Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы




Скачать 41.43 Kb.
НазваниеБаспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы
Дата конвертации14.06.2013
Размер41.43 Kb.
ТипДокументы
БАСПАСӨЗ-МӘЛІМДЕМЕСІ

11 сәуір 2012 ж Алматы - Алматы қаласының футбол бойынша жасөспірімдер құрамасы тарихта тұңғыш рет ағымдағы жылдың сәуір айының 4 мен 8-і жұлдыздары аралығында Коста – Бравада өткен танымал «Барселона» клубының қамқоршылығындағы беделді Mediterranean International Cup (Жерортатеңіздік Халықаралық Кубогына) қатысты.

Жастарға арналған Mediterranean International Cup – Халықаралық футбол турнирін танымал «Барселона» қатарынан 12 жыл өткізуде. Ол ФИФА, Футболдың Испандық және Каталониялық федерацияларының ережелеріне сай өтуде. О бастан Турнир Пеп Гвардиола, Луис Фелипе Сколари, Рональдо, Роналдиньо секілді танымал футболистердің қолдауына ие болды. Кубоктың Лео Месси (Барселона), Сеск Фабрегас (Арсенал), Андерсон (МЮ), Лукас (Livepool FC) және Марсело (Реал) секілді кейбір қатысушылары бірінші буын клубтарында өнер көрсетіп те үлгерді.

Турнир ауқымы жайлы бірнеше сандық көрсеткіштердің өзі айта жатар: 220 топ, 40 аса ел, 5 мыңнан аса ойыншы! Бүгінгі таңда бұл әлемдегі ең айтулы балалар жарысы, оған ондаған үздік клубтар жиналады — және тарихта тұңғыш рет оған Қазақстаннан барған жасөспірімдер тобы қатысты.

«Қайрат» және «Сұңқар» ФК футболистеріне MIC-2012 халықаралық турниріне қатысудың бірегей мүмкіндігі Алматы қаласының Әкімі Ахметжан Есімовтың қолдауымен Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Қазақстанның спорт технологиялары» компаниясының арқасында берілді.

Іріктеуден өткен Алматының жас футболистері жарысқа осы уақыт аралығында «Барселона» ФК академиясының бапкерлерінің қоластында жаттығу үшін басталуынан 4 күн бұрын барды.

Алматы жасөспірімдер құрамасының қатарында (1998 ж.т.) өнер көрсеткендер:

Қақпашылар: Касиманов Әкежан, Щитинин Владимир.

Қорғаушылар: Қасым Әлібек, Жапарұлы Мадияр, Айтөре Мади, Зикрач Роман, Бухмиллер Максим, Валиев Джамшит, Муренко Данила.

Жартылай қорғаушылар: Өтешев Улан, Оразов Рамазан, Орешкин Виктор, Артюшенко Илья, Тойшыбек Нурислам, Байтурсынов Жаныбек (1999), Ералиев Даниял, Блинов Илья, Мирланов Раимбек.

Шабуылшылар: Солтанов Жандос, Иноятов Руслан, Богатырев Даниил.

Бапкерлер штабы: Утеушев Алаш, Малыгин Виталий, Ферапонтов Андрей, Юмашев Эдыген.

«Жоғары орын алмағанымызға қарамастан, сөзсіз, біздің балалар турнирге қатыса отырып, және өз көздерімен кәсіби ойыншылардың дайындығының түрлі қырларын көріп, осындай ірі турнирдің ахуалын және жоғары дода деңгейін, оның тынысын сезініп, баға жетпес тәжірибе алды. Турнирдің негізгі мақсаты да дәл осы болатын, яғни жас футболист әлемнің ең танымал клубтарымен бәсекелесе алатындай мүмкіндік беру болып табылады», - деп атап өтті Коста-Бравоға жасөспісрімдер құрамасының бару нәтижелері бойынша баспасөз-маслихатында Виталий Малыгин.

Жалпы Турнир барысында Алматы жасөспірімдер құрамасы келесі топтармен ойнады:

ALMATY TEAM- CF BARCELONETA каталониялық топ (0:3)

ALMATY TEAM -LLEIDA ESPORTIU каталониялық топ (1:2)

ALMATY TEAM - VJS VANTAA фин тобы (1:1)

ALMATY TEAM - CD BANYOLES каталониялық топ 2:2 (пенальти бойынша жалпы 4:5 есебімен жеңілді)

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

Валерия Борисова, 7 707 382 41 00.
Қосымша ақпарат:
Алматы қаласының спорт басқармасы

Басқарма іс-әрекетінің мақсаттары төмендегідей:

1) дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, спорт резервін, халықаралық деңгей спортшыларын даярлау;

2) дене шынықтыру және спорт саласындағы материалдық базаны жасақтау және нығайту, сәйкес инфрақұрылымдарды дамыту;

3) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша қалалық ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетін үйлестіру;

4) халықаралық, республикалық, аймақаралық спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларында қала мүдделерін қорғау;

5) спорттық қозғалысты насихаттау, және Алматы қаласында және шет елдерде спорттық ұйымдар үшін мамандарды даярлау, олардың іскерлік біліктілігін арттыру

6) Гендерлік теңдік Стратегиясын жүзеге асыру;

7) Алматы қаласының әкімшілігінің қатысуымен құрылған дене шынықтыру және спорт саласындағы коммуналды мемлекеттік кәсіпорындардың іс-әрекетінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

8) Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің іс-әрекетінің тиімділігін бағалауды іске асыру;

9) Басқармаға Алматы қаласының Әкімі тапсырған және ҚР заңнамасына сай басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Іс-әрекет пәні мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Басқарма келесідей қызметтерді атқарып, құзыреттерге ие болады:

1) меншік нысанына тәуелсіз ұйымдардың дене шынықтыру және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

2) дене шынықтыру және спортты дамытудың аймақтық бағдарламаларын жасақтап, іске асырады;

3) спорт түрлеріне қарай қалалық құрама топтардың дайындығын және республикалық және халықаралық спорт додаларында олардың өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

4) спорттық ғимараттарды салу мәселелерін үйлестіру; спорттық ұйымдарға әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсету;

5) өз құзырының аясында спорт бойынша бапкерлік-ұстаздық құрамға, төрешілерге спорт разрядтары мен категорияларын береді;

6) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын, соның ішінде халықаралық спорт жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарын жасақтап, бекітіп, жүзеге асырады;

7) Алматы қаласындағы спорт ұйымдарының іс-әрекетін үйлестіреді;

8) Алматы қаласындағы спорт іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіреді;

9) спорт ғимаратттарының бірінші, екінші және үшінші категорияларын бекітеді;

10) ҚР СТМ Алматы қаласындағы дене шынықтыру және спортты дамыту жайлы мағлұматтарды, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық мәліметтерді саралап, ұсынады.

Похожие:

Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы icon28 мамыр 2008 жыл, Алматы қ. Баспасөз мәлімдемесі «мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы
«Маңғыстау Электротораптық бөлу Компаниясы» АҚ («мэбк» АҚ) өздерінің 430 549 қарапайым акциясын жұртшылық арасында ұйымдастырылмаған...
Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы iconБаспасөз мәлімдемесі «Наша Казаша» тележобасының жабылуы жөнінде
«Наша Казаша» жобасын құрушылардың жұмысына ешқандай қатысы жоқ жоба. Сонымен қатар, бұл жағдай авторлық құқықты бұзу болып табылады...
Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы iconБаспасөз-мәлімдемесі 24 шілде 2012 жыл
Барлық ірі елді мекендердің барлығының қамту іске асырылып, бұл «Теле2 Қазақстан»-ға елдегі «Ұлттық мобильді оператор» мәртебесін...
Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы iconБаспасөз хабарламасы «Хоум Кредит Банк» АҚ 2012 жыл басынан бері несие қоржынын 33,7%-ға көбейтті. Алматы, 22 тамыз 2012 ж
Алматы, 22 тамыз 2012 ж. – Бүгін «Хоум Кредит Банк» АҚ, Қазақстандағы тұтынушылық несие беру нарығындағы жетекшілердің бірі, 2012...
Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы icon2012 жылдың сәуір айының 1-не Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бекітілген
Алматы облыстық “Жетісу Су құбыры” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын Талдықорған қаласы
Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы icon6 қыркүйек 2011 г. Баспасөз мәлімдемесі
Сатыбалды Нарымбетов, Ахат Ыбыраев, Әмір Байғазин мен фестивальдің арт-директоры Гүлнар Әбікеева жұмыс істеді
Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы iconБаспасөз мәлімдемесі
«бота» қоры Қазақстандағы балалар мен жастарға қызмет көрсетуде үздік үлгілер мен тәжірибелерді ілгерілету үшін жыл сайынғы халықаралық...
Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы icon«Хоум Кредит Банк» АҚ несие портфелі Қехс сәйкес 139,2%-ға өсті Алматы, 10 сәуір 2012 жыл
Акционерное Общество «Хоум Кредит Банк», ул. Фурманов 248, Алматы, 050059, Республика Казахстан
Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы iconҚр мемлекеттік Орталық музейі Алматы қаласы, “Самал-1”, 44- үй, Баспасөз-хабарламасы
Көрме British Council Ұлыбританияның халықаралық ұйымы, Қр мом қолдауымен, Kazakhstan Fashion Week, bmi авиакомпаниясы, Energy fm...
Баспасөз-мәлімдемесі 11 сәуір 2012 ж Алматы iconАлматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің Қаратал АҚБ қоқыс шығару қызметін сатып алу қорытындысы туралы №12 хаттама Талдықорған қаласы 18 сәуір 2012 жыл 11 сағат 25 минут
Йымдастырушы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 130/132 мекен жайында орналасқан мемлекеттік мекеме «Алматы облысы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница