Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым)




НазваниеҚирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым)
Дата конвертации14.06.2013
Размер36.2 Kb.
ТипДокументы
Қирабаев, С.

Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. - 2009. - 17 наурыз (№39). - (Тағзым)

Мен 1947 жылы Алматыға оқуға келгенде, Ғабдолла 7 жастағы жүripin жүрген бала еді. Әлі мектепке де бармаған. Әкесі Әбдіқожа кол­хоз құрылысына көп еңбек сіңірген, ұзак жылдар басқару ісінде болған Жаңаарқа ауданының бас көтерер азаматтарының 6ipi болды. Қанша дегенмен, Кеңес өкіметі оқымаған, 6ipақ көкірегі сара, халықтың өз ішінен шығып, жаңа тіршілікті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген талантты адамдарды тәрбиелеп шығарғаны шындық еді ғой. Жаңаарқадан осындай, өкіметке тірек боп, елдің тіршілігін түсініп, оларға жайлы басшы бола білген 6ip шоғыр азаматтар шыкты. Олар өзара достасып, сырласып, 6ipiн-6ipi сыйлап, 6ipiнe-6ipi қамқор болып жүрді. Тұтастай ел тұтқасына айналды. Әбдіқожа осы топтан болатын. Солардың қатарында менің Жаман деген ағам болды. Әбекеңмен дос еді. Жаман қайтыс болғанда, Әбекеңнің жылап келіп, сөз сөйлегені есімде. Бірін-6ipi таныған, 6ipiн-6ipi қадірлеген азаматтың жылы сөзін айтып еді Әбекең. Meнің соғыс кезінде мектеп бітіріп, «оқимын» деген ниетімді icке асыpa алмай, 3-4 жылдай ауданда қыз­мет істеп қалғаным бар. Сонда осы ағаларымның көбімен таныс, icтec болдым. «Жеткіншек» колхозында тұратын Әбекеңнің де үйінде болғам. Сонда жүгіріп жүрген Ғабдолланы көргенмін. Yй-iшi «Қабыкен» дейтіні есімде қалыпты. Кейін қайта танысқанда ecімe түcin, мен де «Қабыкен» деп кеттім.

Сол кеткеннен мен елге қайтпай, алматылық боп калдым. Бірақ елмен хабарымыз үзілген емес. Ағалар кетіп, жана ұрпақ өcin шык­ты. Олар ел басқару, халқына қызмет ету жолында көзге түcin жатты. Солардың iшіндe ауыл, аудан көлемінен асып облыстық жүйеде жақсы танылып жүрген Ақселеу Сейдімбековтің, Ғабдолла Құлқыбаевтың, Қани Мұсылманбековтің атын көбірек естіп жүрдім. Алғашқысы қалам қызметкері болды да, соңғы екеуі жақсы дәрігер боп, елден келген ауру адамдарға шапағаты көп тиеді екен. Ақселеудің жазғандарын оқып та жүрдім. Қарағанды облыстық газетінің редакторы болған, 6ipre оқып, 6ipre өскен досым Сейфолла Оспановты жерлеуге барғанда, оны көрin таныстым. Кейін 6ip peтi келіп қалғанда Алматыға қызметке шақырылуына да себепкер болғаным есте.

1973 жылы менің 6ip баламның оқуы жайымен Қарағандыға асығыс барып, 6ip күн болып кеткенім бар. Бәрімбек Бейсенов деген қайын ағам Ішкі істер министрлігінің Қарағандыдағы жоғары мектебінде бастық еді. Сол Сейфолла eкeyi күтіп алды да, Долинкаға алып кетті. (Сонда мектептің жазғы демалыс орны бар екен). Сол жерден Шахтинск қаласына барып, 6ip үйде қонақ болғанымыз бар. Соған Евней Бөкетов марқұм келді. Қасында Ғабдолла бар. Ол мені танып, сәлемдесіп жөнін айтты. Құшақтасып баяғы бала күнгі көргенімді еске түсірдім. Осы жиынды Ғабдолла басқарды. Оның сөзге шебер, әншілік өнepi де барын, халыққа сүйкімді мінезді екенін байқадым.

«Адам болар бала қонаққа үйір» деген сөз бар ғой қазақта. Бұрынғы ел ұстаған азаматтар балаларын бетінен жасқамай, «қонақ келді, кетіңдер» деп қуып шықпай, оның жұртпен танысуына жол ашқан, елдің әңгімесін тыңдатып өсірген. Мен мұны өзім алған тәрбиеден білем. Әкем марқұм мені осылай epкін ұстап, қонақтарға қызмет етуге, 6ipre отырып, солардың өнегесін үйренуге баулыды. Ғабдолла да осы жолмен жүріпті. Әбекең марқұм өзі де сөз білетін, ел ұстаған азамат еді. Ғабдолланың да солай, елмен араласып, сөз тыңдап өскеніне қуанып қалдым. Осыдан соң көп кешікпей Алматыда Кардиология институты ашылып, Ғабдолла соған директор болып келгенде, оны жақынырақ білдім. Акселеу екеуі Алматыға бір мезгілде көшіп келіп, өрісімізді кеңейтіп кетіп еді.

Кейін Ғабдолла Қарағандыға қайтып, сонда орнықты. Ұлттық Ғылым Академиясының Қарағанды бөлімшесінде «Физиология және еңбек гигиенасы» деген институт ашылып, соны басқарды. Тәуелсіздік алғаннан соң бұл институт Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өтіп, «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар» ұлттық орталығы атанды. Осында Ғабдолла қайтыс болғанша еңбек етті. Сонда жүріп ол Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 2003 жылы академигі болып сайланды. Өз ісінің жақсы маманы есебінде танылды. Сонымен бірге оның әдебиетке, өнерге қатысты жан-жақты талантын да ел көріп бағалады. Ол жақсы ағаларының қасында жүріп өсті, өзі де шәкірттеріне ағалық қамкорлық жасады. Алматыда болғанда ол аға жазушылар (Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев) мен ғалымдар (Т.Шарманов) арасында таныс есімге айналды. Қарағандыда Евней Бөкетовпен дос болды. Қарағандыда ол академиктер, әріптес ағалары Әбілқас Сағынов пен Зейнолла Молдахметовпен жақын екенін көрдім. Бұл - оның тек дәрігерлік мамандықпен шектеліп қалмай, үлкен азамат, кең пейіл, құшағы ашық жігіт ағасы дәрежесіне жеткендігінің айғағындай еді.

Тағдыр бізге оны көп бірге жүруді жазбады. Қабыкенім менің, ерте сөнген жарық жұлдыздай өте шықты өмірден. Бірақ оның аты өлмейді, артанда еңбегі мен ұрпағы қалды.
Суретте: Ғ. Құлқыбаев(сол жақта), Д. Қасейінов және Ж. Ақылбаевпен бірге.


Похожие:

Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconБөкетов, Қ. Евней ескерткіші туған жерінің төрінде [Текст] / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2009. 3 қазан (№150-151). (Тағзым)
Евней ескерткіші туған жерінің төрінде [Текст] / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2009. 3 қазан (№150-151). (Тағзым)
Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconМұқашева, Ж. Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. 2008. 29 наурыз (№49-50)
Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. 2008. 29 наурыз (№49-50)
Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconОразалиева Г. Асқар тауымыз еді Естелік / Г. Оразалиева // Орталық Қазақстан. 2005. 17 наурыз; 19 наурыз. Осыдан тура жиырма екі жыл бұрын, анықтай айтсақ, 1983 жыл 13-ші желтоқсан таңында:« академик Бөкетов қайтыс болыпты»
Асқар тауымыз еді Естелік / Г. Оразалиева // Орталық Қазақстан. 2005. 17 наурыз; 19 наурыз
Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconЕскі басылымдардан даярлауға қатысқан жинақтары, редакторлық жасаған кітаптары
Ж. Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы (жалпы редакциясын басқарған – акад. С.Қирабаев). 1-том. Алматы: Ғылым, 1996. 328 б
Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconБөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
Жақыпбектің айтқаны» деген әңгімесін «Орталық Қазақстан» газеті жариялай бастағанда таныстар, оқырмандар телефон арқылы: «Бұл болған...
Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconӨрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар
Егемен Қазақстан" газетi 2009 жыл 13 наурыз n 98-99 (25496); "Казахстанская правда" от 17 февраля 2009 года №40-41 (25784-25785);...
Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconӨрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
Егемен Қазақстан" газеті 2009 жыл 13 наурыз n 98-99 (25496); "Казахстанская правда" от 17 февраля 2009 года №40-41 (25784-25785);...
Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconӨрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар
Егемен Қазақстан" газетi 2009 жыл 13 наурыз n 98-99 (25496); "Казахстанская правда" от 17 февраля 2009 года №40-41 (25784-25785);...
Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconСалықов К. Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз (№39). (Тағзым) iconҚұдабаев А. Ебекең туралы үзік сырлар / А. Құдабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 24 наурыз
Ебекең туралы үзік сырлар / А. Құдабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 24 наурыз
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница