«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ




Название«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ
Дата конвертации14.06.2013
Размер73.8 Kb.
ТипДокументы
«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесі

бекіткен

2011 жылғы 11 мамырдағы

47 хаттама


«Самұрық-Энерго» АҚ

қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы

САЯСАТЫ

Астана қ.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) электрэнергетикалық кәсіпорындар мен ірі көмір кенішін біріктірген ұйым болып табылады, қауіпсіздік және еңбек қорғау менеджментінің тиімді жүйесінің қызмет атқаруын басқарудың нәтижелі жүйесін құруға және жұмыстың алуан түрлерінің өндірісі кезінде тұтынушыларға энергияны тұрақты жеткізуде тосын жағдайлардың туындау тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік жасауға көмектесетін өндірістік іс-әрекеттің маңызды стратегиялық құрамдас бөлігі деп есептейді.

2. Қоғамның қауіпсіздік пен еңбек қорғау саласындағы Саясатының (бұдан әрі - Саясат) мақсаты – халықаралық OHSAS 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу.

3. Саясаттың негізгі басымдықтары ретінде Қоғам келесі жайттарды белгілейді:

- өндірістік іс-әрекет нәтижелеріне қатысты жұмысшының өмірі мен денсаулығының басымдығы;

- жарақаттар мен қызметкерлер денсаулығының төмендеуінің алдын алу;

- қауіпсіздік және еңбек қорғау менеджменті жүйесін үнемі жақсартып отыру және оның нәтижелілігін арттыру;

- жабдықтардың заманауи түрлері мен ұжымдық және жеке қорғау құралдарын пайдалану есебінен қауіпсіздік деңгейін үнемі арттырып отыру.

4. Саясат басымдықтарын жүзеге асыру үшін Қоғам:

- бар тәуекелдерді анықтау мен олардың алдын алу және жою мақсатында шаралар жоспарын дайындау бойынша жұмысты үнемі атқару;

- қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыру;

- қолданыстағы және жаңадан енгізілетін барлық процестерге қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелерін қосу;

- қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша басшылар мен орындаушылардың дербес жауапкершіліктерін анықтау;

- қауіпсіздік және еңбек қорғау менеджменті жүйесіне қатысуын арттыру үшін қызметкерлерді ынталандыру;

- қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы білімдер мен тәжірибені енгізу;

- Қоғамның қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы іс-әрекеті жайындағы ақпараттың барлық мүдделі тараптар үшін ашықтығын қамтамасыз еуді жоспарлап отыр.

5. Өндірістегі жарақаттану мен кәсіби сырқаттарды азайту Саясатын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс.

2. ӨНДІРІСТЕГІ КӘСІБИ СЫРҚАТТАР МЕН ЖАРАҚАТТАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ШАРАЛАР
6. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбек қорғау, өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында:

- жұмысшылардың міндетті медициналық тексеруден өтуі (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 312-бабы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылдың 16 қарашасындағы «Міндетті медициналық тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар, мамандықтар тізімін, міндетті медициналық тексерулерді жүргізу ережелерін бекіту туралы» № 709 Бұйрығы);

- еңбек іс-әрекеті күшейтілген қауіппен, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмысшыларды ауысым алдында медициналық тексеруден өткізу (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 312-бабы);

- жұмысшыларды қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулар беру және білімдерін тексеру (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 313-бабы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылдың 23 тамызындағы «Жұмысшыларды қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулар беру және білімдерін тексеруді жүргізу ережелерін бекіту туралы» № 205-п Бұйрығы);

- өндірістік жабдықтарды және технологиялық процестерді мейлінше қауіпсіз түрлеріне ауыстыру (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 317-бабы);

- жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен және зиянды өндірістік факторлардан қорғанудың басқа да құралдарымен қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 317-бабы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылдың 31 шілдесіндегі «Жұмысшыларға жұмыс берушінің есебінен сүт және емдік-алдын алу тағамдарын беру ережелерін, жұмысшыларды жұмыс берушінің есебінен арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке және ұжымдық қорғаудың басқа да құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер және құрылғылармен қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» №184-п Бұйрығы;

- өндірістік объектілерді еңбек шарттарының жағдайлары бойынша аттестациядан өткізу (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 317-бабы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылдың 23 тамызындағы «Өндірістік объектілерді еңбек шарттары бойынша міндетті мерзімдік аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы» №203-п Бұйрығы);

- қауіпті өндірістік объектілер жұмысшыларын өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби дайындау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру (Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 3 сәуіріндегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» № 314-ІІ Заңы).


3. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ
7. Қауіпті және зиянды өнеркәсіптік факторларды анықтау үшін ақпарат ретінде жұмыс орындары мен өндірістік объектілерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2007 жылдың 23 тамызында № 203-п Бұйрығымен бекіткен «Өндірістік объектілерді еңбек шарттары бойынша міндетті мерзімдік аттестациядан өткізу ережелеріне» сәйкес аттестациялау нәтижелері алынады.

8. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді идентификациялау Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 3 сәуіріндегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» № 314-ІІ Заңына сәйкес жүргізіледі. Жоғарыда аталған Заңның 11-1 бабының негізінде қауіпті өндірістік объект иесі Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеуі тиіс.

4. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЕҢБЕК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРГЕ ЖАУАП ШАРАЛАРЫ
9. Жұмыс орындары мен өндірістік объектілерді аттестациялау нәтижелерінің негізінде ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі шарттарын жақсарту бойынша шаралар Жоспары әзірленуі тиіс. Жоспар ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыру, өндірістік процесс технологияларын жетілдіру, еңбек шарттарына сәйкес жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдану бойынша шараларды, сауықтыру шараларын және қауіпсіздік пен еңбек қорғауды ұйымдастыру шараларын қарастыруы керек.

10. Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек қорғау саласындағы тәуекелдерге жауап шаралары Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 3 сәуіріндегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» № 314-ІІ Заңының «Апаттар мен тосын жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету» деп аталатын 4-тарауында қарастырылған.

10.1 Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар:

- қауіпті өндірістік объектілерде апаттар мен олардың салдарларын оқшаулау және жою бойынша шараларды жоспарлауға және орындауға;

- қауіпті өндірістік объектілерде апаттардың алдын алу, апаттар мен олардың салдарларын оқшаулау және жою бойынша алдын алу жұмыстарына әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері мен құралымдарын қатыстыруға;

- апаттар мен олардың салдарларын оқшаулау және жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервін ұстауға;

- жұмысшыларды қауіпті өндірістік объектілерде апаттар мен тосын оқиғалар болған жағдайда қорғану әдістерін және іс-әрекетті үйретуге;

- қауіпті өндірістік объектілерде апаттар мен тосын оқиғалар болған жағдайда бақылау, хабарлау, байланыс және іс-әрекетті қолдау жүйелерін құруға және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

10.2. Қауіпті өндірістік объектіде апаттарды жою жоспары әзірленеді. Апаттарды жою жоспарында адамдарды құтқару шаралары, қызметкерлер мен апаттық-құтқару қызметтерінің әрекеті қарастырылады.

10.3. Қауіпті өндірістік объектілерде ұйым басшылығы бекіткен және өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген жоспар бойынша оқу дабылдары мен апатқа қарсы жаттығулар жүргізіледі.

5. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІН БӨЛУ
11. Қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздік бойынша міндеттері Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 3 сәуіріндегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» № 314-ІІ Заңының 10-бабында қарастырылған.

12. Жеке және заңды тұлғалар - қауіпті өндірістік объект иелерінің міндеттері Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 3 сәуіріндегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» № 314-ІІ Заңының 11-бабында қарастырылған.

13. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (315 және 317-баптар) жұмысшы мен жұмыс берушінің қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы міндеттері анықталған.

14. Қауіпсіздік және еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында анықталады.

6. ТОСЫН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ТЕРГЕУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
15. Тосын жағдайларды тергеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 37-тарауы – «Еңбек іс-әрекетіне байланысты қайғылы жағдайлар мен жұмысшылардың денсаулығына басқа да нұқсан келу жағдайларын тергеу мен есепке алу» және Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 3 сәуіріндегі «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» № 314-ІІ Заңының «Апаттар мен тосын жағдайларды тергеу және есепке алу» деп аталатын 4-1-тарауына сәйкес жүргізіледі.



Похожие:

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ дивидендтік саясаты астана қ., 2011 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
«Самұрық-Энерго» АҚ осы дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже І. Жалпы ережелері «Самұрық-Энерго»
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық саясаты астана қаласы Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»
Республикасы мойындаған халықаралық құқық және халықаралық шарт ережесі нормаларына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы шешімімен
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі Қоғам) 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясаты (бұдан әрі – Кадрлық саясат) адами ресурстарды...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже І. Жалпы ережелері
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылғы 11 мамырдағы №47 хаттама «Самұрық-Энерго» АҚ icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница