5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі




Скачать 32.23 Kb.
Название5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі
Дата конвертации14.06.2013
Размер32.23 Kb.
ТипДокументы
Мамандық: 5В073100

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Бітірушіге «5В073100 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы бойынша техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Мамандық деңгейіндегі білім беру бағдарламасы (мамандандыру):

• Өрт және өндірістік қауіпсіздік;

• Қоршаған ортаны қорғау (экологиялық қауіпсіздік)
Біліктілік талабына сай университетті 5В073100 мамандығымен бітіргеннен кейін бакалаврлар Еңбек және ТЖ департаменттерінің қызметкері, сонымен бірге Төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны қорғау министрліктерінде және барлық кәсіпорындардағы әлеуметтік қорғану және еңбекті қорғау қызметтерінің маманы ретінде, соның ішінде энергетика және телекоммуникация салаларында (Мысалы: "Қазақтелеком" АҚ, «КEGOC» АҚ, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ, "KazTransOil" АҚ, "Тенгизшевроил" ЖШС, "Қазмунайгазэнерго" АҚ, "Кентау ТЗ" АҚ, "Siemens-Kazakhstan" ЖШС және т.б.) қызмет ете алады.
Бакалаврлардың кәсіби қызмет саласы еліміз экономикасының барлық салалары, атап айтсақ: энергетика және телекоммуникация; әскери-өнеркәсіптік кешені; ауыл және коммуналдық шаруашылықтар; өндіру және тұтыну салалары; тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғану бойынша мемлекеттік органдарда және экологиялық қызметтері болып табылады.
Бакалаврлардың кәсіби қызмет нысандары :

• табиғатты құраушы, техногендік, әлеуметті, ақпараттық жүйелер және олардың құраушыларына әсер ететін кәсіпорындар мен ұйымдар;

• су, жер, биотикалық және өзге ресурстар қоршаған ортаны қорғау тіршілік қауіпсіздігінің анықталатын факторлары;

• технологиялық жүйелерді, тораптарды, енгізу және пайдалану, сонымен бірге төтенше жағдайлардан қорғануды әзірлеумен айналысатын ұйымдар;

• өртті, экологиялық, химиялық, радиациялық және де басқа қауіптерді болдырмауға мүмкіндік жасайтын жобалау институттары, бюро, фирмалар және экономиканың басқа объектілері.
Кәсіби қызметтерінің түрлері

5В073100 мамандығының бакалаврлары төмендегі кәсіби қызметтерді атқара алады:

Өндірістік-технологиялық

- тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларда қорғануды жүзеге асыру үшін тағайындалған, технологиялық жүйелерді, желілермен жабдықтарды әзірлеу, ендіру және пайдалану;

- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін шараларды енгізу кезінде техника-экология-экономикалық тиімділікті бағалау;

- кәсіпорындардың, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық және өзге қызметінің сараптамасы және аудитін жүргізу.

жобалау қызметі

- құрылысын, құрылымын және әрекет ету принципін техникалық экологиялық-экономикалық тұрғыдан түсіндірумен тіршілік әрекеті қауіпсіздігінде және қоршаған ортаны қорғауда пайдаланылатын сұлбаларды, аспаптарды, аппараттарды және жүйелерді әзірлеуге және жобалауға техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысу;

- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қорғауға қатысты нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттаманы әзірлеу.

ұйымдастырушы-басқару қызметі

- ағымдағы жұмыс бойынша және келешекке мақсаттар қою және міндеттерді тұжырымдау;

- кәсіптік қызметке қатысты, техникалық және экологиялық құжаттама жүргізу;

- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі туралы нормалармен ережелерді әзірлеу, сондай-ақ шаруашылық және өзге қызметті жүргізу кезінде оларды орындау тәртібін анықтау.

тәжірибелік-зерттеу қызметі

- жұмыс аймағының, қоршаған ортаның, табиғи қорлардың нақты күйін өлшеуді және тексеруді жүргізу, олардың сапасын басқару, ағымдағы және ұзақ мерзім кезеңдерге болжау жүргізу, нәтижелерді талдау;

- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу салаларындағы әдістер мен бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Кафедраның материалдық-техникалық базасы:

• өндірістік санитария, электр қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-зерттеу зертханалары ;

• «Өндірістік экология» ғылыми-зерттеу зертханасы;

• компьютерлі - телевизиялық аудитория.


Похожие:

5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі icon5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Бағдарламаның қысқаша курсы: Мамандықтың жоспары бойынша оқу процесін ұйымдастыру. Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігі...
5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі iconҚоршаған ортаның мониторингі
Азық – түлік өнімдерінің технологиясы", 050731 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау"
5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі iconӨмір тіршілік қауіпсіздік негізі тәжірибелік жұмыстар істеуіне әдістемелі нұсқаулар 050731 «Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
«Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студенттеріне арналған
5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі iconБекітемін Оқу жұмысы бойынша проректор Б. А. Рскелдиев 2012 г. Элективті пәндер каталогі
Мамандық 5В073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» 2012-2013 оқу жылына
5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі icon«6M073100 тіршілік әрекетінің Қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қОРҒАУ»
«6M073100 тіршілік әрекетінің Қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қОРҒАУ» мамандығы бойынша
5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі iconМу к лабораторным занятиям
Сәулет, 050729 Құрылыс, 050730 Құрылыс материалдары бұйымдарының және құрылымының өндірісі, 050731 Өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған...
5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі №143-Ө Бұйрығы
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны...
5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі icon28. 06. 2012ж. №188-ө ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі №221-ө Орхус конвенциясын іске асыру жөніндегі бұйрығына мынадай...
5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі iconКонкурс өткізілетіндігін хабарлайды: «Жұмыс жобасына оң мемлекеттік сараптамамен, инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын орындай отырып, «Қоршаған ортаны қорғау»
«Қоршаған ортаны қорғау» бөліімін әзірлеу арқылы Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласында қатты отынмен істейтін қазандық...
5В073100 Қоршаған ортаны қОРҒау және өмір тіршілігінің Қауіпсіздігі iconСтуденттерге арналған Нысан пән бағдарламасы пму ұс н 18. 2/07
«Сәулет», 050421 «Дизайн», 050729 «Құрылыс», 050730 «Құрылыс материалдарды, бұйымдарды және құрылымдарды өндіру», 050731 «Тіршілік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница