Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және




Скачать 110.59 Kb.
НазваниеБасқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және
Дата конвертации14.06.2013
Размер110.59 Kb.
ТипДокументы


















Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармаcы туралы

Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер


1. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында өз функциясын жүзеге асыратын, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, облыс әкімиятының және облыс әкiмiнiң құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма ұйымдастыру-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме түріндегі заңды тұлға болып табылады, өзінің дербес теңгерімі, есеп айырысу шоты, мемлекеттік тілдегі өзінің атауы жазылған мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
4. Басқарманың штат саны лимитін облыс әкiмияты белгілейді.
5. Басқарманың заңды мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 31 «а».
6. Басқарманың толық атауы: «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Басқарманың құрылтай құжаттары болып оны құру туралы шешім және осы Ереже табылады.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары


7. Басқарманың негізгі міндеттері:
1) кедейлікті төмендету, жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, жұмыспен қамту және аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;
2) басқа да мемлекеттік органдармен, облыс әкімі аппаратымен бірлесіп облыстық бағдарламаларды және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
3) басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және сараптау;
4) жұмыспен қамту, соғыс және еңбек ардагерлерін, азаматтардың басқа да әлеуметтік-осал санаттарын әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;
5) халықтың еңбек етуге, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер алуға конституциялық құқықтарын және мүдделерін іске асыру;
6) халықты жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын облыстық деңгейде әзірлеу және іске асыру;
7) экономикалық қызметтің барлық түрлеріндегі шаруашылық субъектілерінің еңбекті нормалауын және еңбекақы төлеу жағдайын талдау;
8) әлеуметтік әріптестік жөніндегі жұмысты облыстық және өңірлік деңгейлерде ұйымдастыру;
9) Басқарма қарауындағы мекемелердiң қызметтерiн ұйымдастыру;
10) мүмкіндігі шектеулі балаларды күтуде әлеуметтік көмек ұйымдастыру және көрсету;
11) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мемлекеттік саясатын әзірлеу және іске асыруда жұмыс берушілердің, қызметкерлердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
12) қоғамдық ұйымдармен, қоғамдармен, соғыс және еңбек ардагерлері Кеңестерімен өзара байланыс жасау;
8. Басқарманың негізгі функциялары:
1) халықты жұмыспен қамту облыстық бағдарламаларын, индикативтік жоспарлар мен халықтың өмір деңгейін көтеруге және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымды талдау және болжау, халықты еңбек нарығы жағдайы туралы хабардар ету;
3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша орта мерзімді даму жоспары жобаларын әзірлеу және келісу;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру және реттеу, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
5) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу жай-күйіне талдау жасау;
6) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар дайындау және енгізу;
7) кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбекті нормалау, мемлекеттік бағаны (тарифтерді, ставкаларды, жинақтарды) реттеу енгізілетін қызмет көрсетулерін (тауарлар, жұмыстар), еңбек ақы төлеу жүйесін заңнамада белгіленген тәртіпте қарау және келісу;
8) қызметкерлердің санын, оларға еңбекақы төлеуді анықтау жөніндегі есептердің дұрыстығына сараптама жүргізу бойынша бақылаушы органдармен бірге бірлескен тексерулерге қатысу;
9) барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарға еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу мәселелері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу және консультативтік көмек көрсету;
10) мүдделі органдармен бірлесіп кадрларды даярлауда және оларды жұмысқа орналастыруда қажеттілікті анықтау;
11) еңбек нарығының мониторингі;
12) жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған халықты даярлау және қайта даярлаудың өңірлік жүйесін қалыптастыру;
13) халықтың әлеуметтік-осал санаттары үшін қосымша жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;
14) жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесу;
15) жұмыссыздарды тіркеу және есепке алудың, бос жұмыс орындарын іздестірудің компьютерлендірілген бағдарламасын енгізу;
16) облыс аумағына шетелдік жұмыс күшін тартудың мақсаттылығы туралы қорытынды дайындау;
17) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген квота шегінде Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру;
18) қолданыстағы заңнаманы сақтау және жұмыс берушілердің қазақстан азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру, шетелдік жұмыс күшін алға қарай ауыстыру үшін қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттарын және бар жұмыс орындарын сақтау мәселелері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимыл жасау;
19) әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
20) әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық, аудандық үшжақты комиссиялардың қызметтерін үйлестіру;
21) облыс әкімі, облыстық қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіподақтар арасындағы облыстық үшжақты Келісімді және облыстық үшжақты Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және облыстық үшжақты комиссияға бекітуге ұсыну;
22) облыстық үшжақты Келісімді іске асыру жөнінде қабылданған міндеттемелер мен іс-шараларды іске асыру барысына мониторинг;
23) облыстың шаруашылық субъектілеріне ұжымдық еңбек-шарттарын жасасуда көмек көрсету;
24) әлеуметтік әріптестік міндеттерін шешу жөніндегі қызметті әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік, еңбек қатынастары жөніндегі облыстық, қалалық (аудандық) комиссиялар арқылы өңірлік деңгейде үйлестіру;
25) тұрғындар үшін әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың жұмысы туралы ақпараттық материалдар дайындау;
26) халықтың өмір деңгейін анықтайтын сипаттамаларын талдау;
27) мүгедектерді оңалту және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау жөніндегі облыстық бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру;
28) мүмкіндігі шектеулі балаларды күтуде әлеуметтік көмекті ұйымдастыру және көрсету бойынша қызметті үйлестіру;
29) соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
30) мүгедек балалары бар жанұяларға, жалғыз басты қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
31) мүмкіндігі шектеулі балаларды және жалғыз басты қарт азаматтар мен мүгедектерді анықтап, есебін жүргізудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
32) еңбек ардагерлерін, мүгедектер мен басқа да әлеуметтік-осал санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;
33) жалғызбасты азаматтар мен мүгедектерді интернат-үйлеріне анықтау бойынша, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді пансионаттар мен санаторияларға жіберу туралы арыздарды қарау және шешімдер қабылдау;
34) мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифло-техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі, сонымен қатар мүгедектер мен ардагерлерді санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жоспарлау және ұйымдастыру;
35) мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде консультативтік көмектер көрсету және олардың қызметтерін үйлестіру;
36) семинарларға, кеңестерге, қалалар, аудандар тұрғындарымен кездесулерге талдамалық материалдар, баяндамалар дайындау;
37) халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жұмысына мониторинг жүргізу, олардың рейтингін анықтау;
38) халықтың белгілі бір топтарының өмір деңгейін бағалау бойынша зерттеулер жүргізу (әлеуметтік карта);
39) ақпараттық әлеуметтік бағдарламаларды сүйемелдеу, қалалар және аудандармен ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету (“АИСТ” халықты жұмысқа орналастырудың дербес есебін жүргізу, бақылау және талдау жүйесі);
40) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі бағдарламалар базасын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету;
41) аудандық ақпараттық деректер базаларының тұтастығын және қайшылықсыздығын қамтамасыз ету, деректер базасындағы анықталған барлық сәйкессіздіктер мен бұзылуларды жою;
42) ақпараттық қызмет көрсету нарығының жұмыс жасауы үшін жағдай туғызу;
43) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін материалдар дайындау;
44) Басқарманың бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын әзірлеу және облыс әкімиятына бекітуге ұсыну;
45) Басқарма аппаратында және ведомстволық бағынысындағы мекемелерде бухгалтерлік есепті, лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларының орындалуын, бухгалтерлік есептің бюджеттік сыныптамасын және дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;
46) әлеуметтік мекемелерде тұруға мұқтаждардың және онда тұратындардың қабілеттілігін анықтау жөніндегі құжаттарды дайындау;
47) басқарма қарауындағы ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;
48) арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар желісін дамыту;
49) интернат-үйлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін нығайту;
50) ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бақылау жасауды және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
51) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
52) Басқарманың және Басқарманың қарауындағы ұйымдардың қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
53) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте азаматтардың, шаруашылық субъектілерінің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау және олар бойынша тиісті шаралар алу.
54) басқарма қызметінің бағыттары бойынша оның жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады;
55) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
9. Негізгі міндеттерді және өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін басқарма заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша меншік және шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден кез-келген ақпарат пен есептер сұратуға, алуға және тексеруге;
2) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарманың алқа мәжілістерінде меншік және шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдардың есептері мен ақпараттарын тыңдауға;
3) халықты әлеуметтік қолдаумен байланысты қоғамдық акциялар мен бағдарламалар өткізуді ұйымдастыруға;
4) меншік және шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі №56-б бұйрығымен бекітілген өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер үшін еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік материалдарды ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес еңбек ақы төлеу және жұмыс жасайтындардың саны жөніндегі мәселелер бойынша қосымша ақпараттар сұратуға;
5) белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және кеңестер өткізуге;
6) өзіндік ақпараттық-анықтамалық бюллетеньдер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығару.

3. Басқарма мүлкі

10. Басқарманың жедел басқаруға құқылығында оқшауланған мүлкі болады.
11. Басқарма мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
12. Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе басқа тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
4. Басқарма қызметін ұйымдастыру

13. Басқарманы бастық басқарады.
Бастықты облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Бастық облыс әкімінің келісімі бойынша тағайындайтын орынбасарлары болады.
14. Бастық Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді.
15. Бастық:
1) өз орынбасарларының, басқарма қарауындағы мекемелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін, басқарма қарауындағы мемлекеттік мекемелердің директорларын, қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) шарттарға, Басқарма актілеріне қол қояды;
5) облыс әкiмиятының қаулысымен бекiтілген штат санының лимитi шегінде Басқарманың штаттық кестесiн және Басқарманың ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекiтедi;
6) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
7) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде қажетті шаралар қабылдап және дербес жауапкершілік жүктеледі.
16. Басқарма жанынан басқарма құзыретіне кіретін және ұсынымдық сипаттағы мәселелер бойынша қаулылар қабылдайтын алқа құрылады, қаулылар Басқарма бастығының бұйрығымен бекітілгеннен кейін қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, сонымен қатар Басқарманың ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелер үшін орындауға міндетті болып табылады.
17. Қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерін Басқарма бастығының келісімі бойынша қала және аудандар әкімдері тағайындайтын басшылар басқарады.

5. Басқарманың құрылымы


18. Басқарма мынадай құрылымы болады:
1) басқарма бастығы;
2) басқарма бастығының орынбасарлары;
3) бас маман – заңгер;
4) әкімшілік бөлім;
5) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі;
6) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік, еңбек ақы төлеу бөлімі;
7) шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімі;
8) әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімі;
9) мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлім;
10) бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі;
11) ақпараттық-талдау бөлімі.

6. Басқарманың құрылтай құжаттарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу тәртібі


19. Басқарманың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар облыс әкімиятының қаулысымен енгізіледі.

7. Филиалдары мен өкілдіктері туралы мәлімет

20. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

8. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату, сонымен қатар таратылған жағдайда мүліктерін бөлу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.











Похожие:

Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және iconОблыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар-ламалар басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және iconОблыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар-ламалар басқармасы
Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және icon1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында атқарған жұмыстары...
Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және iconСадыкбекова айжаркын абдразаккызы
Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру (Оңтүстік...
Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және iconОблыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының тізбесі
Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамту...
Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және iconАқтөбе қаласы 1 Бөлім. Миссия және пайым Миссия
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» мм 2011-2015 жылдарға арналған
Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және iconКайранбеков бауржан окташевич еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша)
Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша)
Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және iconҚызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2012 жылдың 1 қазанына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын насихаттау, түсіндіру бойынша 20 семинар өткізіліп, оның ішінде 10 семинар аудандық...
Басқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және iconТабиғатты пайдаланудың жаратылыстық ғылыми негізі
Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері. Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдықтарын үйлестіру. Қолданылатын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница