Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы




Скачать 36.72 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы
Дата конвертации14.06.2013
Размер36.72 Kb.
ТипДокументы




Бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы







Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi № 333-IV Заңы



-->
"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 17 шiлдедегi № 291-292 (26136); "Казахстанская правда" от 17.07.2010 г., № 186 (26247); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18 (2570-2571), 107-құжат

      Бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық, қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы 2008 жылғы 16 қыркүйекте Брюссельде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                         Н. Назарбаев

Бiр тараптан Қазақстан Республикасы
және екiншi тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар
мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк пен
ынтымақтастық туралы келiсiмге (ӘЫК) Болгария Республикасы мен
Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы
хаттамасының

      Осы хаттама мақсаттары үшiн бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын, бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан, бұдан әрi «мүше мемлекеттер» деп аталатын Еуропалық Одақ Кеңесi ұсынған Бельгия Корольдiгi, Болгария Республикасы, Чех Республикасы, Дания Корольдiгi, Германия Федеративтiк Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдiгi, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтiгi, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдiгi, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Кородьдiгi, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi,
      және бұдан әрi «Қоғамдастықтар» деп аталатын, Еуропадық Одақ Кеңесi мен Еуропалық Комиссия ұсынған
      Еуропалық экономикалық қоғамдастық және Атом энергиясы жөнiндегi Еуропалық қоғамдастық,
      2005 жылғы 25 сәуiрде Люксембургте қол қойылған және 2007 жылғы 1 қаңтарда күшiне енетiн Бельгия Корольдiгi, Болгария Республикасы, Чех Республикасы, Дания Корольдiгi, Германия Федеративтiк Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдiгi, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтiгi, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдiгi, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Корольдiгi. Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi (Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер) және Болгария Республикасы мен Румыния арасындағы Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа кiруi туралы шарт талаптарын ескере отырып,
      ЕО-ға екi жаңа мүше мемлекеттiң кiруi нәтижесiнде туындайтын, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық үшiн жаңа мүмкiндiктер мен мiндеттердi көздейтiн Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың жаңа сипатын назарға ала отырып,
      тараптардың Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмнiң мiндеттерi мен қағидаттарына қол жеткiзудi және орындауды қамтамасыз ету ниетiне орай,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап

      Болгария Республикасы мен Румыния 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы 1 шiлдеде күшiне енген, бiр тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер және екiншi тараптан Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық орнататын әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмге (бұдан әрi - «Келiсiм») қосылады және сол күнi қол қойылған қорытынды актiге және 2006 жылы 1 маусымда күшiне енген 2004 жылғы 30 сәуiрдегi Келiсiмге хаттамаға қоса берiлетiн Келiсiмнiң, бiрлескен мәлiмдемелердiң, хат алмасулардың және Қазақстан Республикасы декларациясының мазмұнын басқа да мүше мемлекеттер сияқты тиiсiнше бекiтедi және назарға алады.

2-бап

      Осы хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

3-бап

      1. Осы хаттаманы мүше мемлекеттердiң және Қазақстан Республикасы атынан қоғамдастықтар, Еуропалық Одақ Кеңесi өздерiнiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес бекiтуi тиiс.
      2. Тараптар алдыңғы тармақта аталған тиiстi рәсiмдердiң аяқталғаны туралы бiр-бiрiн хабардар етуге мiндеттенедi. Мақұлдаудың құралдары Еуропалық Одақ Кеңесiнiң Бас Хатшылығының жанында сақталатын болады.

4-бап

      1. Осы хаттама соңғы мақұлдау құралы өткiзiлген күннен бастап келесi бiрiншi айдың бiрiншi күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы хаттама 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшiне ену мерзiмiне дейiн уақытша қолданылады.

5-бап

      1. Келiсiмнiң, қорытынды актiнiң және оларға қоса берiлетiн барлық құжаттардың мәтiндерi, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуiрдегi Келiсiмге хаттамалар болгар және румын тiлдерiнде жасалады.
      2. Олар осы хаттамаға қоса берiлетiн және олардың басқа тiлдерде орындалған Келiсiмнiң, қорытынды актiнiң және оларға қоса берiлiп отырған құжаттардың, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуiрдегi Келiсiмге хаттамалардың мәтiндерiмен бiрдей күшi бар.

6-бап

      Осы Хаттама қазақ, болгар, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, немiс, грек, венгр, итальян, латыш, литва, мальта, поляк, португал, румын, словен, словак, испан және швед тiлдерiнде екi данада жасалды, олардың әрқайсысы бiрдей болып табылады.








-->

Похожие:

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы
Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconАзаматтардың денсаулығын сақтау туралы
...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Шкi су көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы n 508 Заңы
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 174-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы n 332-333
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi n 290 Заңы
Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы
Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмдi (Даму бағдарламасын қолдауға берiлетiн...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы iconДәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 18, 19 шiлдедегi №293, 294 (26137, 26138); "Казахстанская правда" от 09. 09. 2010 г., №236 (26297);...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница