55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша




Название55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша
Дата конвертации27.11.2012
Размер80.5 Kb.
ТипДокументы
55 орта мектебі

Тақырыбы:



Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша

(бала құқықтары туралы Конвенция)


Өткізген: Жақсымбетова Ж.Т.

Астана

2009 жыл
Мақсаты:

1. Ата-аналарға отбасындағы тәлім-тәрбие мағынасын, бала өміріндегі рөлдерінің маңыздылығын, бала құқығының бұзылу себептерін көрсету.

2. Жеке тұлға ретінде баланың қалыптасуына еңбек тәрбиесіне күшпен жұмсалудың тигізер әсері.

3. Балаларға өз құқықтарының тиісті деңгейде орындалуын насихаттау.
Пікірталас эпиграфы:

«Бейкүнә сәби ашты дүние есігін

Азан айтып бердік оған есімін

Ол пәк болып келген бізге нәресте

Ойла, ендеше, адал болып өсуін»
Барысы
І. Кіріспе бөлім.
1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының гимні орындалады.
- Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонақтарын таныстырып өтейік:

1. Астана қаласы балалардың құқығын қорғау Депатаментінің бас маманы Баекеева Айсәуле Толыбекқызы

2. Астана қоғамдық ұйымының директоры Загребина Инга Владимировна

3. Астана білім басқармасының маманы Құралай Балғабайқызы
«Әке – асқар тау,Ана- сая болар бақ, ал Бала жағадағы -құрақ»

- дей отырып, сіздерге арналған «Пәктік пен зорлық қайшылығы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Тәрбие сағатымыздың көздеген мақсаты жалпы барлық ата-аналардың бала еңбегін пайдалануын, оның бала психологиясына келтірер зақымын айқын ету.

Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті.

2-жүргізуші:

- Көптеген адамдар санасында «Құқық» ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланыстырады.Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.

Олай болса, балаларымыздың қандай құқықтары бар екенін қарастырмас бұрын көрініске назар аударайық.
Көрініс

Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып дем алғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты бала атаулы істейтін сияқты ед! » деп дауыстап баласына қарап айғай салады. Баласына: «Сенен көрген не пайдамыз бар? Өмірге мұғаліміңнен де, сыныптастарыңнан да естейтініміз тек ұрыс! Қашанғы сенің жабуыңды көтереміз?Сенен де пайда көрейік! Дүниеге әкелме дедім осындай қыңыр баланы!»

Баласын итеріп үйден шығарып «Бүгіннен бастап үйге кіріс кіргізбесең, меннен жақсылық күтпе! Ал мен болсам дем аламын! Қыдырамын! Той тойлаймын» .

Көше кезіп шыққан кәмелетке толмаған жеткіншек жұмыс іздеуді бастайды. Орталық базар маңына келіп бұрын-соңды естіген «Тәшке сүйрету», «Газет сату», «Гүл сату» тіпті болмаса оңай жолы ұрлық жасау тәрізді жұмыс атқармақ.
1-жүргізуші:

- «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді қазақ халқы. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Осынау атқа ие бола тұрып, балаға берер тәрбиесі қандай болмақ?

Сауал:

1.Отбасындағы тәрбие жөнінде не айтасыздар?

2.Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?
2-жүргізуші: Осы орайда Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заңнамаларға тоқталып өтсек.

- Конституциямыздың 12-бабында:

1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқытары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
1-жүргізуші:

- 24-бабында:

1. Әрбір бала еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар.Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.

Келесі бір қойылымнан кейін мүмкін пікіріміз өзгере жатар

(баланың концерттік ұйымда түңгі уақытта жұмыс істеу көрінісі)
Сауал:

1. Мына еңбек түрі жөнінде не айтасыздар?

2. Баланы кешкі уақытта қайда кеткені беймәлім себептермен жібере бересіздер ме, ата-аналар?
2-жүргізуші:

- Бала еңбегі мәселелеріне тікелей қатысты бірнеше халықаралық конвенциялар мен маңызды құжаттар бар. Ең танымалы 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бала құқықтары туралы Конвенциясы маңыздысы болып табылады. Мұнда :

* жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жасты бекіту;

* жұмыс күннің ұзақтығы мен еңбек жағдайын белгілеу;

тәрізді ережелер енгізілген.

Ал, Қазақстан Республикасының Бала еңбегі жөніндегі Заңнамасының 24-бабы азаматтардың еңбек бостандығын, қызмет пен кәсіп түрлерін өз еркімен таңдауын анықтайды және тек төтенше немесе әскери жағдайда, не сот үкімі бойынша мәжбүрлі еңбекке тарту мүмкіндігін шектейді.

1-жүргізуші:

- Еңбек кодексі бойынша жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас – 16 жас. Дегенмен 15-ке толған азаматтар орта білім беру мекемелерінде білім алған жағдайда, ата-ананың бірінің , қамқоршы адамның немесе асырап алушының жазбаша келісімімен еңбек келісім-шартын жасауға болады. Бұл жағдайда, оқудан бос уақытында жұмыс істейтін 14 жасқа толған тұлғаларға және шығармашылық саласында (кинематографияда, театрда, театр мен концерттік ұйымдарда, циркте, денсаулығы мен дамуына еш нұқсан келтірмей, бір шығарманы жасау мен орындауға қатысу үшін) жұмыс істейтін 14 жасқа толмаған тұлғаларға рұқсат берілген.


Көрініс

(Кешкі сағат 11.30 да мейрамхана ішінде, жанында гүл сатушы бала жасы 15 те)

Жүрген сүйреп ауыр жүкті далада

Бір бала жүр арлы-берлі арада

Сіздің қандай пікіріңіз осыған?

Бұғанасы қатпаған жас балаға?

Сауал:

- Мына баланың еңбегін қалай әшкерелейсіздер?

- Мұндай ауыр емес жеңіл жұмыс түрімен айналысуға бола ма?
2- жүргізуші:

- Кодексте 18 жасқа толмаған тұлғаларды келесі жұмыс түрлеріне тартуға тыйым салынған:

* ауыр жұмыстар, аса қауіпті немесе зиянды жағдайындағы

* олардың денсаулығы мен рухани дамуына нұқсан келтіретін жұмыстар

( түңгі ойын-сауық мекемелері, ойын бизнесі)

* түңгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін)

* шұғыл жұмыс

* жұмыс уақытын есептейтін жұмыс

* кезекшілік әдістегі жұмыс


Ендігі кезекті бейнесюжетке берсек

Сауал: Бала еңбегін пайдалануға қалай қарайсыз? Дұрыс па? Бұрыс па?

Егер басыңызға күн туып, жетіспеушіліктің салдарынан болып жатса не істейсіз? Өз пікіріңіз? Баланың еңбек тәрбиесі, күн режимі педагогикалық талаптарға сай болуы керек пе?
(Үш топтың ойы тыңдалады)

1-жүргізуші:

- «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы ата-ана өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды екен. Олар адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім орындамаса, айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Ал, мынадай еңбек етуге зорлық білдіріп отырған ата-ана бала болашағын ойлар ма екен?

2-жүргізуші:

- Әрине, біз бүгін тек осынау қылықтарымен танылған отбасылар жайында сөз қозғап отырмыз. Ал бүгінгі біздің ортамызда отырған аналар мен әкелер өз міндеттерін қалай атқарып жүр екен?
Сіздерге бірнеше жағдаяттар ұсынылмақ :

1. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген мақалымыз бар. Сіздердің пікірлеріңіз қандай?

2. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Досы сабаққа ынтасы жоқ, ата-анасы ішімдікті ұнататын, баланы еңбек етуге үнемі итермелеп отыратын отбасынан шыққан бала. Осы баламен достасқалы бері балаңыздың сабағы төмендеп, үйден кеш уақыттарды кетуді шығарды. Сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады.Не істейсіз?

3. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген атақты қазақ мақалын балаңызға ақыл ретінде айтасыз ба?

4. Бірде , дағдарысқа байланысты өзіңіз де, жолдасыңызда жұмыстан шығып қалдыңыздар. Атқарған жұмыстарыңыз өте мәдениетті мекемелер.Қара ауыр жұмысқа өздеріңізді қимайсыздар. Жеткіншегіңізді жұмысқа жіберер ма едіңіздер?

5. Балаңыздың жастайынан әкесі жоқ. Сіз үйдің асыраушысысыз. Жеткіншегіңіз жақсы оқиды. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Сіздің ұлыңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған» деді. Сіздің оны мектепке жібермеген күніңіз болған жоқ Бұдан бұрын да сіз өз таныстарыңыздан балаңыздың қосымша жұмыс атқаратынын естігенсіз, бірақ құлақ аспадыңыз. Енді не істейсіз?
Күй «Көңіл толқыны» орындайтын Ахметов Ақжол

1-жүргізуші:

- Әрине, қанша ата-ана зомбылығын көріп жатса да, балаға ана мен әке мейірімін берер ешкім жоқ шығар. Олардың ойы ата-ана еңбегін ақтап, үмітін үзбесем екен.

Алдарыңызда Народ Алтынгүлдің оқуында «Анаға арнау» өлеңі

Анаға арнау

Ана өмірдің қуанышы, тірегі

Бала оның жұбанышы, жүрегі

Олар дәйым тыныштықты тіледі

Адам бар ма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты, ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам

2-жүргізуші:

Алдарыңызда Махметов Досханның оқуында «Әкеге арнау» өлеңі
Әкеге арнау

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген

Суыққа шалындырмай мәпелеген

Өмірдің соқпағымен өрге тартып

Алдымен адам бол деп жетелеген

Тағдырдың кеуде тосып жартасына

Біз үшін түскен майдан ортасына

Алаңсыз сауық сайран салып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында
1-жүргізуші:

Келесі кезекті «Жұмбақ жан» айдарына берелік.

Алдарыңызда бет-әлпеті жасырынған студент бала ата-ана зорлығынан кешірген естен куетпес ауыр күндерін сіздерге айтып бермек. Көңіл қоялық.
Сауал: Осы өмір соқпағын басынан кешірген бала өміріне өз ойларыңыз қандай?
Ән «Ана туралы жыр» орындайтын Мерей Алтынтас

2-жүргізуші:

Әрбір істің бала таппас шешімін

Жаза беріп, айта көрме кесімін

Байқаусызда балалығын жасап-ап

Ағат басса, бергін оған кешірім ,-

дей отырып, құрметті қонақтар , ата-аналар, ұстаздар бүгінгі тәрбие сағатымыздың мәні мен мағынасы сіздерге айқын болды деп сенеміз.Яғни, бала еңбегін заңсыз қолдана алмайтынымыз анық болды. Ендеше аялайық, балалардың сіздерге қамқорлық жасауын мақтан тұтайық!
Ендігі өз шығармасын 11 «В» сынып оқушысы

Бектаева Эльмира тарту етпек

1-жүргізуші:

- Сау болыңыздар, көңіл қойып тыңдап, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендіріңізге көп рахмет!

Похожие:

55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша iconЛисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Өткізген : Мауленова Г. С. Ашық сабақ. Математика 2-сынып Сабақтың тақырыбы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, әр оқушыға деңгейлік тапсырма беті, суреттер, ребус, кеспе сандар, сыйлықтар
55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша iconАстана қаласы Мектебі: №57 орта мектебі Сыныбы: 10 «а» сыныбы Пән мұғалімі: Абдрахманова Айгүл Ертайқызы Пәні: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы
Хіх ғасырдың І жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай қандай еді? – Ресей патшалығының отарлау саясаты жүргізіліп жатқан кез
55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша iconПсихолог қызметі: «Новоильинов орта мектебі»
«Новоильинов орта мектебі» мм-ң педагогикалық ұжымы мен оқушылардың психикалық және әлеуметтік жағдайын сақтауға бағытталған жұмыстарды...
55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша icon«Жұмыс беруші өз құқығыңызды білесізбе?» тақырыбында жеке кәсіпкерлер үшін семинар Ағымдағы жылғы 1 маусымында Департамент қызметкерлері «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»
Керлері «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» онкүндік шеңберінде «Жұмыс беруші өз құқығыңызды білесізбе?» тақырыбында жеке кәсіпкерлер...
55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша icon148 орта мектебі бойынша жартылай жетім оқушылар жайлы мәлімет

55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша iconӨскемен қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық теңдеулер, химиялық реакцияның типтері және химиялық теңдеулер бойынша есептер шығару тақырыптары бойынша...
55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша icon«№59 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
«№59 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округі, Абай ауылы, дәрі-дәрмек мемлекеттік сатып алуға баға...
55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша icon«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу», «Балалар түнгі қалада» және «Бала еңбегін болдырмау»
...
55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша icon148 орта мектебі бойынша тұрмысы төмен отбасы балалары жайлы толық мәлімет

55 орта мектебі Тақырыбы: Бала еңбегін қорғау пробемасы бойынша icon«№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010/2011 оқу жылындағы ата-аналар комитетінің жұмысы бойынша ақпараты
«№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010/2011 оқу жылындағы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница