Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды»




Скачать 53.38 Kb.
НазваниеБаспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды»
Дата конвертации14.06.2013
Размер53.38 Kb.
ТипДокументы


Баспасөз баяны
«Жұлдыздарға қара» «Посмотри на звезды» жобасы бірінші кезеңінің

Алматы облысы бойынша жеңімпаздары анықталды
1 тамыз 2012 ж., Талдықорған. – 09 шілдеде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қоры ұйымдастырған кәсібін жаңа бастаған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобасы бірінші кезеңінің Алматы облысындағы қорытындылары белгілі болды.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Талдықорған қаласының тұрғыны Ләзат Керімқұлова мен Ескелді ауданы, Қарабұлақ аулының тұрғыны Алтай Жұмағали байқау жеңімпаздары деп танылып, 100 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Жеңімпаздың екеуі де 1-ші топтағы мүгедек. Алматы облысы бойынша жобаға барлығы 5 кәсіпкерден өтініш түскен.
Грант жеңімпазы Ләзат Керімқұлова 1970 жылы Куйбышев аулында дүниеге келген, 13 жастан асқан шағында денсаулығы нашарлай бастайды. Ләзат жаратылысында көңілді, ашықжарқын адам, сондықтан да ешқашан мойымайды. Оның сүйікті шаруасы – іс тігу, осы жұмыспен жылдар бойы айналысып келеді. 2003 жылы Ләзаттың кішкене қыздарды құрақ көрпе тігу мен тоқуға баулып жатқаны жайлы деректі фильм түсірілген. 2006 жылдан бері ол үйінде жастыққап тігеді.
Ләзат «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобасында бағын сынау үшін тапсырған өтінішінде көпшілік тұтынатын өнімдерді үлкен көлемде тігу үшін кәсібін кеңейткісі келетінін жазған. Бұл ойын іске асыру үшін оған көпқызметті электр тігін машинасы мен қосымша қажетті дүниелер (мата, жіптер, уақ-түйек заттар) сатып алу керек. Сондай-ақ бір пішуші әйелді көмекші санатында жанына жұмысқа алу да жоспарында бар.
34 жастағы Алтай Жұмағали бірінші кезеңнің екінші жеңімпазы мектеп бітіргеннен кейін диірменде бас оператор болып жұмыс істеген. 1995 жылы арақкеш жүргізушінің кесірінен 1-ші топтағы мүгедек атанды. Бірнеше күрделі операция мен оңалту шараларына бес жыл уақытын сарп етті. Одан соң шаруа қожалығына фрезерлеуші болып жұмысқа орналасты, бірақ қожалықтағы шаруа да көп ұзамай тоқтады. Содан соң жеке такси болып, күнделікті нәпақасын айырып жүрді. Қазірде Алтай мүгедектердің «Демеу» қоғамдық бірлестігінің спорт секторын басқарады. Сонымен қатар І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің күндізгі бөлімінде 4-курста оқып жүр. Спортпен, оның ішінде ауыр атлетикамен айналысады, 100 келіден жоғары салмақтағы дәреже бойынша бірнеше мәрте жүлделі орындарды иеленген.
Алтай былғарыдан дайындалатын бұйымдарды – аяқ киім, киім, көлік орындықтарының қабы, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды жасап, жөндеуден өткізумен айналысуды жоспарлап отыр. Грант қаржысы осы жұмысқа қажетті жабдықтар, құрал саймандар мен басқа да қосымша уақ-түйектер сатып алуға жұмсалмақ.
Гранттарды табыстау рәсімі Талдықорған қ., Гагарина көшесі, 136/140а-2 үй мекенжайында өтеді.
«Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мен Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қорының мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке кәсіппен айналысуға деген ұмтылысын қолдауға бағытталған. Жоба бөлінген гранттар есебінен мүгедек жандардың бизнес-жоспарларын жүзеге асыруына, сол арқылы табыс тауып, отбасы мүшелері мен өзін қамтамасыз етуіне жол ашады.
Жоба «Даму» қорының әкімшілік ресурстарын, «Құс жолы» қорының тәжірибесі мен технологияларын, Қазкоммерцбанктің қаржылық ресурстарын біріктіріп отыр. Жобаны жүзеге асырудағы басты ұстаным, іріктеу үдерісінің ашық жүргізілуі. Осы мақсатпен жобаны жүзеге асыруға ақпараттық серіктес ретінде бұқаралық ақпарат құралдары да тартылып отыр. Алматы облысында жобаға «Алатау» басылымы қолдау көрсетті. Басылым беттерінде жоба туралы алдын-ала құлақтандырулар мен байқауға қатысушылар жайлы ақпараттар жарияланып отырды.
Жобаның жалпы бюджеті 8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде бір гранттың көлемі 100 мың теңгеге тең. Жасы 18-ге толған, 1 және 2-топтағы мүгедек (өзінің ЖК 01.01.2011 жылдан бергі мерзімде алғаш тіркеген) бойындағы дарынын, білімін, тәжірибесін пайдалануға, жеке, азаматтық, кәсіби жүзеге асыруға асыруға құлшынысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары жобаға қатыса алады.
«Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобасы Қазақстанның 14 облысында, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларында 2012 жыл бойында екі кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезеңге өтініш тапсырып үлгермегендер, байқаудың екінші кезеңіне қатысуға қажетті құжаттарды 2012 жылдың 1 қыркүйегінен 26 қазанына дейін «Даму» қорының Алматы облысы бойынша аймақтық филиалына өткізуіне болады.
2012 жылдың 1 шілдесіндегі ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында барлығы 60 647 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, оның ішінде 225 – ҰОС мүгедегі, 35 739 – 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, 18 686 – 3-ші топтағы мүгедек, 5 997 – 16 жасқа толмаған мүгедек-балалар (Алматы облысы әкімінің ресми сайты мәліметі бойынша).
Анықтама:

«Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қоры «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобасын 2005 жылдан бері жүзеге асырып келеді. 2012 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры «Даму Көмек» бағдарламасымен жобаның әріптесі атанды. Өмірлік ұстанымдары берік, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» байқаулық жобасы үстіміздегі жылы Қазақстанның 16 өңірін қамтып отыр.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әзірлеген мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдаудың «Даму-Көмек» бағдарламасы «Даму» қорының 2009-2013 жылдарға арналған стратегиялық даму аясындағы шаралардың қисынды жалғасы болып табылады.

Аталған бағдарламаның шеңберінде «Даму» қоры жұмыс істеп жүрген және істерін жаңа бастаған, бизнесін жүргізуде немесе ашуда белгілі бір проблемалары бар мүгедек кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастама танытқан мүгедектердің мәселелерін шешу үшін шынайы мүмкіндіктері бар ұйымдардың, соның ішінде жеке тұлғалардың арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
«Қазкоммерцбанк» АҚ Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. 2012 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша банктің активтері 2 524,9 млрд. теңгені құрады. Банктің ірі қатысушылары: «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ, Н.С. Субханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі.

2005 жылы Қазкоммерцбанк қазақстандық компаниялардың алғашқыларының бірі болып корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы БҰҰ Ғалами келісімшартына қосылды. Жыл сайын қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға банк 100 млн. теңге көлемінде қаржы бөледі.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қаулыға сәйкес құрылды, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілердің экономикалық өсуі және орнатуын ынталандыру және шағын бизнеске жәрдем көрсету үшін бағытталатын мемлекеттің қаржы құралдарын тиімді жұмсауын көтеру мақсатында жабық тұрпатты акционерлік қоғамы қалпында банктік емес қаржы ұйым. 2006ж «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ- бұл ұлттық дамыту институты, акциялардың 100% «Самрық-Қазына» ұлттық әл-қаутының қоры» АҚ иеленуде. «Даму» қорының маңызды міндеті- шағын және орта бизнестің, сонымен қатар Қазақстанның шағын қаржылық ұйымдардың қаржы және консалтинктік қызметтерін ұсыну біріктіруші және операторы ролінде сапалы дамуына көмек көрсету.
Байланыс үшін

Алматы облысы бойынша

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ АФ

бастығы – Талтұсов Ринат Алдашұлы

Орындаушы – қаржылай емес қолдау жөніндегі бас менеджері Нұрғазинов Жандос

e-mail: Zhandos.Nurgazinov@fund.kz

Тел: 8 (7282) 222-870, 222-476
«Құс Жолы» Қайырымдылық қоры» ҚҚ

Атқарушы директоры – Шынар Жәнібекова

e-mail: ShZhanibekova@kkb.kz

тел: +7 (727) 258-51-05, ішкі.57074, факс: 330-00-46.
Жобалардың үйлестірушісі – Алина Аманжолова

e-mail: ALiAmanzholova@kkb.kz

тел: +7 (727) 258-51-05, ішкі.58294.

Похожие:

Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconБаспасөз баяны
Республикасы Кәсіподақ Федерациясының (Астана, Абай даңғылы, 38, 2 этаж) мәслихат-залында Астана қаласының ішкі саясат басқармасының...
Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconБаспасөз-баяны
«журналистерге мемлекеттік ақпараттық саясатты оқыту семинарларын өткізу» тендері аясында «Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясаты:...
Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconБаспасөз-баяны
Республикасы Кәсіподақ Федерециясының (Астана, Абай даңғылы 38, 2 этаж) мәслихат-залында, Қр мәдениет және ақпарат министрлігінің...
Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconСесилия Ахерн Посмотри на меня
...
Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconБаспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде
«Наша Казаша» жобасын құрушылардың жұмысына ешқандай қатысы жоқ жоба. Сонымен қатар, бұл жағдай авторлық құқықты бұзу болып табылады...
Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconАлтынбек Қоразбаев халқының мақтанышы
Алайда кейде көпшілікті елең еткізетін жағдайлар болып тұрады. Сондай «жаңалықтың»бірі-белгілі сазгер,әнші, «Қара кемпір», «қара...
Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconПрограмма курса астрофизика высоких энергий для специальности 010400 Физика специализация теоретическая физика
Вводный очерк строения вселенной. Звезды, галактики, скопления и сверхскопления галактик. Активные галактические ядра, гамма-барстеры....
Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconСергеймогилевце в рождественскаязвезд а рождественская история я есмь корень и потомок Давида
Рождественской Звезды, звезды Младенца и Бога, звезды правды и истины. Итак, смотрите! Итак, слушайте! И, прошу вас, не бойтесь ничего,...
Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconАкционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі
Р заңымен (бұр ред. қара); 2007. 19. 02. №230-iii қр заңымен (бұр ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2008. 23. 10. №72-iv қр заңымен 1-бап...
Баспасөз баяны «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» iconАкционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі
Р заңымен (бұр ред. қара); 2007. 19. 02. №230-iii қр заңымен (бұр ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2008. 23. 10. №72-iv қр заңымен 1-бап...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница