Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі




НазваниеҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
страница33/33
Дата конвертации14.06.2013
Размер3.08 Mb.
ТипДокументы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
39-тарау.

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ

ІШКІ БАҚЫЛАУ

338-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

жөніндегі ішкі бақылау

1. Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.

2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады.
339-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі

1. Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.

2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

3. Қызметкерлерінің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандық лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.

4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындау жөніндегі нұсқауларын ұйымның барлық қызметкерлері орындауға міндетті.

 

40-тарау.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ

САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық

бақылау

1. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.

2. Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады.

 

341-бап. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық

инспекторлардың құқықтары

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың:

1) жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс берушінің ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жасау жөніндегі келісімдерді, ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушілер алдында қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының қорғалуын жүзеге асыруға;

2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйін кешенді тексерулерге қатысуға;

3) жұмыс берушілерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан өз функцияларын атқару үшін қажетті, оның ішінде жазбаша түрде ақпарат пен түсініктемелер алуға;

4) жұмыс берушілердің келісімдерде, ұжымдық шарттарда еңбекті қорғау бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындауын тексерулерді жүзеге асыруға және тексеру қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізуге;

5) өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын сынақтан өткізу және пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға;

6) еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға, оларға өз ұсыныстарын енгізуге;

7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының, еңбекті қорғау бөлігінде келісімдер мен ұжымдық шарттар ережелерінің бұзылуына, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды жасыруға кінәлі жұмыс берушілерді және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы талаптармен тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге;

8) еңбек жағдайларының өзгеруіне, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамасының бұзылуына, келісімдерде және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген міндеттемелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға;

9) қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақат алуы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келтірілген зиянды өтету құқықтарын қорғау үшін әрі қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердің өтініші бойынша талап қойып соттарға жүгінуге құқығы бар.

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы мамырдың 15-сі.

251-III ҚРЗ



1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Похожие:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Р еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы №252-iii қр заңын қараңыз
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Р еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы №252-iii қр заңын қараңыз
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Р еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы №252-iii қр заңын қараңыз
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconЕңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру бойынша
Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалған және Еңбек кодексі ережелері мен еңбек...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазаҚстан РеспубликасыныҢ ЕҢбек Кодексі
Кодексте белгіленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан республикасы үкіметінің Қаулысы 2007 жылғы 29 қараша №1147
...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі icon2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» туралы заңдарына, колледж Жарлығына сәйкес құрылған, мұнда...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі iconҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Р 2007. 19. 12. №9-іv заңымен мазмұн өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр ред.қара)
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница