2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы




Скачать 109.82 Kb.
Название2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы
Дата конвертации14.06.2013
Размер109.82 Kb.
ТипДокументы
Здравствуйте Людмила Ивановна! Высылаю вам новый материал под названием 2010 жылы атқарылған іс – шаралардың қорытындысы.

для страницы http://zaysan.vko.gov.kz/kaz/agriculture.htm. Старый материал сделайте пожалуйста архивным. Спасибо!

2010 жылы атқарылған іс – шаралардың қорытындысы.

Зайсан ауданы облыс бойынша мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын аудандардың бірі. Барлық жер көлемі 10444 мың га, соның ішінде егістік жер – 24,0 мың га, шабындық – 53865 га, жайылым - 747944 га. Сиымдылығы – 75 млн. м3 Үйдене су бөгені арқылы 8,3 мың га егістік жер суарылады. Кендірлік су жүйесі арқылы – 11,3 мың га егістік жер суарылады. Ауданда ұзындығы - 174 км Кендірлік өзені, ұзындығы 102 км Үйдене өзені, ұзындығы – 65 км Шағаноба өзені, 55 км Жеменей өзені, 30 км Теректі өзендері бар. Ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуы осы өзендермен тікелей байланысты.

Аудандағы 1 қалалық және 8 ауылдық округтер бойынша 1313 шаруа қожалығы,1-ЖШС,2 ауылдық тұтыну кооперативі,6 су пайдаланушылар кооперативтері бар.

2010 жылы 12 айда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері 7 млрд.9 млн. теңгені құрап, өткен жылғыдан 26,0 %-ға артты. Барлық қаржы көздерінен 268 млн. теңге инвестиция тартылды.

2008-2009 жылдардағы физикалық көлемінің өсу динамикасының индексі

Көрсеткіштер/жылдар

2008

2009

2010

Физикалық өнім көлемінің индексі

81,8

108,4

126,0

оның ішінде

мал шаруашылығы

100,3

101,1

142,4

өсімдік шаруашылығы

46,6

134,5

91,3



2008-2010 жылдардардағы ауылшаруашылығы өнімдерінің физикалық өсу динамикасының индексі,%




Ауданға барлығы 268 млн. теңгенің инвестициясы тартылған. Оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға 42,9 млн. теңге өсімдік саласына 43,3 млн.теңге, бұның сыртында Республикалық бюджеттен 4 мың гектар алқапқа жемір шегірткеге, 1 мың га жерге кекіреге, 350 га картоп дақылының зиянкестеріне химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
      Мал шаруашылығы саласы


2010 жылдың статистикалық мәліметтері бойынша аудан көлемінде мал шаруашылығы бойынша өндірілген мал өнімдері мен жалпы мал басының саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда әлде қайда артқандығы байқалады.
      Ауданда сойылып сатылған ет 119,1 %, сүт өндіру 118,4 %, қырқылған жүн 107,1% артты. Мал басының саны өткен жылғыдан ірі қара 100,1 %, қой мен ешкі 88 %, жылқы 109,4 %, құстар 118,2 пайызға артық орындалды.

2008-2010 жылдардағы мал басының өсу динамикасы

2008-2010 жылдардағы мал өнімдерінің өзгеру динамикасының

диаграммасы



Малдың барлық түрлерін асылдандыру мақсатында бірқатар қомақты істер атқарылуда. Мысалы «Қара Ертіс» шаруа қожалығының (жетекшісі Кәрібаев Ж.) бүгінгі күні шаруашылықта 1411 бас асыл тұқымды жартылай қылшық жүнді, қысқа төзімді, етті «Байыс» қойларын өсіруде. Сондай-ақ «Байыс» тұқымды қойларын өсірумен «Жасұлан» шаруа қожалығы (жетекшісі Мықиянов Д.) айналысуда. Оның шаруашылығында асыл тұқымды қой саны 450 басты құрап отыр. Сонымен қатар өткен жылы жылқы тұқымын асылдандыру мақсатында Біржан ауыл округіне қарасты      «Аружан» шаруа қожалығы (жетекшісі Бошаев Е.) «Қостанай» асыл тұқымды жылқысын Алматы облысынан әкеліп, өсіруде, Қаратал округіне қарасты «Түкібай» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы шаруашылығы статусын алды.

Ауданда 10 шаруа қожалығы ірі қара малдарын жаз бойы бордақылап, жайып, семірту шегіне жеткізіп, етке өткізді. Облыстан ауданға бөлінген квота бойынша ірі қара, қой етін өткізгендер үшін 2010 жылы аудан бойынша 22794,0 мың теңгенің субсидиясы толық игерілді.

2010-2011 жылғы мал қыстатуға аудан бойынша 122,1, мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды.

Зайсан қала округіне қарасты «Нұр» шаруа қожалығы (жетекшісі Келгенбаев Е.) Сартерек ауылдық округіндегі «Бұқабай» учаскесінен 1000 басқа арналған ірі қара малын бордақылайтын алаң салынып, іске қосылды.

Малды қолдан ұрықтандыру
      Малды қолдан ұрықтандыру - ауылшаруашылық малдарының тұқымын зоотехникалық жолмен асылдандырудың негізі болып саналады. Қазір ауданда 9 малды қолдан ұрықтандыру пункттері ашылып, жұмыс істеуде. Атап көрсеткенде Айнабұлақта – 1, Дайырда – 1, Қараталда – 1, Көгедайда – 1, Қарабұлақта – 1, Кеңсайда – 1, Біржанда – 1, Шіліктіде – 1, Зайсанда - 1. Ірі қара малының орташа тірі салмағын арттырып және одан алынатын таза еттің салмағын көбейту мақсатында осы пункттерге облыс орталығынан асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасының ұрығы әкелініп, бүгінгі күні сиырлар қолдан ұрықтандырылуда. Бұл жұмыстар Дайыр, Көгедай, Біржан ауылдарында жақсы жолға қойылған.



Өсімдік саласы.

2010 жылы аудан бойынша егілген егістік көлемі 12916 га құрады. Оның ішінде дәнді астық 4720 га, майлы дақылдар- 2986 га, картоп-1472 га, көкөніс-бақша дақылдары-786 га. Биыл 2009 жылға қарағанда дәнді астық – 124,1%, картоп - 101,4 %, көпжылдық шөп – 133,7 % артық егілді.Көктемгі егісті жүргізуге аудан шаруашылықтарында бидай тұқымы, жанар-жағармай жеткілікті болды.

Аудан шаруашылықтарында көктемгі егіс жұмыстарына қажетті техникалар толық жөнделіп, дайындалды. Тракторлардың, трактор тіркемелерінің , соқалар, қопсытқыштар, тырмалар, тұқым сепкіштер дайындығы -100 % -ды құрады. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 540 тонна дизель отыны ауыл шаруашылығы құрылымдарына тасылып жеткізілді.

Ауданның тауар өндірушілерін ауылшаруашылық дақылдарының аудандастырылған сорттарының жоғары сапалы тұқымдарымен қамтамасыз ету үшін 2007 жылы «Әмірен» шаруа қожалығы негізінде тұқым шаруашылығы құрылды. Бұл шаруашылық дәнді және майлы дақылдардың 1, 2, 3 репродукциялы тұқымдарын көбейтумен айналысады. 2010 жылы жоғары сортты арпа тұқымын 139 га , 21 га сұлы тұқымын көбейту мақсатында септі.

Ауданда 6 су пайдаланушылар кооперативі құрылып «Әділет» басқармасынан тіркеуден өтіп, жұмыс істеуде.
Күздік жиын-терін кезінде 4720 га дәнді астық орылып,одан 7560 тн өнім алынып, әр гектардан 16,0 центнерден өнім алынды.640 гектар көкөністің әр гектарынан 142 центнерден өнім алынып, барлығы 9115 тн өнім жиналды.Майлы дақылдардың әр гектарынан 6,1 центнерден өнім алынды.

2008-2010 жылдардағы егіншіліктің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы



Техникамен қамту

2010 жылы ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары барлық құны 80,3 млн. теңгеге 73 бірлік трактор мен ауылшаруашылығы техникаларын сатып алды. Соның ішінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы сомасы 16,2 млн. теңге тұратын бір МТЗ-82 тракторы, бір СК-5 астық комбайны және ҚХР-нан қуаты 55-тен 120 ат күшіне тең болатын 10 трактор қосалқы ауылшаруашылық құралдарымен әкелінді.Сонымен қатар, ҚХР-нан 62 шағын трактор құрал-жабдықтарымен әкелініп, шөп шабу, тасу және тұқым себу жұмыстарына пайдалануда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар
Ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 14 шағын күнбағыс майын шығаратын цех, 1 балық өңдеу зауыты («Балык Восток Продукт» ЖШС), 1 жергілікті минералды су шығаратын цех («Зайсан сулары» ЖШС), 24 наубайхана, 1 мал сою пункті, 15 шағын диірмен жұмыс істеп тұр.

Ауданда ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, ірілендіру жұмыстары жалғасуда. 2008 жылы 7 шаруа қожалығын біріктіріп, құрылған «Зайсан Астық» ауылдық тұтыну кооперативі 2010 жылы қуаты 120 тонналық қазіргі заманғы ұн зауытын іске қосты.

Жоғары сортты, сапалы ұн шығаратын диірмен қондырғысы барлық құрал-жабдықтарымен ҚХР-ның ішкі аудандарынан әкелінді.

Жеке кәсіпкер А.Барысов Зайсан қаласындағы сүт зауытының ғимаратын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Ветеринария саласы

Бүгінгі күні аудан бойынша әр округ мал дәрігерімен (9), лицензиант кәсіпкер мал дәрігерлерімен (39) қамтамасыз етілген. 79 мың сырғаға тапсырыс беріліп,малдар сырғаланған. Биылғы төлдер бірдейлендіріп, компьютерлік базаға енгізіліп,малдың кірісі,шығысы жүргізілуде.

Елді мекендердегі санитарлық-залалсыздандыру жұмыстарын «Зайсан ауданының ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жоспарға сәйкес атқаруда. Ауданда 1-мал сою пункті, 6 мал сою алаңы,19 мал өлексесін тастайтын орны, 1-ДУК автокөлігі бар.

2010 жылдың 12 айына ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстардың тізбесі




Жануарлардың түрі және ветернариялық-

Профилактикалық іс-шаралар атауы

(егу,вакцинация)

12 айлық жоспар

Вакцинациядан

өткізілді,мың бас

Орындалу %-ы

1

Сібір жарасы: ірі қара

79,5

79,5

100

2

Қой-ешкі

186,0

186,0

100

3

жылқы

11,3

11,3

100

4

марал

0,01

0,01

100

5

түйе

0,03

0,03

100

6

Аусыл: Ірі қара

78,6

78,6

100

7

Қой-ешкі

116,0

116,0

100

8

Эхинококкоз: Ит

4,0

4,0

100

9

Құтырық: Ит

0,5

0,5

100

10

Жоғары зардапты құс тұмауы: үй құстары

9,0

9,0

100

11

Жұқпалы дерматит (эктима): қой-ешкі

10,0

10,0

100

12

Маңқа (маллейн): жылқы

5,5

5,5

100

13

Туберкулез:Ірі қара

122,0

122,0

100

14

Оба: Түйе

0,01

0,01

100

15

Туберкулез :түйе

0,01

0,01





Диагностикалық тексерулер (серология)




Зерттелулер атауы

12-айлық жоспар


Зерттелгені,бас

Орындалу %-ы

Оның ішінде оң нәтиже бергені

Жойылғаны,бас

1

Бруцеллез:ірі қара

63,9

63,9

100

643

643




Қой-ешкі

194,0

194,0

100

2086

2086




жылқы

0,4

04

100

-

-




Ит

0,3

03

100

4

4


Аудандық ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімінің бастығы С.Андырбаев
Т.Семибаев

21-221

К.Каримов

Б.Бегельдинов

27-035

Похожие:

2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы icon2009 жылмен 2010 жылы атқарылған жұмыстарды салыстырмалы түрде талдасақ, тәртіптік кеңес мәжілістерінің саны бір деңгейде екендігін көрсетеді, яғни 2009 жылы-13 және 2010 жылы-11
Тәртіптік кеңестің 2010 жылы атқарған жұмыстары мемлекеттік тәртіптің нығаюына, лауазымды тұлғалармен мемлекеттік қызмет және сыбайлас...
2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы icon2010 жылдың 1 тоқсанына коммуналдық меншік бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат
Алматы облысының коммуналдық меншіктегі нысандарын басқару мен жекешелендіру жұмыстары Алматы облысының қаржы басқармасымен жүргізіледі....
2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы iconАсубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі
Бүгінгі күні бізде алдарыңызда 2010 жылы Асубұлақ кенті әкімі аппартының атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, сіздердің арыз шағымдарыңызды,...
2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы iconЕкібастұз ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Жаңа 2010 жылдың табалдырығын аттаған кезеңде кездесіп отырмыз. 2010 жыл Бүтіндей Қазақстан үшін оның ішінде біздің Екібастұздықтар...
2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы iconШымкент қаласындағы білім бөлімінің 2010 жылында атқарылған жұмыстар, 2011 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар есебі Материалдық- техникалық база
Жылы Шымкент қаласында жалпы білім беретін мекемелер саны 87, оның ішінде 72 орта, 6 негізгі, 6 бастауыш буында. 3 кешкі мектеп жұмыс...
2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы iconБір ел -бір кітап» акциясы аясында 2010 жылы жерлесіміз, ақиық ақын Ж. Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» поэмасын оқу барысында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілетін мәдени көпшілік шаралардың жоспары

2010 жылы атқарылған іс шаралардың қорытындысы iconАзовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған,адам саны 1037
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница