Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы




Скачать 40.29 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы
Дата конвертации14.06.2013
Размер40.29 Kb.
ТипДокументы




Бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы



--> Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы N 335 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 16, 176-құжат

 Қазақстан Республикасының Президентi 
мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында  
жариялануға тиiс          

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттаманың (бұдан әрi - хаттама) жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Константин Васильевич Жигаловқа Қазақстан Республикасының атынан хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2007 жылғы 29 мамырдағы 
N 335 Жарлығымен   
МАҚҰЛДАНДЫ      

  Бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан
Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер
арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмге
(ӘЫК) Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы
туралы хаттамасының жобасы

      Осы хаттама мақсаттары үшiн бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан, бұдан әрi "мүше мемлекеттер" деп аталатын Еуропалық Одақ Кеңесi ұсынған Бельгия Корольдiгi, Болгария Республикасы, Чех Республикасы, Дания Корольдiгi, Германия Федеративтiк Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдiгi, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы герцогтiгi, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдiгi, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Корольдiгi, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi,
      және бұдан әрi»"Қоғамдастықтар" деп аталатын, Еуропалық Одақ Кеңесi мен Еуропалық Комиссия ұсынған
      Еуропалық экономикалық қоғамдастық және Атом энергиясы жөнiндегi Еуропалық қоғамдастық
      2005 жылғы 25 сәуiрде Люксембургте қол қойылған және 2007 жылғы 1 қаңтарда күшiне енетiн Бельгия Корольдiгi, Болгария Республикасы, Чех Республикасы, Дания Корольдiгi, Германия Федеративтiк Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдiгi, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтiгi, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдiгi, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Корольдiгi, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi (Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер) және Болгария Республикасы мен Румыния арасындағы Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа кiруi туралы шарт талаптарын ескере отырып,
      ЕО-ға екi жаңа мүше мемлекеттiң кiруi нәтижесiнде туындайтын, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық үшiн жаңа мүмкiндiктер мен мiндеттердi көздейтiн Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың жаңа сипатын назарға ала отырып,
      Тараптардың Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмнiң мiндеттерi мен қағидаттарына қол жеткiзу мен орындауды қамтамасыз ету ниетiне орай,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Болгария Республикасы мен Румыния 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы 1 шiлдеде күшiне енген, бiр тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер және екiншi тараптан Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық орнататын Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмге (бұдан әрi "Келiсiм") қосылады және сол күнi қол қойылған қорытынды актiге және 2006 жылғы 1 маусымда күшiне енген 2004 жылғы 30 сәуiрдегi Келiсiмге хаттамаға қоса берiлетiн Келiсiмнiң, бiрлескен мәлiмдемелердiң, хат алмасулардың және Қазақстан Республикасы декларациясының мазмұнын басқа да мүше мемлекеттер сияқты тиiсiнше бекiтедi және назарға алады.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008.06.13  N 613  Жарлығымен.

  2-бап

      Осы хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

  3-бап

      1. Осы хаттаманы мүше мемлекеттердiң және Қазақстан Республикасы атынан қоғамдастықтар, Еуропалық Одақ Кеңесi өздерiнiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес бекiтуi тиiс.
      2. Тараптар алдыңғы тармақта аталған тиiстi рәсiмдердiң аяқталғаны туралы бiр-бiрiн хабардар етуге мiндеттенедi. Мақұлдаудың құралдары Еуропалық Одақ Кеңесiнiң Бас Хатшылығының жанында сақталатын болады.

  4-бап

       1. Осы Хаттама соңғы мақұлдау құралы ұсынылған күннен кейiнгi бiрiншi айдың бiрiншi күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Хаттама 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап өзi күшiне енетiн күнге дейiн уақытша қолданылатын болады.
       Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008.06.13  N 613  Жарлығымен.

  5-бап

      Келiсiмнiң, қорытынды актiнiң және оларға қоса берiлетiн барлық құжаттардың мәтiндерi, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуiрдегi Келiсiмге хаттамалар болгар және румын тiлдерiнде жасалады.
      Олар осы хаттамаға қоса берiлетiн және олардың басқа тiлдерде орындалған Келiсiмнiң, қорытынды актiнiң және оларға қоса берiлiп отырған құжаттардың, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуiрдегi Келiсiмге хаттамалардың мәтiндерiмен бiрдей күшi бар.

  6-бап

      Осы Хаттама қазақ, болгар, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, немiс, грек, венгр, итальян, латыш, литва, мальта, поляк, португал, румын, словен, словак, испан және швед тiлдерiнде екi данада жасалды, олардың әрқайсысы бiрдей болып табылады.

      200 __ жылғы ________ ___________ қаласында жасалды.

       Қазақстан Республикасы үшiн
       Мүше мемлекеттер үшiн
       Еуропалық қоғамдастықтар үшiн

  






-->    

Похожие:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 15 шiлдедегi №1026 Жарлығы
Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерiн визалардан босату туралы келiсiмiне қол қою...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы iconҚазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды жоғары оқу орындары арасында бөлу туралы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы»
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №119 бұйрығы
Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемін
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi антының мәтiнiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк саяси қызметшiлерiнiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы
...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы iconҚазақстан Республикасында медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігін жіктеу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы n 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы iconБизнестiң жол картасы 2020
Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы iconҚазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147
...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы iconПедагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы
Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 29 мамырдағы n 335 Жарлығы icon"Өнiмдiлiк 2020" бағдарламасын бекiту туралы
Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница