Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің




Скачать 64.77 Kb.
НазваниеОблыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің
Дата конвертации13.06.2013
Размер64.77 Kb.
ТипДокументы


Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі

үйлестіру кеңесінің

3 ХАТТАМАСЫ


Өскемен қаласы

М.Горький көшесі, 40

2009 жылғы 16 қазан

сағат 17-00



Төрағалық етті: Облыс әкімі Б.М. Сапарбаев
Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің мынадай мүшелері қатысты:

ШҚО ІІД бастығы Қ.Н.Қасымов, ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаментінің бастығы Ж.А.Жарасов, ШҚО бойынша КБД бастығы У.Ж.Жаңабаев, ШҚО бойынша әділет департаментінің бастығы Е.Е.Ыбыраев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасы А.Б.Шөпшекбаев, облыс әкімі аппаратының басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев, облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Т.Н.Құсайынов.
Шақырылғандар:

Облыс әкімінің орынбасары – облыстық Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңес төрағасы М.К.Садықов, Семей қаласының әкімі М.К.Айнабеков, Риддер қаласының әкімі Е.Б.Сәлімов, Зырян ауданы әкімі Н.Р.Мусин, Аягөз ауданы әкімі Н.Т.Әзімбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А.А.Брусенцев, облыс прокурорының бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхамед, ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының бастығы С.Г.Раимбеков, ШҚО бойынша ЭҚСЖҚКД СААБ бастығы Б.В.Мурзин, ШҚО бойынша ЭҚСЖҚКД арнайы басқармасының бастығы Р.У.Рахимбердинов, білім басқармасының бастығы Е.А.Набиев, денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қ.М.Иманбаев, ішкі саясат басқармасының бастығы А.К.Бақтиярова, балалар құқығын қорғау жөніндегі департаментінің бастығы А.А.Исаев, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы А.Б.Можанов, облыстық наркология диспансерінің бас дәрігері Е.А.Жампейісов, «FAITH» нашақорлыққа қарсы жастар қайырымдылық орталығының директоры С.Г.Стандур және БАҚ өкілдері.
КҮН ТӘРТІБІ:

1. Облыста нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы күресу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы

_______________________________________________________________

(Б.М.Сапарбаев, Қ.Н.Қасымов, М.А.Құл-Мұхамед, Қ.М.Иманбаев, Е.А.Набиев, С.Г.Стандур, В.И.Ахаев, Ж.А.Жарасов, В.Ф.Лопаткин)

Облыста нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы күресу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәселені тыңдап және талқылай келе Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі мынадай ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Талқыланған мәселе бойынша сөйлегендердің ақпараттары назарға алынсын.
Мыналарға ұсынылсын:

1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, басқа да мүдделі, осының ішінде арнайы уәкілетті органдар есірткі айналымы және оның заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау саласындағы міндеттерді шешу үшін есірткіге қарсы заңнама талаптарын толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етсін.

1.1. Оларды орындауға формалды көзқарасты жойып, Шығыс Қазақстан облысында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы көздеген іс-шараларды орындау жөнінде шаралар қабылдасын.

1.2. Есірткіге тәуелді адамдарға, мұның ішінде кәмелет жасына жетпегендерге құқықтық, психологиялық, кеңес беру және өзге де көмек көрсету жөнінде дағдарыс орталықтарын және әлеуметтік баспаналар құру мәселесін қарасын.

1.3. Қалалар мен аудандарда МЕҰ, нашақорлықпен күресу және әлеуметтік қызметтер көрсететін маскүнемдер және нашақорлармен жұмыс жүргізу алдын алу және емдеу-сауықтыру бағдарламаларына әкімшілік және қаржылық қолдауды қамтамасыз етсін.

2. Өскемен қаласының әкімі (И.А.Әбішев) «FAITH» «Нашақорлыққа қарсы жастар қайырымдылық орталығы» қоғамдық бірлестігіне мамандандырылған қызмет көрсету орталығы – Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау орталығын құру үшін үй-жай бөлу мүмкіндігін қарастырсын.

3. Ішкі істер департаментіне (Қ.Н.Қасымов):

3.1. Ішкі істер органдарының заңсыз есірткі айналымын жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, есірткі жеткізу және транзиттеу арналарын, сондай-ақ оларды өткізу жүйелерін жою жөніндегі қызметінің тимділігін арттыру.

3.2. Полиция учаскелік инспекторларының, басқа да қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлерінің халықпен наркоқылмыстың алдын алу жөніндегі жұмысын жандандырсын.

3.3. Денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесіп психобелсенді, осының ішінде есірткі заттарын пайдаланатын және алдын алу есебінде тұратын адамдарды тексеру жүргізсін, оларды емдеуге жіберу, олардың жаңа адамдарды қылмыстық бизнеске тартуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдасын.

3.4. Мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізсін.

3.5. Заңсыз есірткі заттары айналысына байланысты қылмыспен күресу және нашақорлықтың алдын алу тиімділігін арттыру мақсатында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейтсін және тұрақты негізде заңсыз есірткі айналымына қатысты ақпарат алмасуды жүзеге асырсын.

3.6. Облыс прокуратурасының ұсынысын қарасын және «Есірткі Шебі» - «Аягөз» тосқауыл постын оны айналма жолдармен айналып өте алмайтын учаскеге көшіру мүмкіндгі мәселесін ҚР ІІМ-ге қарауға енгізсін. Сондай-ақ осындай «Есірткі Шебі» тосқауыл постын «Өскемен-Семей-Павлодар» автожолына орналастыру мәселесін шешсін.

3.7. Облыста, осының ішінде Өскемен қаласының Овечий ключ кентіндегі, Сол жағалаудағы, Семей қаласының Қызыл Кордонындағы есірткі таратылатын қолданыстағы орындарды жоюға бағытталған кешенді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізсін.

4. ШҚО КБД (У.Ж.Жаңабаев), ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаменті (Ж.А.Жарасов), ШҚО ІІД (Қасымов Қ.Н), облыс прокуроры (К.Д.Төлегенов), ҚАЖКБ (Е.С.Молабаев)

4.1. Құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл тиімділігін арттырсын және облыс аумағындағы заңсыз есірткі заттары және психотроптық заттарының айналымына, есірткі контрабандасы мен трафиігіне қарсы іс-әрекет жасау жөніндегі қолданыстағы ведомствоаралық жұмыс тобы шегінде қосымша бірлескен шаралар қабылдасын.

4.2. Есірткілерді облыс арқылы шекара маңындағы мемлекеттерге, ең алдымен Ресей Федерациясына өткізу жолдарының алдын алсын. Бар мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жандандарсын, сондай-ақ барлық құқық қорғау органдары бұл жұмысты мемлекеттік және кеден шекарасы шебінде нығайтсын.

5. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Е.П.Ясинская), денсаулық сақтау басқармасы (Қ.М.Иманбаев) Шығыс Қазақстан облысында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының 27-тармағының Өскемен қаласының наркология диспансері үшін аумағы бар жеке ғимарат сатып алу бөлігін орындау жөнінде шаралар қабылдасын.

6. Денсаулық сақтау басқармасы (Қ.М.Иманбаев):

6.1. «Қауіп тобындағы» және есірткі, психотропты, қатты әсер ететін заттарды қолданатын адамдарды ерте анықтау және оларды медициналық-психологиялық және нашақорлық көмек көрсету бағдарламаларына тарту жөнінде шаралар қабылдасын.

6.2. Білім басқармасымен бірлесіп, есірткі пайдалануға бейімділікті ерте бастан анықтау мақсатында мектептер мен басқа да оқу орындарында кезең-кезеңімен оқушыларды тексеруден өткізуді жүргізсін;

7. Білім басқармасы (Е.А.Набиев) туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасымен (А.Б.Можанов) бірлесіп:

7.1. Есірткі, психотропты, қатты әсер ететін заттарды қолданудың алдын алу, ең алдымен дене тәрбиесі-спорт жұмыстарын түбегейлі өзгертуге негізделетін шаралар әзірлесін. Бұл жұмысқа жастар ұйымдарын, бірлестіктері мен орталықтарын тартсын.

7.2. Оқушылардың спорт, мәдени-сауықтыру мекемелерінде ұйымдастырылған бос уақытын өткізуіне және шұғылдануына қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

7.3. «Қауіп тобы» отбасыларын ерте анықтау және білім беру мекемелерінің бастауыш мектептерінде әлеуметтік оңалту жұмыстарын ұйымдастырсын, оқушылармен отбасыларында да жеке алдын алу жұмысын жүргізсін.

7.4. Жалпы мәдениеттілікті арттыру, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алуға бағытталған факультативтер ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

7.5. Нашақорлықтың алдын алумен шұғылданатын мамандарды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерін оқу орындарында олардың әңгімелесулерін өткізу арқылы алдын алу жұмыстарына тартсын.

7.6. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды жандандырсын.

8. Ішкі саясат басқармасы (А.К.Бақтиярова) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасап:

8.1.Оларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде нашақорлыққа қарсы күресу жобаларын әзірлеу және іске асыруға тартып, кәмелетке толмағандар және жастар арасында есірткіқұмарлықтың алдын алумен шұғылданатын МЕҰ-мен (мемлекеттік емес ұйымдармен) тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.

8.2. Халықты облыста қабылданып жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру және нашақорлыққа қарсы төзбеу көзқарасын қалыптастыру жөнінде мақсатты бағытталған жұмыс жүргізсін.

8.3. БАҚ-та нашақорлық пен маскүнемдік проблемаларына арналған телехабарлар және басылымдар ұйымдастыру жөнінде тұрақты негізде мақсатты ақпараттық жұмыс жүргізсін.
Барлық орындаушылар аталған іс-шараларды уақытында және сапалы орындау үшін жауапты адамдарды белгілесін. Олардың орындалуы туралы ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға хабарласын.

Хаттама орындау үшін Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне жолдансын.

Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі

үйлестіру кеңесінің төрағасы,

облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ


Похожие:

Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің icon516 мәжіліс залы Төрағалық етті
Төрағалық етті: Шығыс Қазақстан облысының әкімі облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның...
Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің iconҚазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі Агенттік) миссиясы...
Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің iconАудандық ішкі саясат бөлімінің 2011 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
«Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес», «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес», «Әйелдер істер және демографиялық...
Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің iconБекітілген қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының жанындағы Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңес туралы ереже
Азақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының жанындағы Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) Қазақстан...
Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің iconБіріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясы (Палермо қ., 13 желтоқсан 2000 ж.)
Осы Конвенцияның мақсаты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың анағұрлым тиiмдi түрде алдын алу және оған қарсы күрес iсiндегi ынтымақтастыққа...
Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің iconҚызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының 2012 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі атқарған жұмыстары жайлы
Атап айтқанда, басқармада 2012 жылдың 10 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңнамасын орындау бағытындағы мекеменің іс-шаралар...
Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің iconҚазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
Аржы полициясы 2009 – 2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есебі
Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің iconРуководителям организации образования !!! Весьма срочно !!!
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес жүргізу мақсатында 2011 жылдың 12 айында жасаған жұмыстарыңыздың...
Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің icon01. 06. 2012 ж. Мектеп директорларына!
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес жүргізу мақсатында 2012 жылдың 2 тоқсанда жасаған жұмыстарыңыздың...
Облыс әкімдігі жанындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы Алматы қаласы тәртіптік кеңесінің төрағасы М. Е
Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында» Қр президентінің «ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница