«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»




Название«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
Дата конвертации14.06.2013
Размер85.5 Kb.
ТипДокументы
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1. «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ветеринария, аграрлы азық-тлік кешенінің дамуына және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

2. Бөлім Қазақстан Республикасының Ата заңы мен заңдарына, Қазақстан Ресупбликасы Президентінің және Үкіметінің кесімдеріне, басқа да нормативті құқықтық кесімдерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес өз жұмысын жүзеге асырады.

3. Бөлімнің заңды тұлға мәртебесі, мемлекеттік тілде өзінің атауы көрсетілген мөрі және мөртабаны, белгіленгенүлгідегі бланктері бар сонымен бірге қазынашылық банкте есеп шоты, дербес балансы бар.

Бөлім азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға, жеке өзінің атынан және егер ол заңнамаға сәйкес бұған уәкілетті болса, қала әкімдігінің атынан кіреді.

4. Бөлімінің штаттық санының лимиті және құрылымы қала әкімдігімен белгіленеді.

5. Бөлім толық атауы – «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

6. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, қала әкімдігінің ғимараты.

7. Бөлім құрылтайшысы Жаңаөзен қаласы әкімдігі болып табылады.

8. Бөлімнің құрылтай құжаттары болып Жаңаөзен қаласы әкімдігі 02 ақпан 2010 жылғы №23 «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаулысы және осы Ереже.

9. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Бөлімге өз қызметі болып табылатын міндеттерді орындау барысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға отыру тыйым салынады. Табыс түсіруші іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған заңнамалық актілер ұсынылған жағдайда, мұндай қызметінен түскен табыстар жергілікті бюджет табысына жіберіледі.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері , қызметтері мен құқықтары

10. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;

2) жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шарларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

3) жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және жануарларды бірдейлендіру бойынша базаны жүргізуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;

5) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шарларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

6) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;

7) өнеркәсіпті шикізатпен, ал тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында өндірісті көтеру және ауыл шаруашылық өнімдерін халықтың қолданысындағы басқа да тауарларды қайта өңдеуге бағытталған бірыңғай Мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімдігінің бағдарламалары мен жоспарлы шегінде қала экономикасының аграрлық секторындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүзеге асыруды үйлестіру, шаруашылық жүргізудің әр түрін дамыту;

9) қала көлеміндегі ауыл шаруашылық өнімдерімен айналысатын мемлекеттік үлесі бар коммуналдық меншіктегі шаруашылық кәсіпорындардың қызметтеріне басшылық жасауды жүзеге асыру;
11. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін бөлім келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

2) жануарларды аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, жеткізуді ұйымдастырады;

3) профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізімін әзірлейді.

4) жануарлардың энзоотиялық ауруларыныңпрофилактикасы, диагностикасы және жою бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

5) ветеринариялық есеп есептілікті жинақтауды, талдауды жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді;

6) аулы шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және олар бойынша компьютерлік деректер базасын жүргізуді, сондай-ақ жануарларды сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларынсою алаңдарында) сою алдында тексеріп қарауды және ұшалар мен ішкі ағзаларды союдан кейін тексеріп қарауды жүзеге асырады;

7) халықтың арасында ветеринариялық мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

8) жануарларды өсіруді, жануарларды дайындауды (союды), жануарлардан алынатынөнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша комиссияны ұйымдастырады;

9) жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды бойынша эпизоотиялық жағдайларды зерделейді.

10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулардың профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;

11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекетік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады;

12) елді мекен жерлерінде жануарларды жою арналған орындарды анықтайды;

13) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастырады.

14) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және олардың ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

15) жануарларға ветеринариялық паспортты беру;

16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру;

17) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензия беру;

18) қаланың жергілікті өкілді органына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарлардың ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;

19) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатынөнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

20) қаланың аграрлық азық-түлік кешенінің дамуын болжайды және жағдайынталдайды;

21) аграрлық сектордағы кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық қызметінің талдауын және олардың жергілікті ұйымдармен өзара әрекет етуін жүзеге асырады;

22) агроөнеркәсіп кешені жүйесінде меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара қимыл әрекетін үйлестіреді;

23) ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғауға және өнеркәсіп кешенінің барлық саласының қызметі үшін қолайлы туғызуға бағытталған қаржы, несие және кеден саясатын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

24) меншік нысанына қарамастан ауыл шаруашлық құрылымдарын мемлекеттік қолдау жөнінде негіздемелер, ұсыныстар енгізеді.

25) ауыл шаруашылық жұмыстарының жекелеген түрлері бойынша талдау жүргізіледі;

26) меншік нысанына қарамастан агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылық техникасына, ауыл шаруашылық өнімін өңдеу бойынша құрал жабдықтарына және басқа да материалдық қорларына деген қажеттіліктердің болжамдарын әзірлейді, олармен барынша қамтамасыз ету жөнінде көмек көрсетеді;

27) мал шаруашылығы селекциялық мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізуге ықпал жасайды;

28) мал азығы өндірісі жөніндегі есептерді, олардың орнын жабудың ықтимал көздері жөнінде ұсыныстар жасайды;

29) қалада ақпараттық-маркентингтік қызмет, дайындау пункттері сауда-саттық сатып алу ұйымдары желілерін, сондай-ақ ауыл шаруашылық тауар өндірушілері шығарған өнімдері сатып өткізу, ауыл шаруашылық өнімдерінсатып алу жөніндегі көтерме сауда базарлары жүйелерін құруға ықпал жасайды;

30) қоршаған ортаның жағдайына тауар өндірушілердің су көздерін және жайылымдарды ұтымды пайдалану бөлігіне мониторинг жүргізеді, су көздерінің сақталуымен ұсталуына көмек көрсетеді;

31) өзінің өкілеттігі шегіндегі жұмыстарды, қызмет көрсетулерді және тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстарды өткізуді ұйымдастырады.

12.Бөлімнің құқықтары:

1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте, ветеринария саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелерді және нормативтерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқатату немесе қайтарып алу туралы шешімдерді шығару;

3) белгіленген тәртіпте төтенше эпизоотияға қарсы комиссия құру туралы ұсыныс шығару;

4) жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын тоқтатуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығару;

5) жергілікті атқару органына жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын тоқтатуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алу жөнінде ұсыныс шығару;

6) жануарлар мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен ликізатты алу және жою туралы шешім қабылдау;

7) уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;

8) қаланың өнеркәсіп кешенінің дамуының мақсаттары, басымдығы және стратегиясы, аграрлық секторда пайда болған төтенше жағдайларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

9) жергілікті атқарушы органдарға қаланың аграрлық секторының, даму стратегиясын жүзеге асыруға кедергі болатын өздерінің қабылдаған актілерін өзгертуге немесе күшін жоюға ұсыныстар енгізеді.

10) өз өкілеттігі шегінде коммуналдықменшіктегі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

11) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді.
3.Бөлімінің мүлкі

13) Бөлім негізгі және айналым қаражатынан тұратын құны бөлім балансында көрініс беретін жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

14) Бөлімге бекітілген мүлік коммуналды меншікке жатады.

15) Бөлімге оған берілген мүлікті өз бетімен бөліп немесе басқа жолдармен иелену құқы берілмейді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтар шегінде мүлікті иелену құқығы беріледі.
4. Бөлімінің қызметін ұйымдастыру.

16) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, бөлім бастығы қала әкімінің шешімімен лауазымға тағайындалады және одан босатылады.

17) Бөлім бастығы бөлім жұмысынбасқарады және ұйымдастырады. Бөлімге жүктелген міндеттер мен олардың қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауап береді.

18) Бөлім бастығы:

- бөлім манадары арасындағы міндеттерді бөледі және сәйкесінше орындаушылық, еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді лауазымдарына тағаайындайды және босатады;

- қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік шара қолданады;

- бөлім бойынша бұйрықтарға қол қояды.

- заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19) Бөлім бастығы Бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа дербес жауапкершілік артады.

20) Бөлімді ұйымдастырудың басқа да мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның жұмысын қамтамасыз ететін бөлімшелердің құзыры және өкілеттілігі белгіленген тәртіпте бекітілген жұмыс кестесімен белгіленеді.
5.Бөлімінің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы

1.Бөлімді қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Похожие:

«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» icon«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі»
«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұдан әрі-Бөлім жер қатынастары саласындағы қызметі жүзеге асыру және...
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» icon«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі»
«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру...
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» iconЖарма ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс шаралар «Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
«Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» 2010 жылы төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімнің миссиясы мен пайымдау
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» iconМемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама Комсомол селосы 02 наурыз 2011 жыл Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм-і ветеринарлық препараттарды...
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» iconЖалпы ережелер
Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мм тұрғын үй коммуналдық саясатын...
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» icon«Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі қарасу 2005 жыл Жалпы ережелер «Қарасу ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі»
«Қарасу ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы» Қарасу...
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» icon«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм
Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің миссиясы және көрінісі 3
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» icon«Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже I. Жалпы ережелер «Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі»
«Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын аудан аумағындағы атқарушы орган...
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» icon«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница