Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы




НазваниеҚарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Дата конвертации14.06.2013
Размер97.9 Kb.
ТипДокументы
ФКГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО

2006 года» от 04.07.2007г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы

дәріс

Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану.

Мамандығы: 051302 «Стоматология»

Пән: «Әлеуметтану»

Курс: 2

Уақыт (ұзақтығы): 1 сағат

Қарағанды – 2008 ж.

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

Хаттама №_____ «_____»__________2008 ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К. Никитина


  • Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану.



  • Мақсаты: студенттерді экономикалық әлеуметтік жағдайлармен таныстыру. Оларға экономика ұғымының мәнін түсіндіру.



  • Дәріс жоспары:

  1. Экономика ұғымының түсінігі.

  2. Экономикалық әлеуметтанудың мәртебесі мен ерекшеліктері.

  3. Экономикалық білімнің құрылымы.

  4. Экономикалық жүйенің әлеуметтанулық талдауы.

  5. Нарықтық экономиканың әлеуметтік мәселелері.

  • Дәріс тезистері:


Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Экономикалық әлеуметтану бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың,оның ішінде жіктің ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады.Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды,экономикалық ынта,ықылас,мәдениет т.б мәселелерді зерттейді.

Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелерінің бірі – адамдардың еңбекке қатынас және олардың еңбек сүйгіш деңгейін зерттеу жайлы айтып кетемін.

Экономикалық әлеуметтану

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестіг, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдік ету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс - бөлу – айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады.Ал, бұл процестің нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс». Нарық дегеніміз – тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.

Ғылыми тілмен айтқанда ол тауар айналамының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған деген талу қабілеті бар сұраныс.Нарық теориясы ұдайы өндіріс теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туыпөсуімен қатар пайда болып дами бастайды әсіресе ол қала мен ауылда натуральдық шаруашылық ыдырап қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

Әлеуметтік зертттеу бұл екі процесс яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады өйткені зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың олардың топтарының мінез-құлықына аударылады.Адам және оның топтары- жұмысшы,қызметкер,тұтынушы,айырбастаушы,сатушы,сатып алушы,т.б ретінде қарастырылады.Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп,талдап отыру керек.

Мысалы: Әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері – инабаттылылығы,ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі жауапкершілігі, белсенділігі шаруашылығы т.б қоғамдық өндірісті дамытып,оның өнімін көбейтуге сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы,әділеттілігі,белсенділігі,жауапкершілігі т.б қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер етуін зерттейді.

Экономикалық әлеуметтану бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың,оның ішінде жіктің ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады.Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды,экономикалық ынта,ықылас,мәдениет т.б мәселелерді зерттейді.

Экономика – әлеуметтанудың зерттеу объектісі

Қазіргі уақытта біздің еліміз нарықтық экономикаға өтуде.Ал,нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайды айтамыз.

Нарықтық қатынастар – бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер(жекешелендіру,акциялендіру,аренда,фирма,корпарация,аукцион, биржа, т.б)өмірге келіп,жаңа ұғымдар түсініктерді,туғызды. Бұл құбылыстарды оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық терия тікелей зерттейді. Ал,әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен адамның,әлеуметтік топтың ,жіктің экономикалық мінез-құлқын зерттейді.Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалыққұбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен,олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

Сонымен,экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы - қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға ондағы экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стеретипті ойлаудың,болып жатқан іс-әрекеттің сол уақыттағы нертоотпалылығымен түсіндіруге болады.Тек қана кейінгі 2-3 жылға ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы тиімді еенін түсініп,мойындайды.Сөйтіп,қаазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері дамуына күш салуда.Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді.

Олар

  • Қандай да бір процесстерді зерттеу объектісіне айналдырғанда экономикалық әлеуметтану өндірістегі әрбір таптың оның ішінде топтың, жіктік мұң-мұқтажы,мүдде, талап-тілегі тұрғысын зерттейді.

  • Қандай да бір әлеуметтік талдау жүргізбесін, экономикалық әлеуметтану өндірістегі әлеуметтік топтардың оның жіктерінің меншік формасына қатынасынг,әл-ауқатының дәрежесін,өмір сүру жағдайын нақтылы еске алып отырады.

  • Экономиканы ондағы қатынастардыдамытуға әлеуметтік факторлардың тигізетін әсерін және экономикалық қатынастардың әлеуметтік қатынастарға,процестерге тигізетін әсерін ескереді.

  • Экономикалық және әлеуметтік мәслелерді тығыз байланыста қарап,шешілетін практикалық мәселелерді де бірңғай байланыста қарауға бағыттап отырады.

  • Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ыықпалы басым түсетінін әр уақытта ескеруді қажет етеді.

  • Экономикалық және әлеуметтік саясаттың тығыз байланыста болатынын есте ұстау.

Экономикалық өмірдің көкейтесті әлеуметтік мәселелері.

Жоғарыда көрсетілгендей, экономикалық әлеуметтануда экономикалық құбылыстарды процестерді зерттегенде басты назарды адам факторына аударады.

Қоғамның өндіргішкүштерінің басты элементі деп, өнімді еңбекке қабілетті,талап-тілегі, мүддесі және денсаулығы тәжірибесі бар қоғамның белгілі бір жас мөлшеріндегі адамның тобын айтамыз.

Тиімді табысты еңбек ету үшін әрбір еңбек етушінің субъектінің, яғни тұлғаның белгілі бір көзқарасы, білімі, мамандық дайындығы,тәжірибесі,тәрбиесі,жоғары санасы,психологиясының болуы аса маңызды. Осыған орай әрбір еңбеккердің жұмысты ойдағыдай тиімді жүргізуі үшін оның жоғары әлеуметтік – адамгершілік қасиеттері де болуы қажет.Бұған жататын жоғары қасиеттері

Терең мамандық

Білімдар

Маманданған тәжірибе

Жұмысқа дайындалу

Саналық

Әділеттілік

Сөзбен істің бірлігі

Жауапкершілік

Белсенділік

Тәртіптілік

Дербестік

Бұлардың әрқайсысы адамға оның ішінде,әсіресе,еңбеккерге, жоғары мамандарғ,кәсіпкерлерге,қызметкерлерге, т.б тән қасиет.Бұл қасиеттерді әрбір адам бойына сіңіріп,қалыптастыруы қажет.Бұл қасиеттер қоғамдық өндірісті дамытудың, өндірісті тиімді жүргізуін сапалы тауарларды шығарудың негізгі факторлары болып саналады.

Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелерінің бірі – адамдардың еңбекке қатынас және олардың еңбек сүйгіш деңгейін зерттеу.

Бұрынғы кеңестік тотолитарлық жүйе кезінде адамның еңбегін бағалауда олқылықтар орын алды. Адамдардың еңбектерін бағалаудың нақты кретерийлері болмады.Осының салдарынан миллиондаған адамдар еңбекке қалай болса,солай қарап,жұмыс ісетеу қабілетін жойды,еңбекке жауапкершілікпен қарау болмады.Бұл ойдың растығын 1997-1998 жылы орта мектепті бітіруші оқушылардың сұрақ арқылы алынған деректердеен көруге болады.Орта мектепті бітірушілердің 7%-і ғана өндірістік,маманданған еңбекке құйық білдірген, 22%- еңбекті қажетті деп есептейді,ал 37% - еңбекті жағымсыз процесс ретінде қараған.

Еңбекшілердің арасында еңбекке қызығудың өлшемдері мынадай 99%-жұмыс қызықты (адамды еңбектің ұдайы таратындай балу)болуын,88% жалақаны істеген еңбегіне қарай бөлінуін 85% - еңбектің әлеуметтік қорғау кепілдігін,82% - басшылардың еңбек адамына әріптестік қарым-қатынаста болуын қалайды.

Елде жоғары мамандарды дайындау деңгейі,қазіргі өндірістің талап-тілігіне сәйкес емес.Ал,нарықтық экономикалық қатынастар жаағдайда ғылыми-техникалық жоспарға сәйкес жоғары кәсіби маманданған,білімді,компьютерді жақсы меңгерген,шет тілдерін білетін, жоғары адамгершілік қасиеттері бар кадрлар қажет.

Жоғарыда айтылғандардан келесідегі мәселелершығады.Өндірістегі әр түрлі қоғамдық топтардың құрылымын

Олардың жіктерге бөлінуін, сапалық өзгешелігін талдап,анықтау қажет,өйткені олар экономикалық дамудың негізгі әлеуметтік жағын құрайды.Өндірістегі барлық топтардың мұң-мұқтаждығын,мүддесін қабілетін,белсенділігін ескріп отыру – бүгін күннің басты талабы.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс - бөлу – айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады.

Айта кететін бір жайт экономикалық әлеуметтану жеке-дара әлеуметтану терияларымен,мысалы,еңбек әлеуметтануы ұйым және басқару әлеуметтанумен айналады.Экономикалық әлеуметтанудың зерттеуінің басты айырмашылық – ол жалпы экономикалық және әлеумғеттік құбылыстар мен үрдістердің даму заңдылығын зерттейді.

Ал заңдылықтар дегеніміз не? Олар осы байланыс қатынастардың ең тұрақты қайталанатын қажетті мәнді басты жақтарының жиынтығы.

Қысқаша айтқанда,өндірістегі басты тұлға – еңбек адамы екендігін естен шығармауымыз керек.Еңбеңк адамына жұмыс күші ретінде ғана қарамай, оның көңіл-күйімен,мүддесімен санасу керек.Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін бағалау – басты мәселе.Өндірісте, фирмалар мен корпорацияларда еңбек адамын өндірісті ұйымдастыру әлемдік тәжірибе көрсеткіші жоғары нәтижеге қол жеткізеді.

Бұл – әлеуметтік еңбек қатынастарының «Әлеуметтік әріптестік » деген түріне жатады.

  • Иллюстративті құрал: -

  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі

Аитов Н.А можно ли управлять социальными процессами?//Социологические исследования,1998.№3

Рахметов Қ.Ж,Болатова А.Н,Исмагамбетова З.Н Социология Алматы «Өлке» баспасы 2005ж – 256 бет.

Социология: Учебник для вузов / Под ред.проф В.Н:Лавриненко.М,1998

Социология: Учебное пособие / Под ред.проф Э.В.Тадевориненко. М,1995

Қосымша:

Современная западная социология. Словарь М.,1998

Сорокин П. Социологические теории современности. М,1992

Щегорцев В.А Социология правосознания.М.,1981

  • Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):

Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы.

Экономикалық әлеуметтанудың ерекшеліктері.

Экономика ұғымының мәні.

Экономикалық жүйенің типтері.

Экономикалық мәдениет түсінігі.

Похожие:

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Тақырыбы: Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Мақсаты: студенттерді экономикалық әлеуметтік жағдайлармен таныстыру. Оларға экономика ұғымының мәнін түсіндіру
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Мақсаты: студенттерді ақпараттарды өңдеу әдісімен таныстыру. Оларға ақпараттар нәтижелерін талдауды үйрету
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Мақсаты: студентерді бұқаралық коммуникация механизмдері мен таныстыру. Оларға бұқарлық коммуникация заңдылықтарын үйрету
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Мақсаты: студенттерге қоғам ұғымы, оны зерттеудегі жүйелі әдістер туралы түсіндіру. Қоғам мен әлеуметтік жүйені теориялық зерттеудің...
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Мақсаты: студенттерді әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымымен, үрдістерімен таныстыру. Оларға әлеуметтік зерттеулердің мәнін түсіндіру....
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Мақсаты: студенттерді тұлға ұғымымен таныстыру. Оларға тұлға мен қоғам арақатынасын ашып көрсету. Оларды қоғамда өз орнын таба білеуге...
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Силлабус Медицинадағы этика мен деонтология Элективті пән жұмыс бағдарламасының негізінде 051301 – «Жалпы медицина» мамандығы үшін...
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы
«Газ-сұйық хроматография әдісі. Медицина және фармацияда гсх қолданылуы» тақырыбы
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
А дәрігерді дайындау,тәрбиелеу және ауруханалардағы күнделікті емдеу жұмысының негізгі арқауы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница