –аналар бас қосып, бұл тақырыпқа көптеген пікірлер мен ұсыныстар айтылды. (қатысқан адам саны – 42)

Мұнайлы ауданы орта мектебінде сынып жетекшілер оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, зиянды заттардан аулақ болу мақсатында «Салауатты өмір салты – бар өмірдің бастауы» атты тақырыпта ата – аналармен жүргізген жұмыстарына талдау жасалып, мектеп психологтары бала мен ата – ана арасындағы қатынасты, түсіністік пен үндестікті зерттеу мақсатында ата – аналарға «Сіз және балаңыз бір – біріңізді түсіне аласыз ба?» атты тақырыпта жүргізген сауалнамасының қорытындысы тыңдалды. Ән саз пәнінің мұғалімі Х. Жалжанның «Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытында шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ата – ананың ролі» тақырыбында лекция, мектеп директоры орынбасары З.Нұрбердіханованың «Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алудағы мұғалімдер мен ата аналардың бірлескен жұмысынан» хабарламасы тыңдалды. (қамтылған оқушылар 105)

Аудандық жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар бөлімшесінің бастығы М. Омарованың мектепішілік ата – аналар жиналысында жасөспірімдер мен жастар арасындағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға арналған әңгімесі тыңдалып, бала алдындағы ата – ана жауапкершілігі жайында пікірлер ортаға салды. Сонымен бірге инспектор А. Әнетовтың «Отбасы тәрбиесінде кездесетін қиындық пен қатерлер, олардың себебі және жою жолдары» тақырыбында лекциясы тыңдалды. (қамтылған оқушылар - 37)

Маңғыстау ауданы орта мектептерінде 9-11 сыныптарда «Ізгілік ұлдан» аты сынып сағаттары, 7 сыныптарда «Балаңызбен байланысыңыз қалай?» тақырыбы бойынша ата аналармен кездесу, 8 – 9 сыныптарда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» сынып сағаты, 6 - сыныпта «Өнеріміз үлгілі отбасынан» атты кеш, 11 сыныпта мемлекеттік сынаққа дайындық барысы жайлы ата аналармен бірлескен дөңгелек үстел, бастауыш сыныптарда «Тапқыр аналар» сайысы өткізілді.

Бейнеу ауданы мектеп лицейінде ата - аналарды жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасындағы қалыптасқан жағдаймен, қылмыс пен заңбұзушылық фактілерімен таныстыру, ата - аналар жауапкершілігін арттыру мақсатында ата аналар мен аудандық ішкі істер бөлімі инспекторларымен кездесу өткізілді. Ата аналарды мектеп лицейдің мүжәлсіз отбасынан шыққан, қамқорлықтағы, мүгедек оқушыларды әлеуметтік қолдау ісіне атсалысу мақсатында «Қамқорлық», «Мектепке жол» акциясына қатыстырылды.

Қарақия ауданы орта мектептерінде құқықбұзушылықтың алдын алу, мүжәлсіз отбасыларды ыстық тамақ, киім кешекпен қамтамасыз ету, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарына ата аналар тартылды.

Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы берекелік Отанымыздың мықтылығы» тақырыбында мектепішілік семинар, жоғары сыныптар оқушыларының ата аналарымен «Үлгілі отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел, 3 сыныптар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру «Әкем, шешем және мен» отбасылық сайысы өткізілді. Даярлық сыныптарында әжелерінің қатысуымен «Менің ең тәтті немерем» атты сайыс ұйымдастырылды.

Оқу жылы соңында «Үлгілі әке», «Үлгілі ана», «Үлгілі отбасы» акциясы ұйымдастырылып, оқу жылын қорытындылайтын жиналыста ата аналар марапатталып, мектеп әкімшілігінің мақтау қағазымен марапатталды.

Жаңаөзен қаласы орта мектептерінде мектепішілік жиналыстары жоспарлы түрде өткізіліп, «Ата - аналардың азаматтық борышы», «Толық отбасы бала бақыты», «Қазақ отбасындағы тәрбиенің психологиялық ерекшеліктері» тақырыптарында баяндамалар оқылды. «Отбасы тәрбие бастауы», «Қыздарға өнегелі ақыл беру жолдары» тақырыптарындағы пікірсайыстар, «Мүшелде жұмбақ сыр бар», «Наурыз ұлттық мереке», «Бастауышым балбұлағым», «Мен және менің отбасым» тақырыптарында өткен шаралар жоғары ұйымшылдықпен көрсетілді.

Маңғыстау облысының білім басқармасы Республикалық қоғамдық ата-аналар кеңесінің жоспарына төмендегіні ұсынады:

  1. Әлеуметтік үш серіктестіктің, (құқық қорғау орган қызметкерлері, педагог және ата-аналармен) өзара байланыстағы жұмыстарын жандандыру;

  2. Облыс аумағындағы ата-аналар қоғамдық кеңесі төрағалары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары телеарнада жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тұрғыда насихаттауға арналған айына екі рет арнайы бағдарлама енгізу;

  3. Жергілікті құзырлы органдармен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жүйесіндегі ата-аналармен бірлескен профилактикалық жұмыстарын күшейту;

  4. «Ана мен бала» атты Республикалық деңгейде кең көлемде акция ұйымдастыру;

Республикалық қоғамдық ата-аналар кеңесіне ұсынылатын кандидатура Ерманов Талғат Қорғанбайұлы Өмірбаяны, мінездемесі.

Ерманов Талғат 1967 жылы Жыңғылды ауылында дүниеге келген. 1974-1984 жылдары Есір Айшуақұлы атындағы орта мектепте оқыған. 1985-87 жылдары Кеңес армиясы қатарында Москва қаласы әскери гарнизонында қызметте болған. 1988-2005 жылдар аралығында мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, соңынан Жыңғылды ауылдық Е. Қосымбаев атындағы мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарған. Сырттай оқып заңгер мамандығына ие болған. 2005 жылдан бастап «Маңғыстау жылу, су» мекемесі Жыңғылды-Тұщыбек бөлімшесінің бастығы. Үшінші сайланған аудандық Мәсліхаттың депутаты. Отбасылы, бес баласы бар.

Талғат Қорғанбайұлы ауылды көркейту, жылумен қамтамасыз ету бағытында елеулі еңбектермен көзге түскен. Аудандық орта мектептердің қайырымдылық акцияларына, мүжәлсіз, аз қамтылған балалардың отбасыларына демеушілік көмектермен қамтыды. Мәдени саласында қосқан үлестері үшін көптеген құрмет грамота, алғыстармен марапатталды.

Ерманов Талғат өз ісінің кәсіби шебері, халықының қалаулы, елінің елеулі, азаматының бірі. Ұжымдастар, жолдас-жораларының алдында асқан абыройға ие болған халқының азаматы. Талғат Қорғанбайұлы қоббиы: поэзия жанрына қосқан үлестері де аз емес, ән шығарып, өлең жазуды жаны сүйеді. Осындай азаматтарымыз халық арасында болғаны үлкен абырой.
Орынд. М. Жұмабаев 8(7292) 435100 (108)


Похожие:

Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы iconМаңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы
Респубуликасының Президенті әкімшілігі басшысының 12. 04. 2010ж. №775 – д хатын басшылыққа ала отырып, білім басқармасына қарасты...
Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы iconМанғыстау Облысының Әкімдігі Манғыстау Облысының Білім басқармасы
Маңғыстау облысының білім басқармасы 2009 жылдың 12 айындағы облыстағы білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы...
Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы iconМаңғыстау облысының жетекшi спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгiлеу туралы
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылдың 11 наурыздағы n 171 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнде 2008 жылғы 28 наурызда...
Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаментіне
Маңғыстау облысының білім басқармасы облыстағы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың көшеде заңға бағынушылық тәртібін...
Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы iconМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған
Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы icon«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 шілдедегі №4/49-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...
Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы n 825 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнiң Ақтау...
Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы icon«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі Қаулы етеді
Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы iconМаңғыстау облысының мектептерінде өткен
Денсаулық сақтау Министрлігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы №11-3-5496 хатын негізге ала отырып, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары...
Маңғыстау Облысының Әкімдігі Маңғыстау Облысының Білім басқармасы iconМаңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Бұл ретте, Маңғыстау облыстық дін істері департаменті қызметінің бағдары ең алдымен осы жұмыстарға бағытталған. Осы мақсатта жүйелі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница