Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi




Скачать 79.48 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi
Дата конвертации27.11.2012
Размер79.48 Kb.
ТипДокументы

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық шаруашылығы

Комитетi




Республика Казахстан

Министерство сельского хозяйства
Комитет

лесного и охотничьего хозяйства

________________________________________________________


010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8

5 кіреберіс «Министрліктер үйі»

тел: (87172) 74-32-88
___ _______________ № _____________________




010000, г. Астана, Левый берег, ул. Орынбора, 8

5 подъезд «Дом министерств»

тел: (87172) 74-32-88




«Егемен Қазақстан»

Республикалық газеті АҚ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/121 «Қорықшылардың омырауға тағатын белгісінің нысаны мен айырым белгілері бар нысанды киімін бекіту туралы» бұйрығын жариялау үшін жолдайды.

Қосымша: Бұйрық мемлекеттік тілінде ___ парак.
Комитет лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан направляет для опубликования приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 25-03-02/121 «Об утверждении формы нагрудного знака егеря и специальной одежды со знаками различия».

Приложение: Приказ на государственном языке на ___ листах.

Төрағаның орынбасары Қ. Мұсабаев

Мұстаков М. Ш., 74 33 00.

Қорықшылардың омырауға тағатын

белгісінің нысаны мен айырым белгілері

бар нысанды киімін бекіту туралы

2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қорықшылардың омырауға тағатын белгісінің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қорықшылардың айырым белгілері бар нысанды киімі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы бұйрықтың заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр А. Мамытбеков

015265
Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 26 наурыздағы

№ 25-03-02/121 бұйрығына

1-қосымша

Нысан

Қорықшылардың омырауға тағатын белгісі
Аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін Балық шаруашылығы субъектілері үшін

Ескертпе:

Қорықшылардың омырауға тағатын белгісі мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен мөлшері 72х56 миллиметр қалқан түрінде дайындалады. Омырауға тағатын белгінің сұлбасы кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып ені 3 мм қатпарлау тәсілімен жасалады. Орталық жоғары бөлігінде «ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» деген алтын түстес жазу орналастырылған (әріптің биіктігі - 5 миллиметр ені - 1 миллиметр).

Қалқанның төменгі бөлігінің ортасында омырауға тағатын белгінің жеке нөмірі үшін мөлшері 35х9 миллиметр алтын түстес тікбұрышты алаңқай орналасқан. «№» белгісі мен нөмір цифрлары қысып өрнектеу тәсілімен жасалып, қара эмальмен көмкерілген. Омырауға тағатын белгінің ортасында Қазақстанның алтын түстес күн шапақ шашқан картасының жасыл сұлбасы бейнеленген, картаның бер жағында алтын түстес марал (аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін), бекіре (балық шаруашылығы субъектілері үшін) бейнеленген. Белгі көгілдір эмальмен көмкерілген (Қазақстан Республикасы жалауының түсі).

Омырауға тағатын белгінің астыңғы беті бұрандамен бекітілетін етіп жасалған.

Омырауға тағатын белгі қорықшылардың айырым белгілері бар нысанды киіміне, сол жақта, кеуде тұсына тағылады.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 26 наурыздағы

№ 25-03-02/121 бұйрығына

2-қосымша

Айырым белгілері бар арнайы киім нысаны
Қорықшылардың айырым белгілері бар жазғы және қысқы теңбіл түсті (қорғаныштық түс) арнайы киімі мыналардан тұрады:

  1. жазғы: жеңіл күрте, шалбар, кепкі, қара түсті бәтеңке мен туфли;

2) қысқы: жылы күртелер мен шалбарлар, құлақшын, түсі қара аяқкиім (етік, пима, унта).

Күртелердің жағасы қайырмалы, белгіленген үлгідегі петлицалар мен айырым белгілері тігілген, сол жеңнің сырт жағында «иықтан төмен» белгіленген үлгідегі шеврон тігіледі (бекітіледі).

Қорықшылардың айырым белгілері


Аға қорықшы

Шеттігі алтын түсті жіппен әдептелген көлемі 95х38х95х38 миллиметр қою жасыл түсті барқыттан жасалған параллелепипед тәрізді нысандағы петлицалар. Петлицаның жоғары бөлігінде қорықшылар эмблемасы. Петлицаның орта тұсында көлемі 22х6 миллиметр екі дөңес тікбұрыш.

Қорықшы

Петлица мен эмблема сондай. Петлицаның орта тұсында көлемі 22х6 миллиметр бір дөңес тікбұрыш.



Аға қорықшылар мен қорықшылардың айырым белгілері
Аға қорықшылар мен қорықшылардың айырым белгілері кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып, мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен дайындалады. Айырым белгілері (көлемі 22х6 миллиметр) дөңес тікбұрыш нысанында орындалған. Эмблема астыңғы бетінен ортасынан сыммен бекітіледі.
Жағаға арналған петлицалар

Ескертпе:

Шеттігі алтын түсті жіппен әдептелген көлемі 95х38х95х38 миллиметр қою жасыл түсті барқыттан жасалған параллелепипед тәрізді нысандағы петлицалар. Петлицаның жоғары бөлігінде қорықшылық қызметінің эмблемасы, петлицаның орта тұсында қорықшылардың айырым белгілері, петлицалар қорықшылардың нысанды киімі жағасының төменгі жиегіне тігіледі.
Петлицаларға арналған эмблемалар
Аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін Балық шаруашылығы субъектілері үшін

Ескертпе:

Эмблема кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып, мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен дайындалады (көлемі 22х19 миллиметр). Эмблема жартылай дөңгелек емен жапырағы нысанында төменгі жағынан лента тартылып орындалған. Эмблеманың ортасына жасыл фонда марал (аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін), бекіре (балық шаруашылығы субъектілері үшін) бейнеленген қалқан (көлемі 14х16 миллиметр) орналастырылған. Эмблеманың төменгі бөлігінде, қалқан мен жапырақтан жоғары айқастырылған екі мылтық (көлемі 17х3,5 миллиметр) орналастырылған (тек аңшылық шаруашылығының қорықшылары үшін). Эмблема астыңғы бетінен ортасынан сыммен бекітіледі.

Жеңге тағылатын шеврон
Аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін Балық шаруашылығы субъектілері үшін









Ескертпе:

Қорықшылардың арнаулы киімдерінің жеңіне тағылатын шеврон тығыз тоқыма материалдан дайындалады. Нысаны дөңгелек «аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін) және сопақ (балық шаруашылығы субъектілері үшін) шевронның сыртқы диаметрі 85 миллиметр. Ішкі диаметрі 65 миллиметр құрайды. Сыртқы және ішкі диаметрлерінің арасында сары түспен мемлекеттік тілде аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығының атаулары жазылған. Шевронның ортасында, сары фонда, қалқан түрінде жасалған қорықшының эмблемасы орналастырылған. Эмблеманың жоғары орталық бөлігінде «ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» деген жазу орналастырылған. Эмблеманың ортасында Қазақстанның алтын күн шапақ шашқан жасыл картасы бейнеленген, картаның фонында алтын түстес марал (аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін), бекіре (балық шаруашылығы субъектілері үшін) бейнеленген. Шеврон қорықшылардың нысандық киімінің сол жеңіне, иық тігісінен 120 миллиметр төмен тігіледі.
Бас киімге тағылатын кокарда
Аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін Балық шаруашылығы субъектілері үшін


Ескертпе:

Кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып, мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен дайындалады.

Кокарда (55х43 миллиметр) көлбеу сопақша түрінде орындалған, оның орта тұсында сопақша нысандағы (29х34 миллиметр) тік розетка орналасады. Сопақша розетканың (17х21 миллиметр) орта тұсында сопақшаны екі тең бөлікке бөлетін, алтын түстес сегіз қырлы созалаң жұлдыз орналасқан. Сол жағы жасыл эмальмен, ал оң жағы көгілдір эмальмен көмкерілген. Сопақша розетка жиегінің үстіңгі беті сәуле шашуқан алтын түспен бедерленген. Розетка, екі жағынан да, кокарданың төменгі бөлігіне лента тартылып, әрбір жағына бес данадан алтын жалатқан лавр жапырақтарымен жиектелген. Төменгі бөлікте, жапырақ пен розетканың жоғары жағында айқастырылған алтын түстес 43х6 миллиметр екі мылтық орналастырылған (тек аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін).

Кокарда астыңғы бетінен ортасынан сыммен бекітіледі.

Похожие:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитетіне Қазақстан Республикасындағы ситес әкімшілік органының өкілеттілігін беру туралы
Азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №472 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconТабиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының м а
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconБекітілген қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» респбликалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»
Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №08-2/291 Облыстар және субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты»
Аумалының аумағындағы жалпы алаңы 52000,0 гектар жер учаскесі және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағындағы жалпы алаңы 711549,0...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconҚазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мм
«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мм 2008 жылғы 9 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Уәлиханов көшесі, 17 үй, 3...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық,...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 18 қаңтар №06-2/20 Астана қаласы
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница