Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі




НазваниеҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
страница9/40
Дата конвертации14.06.2013
Размер3.48 Mb.
ТипДокументы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;

4) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;

5) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

6) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;

8) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;

9) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі  бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;

10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;

11) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;

12) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;

13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары жөніндегі зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;

16) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;

17) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;

18) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді бекіту тәртібін айқындайды;

19) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін айқындайды;

22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;

23) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 25) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

25) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

17-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) жұмыс берушілер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексереді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;

6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;

7) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

8) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;

2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады.

 

18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті Жергілікті атқарушы органдар:

1) 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) жергілікті өкілді органның келісімімен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындайды;

3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;

4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуіл өткізуді келіседі;

5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және қызметкерлердің өңірлік бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасайды;

6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбегіне ақы төлеу жүйесінің параметрлерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40

Похожие:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Р еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы №252-iii қр заңын қараңыз
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Р еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы №252-iii қр заңын қараңыз
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconЕңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру бойынша
Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалған және Еңбек кодексі ережелері мен еңбек...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазаҚстан РеспубликасыныҢ ЕҢбек Кодексі
Кодексте белгіленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147
...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі icon2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» туралы заңдарына, колледж Жарлығына сәйкес құрылған, мұнда...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Р 2007. 19. 12. №9-іv заңымен мазмұн өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр ред.қара)
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Р 2007. 19. 12. №9-іv заңымен мазмұн өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр ред.қара)
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница