Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика»




Скачать 82.11 Kb.
НазваниеҒылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика»
Дата конвертации14.06.2013
Размер82.11 Kb.
ТипДокументы
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Токсеитова А.С.

«Микро және макро экономика» кафедрасының аға оқытушысы.
БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕЛУ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ӨТУДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ӨЗГЕРУІ
Қазақстанның әлемдегі елу бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына ену бағдарламасы мемлекеттің көптеген аймақтары мен әлеуметтік – экономикалық дамуының барлық деңгейінің бір – бірімен байланысты тапсырмалардың кешенді шешімі болып табылады. Оларға ең бірінші халықтың жұмыспен қамтылуы мен қазақстандық еңбек нарығы жатады. Тек жұмыспен қамтылу аясында тиімді өнім еңбек негізінде ұлттық тауар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қамтиды, ол өз кезегінде жабдықтардың техникалық жаңартылуына, жаңа технологиялардың енгізілуіне, көбінесе адами шикізаттың жаңа сапасына тәуелді.

Жаңашылдық - индустрия даму және жоғары технологиялық экономикаға өту жағдайында жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді өндіру, бірқатар нарық талаптарына сай кәсіби білімді көтеру және кадрларды мамандандыру, дайындау жүйесін қайта бағыттау мен реформалау және маманданған жұмысшы күштерді қайта дайындауды қажет етеді.

Жоғары технологиялы және бәсекелестікке қабілетті тауарлар мен қызметтерді шығару үшін салаларды мамандандыру мен қайта кәсіптендіру республикаға халықаралық еңбек бөлінісінде анықталған орын алуға мүмкіндік береді.

Жұмысшы күш мамандығының сапасының өсімі, жұмыспен қамтылудың өсімі мен жұмыссыздықты төмендету қазақстандық еңбек нарығын глобальді еңбек нарығы жүйесінде бәсекелестікке қабілетті және тең құқылы қызмет етуге жағдай жасайды. Берілген көрсеткіштер ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Халықты жұмыспен қамту аясында және қазақстандық еңбек нарығында бәсеке қабілеттілікке жетудің маңызды көрсеткіштерін келесідей түрлерге бөлуге болады:

  • нарық талабына сәйкес жұмыс орындарын қалыптастыру арқылы халықтың жұмыспен қамтылғандығын жоғарылату;

  • бәсекеге қабілетті тауар мен қызмет өндірудегі адами шикізаттарды тиімді қолданылуын қамту;

  • жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігін ішкі және сыртқы еңбек нарығында жоғарылату;

  • жеке ұлттық басқару мектебін қалыптастыру.

Жоғарыда айтылғандармен қоса барлық деңгейлерде әлеуметтік еңбектік қатынастар, еңбек жағдайы мен оны төлеу, гендерлік теңдік, экология, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау болады. Олар параллельді шешіледі. Бірақ біз маңызды, әрі тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыруды қажет ететін приоритеттерді көрсеттік.

Бірінші приоритет. Нарық талабына сай жұмыс орындарын қалыптастыру арқылы халықтың жұмыспен қамтылғандығын жоғарылату.
2002-2006 жылдардағы ҚР халқының жұмыспен қамтылуы, жұмыссыздық және кедейлік деңгейінің динамикасы





2001

2002

2003

2004

2005

Халықтың жұмыспен қамтылуының деңгейі


87,2


89,6


90,7


91,2


91,6

Жалпы жұмыссыздық деңгейі


12,8


10,4


9,3


8,8


8,4

Күн көріс минимумынан төмен табыс алатын халықтың деңгейі


31,8


28,4


24,2


19,8


16,1


Қазақстанның елу бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына ену бағдарламасында жұмыс орындарын қалыптастыру арқылы қазақстандықтарды әлеуметтік қамтамасыз ету, өйткені бұл әлеуметтік саясаттың ең тиімді шарасы болып табылады.

Ақырғы жылдардағы (2001-2005 жж) Республиканың экономикалық өсімі халықтың жұмыспен қамтылуына, жұмыс орындарын қалыптастыру есебімен әлеуметтік қамтылуына жақсы жағдай тудыруда. Олар жұмыспен қамтылудың өсімімен, жұмыс орындарының көбеюімен және жұмыссыздықтың төмендеуімен жүзеге асып, статистикалық көрсеткіштермен бекітіледі.

Осы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуында тек үлкен көлемдегі жұмыс орындарын ашу ғана емес, сонымен қоса жұмысшы мен оның жанұясын жақсы жағдай жасайтын өнімді , тиімді жұмыс орындарын әрқашандық негізде жақсы еңбекақымен қамтамасыз ету.

Еңбек нарығында құрылымдық жұмыссыздықтың өсімі бар, бұл жағдайда мамандық пен біліктілік бойынша жұмысшы күштің сұранысы мен ұсынысы сәйкес келмейді. Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша бар вакансиялар (15 мыңнан астам) көбінесе толтырылмайды. Сонымен қоса 111 мыңнан астам оқу орындарының түлектері сұраныссыз қалып, жұмыссыз. Сол уақытта инженерлі – техникалық жұмысшылар мен жоғары разрядты мамандандырылған жұмысшыларға жетіспеушілік қалыптасуда. Жұмысшы күшке сұраныс пен ұсыныс арасындағы диспропорция сандық емес, сапалық, бұл қазақстандық еңбек нарығына сай.

Қазақстан экономикасын модернизациялау және индустриалды – жаңашылдық дамуға өту жаңа технологиялар, ақпараттандыру, биотехнология, ғарыштық жасалым , атом энергетикасы салаларындағы мамандықтарға зәру. Бағдарламада жұмыс орындарының сапасы мен жұмысшы күштің кәсіби мамандандырылған құрамы арасындағы теңсіздік өсуде.

Қазақстандықтардың жұмыс орындарын қалыптастыру арқылы әлеуметтік қорғау шаралары бойынша келесілер қажет:

  • қайта өңдеу салаларында тиімді жұмыс орындарын құруды қарастыру, ең алдымен машина жасау, химиялық және мұнай химиялық өндіріс, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс жабдықтарының өндірісі, ауыл шаруашылық өнімді өңдеу, сонымен қоса кәсіпорындарда жоғары технологияларды қолдану арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу;

  • жеті кластерлерді құру бойынша жобаларды жүзеге асыру: металлургия, мұнай газды машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс кешені, текстильді, көлік жасау және көлік қызметі, туризм;

  • Бағдарламаға сәйкес жаңа бизнесті дамыту, жұмыс орындарын қалыптастыру мен қайта құру үшін тиімсіз, бірақ болашағы бар кәсіпорындарды қайта құрылымдауды жүзеге асыру жасырын жұмыссыздықтың қысқаруына жағдай жасайды;

  • кәсіпкерлікте жаңа жұмыс орындарын жеңілдікті және ұзақ мерзімді несиелендіру, шағын несиелер жолымен жұмыс орындарын ашу, өндірістік сектор құрылымын өзгерту.

  • уақытша қоғамдық жұмыстарды қайта бағыттау арқылы маманданбаған жұмысшы күштерді қызмет көрсету аясында жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдану: білім беру, медициналық және басқалары;

  • жұмыспен қамту қызметі ҚР Үкіметі оқу орындарының түлектері, зейнеткер қарсаңындағы тұлғалар үшін 6 мың әлеуметтік жұмыс орындарын қалыптастыру бойынша тапсырмалардың орындалуын үнемі қадағалауды жүзеге асыру керек;

  • еңбек нарығындағы мамандықтар вакансиясы бойынша көрсеткіштер қорын қалыптастыру керек және БАҚ кең ақпаратты ұйымдастыру.

Жұмысшы орындарды құру мәселелерін кешенді шешуі жұмысшы күшке сұраныс пен ұсыныс диспропорциясын, маман кадрлардың жетіспеушілігін жою бір мезетте бар және қалыптастырылып жатқан жұмыс орындарын тек сапалық емес, сонымен қоса оларға сәйкес білікті мамандардың құрамын білім беру және қайта дайындаумен қамтамасыз ету. Әлеуметтік төлемдерді қолдану, оның ішінде мемлекеттік – жеке несиелендіру, шетел салымдарын тарту жаңа мамандық алуға және біліктілікті жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тек осы негізде ғана қазақстандық еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды бәсекелестікке қабілеттілікпен қамтуға болады.

Екінші приоритет. Бәсекелестікке қабілетті тауарлар мен қызметтер өндіруде адами шикізаттарды тиімді қолдануды қамту.

Еңбек өнімділігі көрсеткішімен өлшенетін тиімді жұмыспен қамтылу мемлекеттің экономикалық өсімі және экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Онда ең алдымен тірі еңбектің тиімділігі көрсетіледі. Бірақ еңбек өнімділігінің көрсеткіші 90-шы жылдардың басынан бастап бірнеше жылдар есептелмеген. Ақырғы жылдары берілген көрсеткішке Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенствосымен керекті көңіл аударылып, оның есебі жүргізілуде. Олар келесідей түрде:

  • еңбек өнімділігінің өсімі 1991-2004 жж. экономикада - 124,9 %, өнеркәсіпте – 152,3 %, көлік және байланыста – 114,7 %, құрылыста – 103,1 %, ауыл шаруашылығында – 58,6 %, саудада – 56,0 %;

  • жалпы экономикада еңбек өнімділігінің деңгейі қызмет көрсететін салалар негізінде 202,7 % өсті. Ауыл шаруашылығындағы халықтың еңбек өнімділігі өнеркәсіпке қарағанда 10 есе, ал жалпы экономикадан 3,9 есе төмен. Ауыл шаруашылығындағы төмен еңбек өнімділігі осы сектордағы жұмыспен қамтылғандардың жоғары санына қарамастан жұмыс істеуші бүкіл халықтың тиімділігінің төмендеуіне маңызды әсерін тигізуде.

  • ауыл шаруашылығы жұмыспен қамтылудың жоғары үлесіне қарамастан еңбек өнімділігінің төмен болуы экономикадағы құрылымдық байланыстарға кері әсерін тигізеді;

  • еңбек ақының еңбектің өнімділігімен салыстырғанда жоғары болуы жалпы экономикаға және экономикалық қызметтің барлық түрлеріне сай;

  • жұмыс уақытының заңмен бекітілген нормативі жұмасына 40 сағаттың тек 50,2 % 36–40 сағатын қолданады, бұл еңбектің толық қолданылмағанын көрсетеді. Бұл кәсіпорындардың тұрып қалуы, жұмысшылардың аяқ асты демалысқа шығуы, жасырын жұмыссыздық, кадрлар қозғалысының жоғары қарқындылығына байланысты.


Ауыл және қала халқының 2003-2005 жылдардағы көрсеткіші





Қала халқы

Ауыл халқы

2003

2004

2005

2003

2004

2005

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі, %

89,1

90,1

90,6

92,6

92,9

92,9

Жалпы жұмыссыздық деңгейі

10,9

10,0

9,4

7,4

7,1

7,1

Күн көріс минимумынан төмен табыс алатын халық деңгейі

15,6

10,8

9,2

34,7

30,9

24,8


ҚР Үкіметінің 2006-2008 жылдарға бағдарламасы ЖІӨ орта деңгейде жылдық өсімі 8,5 % болуын көздейді, онда жұмыспен қамтылудың орта жылдық өсімі 4 % құрауы керек. Жұмыспен қамтылудың 2,5 % өсуі, икемділік коэффициенті 0,29 көрсетеді, бұл өз кезегінде еңбек өнімділігінің ЖІӨ-гі үлесі 2/3 бөлігі болады.

Жұмысшы күштің бәсекелестікке қабілеттілігімен қамту жоғары біліктілікке әрбір жұмысшы үшін «бүкіл өмірге білім жүйесі» негізінде жетуге болады.

Экономиканың барлық деңгейлерінде ғылым мен тәжірибенің басқарушылық шешімдері, оларды жүзеге асырудың әдістерін жасау жеке ұлттық басқарушылық мектебін қалыптастыруды қажет етеді, бұл Қазақстанның 50 бәсекелестікке қабілетті елдер қатарына қосылу Бағдарламасында көрсетілген.

Похожие:

Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Есенбекова З. Ж. «Микро және макро экономика»
Сапа – нарықТЫҚ экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде
Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Республикасы үшін тұрақты экономикалық даму күнделікті қажеттілік болып табылады. Экономикалық өсуді табиғи ресурстар арқылы белгілі...
Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Габдуллина Л. Б. «Микро және макро экономика»
Инвестициялық бағдарламада көзделген басымлықтарды іске асыру бұдан былай инфрақұрылым бөлшектерін осы заманғы талаптарға сәкфес...
Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Сұлтанов Ө. С. «Экономика және бизнес»
«Экономика және бизнес» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconКафедрада әр жылдарда кафедраның түлектері жұмыс жасады, Қр бғМ математика институты, ф м.ғ. д., профессор Ақыш А. Ш., ҚазҰУ, Микро-макро экономика кафедрасының профессоры Оспанов С. С., ф м.ғ. к., профессор Өтегенов К. У
Х. К., доцент Губанов В. Н., ф м.ғ. к.,доцент Розенфельд Г. О., Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі...
Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Дүйскенрва Р. Ж. «Есеп және аудит»
Статистикалық МӘліметтерді жинақтау, топтау, ЖӘне кесте қҰру негізінде ақпараттардың сапасын арттыру
Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconҒылыми жетекші: Зиядин С. Т. «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты
Ақшалай жүйенің дамуы – сараптамаға көп түсетіндігімен маңызды. Яғни, ақша жүйесінің тиімді даму тенденциясы мемлекеттің әлеуметтік...
Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconИскаков ринат
...
Ғылыми жетекші: Токсеитова А. С. «Микро және макро экономика» iconIii. Структурные уровни и системная организация материи
Все многообразие известных человечеству объектов и свойственных им явлений принято разделять на три различных уровня – микро-, макро-,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница