Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»




Скачать 100.84 Kb.
НазваниеҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
Дата конвертации14.06.2013
Размер100.84 Kb.
ТипДокументы
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө.С.

«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫ
Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады. Әсіресе, алдағы уақытта демографиялық процестердің біршама шиеленісуіне байланысты және еңбек сапасына деген талаптар дүниежүзілік бәсекелестік ортада күнен күнге артуына байланысты, бұл проблеманың өзектілігі де арта береді. Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы жұмыссыздық - еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек нарығын қалыптастыру – өзінің шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір бастысы.

Осы ғылыми жұмыстың тақырыбын талқылау екі бағытта қарастырылмақшы:

Біріншіден: ҚР-да жұмыссыздық деңгейі және оның себеп-салдары.

Екіншіден: ҚР-да жұмыспен қамту саясаты және «Жол картасы»

Осы сұрақтарға жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Біріншіден: Жұмыссыздық - жұмыс істегісі келетін енбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен камтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінін бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның кұрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздыктың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы дұрыс емес кұрылымдық саясаты болуы мүмкін.

Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар ықпал етеді:

  • ғылыми – техникалық прогресс;

  • экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылык;

  • сыртқы экономикалық бәсекелестіктің күрт күшеюі.

Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:

    1. Қоғамда бар болатын потенциалды мүмкіндіктер көлемімен салыстырғандағы ЖҰӨ көлемі артта калып отырады.

    2. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарында жұмыссыздық шығыны тепе – тең бөлінбейді.

    3. Жоғары дәрежелі маман жұмысшылар жоғалады. [5, 12б.]

    4. қоғамның экономикалық әлеуетін толық пайдаланбау;

    5. жұмыстан босап қалған жұмысшылардың біліктілігі жоғалады;

    6. халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары арасында жұмыссыздық шығындарын тең бөлмеу орын алады;

    7. қылмыс жасауға қолайлы негіздер пайда болады. Оны толығырақ 1 суреттен көреміз.

Жұмыссыздар ішінде көп жағдайда әйелдер мен 30 жасқа дейінгі ерлердің үлес салмағы біршама жоғары болады.

Еліміздегі соңғы жылдардағы еңбек нарығы көрсеткіштеріне тоқталайық. Нарыққа өту кезеңінде еңбек нарығындағы жағдай республика бойынша еңбек ресурстарының төмендеуімен және жұмыссыздықтың көбеюімен байқалды. Дегенмен бұл жағдай қазір біртіндеп оңтайланып келеді.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығы жағдайының 2005-2008 жылдар көрсеткшін төмендегі кестеден толығырақ көруге болады:



Көрсеткіштер


Тұрғындар (15жас және одан жоғары жастағылар)




2005

2006

2007

2008

Еңбек ресурстары (мың адам)

7399,7

7840,6

7901,7

8028,9

Экономикалық белсенді халық, мың адам %

70,0

69,9

69,4

69,7

Экономикадағы қамтылғандар(мың адам)

6985,2

7181,8

7261,0

7403,5

15жас және одан жоғары жастағы тұрғындар %

63,9

64,0

63,9

64,3

Экономикадағы белсенді халық,%

91,2

91,6

91,9

92,2

жалдамалы жұмыссыздар

4229,6

4469,9

4640,5

4776,6

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

2755,6

2711,9

2620,5

2626,9

Экономикадағы қамтылғандар

39,4

37,8

36,0

35,5

Жұмыссыздар (мың адам)

672,1

658,8

640,7

625,4

Жұмыссыздық деңгейі, %

8,8

8,4

8,1

7,8

Жұмыспен қамту орталығына қатынасқандар

273,5

282,0

262,5

264,4

Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылғандар

154,6

167,5

184,7

204,7

Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар ретінде тіркелгендер

142,8

117,7

94,0

75,1

Экономикалық енжар халық (мың адам)

3278,6

3383,4

3476,9

3493,9

Экономикалық енжар халық %

30,0

30,1

30,6

30,3

Кестедегі мәліметтер негізінде талдау жасасақ:



Ал, қаламыздағы жұмыссыздар деңгейіне статистикалық талдау жасайтын болсақ. Бұл деректер қалалық Статистика Басқармасының мамандарының берген соңғы мәліметтері негізінде жасалынып отыр. Жұмысқа қабілетті жастағы жұмыссыздар: 1. барлығы орташа есеппен 3761, ауылдық жерден 608, оның ішінде әйелдер 2322, ауылдық жерлерде 319, жастар (16-24 ж) 867, ауылдық жерлерде 117, соңғы көрсеткіші 7994 адам. 2. Жұмыссыздар құрамы жастар ішінде: 1. 16-19 жас аралығында орташа есеппен барлығы 14, ауылдан 4, оның ішінде әйел адамдар саны 7, ауылдық жерден 2, барлығы соңғы көрсеткіші 27. 2. 18 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар саны барлығы 8, ауылдық жерден 4, оның ішінде әйел адамдар 4, ауылдық жерден 2, жалпы соңғы көрсеткіші 18 адамды құрайды.





Сонымен, Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі азайып, жұмыс орындары көптеп ашылып жатыр, оның басты себебі еліміздегі шағын және орта бизнестің дамуымен, отандық өндіріс орындарының қайтадан жұмыс істей бастауымен түсіндіріледі.

Екіншіден: Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығындағы мәселелерді шешудегі негізгі мемлекеттің іс – шараларының бағыттары, Үкімет тарапынан қабылданған стратегиялық бағдарламалар, Президенттің Жолдауларында жоспараланған және бекітілген тапсырмалардың негізінде жүзеге асырылуда.

Мемлекет тарапынан 2004 жылы Халықты жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған кешендi бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ 2006 – 2008 жылдары кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту мақсатында Үкімет бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламалардың жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат - еңбек нарығында белсендi саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшiлiктi азайту және тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күшiнiң сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiн өсірудi ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделеді [5, 3б.].

Аталған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:

  • елдiң тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
    шағын бизнесті қоса алғанда кәсіпкерлiкті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  • қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және шағын кредит беру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, білiктiлiгін арттыру және қайта даярлау есебiнен еңбек рыногындағы белсендi шараларды одан әрi дамыту және жетілдіру;

  • халықтың кедей және осал топтарының мүдделерiнде атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн жетілдiру;

  • елдегi кедейшiлiктi азайтуда мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлігін арттыру;

  • жұмыспен қамтудың белсендi нысандарын дамыту бағытында нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру, ішкi еңбек рыногын қорғау,

  • елдің еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

  • жұмыс орындарын құру мониторингi бойынша ақпараттық базаны жасау, республикаға шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезiнде қазақстандық азаматтарды даярлау және қайта даярлау;

  • еңбек қатынастарын заңдастыру, жұмыс орындарын құру және еңбек рыногында азаматтарды кәсіптік даярлауды арттыру;

  • жұмыссыздық проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргiзу.

Бүгінгі күні, яғни қаржы дағдарысы басталғаннан бері соңғы бір жарым жыл ішінде мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін азайту мәселесіне байланысты қабылданған мемлекеттің саясаты - «Жол картасы» бағдарламасы. Қаламыздың осы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша көптеген іс-шаралар қолға алынды. Ерекше атап өтетін болсақ былтыр күз кезінде қалалық жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен «Жол картасы» бойынша жұмыссыз жүрген мамандарды қайта оқыту және бос орындарға мамандарды тарту жәрмеңкесі өткізілді.

«Жол картасы» - бұл қазіргі дағдарыс кезінде жұмыссыздарды жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау курсынан өткізу бағдарламасы.

«Жол картасы» 2009 жылдың 6 наурызында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты Жолдауындағы іс-шараларды жүзеге асыру негізіне бағытталып, қабылданған бағдарламасы.

«Жол картасы» бағдарламасының артықшылығы – Үкімет тарапынан жұмыссыз азаматтарды қолдау, жаңа мамандық алып, жұмысқа орналастыруға жол ашу. «Жол картасы» негізінде Семей қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және тәжірибеден өткізуге бюджеттен 2 609 952 млн.теңге қаражат бөлінді. 54 мамандық бойынша 1510 адам оқытылып және қайта даярлаудан өткізілді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген ақпараттарына сүйенсек 4187 тұрақты жұмыс орны, 1600 әлеуметтік жұмыс орны, 1021 жастар практикасы бойынша, жалпы 6808 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. [7, 8 б.]

Сонымен қатар, әкімшілік тарапынан қаладағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда «Жол картасы» негізінде қала көшелерін ретке келтіру тазалық жұмыстары, аялдамаларды жөндеу, жолдарды жөндеу, әртүрлі саябақтарда гүлдер отырғызу сияқты жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға көптеп тартты. Оны бәріміз күнделікті көріп - біліп жүрміз.

Қорытынды:

Елдегі қазіргі қаржылық-экономикалық дағдарыс және жұмыссыздық деңгейінің өсуі бір жағынан, мүгедектік, маскүнемдік, нашақорлық, жарақаттану сияқты әлеуметтік құбылыстардың проблемаларын тереңдетті және екінші жағынан, әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж халық санының тұрақты өсуіне алып келетін кедейлікті, жұмыссыздықты, балалар қаңғыбастығын туындатты.

Сонымен, еңбек нарығы әлеуетінің біршама жоғары деңгейіне қарамастан, Қазақстан еңбек нарығының төмен тиімділігіне ие. Жұмыссыздық өсуде, онымен бірге кедейлік те өз позициясын нығайтып келеді. Және әсіресе: жұмыссыздар мен кедейлер арасында жүмыссыздығының созылмалы сипаты салдарынан біліктілігінен толық немесе ішінара айрылған адамдар санының басымдығы алаңдатады. Жастар арасындағы жұмыссыздық айрықша алаңдаушылық туғызады.

Сонымен, осы мәселелерді шешуде мемлекет тарапынан қабылданған «Жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздық деңгейін азайту мен жастардың жұмыспен қамтылуына жол ашуда. Осы бағдарлама әрі қарай болашақта жалғасын тауып, мемлекеттік бюджеттен қаражат ресурстары көптеп бөлініп, алдағы уақытта жас мамандарға жұмыс орындары ашылса, халықтың әлеуметтік – экономикалық тұрмыс жағдайы көтеріледі, сондай-ақ экономикамыз алға басады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Айкенова А. Қазақстанның еңбек нарығындағы негізгі тенденциялар// Қаржы менеджменті.-2008.- №7.-12б.

  2. Әкімбекова Ш. Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері// Жаршы.-2005.-№5

  3. Байболов А. Халықты жұмыспен қамту// Саясат.-2007.-№7.-77б.

  4. Жұмакасынова К. ҚР жұмыс күші –қонын мемлекеттік тұрғыдан реттеуді ұйымдастыру// Қаржы-қаражат.-2005.-№2.-61,

  5. Мұхамемедов Ә. Еңбек нарығының негізгі көрсеткішері жайлы түсінік// Жаршы.- 2005.-№6

  6. Асқарұлы Е. Жұмыссызбын деп жабықпа: «Жол картасы» іс жүзінде//Дидар.-2009.-20 сәуір.-2б. (Өскемен қаласында 2009-2011 жылдарға арналған «Дағдарысқа» қарсы бағдарлама қабылданды).

  7. Қасенқызы Л. Жұмыссыздықпен күрес басты назарда: «Жол картасы» бойынша Семейде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы//Семей таңы.-2009.-18маусым.-1б.

Похожие:

Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика»
Сапа – нарықТЫҚ экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика»
БӘсекелестікке қабілетті елу елдің Қатарына өтудегі жұмыссыздық деңгейінің Өзгеруі
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Республикасы үшін тұрақты экономикалық даму күнделікті қажеттілік болып табылады. Экономикалық өсуді табиғи ресурстар арқылы белгілі...
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Инвестициялық бағдарламада көзделген басымлықтарды іске асыру бұдан былай инфрақұрылым бөлшектерін осы заманғы талаптарға сәкфес...
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Есенгельдинова С. Ж. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы ҚазақстандағЫ «карточкалық бизнесті»
«карточкалық бизнестің» қажеттілігі жылдан-жылға артуда. Қазақстандағы «карточкалық бизнес» банктік операциялардың ішіндегі сұранысқа...
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Дүйскенрва Р. Ж. «Есеп және аудит»
Статистикалық МӘліметтерді жинақтау, топтау, ЖӘне кесте қҰру негізінде ақпараттардың сапасын арттыру
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconШоманова ботагоз алтынбековна
М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconРефераты Қызылорда 2012 ж
М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Ғылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес» iconҒылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты
Ақшалай жүйенің дамуы – сараптамаға көп түсетіндігімен маңызды. Яғни, ақша жүйесінің тиімді даму тенденциясы мемлекеттің әлеуметтік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница